Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet
АҺАН Д
А
Ж
BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).
және
Сарысу Са С Сар ар а ры ысу ыс су су ауданы ауд а уд удан ан аны ны ы
Мо Мой М о ой йын ын Мойынқұм ау ауд ау уд да ан н ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл облысты о амды -саяси газет
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№60 (18554), Senbі, 26 mamyr, 2018 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. aqjolgazet.kz
Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady
ПРЕЗИДЕНТ
НДА ЖАҺА
«БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА» БИЗНЕСКЕ ЗОР МҮМКІНДІК ТУҒЫЗДЫ – бизнесті реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіре түсу. Заңда мемлекеттік бақылау функцияларын шамамен 30 пайызға қысқарту көзделіп отыр. Құқық бұзушылықтың алдын алатын профилактикалық бақылау институтына баса мəн берілген. Табиғи монополиялар мен квазимемлекеттік сектор тарапынан көрсетілетін қызметтер реттеледі, – деді Елбасы. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бизнес шығындарын жаппай төмендету үшін заңда қарастырылған шаралар жөнінде жəне бəсекеге кедергі келтіретін нормалардың алынып тасталғаны туралы айтты. – Осы заң арқылы 14 кодекс пен 109 заңға шамамен 1 мыңға жуық өзгеріс енгізіліп отыр. Осы өзгерістердің бəрінің діттеген мақсаты бизнесті дамыту үшін мейлінше қолайлы жағдай қалыптастыру жөніндегі мемлекеттің басты стратегиялық бағытына толық сай келіп отыр. Қазіргі уақытта іскерлік белсенділікті күшейту жəне жұртшылықты кəсіпкерлікпен айналысуға тарту үшін барлық мүмкіндікті пайдалану аса маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сөз соңында Президент бүгінде жүзеге асырылып жатқан «Бес əлеуметтік бастама» шағын жəне орта бизнес үшін зор мүмкіндік туғызып отырғанын атап өтіп, осы заңның қабылдануы халқымыздың игілігі жолында елдегі кəсіпкерлік қызметті жандандыруға тың серпін беретініне сенім білдірді.
Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға жария түрде қол қойды. Заңға жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы тәуелсіздік жылдары Қазақстанда нарықтық экономиканың берік институционалдық негіздері қалыптасқанын айтты. – Жеке бастама мен еркін кəсіпкерлік еліміздің экономикалық дамуының жəне əл-ауқатымыздың артуының басты факторына айналды. Біздің реформаларымыздың табыстылығы мен тиімділігінің жарқын мысалы ретінде Астананы айтуға болады. Оның 20 жылдық мерейтойын бүкіл Қазақстан атап өтуде, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. П р е з и д е н т қ ол қ о й ы л ат ы н « Қ а з а қ с т а н Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның маңыздылығын ерекше атап өтті. – Енгізіліп отырған өзгерістердің басты мақсаты
ЖАС ТҮЛЕК – 20 18
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ИГІЛІГІ
МОЙЫНҚҰМДАҒЫ ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАБУЫ ҚАЖЕТ
РЕСЕЙ
Ипотеканы 14 жастан беру ұсынылды Мемлекеттік думаның депутаты Василий Власов ресейліктерге ипотеканы 14 жастан беруді ұсынды. Саясаткер тиісті ұсынысты Құрылыс және тұрғын үй құрылыс шаруашылығы министрлігіне жолдады. «Жастарды үймен қамтамасыз ету мәселесі неше жылдан бері шешімін таппай келеді. Пәтер алудың ең оңай әрі көп тараған жолдарының бірі ипотека екенін ескере отырып, Ресей банкімен бірге заңды түрде механизм әзірлеу керек. Онда кейін жалға беруге мүмкіндігі болатындай етіп, 14 жастағы балаларға ипотека беру қарастырылу қажет», - деп жазды Власов хатында. Саясаткердің айтуынша, бала үйді ерте жастан алса, 25-30 жасқа келгенде баспаналы болады. Содан кейін ешқандай уайымсыз отбасын құра алады.
