ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №134 (17991), Бейсенбі, 25 қыркүйек, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
www. akjolgazet.kz
МЕМЛЕКЕТ МЕРЕЙІ
ТАБЫСТЫҢ ҚИЫН МАРШРУТЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ «ҚҰРЛЫҚТЫҚ ТҰЗАҚТАН» ҚАЛАЙ ШЫҚҚАНЫ ЖАЙЫНДА Дәурен АБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ – БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ. Таяудағы екі бірдей Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл теміржолының іске қосылуы, сондайақ, алдағы Қазақстан – Түрікменстан – Иран магистралының пайдалануға берілуі біздің еліміздің көлік стра тегиясының шешуші сатысын тиянақтайды. Осының арқасында Қазақстан уақыт пен кеңістіктің кең ауқымды нарығында айрықша орынды иелене білді.
«ҚҰРЛЫҚТА ҚАМАЛҒАНДАР» Әлемде теңізге шығу мүмкіндігі жоқ 48 ел бар. Олар әлемдік тауар айналымының елеулі үлесі – шамамен 90 пайызы келетін теңіз с ау д а с ы м ү м к і н д і г і н е н к е с і л і п қалған. 50 мыңнан астам кемелерден тұратын халықаралық сауда флоты өзіміз айтатын жаһандық нарықты қалыптастырады. Ықпалды британдық экономист Пол Кольер өзінің «Төменгі миллиард» атты кітабында теңізге шығу мүмкін дігінің болмауын оларды сарыл уға душар ете отырып, мемлекет дамуын тежейтін басты «тұзақт ардың» бірі
ретінде айқындаған. «Құрлықта қамал ған» елдерде «алтын милл иардқа» қар ама-қайшы «төм енгі миллиард» деп аталатын адамзаттың ең кедей тобының 40 пайызы өмір сүреді. Жағдайдың бұл ережеден тыс болуы тым көп емес. Аумағында «Әлем
дік мұхиттан алшақтық пол юс і» бар, теңізге шығу мүмк інд ігі жоқ, планетадағы ең үлкен ел – Қазақстан солардың бірі болып отыр. Ең жаңа әлемдік тарихта «көліктік тұзақты» осыншалық ғаламат еңсеру мысалы іс жүзінде жоқ. Қазақстан теңізге тікелей
шығар жолдың болмауы үкім емес екенін өз үлгісімен дәлелдеді.
ҚАЗІР НЕМЕСЕ ЕШҚАШАН Тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің еліміз қаңтарылу жағдайына
душар болды. Қазақстанға тиген көлік жүйесі сыртқы рыноктарға қолжетімділікті қамтамасыз етпей қана қойған жоқ, тіпті, біртұтас ішкі рынокты қалыптастыруға да мүмкіндік бермеді. Коммуникациялардың барлық түрлерінде бірегей желі болған емес. Көлік жолдарының шашыраңқылығы экономиканың фрагменттілігін ғана бейнелегендіктен оған таңғаларлық ештеңе жоқ еді. Сондықтан тек жаңа жолдар мен құ бырлы өткізгіштер, порттар мен электр тарату желілерін салу ғана қажет болған жоқ. Координаттардың жаңа жүйесін құру да қажет болды. Көлікке тұрақты қаржылар салу пробл ем асы барлық мемлекеттер үшін көкейк есті екенін атап өту қажет. Халықаралық энергетикалық агенттіктің бағалауынша, 2050 жылға дейін жаһандық инфрақұрылымға 45 трлн. доллар мөлшерінде инвестиция қажет болады. Ал Қазақстанға 90-шы жылдары ақша тіпті, ең қажет дегендердің өзіне жетпейтін еді. Ел немесе жақсы уақыттар келгенге дейін инфрақұрылымға инвестиция салуды кейінге қалдыра тұру керек пе, немесе, барлық кемшіліктерге қарамастан, қалайда алға жылжу қажет пе деген стратегиялық жол айрығында тұрдық. (Жалғасы 2-бетте).
БІЗ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРМЫЗ!
