Жамбыл облысты о амды саяси газет
Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса Жуалы ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№35 (18229), Сенбі, 26 наурыз, 2016 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
НДА ЖАҺА
ПРЕЗИДЕНТ
ЖАҢА АХУАЛ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ РӨЛІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ АРТЫП ОТЫР
МАЛАЙЗИЯ БАУЫ ӨЗІ БАЙЛАНАТЫН КРОССОВКА Nike компаниясы «Болашаққа барып қайту» фильміндегі спорттық аяқ киім үлгісі бойынша бауы автоматты түрде байланатын жаңа кроссовканы таныстырды. Аяқ киімінің табанына салмақ түссе ондағы HyperAdapt 1.0 сенсоры пайдаланушының салмағын анықтап, етіктің бауын байлайды. Бауын автоматты түрде байлайтын аяқ киімнің басты кемшілігі – оны шамамен екі аптада бір рет қуаттау керек. ҰЛЫБРИТАНИЯ ЛОНДОНДА АУА САПАСЫ КӨГЕРШІН АРҚЫЛЫ БАҚЫЛАНАДЫ Лондонда ауаның сапасын тексеру мақсатында арнайы «кезекші көгершін» жобасы іске қосылды. Құстардың мойнына ауаның ластану деңгейін сенсор арқылы бағалайтын электронды құрылғы ілінді. Салмағы 25 грамм болатын құрылғы көліктерден бөлінетін ауадағы азот тотығының мөлшерін анықтайды. Жобаның негізгі мақсаты – қоғам назарын экология мәселесіне аудару. Құстың бұл түрі 30-50 метр биіктікте жүз шақырымға дейін жылдам ұша алады. ГЕРМАНИЯ PORSCHE ЖҰМЫСШЫЛАРЫН ЖАРЫЛҚАДЫ Porsche компаниясы өз қызметкерлеріне 8 мың 911 еуродан сыйақы төлейтін болды. Неміс маркасы басшылығының айтуынша, 2015 жыл автоөндіруші тарихындағы ең табысты жыл болған. Өткен жылы Porsche 225 мың 121 көлікті сатқан. Яғни 2014 жылға қарағанда сатылым 19 пайызға артып, кіріс 21,5 миллиард еуроны, ал таза пайда 3,4 миллиард еуроны құраған. 8,9 мың еуро сыйақы 15,6 мың қызметкердің барлығына беріледі.
Мемлекет басшысы депутаттарды Мəжіліс жұмысының басталуымен құттықтап, өткен сайлаудың еліміз үшін тарихи мəні бар екенін айтты. – Сайлаудың нəтиже сі қазақстандықтардың қазіргі жəне болашақ біртұтас ұлт ретіндегі тұтастық деңгейі жоғары екенін нақты көрсетіп берді. Сайлау қазақстандық бірлікті нығайтқан т арихи актіге айналды. Дауыс беру Ұлт жоспарын бүкілхалықтық қолдаудың көрінісі болды. Мен Тəуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы жылында өткен сайлаудың тарихи нəтижесімен қазақстандықтарды тағы да құттықтаймын. Сондай-ақ
Мəжілістің жаңа құрамындағы барлық депутаттарды парламентші мəртебесін алуымен құттықтаймын, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар үшін қоғам тіршілігінің бірқатар маңызды салаларында жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан Ұлт жоспарын жүзеге асырудың аралық нəтижелеріне де егжей-тегжейлі тоқталды. Қазақстан Президенті алтыншы шақырылымдағы Парламенттің заң шығару жұмысына қатысты бірқатар маңызды міндеттерді атады. – Б і р і н ш і д е н , б а рл ы қ қ а р ж ы үдерістерінің жариялылығын
қамтамасыз ететін бірыңғай салық жəне кеден кодексін қабылдау керек. Екіншіден, «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» кодексті қабылдау арқылы о сы с а ладағы қатынаст арды реттейтін барлық нормалар бір заңда шоғырландырылады. Үшіншіден, қолданыстағы электр энергетикасы мəселелері жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Бұл энергия таратушы ұйымдарды і р і л е н д і р у ү д е р і с і ү ш і н ке р е к . Төртіншіден, монополияға қарсы саланы реформалаудың екінші кезеңі аясында бəсекелестік мəселелері жөніндегі заңнамалық актілерге өзгерістер мен