ИЗРАИЛЬ
«Ақылды қаланы» іске қосты Израильдің бірнеше қаласында бір мезгілде «ақылды қала» бағдарламасы іске қосылды. Инновациялық технологиялар билікке автокөлік жолдарын, байланыс құралдарын, қоршаған ортаны, тіпті көлік тұрақтарын бақылауға мүмкіндік беріп отыр. «Ақылды қала» бағдарламасы арқылы шаһардың тыныс-тіршілігі онлайн бақылауда болады. Жүргізушілер мен тұрғындар байқамайтын барлық қозғалыс назарда. «Мысалы, бір көшеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр делік. Кептеліс болып кетпес үшін бағдаршамның көмегімен көлік қозғалысын ыңғайлы көшелерге бағыттай аламыз. Бұл – бағдарламаның бір бөлшегі ғана», дейді диспетчер Ицхак Раами. Шаһардың су жүйесін бақылап, бұзылған нүктені табу үшін де арнайы технология ойластырылған. Бастысы, ол көріністің бәрін адам емес, бағдарламалар бақылап отырады.
ДА БЫЛ М А Ж ТАРАЗ ҚАЛАСЫ
Бір күнде 14 дүңгіршек алынды Таразда заңсыз сауда нүктелері жойылуда. Қалада санитарлық талаптарға сай келмейтін 100-ге жуық заңсыз сауда дүңгіршектері анықталған. Арнайы жүргізілген рейд барысында олардың иелеріне ескертулер айтылып, дүңгіршектерді алып тастауға 1 апта уақыт берілген. Ескертуді елеп, дүңгіршектерді өздері алып жатқандар да бар. Елеусіз қалдырғандардікі арнайы мамандардың көмегімен жойылып, айыппұл салынуда. Күні кеше Сейфуллин көшесі бойындағы 14 дүңгіршек алынып тасталды. Қала басшылығы дүңгіршектерді алып тастаудағы мақсат – кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіру емес, барлығын заңдастыру дейді. БАЙЗАҚ АУДАНЫ
Автокеруеннен кеңес алыңыз Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылап, жергілікті халыққа түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық автокеруен Байзақ ауданы Сарыкемер ауылына барды. Аймақта орналасқан әрбір ауыл, елді мекендегі жастарға түрлі сала аясында қажетті көмек көрсету күн тәртібінен түскен емес. «Елбасының Жолдауы – дамудың жаңа бағыты» атты автокеруеннің көздеген мақсаты да осы – жұмыссыз жастарға мемлекеттік бағдарламалардың тетігін түсіндіріп, өзге де мәселелер жөнінде кеңестер беру. Ұйымдастырушылар 200-ге жуық қатысушы өз қабілетін көрсетуге жағдай жасап, көкейдегі сауалдарына толығымен жауап алады деген сенімде. Айта кету керек, автокеруен басқа аудандарда 8-ші маусымға дейін жалғасатын болады.
Мұратхан ƏЛІМХАН Мыңдаған оқушыларды білім нәрімен сусындатып, ойы мен бойын толыстырған тағы бір оқу жылы аяқталды. Осыған орай облыс мектептерінде соңғы қоңырау салтанатты жағдайда соғылды. Ол төменгі сынып оқушыларын жайдары жаздың қызықты демалысына шақырса, мектеп бітіруші түлектер үшін балалықпен қоштасып, жаңа өмірге қадам басатын кездің келіп жеткенін еске салды.
(Жалғасы 3-бетте).