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС. Жақында (16.09.2014, 10:35) «Tengrinews» сайты «Қазақтың ең көп тараған руы белгілі болды» деген хабар жариялады. Бақсақ, аталмыш сайт бұл мәліметті 24. Kz телеарнасынан алыпты. Ал телеарна өз кезегінде NewTimes. kz-ге сілтеме жасаған. Сонымен... Хабарға көз жүгірттік. Одан: «Қазақтың ең көп тараған руы – арғын. Мәліметтерге қарағанда, Орта жүздің өкілі - арғындардың саны 509 мың адам екен. Екінші орында – тағы да Орта жүздің өкілі – найман (395 мың адам). Үшінші орында Ұлы жүздің өкілі – дулат (334 мың). Кіші жүздегі ұрпағы ең көп ру шөмекей (100 мың) болып шықты. Адайлар – 90 мың адам, табындар – 80 мың. Айта кетейік, 1896-1911 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы санағы мәліметтері бойынша да арғындардың саны 509 мың адам болған. Ол уақытта бұл ру өкілдері, негізінен, Көкшетау, Қарқаралы, Ақмола, Торғай, Атбасар, Петропавл, Омбы уездері мен Семей қаласында тұрған. Мұхамеджан Тынышбаевтың мәліметінше, 1917 жылы арғындар қазақ рулары арасында саны (890 мың адам) жөнінен екінші орынды иеленген. Бірінші орында байұлы (1 030 мың адам), үшінші орында наймандар (830 мың адам) болған. Қазіргі уақытта қазақтардың жалпы саны 14 млн. адамнан асады. Оның 11,2 млн-ы Қазақстанда тұрып жатыр» деген сөздерді оқыдық та «Бұл сауалнама, бұл хабар кімге және не үшін керек болды екен?» деп ойладық. Шынында мақсаты, мүддесі, болашағы бір және біртұтас ел үшін мұндай сауалнаманың дәл қазіргі кезде өзектілігі бар ма? Әрине, жоқ. Бірақ «жоқ» деп үндемей қалуға тағы да болмайды. Өйткені, сауалнаманың ар жағында қазақ халқы арасында «біз көппіз», «сендер азсыңдар» деген дау-дамай тудырып, бір-бірімен ырың-жырың болса екен дегенді көксеген арам пиғыл тұрған сияқты. Әйтеуір, көңілге дем беретіні дана халқымыздың есті ұлқыздары айтаққа еретін ақымақтардан емес. Хабарсымақтың төменгі жағындағы дәлелді ой-пікірлер бізге осыны аңғартты. «Nur» деген сайт оқырманы: «Ең пайдасыз әлеуметтік сауал, шындыққа жанаспайды және дау-дамайға жетелейді, қай жерде және қандай жағдайда санаған, Нарынқолдағы бір албандардың өзі қаншама, ешкім санаған жоқ, ал ел бойынша ше?» деп салыпты. «Карл Маркс» деген оқырман: «Бұл сауалнаманың болғанының өзі күмән тудырады. Қайсыңыз осы сауалнамаға қатыстыңыздар?» деген. «Ер» деген азамат: «Біріншіден, бұл сандырақ ой кімнің басына келген? Екіншіден, жеке өз басымнан, менің туыстарымнан және достарымнан мұндай әлеуметтік сауалнама алған жоқ. Үшіншіден, бізді, біртұтас қазақ халқын бұлайша жария түрде бөлшектеу кімге керек. Ойланыңдар!!!» деп қайырыпты. «Мәке» болса: «Ей, қазақтар, осыдан бөліну шығады, бұл қай топастың шығарғаны. Ел ішіндегі ұйыған қаймақтың iруi осыдан басталады, кім қанша болса да бәріміз бір қазақ атадан тарағанбыз» дейді ашынып. Міне, қазақ елін, оның он жерінен сына қақса да ажырамайтын біртұтастығын бағалайтын адамдардың азаматтық сөзі! Әлбетте, бес саусақ бірдей емес. Усойқы сөздерімен отқа май құятындар, «Үрит, соқ!» деп қолдарын шапалақтайтындар да бар. Бірақ ондай мысықтілеулердің сөздері білімді, білікті және бірлікті қалайтын көпшіліктің салиқалы сөзінің қасында түк те емес. Біздің айтайық дегеніміз де осы, айналамыздағы елдердегі бір-бірін сыйламаушылықтан тұтанған оттан ұл-қыздарынан айырылып аңыраған аналар мен жарларын жоқтап жылаған жесірлердің көз жасын көргенде, «Әрбір сөзімізге, әрбір ісімізге абай болайықшы, ағайын!» дегің келеді. Қазақтың «Бөлінгенді бөрі жейді» деген сөзінің ғибраты да осы.