толықтырулар енгізген жөн. Бесіншіден, мемлекеттік қызметтерді бəсекелі ортаға беру саласындағы заңнаманы жаңғырту керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Мəжіліс депутаттары заң шығару үдерісінде Парламент Сенатымен арадағы сындарлы өзара іс-қимыл дəстүрін жалғастыратынына сенім білдірді. – Мəжілістің жа лпы өкілеттік мерзіміне арналған заңнамалық жұмыстардың перспективалық жоспарын əзірлеу маңызды міндет болып саналады. Жаңа ахуал жағдайында Парламенттің жəне оның палаталарының қоғамдық саяси рөлі мен жауапкершілігі артып
отырғанын айрықша айтқым келеді. Парламентшілердің партияаралық өзара іс-қимылын күшейтіп, барлық фракциялар мен депутаттық топтардың үйлесімді жұмысына қол жеткізу керек. Қазақстан депутаттарының халықаралық п а рл а м е н т а р а л ы қ қ о ғ а м д а с т ы қ қ а белсене қатысуы да маңызды міндет. Жаңа депут атт ар жұмысқа жедел қосылатынына, ал бұрынғы құрам депутаттары сабақтастықты қамтамасыз етіп, «жаңа арнаға» жедел көшетініне сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті. Іс-шара барысында Парламенттің жаңадан сайланған депутаттары ант берді.
А ЫЛД Б М А Ж ЖАМБЫЛ КҮНІНЕ 3 ТОННА ҚИЯР ӨТКЕРУДЕ Бектөбе ауылындағы «Азамат» шаруа қожалығы жылыжайдан алғашқы өнім алуда. Қожалық күн сайын 3 тонна қиярды Тараз қаласының базарларына шығаруда. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша жылыжайға электр желісі мен газ құбырын тарту үшін жалпы құны 23 миллион 321 мың теңге жұмсалған еді. ҚОРДАЙ «АРА ТАУЫНЫҢ» ӘСЕЛІ ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ
БЛОГҚҰРЫЛТАЙ: ТАРАЗ-2016
Жақсы сөз айт, пайда табасың. Жаман сөз айтпа, аман қаласың. ТА ҒАТ – И Б ТА
Л БЕСІГІҢ
ЖАМБЫЛДЫҢЫ Н А М Р О Л Ы С А Ж ЖЕРГІЛІКТІ МАҢЫЗЫ БАР «МЕРКІ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚАУМАЛЫН ҚҰРУ ІСІ АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ Жамбыл жерінің едəуір бөлігі жасыл орман алқабымен көмкерілер күн алыс емес. Бұл тұрғыда 2016-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілгені белгілі. Онда елді мекендердің төңірегінен жасыл аймақтар құру, əсіресе, əлеуметтік нысандар, көшелер мен саябақтар аумағын, автокөлік жолдары жағалауларын көгалдандыру арқылы «жасыл белдеулер» жүргізу жоспарланып отыр. Соған сəйкес қала, аудандардың 1456 гектар аумағы жасыл орманмен көмкеріледі. Ал өңіріміздің құмды, шөлейтті аймағын жасыл нуға бөлеу ісі сексеуіл алқабы көлемін ұлғайту есебінен жүзеге асырылатын болады. –Биыл орман тұқымбақтарын қалпына келтіру жəне орман көшеттерін отырғызу жұмыстарына 43,3 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Былтыр ерте көктемде өңіріміздегі орман қоры алқабының 1600 гектар аумағына сексеуіл жəне басқа да сүйекті өсімдіктердің көшеті отырғызылып, 3400 гектарға тұқымы себілген-ді. Үстіміздегі жылы мұндай шаралар 5000 гектар алқапта жүзеге асырылатын болады, – дейді облыс əкімдігінің табиғи ресурстар жəне табиғатты реттеу басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Ханалиев. Е л і м і з д і д а м ы т уд ы ң 2 0 5 0 ж ы л ғ а д е й і н г і Стратегиясында алға қойылған меже биігінен көрінудің бірден-бір жолы – айрықша қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін құру болып табылатыны белгілі. Осыған байланысты жергілікті маңызы бар «Меркі» мемлекеттік табиғи қаумалын құру ісі аяқталып қалды. Оның аумағы 68910 гектар жерді қамтитын болады. Бұл – өңіріміздегі бесінші мемлекеттік табиғи қаумал. «Ақ жол-Ақпарат».