ӨҢІР ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА
А Н Ы Ғ А Ж Р А Ң Ы ТЕМІР ЖОЛД ? Е М Й Е П Т Е Ж З АЯҒЫМЫ А , ЖАБАЙЫ САУД БҮЛІНГЕН ЖОЛ, Н КҮЛҚОҚЫС... ШАШЫЛҒА Амангелді ƏБІЛ Тараз қаласын қақ жарып темір жол өтеді. Арғы беттегі «Шалғай Қарасу», «Қарой» тұрғын жай алқабы мен «Высотский», «Сольнечный», «Лесхоз» елді мекендерінде 68230 адам тұрады. 10670 жеке жəне 51 көп қабатты тұрғын үй бар. Облыс орталығы халқының бестен біріне жуығы тұрып жатқан іргелі мекенде Темір жол лицейі, Темір жол колледжі, 8 орта мектеп, 2 балабақша, 2 шағын орталық, 1 балалар үйі жұмыс істейді. 11 мекеме, оның ішінде 5 өнеркəсіп, құрылыс, көлік жəне энергетика кəсіпорындары осында орналасқан. (Жалғасы 4-бетте).
Облыс әкімі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Мойынқұм ауданында болды. Онда ол әлеуметтік нысандар мен өндіріс ошақтарын аралады. Өңір басшысы ауданның тыныс-тіршілігімен танысып қана қоймай, сонымен бірге қордаланған мәселелерін де көріп, біліп, оның шешу жолдарын қарастыруға да баса назар аударды. Асқар Исабекұлы əуелі Мыңарал ау ы л ы н д а о р н а л а с қ а н « М ы ң а р а л компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балық өңдеу зауытына атбасын бұрды. Ат алмыш ауылда балық зауыты 1965 жылы ашылып, отыз жылға жуық жұмыс жасаған. Сол уақытта кəсіпорын ауыл ғана емес, аудан экономикасының өсуіне мол үлес қосқан. Алайда өткен ғасырдың аяғында орын алған тоқырау кезеңінде өндіріс орны жабылып, ғимараты бос қалған еді. 2011 жылы қараусыз тұрған зауытты меншігіне алған «Мыңарал компаниясы» 3 жыл ішінде оны қайта қалпына келтірді. Нəтижесінде кəсіпорын 2014 жылдың желтоқсан айында іске қосылды. Жылына 1 200 тонна өнім шығаруға қауқарлы зауыт құрылысына 600 миллион теңге жұмсалған. Бүгінгі таңда мұнда балықтан 10-ға жуық өнім түрі өндіріледі. Олар Қазақстаннан бөлек, Ресей нарығына шығарылады. Мыңаралдың балығына, əсіресе Еуропа мемлекеттерінде сұраныс жоғары екен. Атап айтқанда, Нидерланды, Ге р м а н и я , Б е л о р у с ь е л д е р і н д е мойынқұмдық өнім жеңсік асқа айналған. Алайда бүгінгі күні зауыт небəрі 10 пайыздық қана жүктемемен жұмыс істеп келеді. Нəтижесінде, 250 адамды жұмыспен қамти алатын кəсіпорында 50 ғана жұмысшы еңбек етуде. Зауыт директоры Сергей Нидің айтуынша, бұған Балқаш көлінен зауытқа берілген балық аулау айдындарының аз əрі шағын болуы себеп болып отыр екен. – Көл бойынша балық аулауға арналған
70 учаске бөлінген. Соның 18-і Жамбыл облысының аумағында. Біз соның тек 2-еуін ғана пайаланып келеміз. Аталған телімдердің ауданы шағын ғана болғандықтан, балық та аз түседі. Нəтижесінде шикізат жетіспеушілігі туындап отыр. Қосымша учаске алайын десек, барлығы өзге компаниялардың пайдалануына беріліп кеткен. Білуімізше, олардың арасында балық өңдейтін кəсіпорыны жоқтары да бар. Бірнеше жылдан бері көтеріп келе жатқанымызбен, мəселе шешімін таба алмай келеді, – дейді С. Ни. Мəселенің мəнісіне қаныққан өңір басшысы облыс аумағында жатқан балық аулау учаскелерін жалға алған компаниялардың қызметіне талдау жасап, су айдынын мақсатсыз