«ДНІПРО»-ға
Жақсы адам ел ырысы, Жақсы сөз жан ырысы.
20 жыл!
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол». Т. Рысқұлов атындағы саябақта «Днепро» украин этномәдени бірлестігі 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерекелік шараға өзге этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері, қала тұрғындары қатысты. Үрмелі аспаптар оркестрі келушілерді көңілді жағдайда күтіп алды. Сахна төріндегі «Қалауымыз – халық бірлігі» деген ұран жүзі басқа, жүрегі бір тұрғындардың ішкі арман-мақсаттарын, мүдделерін айқындап, бір арнаға тоғыстырып тұрғандай болды. Украин этномәдени бірлестігінің салт-дәстүрді насихаттайтын қолөнер бұйымдары, ұлттық тағамдарынан әзірленген көрме де көздің жауын алады. Облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Мәнжуов құттықтау лебізін білдіріп, аталмыш бірлестік өкілдерінің мемлекеттің дамуы, бірлігі жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі. Өзге де бірлестік жетекшілері өз лебіздерін ортаға салды. Түрлі ұлт өкілдерінің өнерпаздары саябақты ән-күйге бөледі. «Днепро» украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Ф.Клименко этномәдени бірлестіктер арасындағы ауызбіршілік пен достықтың нығайғандығын бұл жерден айқын аңғаруға болатындығын айтты.
l ҚОРДАЙ
Д. Қонаев атындағы мектеп-гимназияда Отбасы күніне орай «Әкем, анам және мен – спортшы жанұямыз» тақырыбында іс-шара өтті. Оған төрт жанұя қатысты. Жарыстың әрбір кезеңі тартысты өтіп, жүлдегерлерге «Жастар орталығының» дипломдары мен бағалы сыйлықтары тапсырылды. Байысовтар отбасы жеңіске деген жігері үшін ерекшеленсе, Қоқымбаевтар – үшінші, Мансұровтар – екінші, ал Әбдіматовтар – бірінші орынды иеленді. l Т. РЫСҚҰЛОВ
Таразда өткен «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты мүмкіндігі шектеулі азаматтардың облыстық байқауында ауданнан қатысқан үміткерлер жетістіктерге қол жеткізді. «Алтын қауырсын» аталымында Халида Киюпова бірінші орын, «Тату отбасы» номинациясы бойынша Мейірім Қосыбаеваның отбасы, «Кәсібінің үздігі» аталымымен Әсет Құдайбергенов екінші орын, «Үздік орындаушы» номинациясында ән орындаудағы шеберлігі үшін Нұркелді Тайлақов, Нұрқанат Ділдабай және балалар әнін үздік орындағаны үшін Әдемі Әшімова, Әділ Ақпан, Жандар Қадір Алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, қолөнер шебері Сәмет Иманбердіұлы мен Аяулым Жұмабек «Үздік жасампаз» номинациясында, Жәмила Пернебай «Үздік спортшы» аталымында марапатталды. l САРЫСУ
Аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Ә. Бүркітбаев ауылында «Сарысуым – саялы мекенім» атты аудан ардагерлері арасында жыр мүшәйрасы өтті. Өмір мен өңірдің бай тарихы жайлы сыр шерткен өлеңдері үздік шыққан А. Саттаров, Б. Нұрмаханов мүшәйра жүлдесін иеленді. l ТАЛАС
Қаратау қаласының тұрғыны Әсия әже Құрманәліқызы 100 жасқа толды. Ғасырмен құрдас әженің 11 немересі, 29 шөбересі, 6 шөпшегі бар. Немересінің алды 50 жасқа толса, шөпшегінің алды 5 жаста. Ұрпағы өсіп-өнген әженің мерейтойын мерейлі Отбасы күні әулеті жиналып құттықтады. Қысқа дайындық барысында Шу қаласындағы орталық қазандықтың №1 және №2 қазаны дайын болды. Ал №3 және №4 қазаны көгілдір отынмен жылытылуға бейімделуде. Бұған қажетті қондырғылар, автоматика мен оттықтар Ресейден алынып, жабдықтау жұмыстарын «Монтажник» ЖШС жүргізуде. Бұл жұмыс осы айдың аяғында аяқталады деп күтілуде.