ҚАЗАҚ БЛОГЕРЛЕРІНІҢ ҚАРЫМЫ ҚУАНТАДЫ
Наурызбек САРША, «Ақ жол».
ҚОҒАМДА ИНТЕРНЕТ ҚОЛДАНУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІ ШОҒЫРЫ ҚАЛЫПТАСТЫ. ОЛАРДЫ БЛОГЕРЛЕР ДЕП АТАЙДЫ. БЛОГЕРЛЕР – ОЛАР КІМДЕР? БЛОГЕР – ТӘУЕЛСІЗ ҒАЛАМТОР ЖУРНАЛИСІ, ӨЗІНІҢ ӨМІРІН, КӨЗҚАРАСЫН, ОЙЫН ҒАЛАМТОРДАҒЫ МИЛЛИОНДАҒАН ОҚЫРМАН НАЗАРЫНА ҰСЫНАТЫН «ЖАНКЕШТІ». «ӨЗІ ҚОЖА, ӨЗІ БИ», ЕШКІМГЕ БАҒЫНЫШТЫ ЕМЕС, АҚПАРАТ КЕҢІСТІГІНДЕ ЕРКІН ОЙ АҚТАРАТЫН БЕЛСЕНДІ СЫНШЫ, БОЛҒАН НЕМЕСЕ БОЛАТЫН ЖАЙТТАРҒА ӨЗІНІҢ ЖЕКЕ ПІКІРІН БІЛДІРЕ АЛАТЫН КӨЗҚАРАСЫ БӨЛЕКТЕУ ТҰЛҒА.
Табиғаты тамаша мүйіс саналатын «Қарақоңыз шатқалы» мемлекеттік ботаникалық қорығында орналасқан «Ара Тау» омарта шаруашылығының өнімдері табиғи ерекшелігімен белгілі. Бақ-бақ, таңқурай, шырыш, тау жалбызы, тасшөп, құлқайыр, долана, көкбасгүл, балдырған тәрізді тауда және өзен жағасында өсетін алуан түрлі емдік өсімдіктердің гүлінен нәр жинайтын ара балдары мен балауыздары енді Біріккен Араб Әмірліктері еліне өткеріле бастады. ТАЛАС ҚАРАТАУДА 120 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ Моноқалаларды қайта жаңғырту бағдарламасы бойынша Қаратау қаласындағы қараусыз қалған көп қабатты үйлердің жарамсызы бұзылып, орны тегістелсе, негізгі қалпы сақталғандарын қайта қалпына келтіріп, кезекте тұрғандарға пәтер ретінде беру жұмысы жалғаспақ. Биыл бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 282 893 мың теңге бөлініп, ол қаржыға Панфилов көшесіндегі 120 пәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілмек.
ЖАЗЫЛЫМ – 2016 Құрманбек ОҢАЛБЕКОВ, газеттің белсенді оқырманы.
(Жалғасы 3-бетте).
27 НАУРЫЗ
– ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕА ТР КҮНІ
СЫР-СЫМБАТЫМЕН БАУРАҒАН САХНА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНА – 80 ЖЫЛ
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». «Əдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде, ұлт та ұлы болмайды» дейді Ғабит Мүсірепов. Кезкелген елді ерекшелейтін мəдениеті мен əдебиеті, салт-санасы мен тарихы, рухани дүние танымы екені даусыз. «Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар» дейді дана халқымыз. Сол сан түрлі өнердің ішінде те ат р өнері, театр мəдениетінің орны бір төбе. Бүгінгі сахна өнерінің шежіресіне өз үлесін қо сып келе жатқан
шығармашылық ұжымның бірі – Жамбыл облыстық қазақ драма театры. «Қара шаңырақ» аталып кеткен бұл театрдың да өзіне тəн алғашқы құрылып, ұйымдасуы, сондай-ақ басынан өткерген сан қилы қиыншылықтары мен қол жеткізген табыстары, шығармашылық өсу жолдары бар. Сол кəсіби шығармашылық ұжымның құрылғанына да сексен жыл уақыт толыпты. Осынау жылдар аралығында театр өзінің тағылымды тарихын жасай білді. (Жалғасы 3-бетте).
«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». «ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457
КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457