пайдалануды болдырмау шараларын қолға алуды тапсырды. Осылайша, оларды игеруге қауқарлы, қажетке жарататын тұлғаларға беру тиістігін айтты. Сонан соң облыс əкімі ат а лған ауылдық округте орналасқан «Мыңарал тас компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің цемент зауытында болды. Жобалық құны 34,9 миллиард теңгені құраған өндіріс ошағының қуаты жылына 1,2 миллион тонна өнім шығаруға қауқарлы. Ашылған уақытынан бастап қарқынды жұмысқа кіріскен зауыт аталған межені алғашқы төртжылдықта еңсерді. Нəтиже сінде Елбасы Нұрсұлтан Н а з а р б а е вт ы ң қ ат ы с у ы м е н ө т ке н жалпыұлттық телекөпірдің барысында
2010-2014 жылғы Үдемелі индустриялықи н н о в а ц и я л ы қ д а м у м е м л е ке т т і к бағдарламасының аясында табысты іске асырылған жоба ретінде таныстырылды. Осылайша, қысқа мерзімнің ішінде Қазақст анның цемент с а ласының көшбасшысына айналған өндіріс ошағы қол жеткізген нəтижеге тоқмейілсіп, бірсыдырғы жұмысқа көшуді жөн көрмейтінін анық аңғартып отыр. Оның дəлелі – бүгінде мұнда жылына 1,35 миллион тонна жоғары сапалы М-400, М-500 маркалы цементі шығарылып келеді. Аймақ басшысының сапары барысында зауыт жұмысымен таныстырып шыққан жауапты басшылары келер жылы жұмыс қарқынын үдетіп, өнім көлемін 1,6 миллион тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Десе де бұл жоспардың орындалуына кедергі болып тұрған жайттар бар екен. – Қазіргі уақытта біздің өнімге сұраныс жоғары. Еліміздің аймақтарын айтпағанда, Қырғызстан, Өзбекстан секілді көршілес мемлекеттерге де экпортталады. Аталған мемлекеттерден сұраныстың артуына байланысты өндіріс көлемін 20 пайызға арттыруды жоспарлап отырмыз. Дегенмен дайын өнімді тасымалдау тұрғысында мəселе туындап отыр. Өзіңіз білесіз, өнім көлемі ауқымды болғандықтан оны темір жол арқылы тасымалдаймыз. Зауыттан дайын тауарды жеткізу қиындық туғызбас үшін өндіріс ошағынан негізгі шойын жолға дейін 20,9 миллион теңгеге 13,5 шақырым рельс төседік. Алайда «Қазақстан темір жолы» тарапынан бөлінетін вагондар саны жеткіліксіз болып отыр. Егер аталған мəселе шешімін тапса, зауыттың өндіріс қарқыны артар еді, – деді «Мыңарал тас компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Мұртаза Бұлұтай.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру » бағдарламалық мақаласы талайдың мақсатына бағдаршам болып, талай жақсы істерге жол ашқаны мəлім. Жүздеген ауыл, мектептер мəдени-спорттық нысандармен қамтылып, жөндеуден өтіп, ажарлана түсті. Аталған мақала аясындағы «Туған жерге туың тік» жобасына қолдау білдіргендер қатарында ақкөлдік түлектер де бар. Осындай туған жерін қастерлейтін перзенттердің арқасында бұл ауыл тотыдай түрленді. Əлбетте, қай мектептің түлектері болса да алтын ұяларына соңғы қоңырау салтанаты кезінде атбасын бұрады. Ақкөлдік азаматтардың тартуы да осы рəсім кезіне тұспа-тұс келді.
(Жалғасы 2-бетте).
(Жалғасы 3-бетте).
Жұмыстың көзін тап, Қисықтың тезін тап. ТУҒАН Ж ЖЕРГЕ ТУЫҢ ТІК!
АҚКӨЛГЕ «БАҚ ҚҰСЫ» ҚАЙТА ҚОНАДЫ ДЕЙДІ АУЫЛЫН КӨРКЕЙТУГЕ 29 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ЖҰМСАҒАН ТҮЛЕКТЕР