Халық мақалы.
АЛЫП БЕТ ҚАТТ ДА: ЖАТҚАНмен Ес» айдарымен
Осы мәселені нақтылау үшін хабарласқанымызда Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тіл жөніндегі бас маманы л атында Әйгерім Құдайбергенова: нында «Е ң са ні і ім нг К гі е. бү ш ң ді кө ратын Газетіміз ырған «Сіз тұ нда тілші Болат Жаппарұлы – Бізге облыстық ы жарияланып от ас ал на ақ ы м ат ?» в ардагерлер кеңесі тарапынан бе ие з оз сі ққ ле С. А екенін бі бибі көшесінің нжылыс білдіреді. а қ а л а д а ғ ы Л. Мирзоян йш А ғы да қала нына қы қа ат ж ы көшесін С. Аққозиевтің ал лғ ауыстыры атына ауыстыру жөнінде ұсыныс түскен. Біз оны қалалық мәслихат тұрақты комиссиясының қарауына жібердік. Ұсыныс оң шешімін тауып, облыстық мәслихаттың қарауына
АДАМ АЙНАҒА ҚАРАП ТҮЗЕЛЕДІ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ ОҚЫРМАНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ туралы жан-жақты таратып айтып, алдағы атқарылар істер мен ойдағы идеяларын да ортаға салды. – Бұл жасалып жатқан дүниелердің барлығы оқырманның көз алдында. Соңғы уақытта «Ақ жол» қазіргі заман талабына сай өзінің жеке сайтын ашты. Онда түрлі саладағы ақпараттар жедел беріліп отырады. Газет шықпайтын күндері оқырмандарымыз сайттан өзіне қажеттінің барлығын таба алады. Сайттың тағы бір жаңалығы бейнекөріністер болып отыр. Енді оқырман газеттің сайтының «Ақ жол- ТВ» деген бөліміне кіре отырып, қызықты бейнекөріністердің де куәсі бола алады, – деді газет басшысы өз сөзінде. Жылы жүздесуде жамбылдық оқырмандар да өздерінің басылымға деген тілек, ұсыныстарын іркіп қалған жоқ.
жіберілді. Онда да ұсыныс қолдау табады деген сенімдеміз. Олай дейтініміз, «Ақ жол» газетінде Қазақстандағы қандықасап қуғын-сүргіннің белсенді қатысушысы Л. Мирзоянның атын көшеден алып тастау керектігі айтылып, оның қазақ зиялыларын қырып-жоюдағы қараниет әрекеттеріне нақты дәлелдер келтірілген, – деді. Ендеше бұл хабарды «Ақ жолдың» ел тарихындағы ақтаңдақтардан арылуға қосқан үлесі деп түсінген дұрыс.
(Көше атауларына қатысты мақаланы 4-ші беттен оқисыздар).
Басылымның Бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы бастаған, құрамында бас редактордың бірінші орынбасары Ақылжан Мамыт, орынбасары Фариза Әбдікерімова, экономика бөлімінің меңгерушісі Амангелді Әбіл, фототілші Ақәділ Рысмахан және осы жолдардың авторы бар шығармашылық топтың аудан жұртшылығы өкілдерімен кездесуін ашып, жүргізіп отырған аудан әкімі Рүстем Дәулет облыстық бас басылымның өңірдің өміріндегі рөлін жоғары бағалады. Жиналған жұртшылықты қонақтармен таныстырғаннан кейін, облыс баспасөзінің қара шаңырағы «Ақ жолға» аудан өмірі туралы жарияланған мақалалар үшін алғысын білдірген Рүстем Рысбайұлы үстіміздегі жылы газетті 3339 жамбылдық оқырман жаздырып алып, оқып отырғанын айтты.
– Газет – айна, газет – сыншы. Адам айнаға қарап түзелер болса, сын – кемшіліктерді жоюымызға қамшы салады. Бүгінде жастардың дені газет-журналдан бұрын ғаламторға көз жүгіртеді. Интернет өз алдына, баспа өнімдерін, газетті оқудың жөні бөлек. Бұл тұрғыда «Ақ жол» өзінің оқырманы қалыптасқан басылым. Келер жылы «Ақ жолға» жазылым мөлшері биылғы көрсеткіштен асып түсетін болады, – деді аудан әкімі. Сөз кезегінде осы кездесуді ұйымдастырған аудан басшылығына алғысын айтқан Бас редактор Көсемәлі Сәттібайұлы «Ақ жолдың» бүгінгі аяқ алысы, басылым бетінде көтеріліп жатқан мәселелер, қамтылған тақырыптар, ашылған жаңа айдарлар
«Болашақ» қоғамдық бірлестігі «Заңсыз көші-қонның адам саудасына қарсы әрекеті» атты семинар өткізді. Семинар-тренингке құқық қорғау органдары, прокуратура және облыс соттарынан өкілдер қатысты. Онда ҚР ІІМ заңсыз көші-қон және адам саудасымен күрес жүргізетін мамандар даярлайтын оқу орталығының басшысы, полиция полковнигі Ж. Кенбаев, ҚР ІІМ Қарағанды академиясы оқу орталығының профессоры Д. Балғынбеков дәріс оқыды.
l ШУ
ЖАЗЫЛЫМ – 2015
Болат ЖАППАРҰЛЫ, «Ақ жол».
l ТАРАЗ
Келгенбай ШАЛҚАРОВ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: – Соңғы уақытта «Ақ жолдың» безендірілуі жақсарып, беті айшықтала түсті. Қуаныштымыз. Қамтылған тақырыптар көңілімізден шығуда. Менің басылымда имандылық тақырыбында мақалалар көптеу болса деген тілегім бар. К. Сәттібайұлы: Дін – қуатты тәрбие құралы. Газетте «Дінің тұрсын дін аман» айдарымен мақалалар тұрақты жарияланып тұрады. Біз Рамазан айында «Отыз күн ораза» деген тақырыпты нөмірден түсірген жоқпыз. Онда Құран сүрелерінен, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінен келтірілген мысалдарда имандылық мәселесі тұрақты түрде жарияланып тұрды. (Жалғасы 3-бетте).
«Ақ жол» сайтын ашып қара, ағайын! ЖАҢА ЖОБА: «АҚ ЖОЛ-ТВ» Он сегіз мың ғаламның түкпір-түкпіріндегі жаңалықтарды, керекті мәліметтердің электронды нұсқаларын жедел түрде табуға мүмкіндік беретін ғажайыптар әлемі – ғаламтордың мүмкіндіктерін бүгінде газетіміз де жан-жақты пайдалануда.
«Ақ жол» сайтының жұмысы жанданып, түрлі айдарлар ашылғанын бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Енді міне, тағы бір жетістігіміз – сайтымыз әралуан қызықты бейнекөріністермен толығып жатқанын өздеріңізбен қуана бөлісеміз. Әзірге www.akjolgazet.kz сайтының «Ақ жолТВ» деген бөліміне кіре отырып, газетіміздің бөлім меңгерушісі, журналист, жас ақын Табиғат Абаилдаевтың өлеңін тыңдап, Сарысу ауданындағы Итауыз деп аталатын киелі мекенді көріп, тамашалай аласыздар. Алдағы уақытта туған өлкеміздің өзге де таңғажайыптарымен, ел ішіндегі ерекше адамдармен, жергілікті ақындардың шығармашылықтарымен, әнші, бишілердің, тіпті, кішкентай бүлдіршіндердің қызықты қылықтарымен, өзге де түрлі жанрдағы бейнекөріністермен өздеріңізді қуантуды мақсат тұтып отырмыз. Сондықтан сайтымызға кіре отырып, соңғы жаңалықтармен танысып қана қоймай, бейнекөріністерімізді де тамашалап, пікір білдіруге, ұсыныс, талап-тілектеріңізді қалдыруға шақырамыз. «Ақ жол-Ақпарат».