ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№24 (18058), Бейсенбі, 26 ақпан, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Жуалы ауданы
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
=ТАРАЗ Облыстық сотта жаңа қылмыстық заңнама нормаларын іске асыру бойынша семинар кеңес өтті. Семинардың мақсаты – судьялардың тәжірибесінде жаңа Қылмыстық, Қылмыстықпроцессуалдық және Қылмыстық-атқарушылық кодекстерінде кездескен сұрақтарды саралау болды. Оған қатысушылар түрлі ережелер мен нұсқаулықтарды, үйде қамақта ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының орындалуы, мүліктік залал өндіру сынды басқа да нормативтік-құқықтық актілерді талқылады.
ПРЕЗИДЕНТ
ЕЛБАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ ИГОРЬ РОГОВПЕН КОНСУЛЬТАЦИЯ ӨТКІЗДІ
=БАЙЗАҚ Аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалында кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылды. Кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бірлесе отырып, аудандағы кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетпек. Оның ашылу рәсіміне облыс кәсіпкерлер палатасының директоры А.Қошмамбетов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның директоры Р.Жайшаев қатысты. Енді бизнеспен айналысамын деген ауыл тұрғындары егжей-тегжейлі ақпаратпен қамтамасыз етіліп, тегін кеңес ала алады. =ҚОРДАЙ Аудан орталығындағы Абай атындағы орта мектептің ауласына осы мектептің түлегі, 1981 жылы Ауғанстанда жауынгерлік борышын өтеу кезінде қаза тапқан Ерлан Шәріповке ескерткіш белгі орнатылды. Оның ашылу салтанатына мектеп ұжымымен қатар, аудан аумағынан және көрші қырғыз елінен ауған соғысының қатысушылары, еңбек ардагерлері қатысты. =МЕРКІ
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңеске Президент сайлауын өткізу мүмкіндігіне қатысты сауал жолданғанына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталары төрағаларымен, сондай-ақ Премьер-Министрмен консультациялар өткізгенін айтты. Қазақстан Президенті сайлау өткізу Конституция талаптарына дәлме-дәл сай болуы тиістігін атап өтті. И.Рогов Негізгі заңның 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес, кезектен тыс Президенттік сайлауды белгілеу тек Қазақстан Президентінің құзыретіне жататынына тоқталды. Аталған конституциялық құзырет ешқандай шартқа және шектеуге байлаулы емес, Мемлекет басшысы оны дербес жүзеге асырады. Осыған байланысты Конституциялық Кеңес төрағасы кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге қандайда бір конституциялық құқықтық кедергінің жоқ екенін айтты.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУ ӨТКІЗУДІ ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫ СПИКЕРЛЕРІМЕН БІРГЕ ТАЛҚЫЛАДЫ Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталары спикерлерімен бірге ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу мүмкіндігін талқылады. Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы қаралды. Мемлекет басшысы бұл бастаманы елжұрт, соның ішінде еңбек ұжымдары мен қоғамдық бірлестіктер мүшелері, зиялы қауым, жастар және аға буын талқылап жатқанына тоқталды. «Бастаманы Парламент палаталары да қарап, қолдау білдірді және маған тиісінше үндеу жолдады. Парламент Сенатының сұрауы бойынша
ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН ЕЛ ҰТАДЫ
НАЗАРБАЕВ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ Тұңғышбай әл-ТАРАЗИ, Қазақстан Республикасы Театр қайраткерлері одағының төрағасы. Уақыт көші алдыға жылжыған сайын біз өткенімізге құрмет көрсетіп, келешегімізді бағдарлауымыз керек. Ол дегеніміз – бір жағынан тарихқа тағзым, өткенге құрмет. Болашаққа ізет. Бейбіт ғұмырды бастан кешіп келе жатқан тәуелсіз Қазақстан соңғы жиырма жылдықта толайым табыстарға қол жеткізді. Мәдениетіміздің мәні кірді, сәні артты. Оның бәрі өлшеусіз еңбектің, төккен тердің жемісі мен жеңісі. Иә, тәуелсіздік жылдарында тарихымыз да түгенделді. Бір сөзбен айтқанда біз үлкен жетістіктерге жеттік. Бекзат, дегдар өнеріміз саналатын театр өнері де дамыды. Қарыштап алдыға жылжыды. Оның бәрі еліміздегі
тұрақтылық пен татулықтың арқасында тындырылған тірлік. Азат елдің алғашқы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің іскерлігімен, терең ойлылығымен, азаматтық болмысымен еліміздің көшін төрге оздырды. Дамушы елден дамыған елдердің санатына қосылдық. Бар салада тек дамудың оң динамикасы байқалды. Осы дәйекті сөздердің өзі қазіргі алмағайып кезеңде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу керектігін айқындай түседі. Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы Те а т р қайраткерлері одағының ұжымы ҚР Президентінің сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдайтынын білдіреді. Әлемде жаһандық қаржы-экономикалық тұрақсыздық орын алған жағдайда елдің тұтастығы басты қағидалардың бірі. Осы дағдарыстан сүрінбей өту - бәріміздің ортақ міндетіміз. Ассамблея көтерген осы бастаманы қолдауға барлығыңызды шақырамын. Нұрсұлтан Назарбаев – тұрақтылық пен татулықтың кепілі. Алматы қаласы.
Конституциялық Кеңес осы мәселе жөнінде нормативтік қаулы қабылдады», – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев елдегі негізгі салаларды дамытуға бағытталған бірқатар мемлекеттік ұзақмерзімді бағдарламалардың белсенді түрде жүзеге асырылып жатқанына назар аударды. «Менің ойымша, қазақстандықтар аталған бағдарламаларды жүзеге асыру ісіне жұмылу үшін сайлау өткізу қажет деп санайды. Сондай-ақ тұрғындар әлемде болып жатқан оқиғаларға және ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға байланысты алаңдайды. Бұдан арғы жұмыс
үшін халықтың қолдауы қажет», – деді Мемлекет басшысы. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция ережелеріне сай келетін Президент сайлауын өткізуді қолдады. Ол қазіргі уақытта әлемде қалыптасқан тұрақсыздық жағдайында бүкіл елімізге Мемлекет басшысының беделі қажет екенін атап өтті. Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов Мәжіліс депутаттары мен Қазақстан қоғамының түрлі топтары елдің жетістіктері мен әлемдегі ахуалды ескере келіп, сайлау өткізуді қолдап отырғанын айтты.
Аңдас батыр ауылынан «Бахор» және Меркі ауылдық округіне қарасты «Ләйлебек» шаруа қожалықтары «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында тауарлы сүт фермасын құру үшін «Ауыл шаруашылық қолдау қоры» АҚ-ның Тараз филиалы арқылы 85 миллион теңге қаржы алды. Шаруашылықтар әлден-ақ асыл тұқымды сүт бағытындағы 100 бас құнажын сатып алды. =ШУ Ассамблея жылы аясында ауданда өзге ұлт жастары арасында «Тіл – достықтың дәнекері» атты аудандық байқау өтті. Байқауға этномәдени орталықтарының өкілдері мен мектеп оқушылары қатысты. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйытқы болуымен өткен байқауда қатысушылар «Тілге құрмет-елге құрмет», «Өнер алды – қызыл тіл» тақырыбында сынға түсті. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Мария Сыпалова еншілесе, I орынды Тахмина Назаршоева иеленді. Жүлделі II орынды Шинар Мамедова мен Ван Яна, III орынды Екатерина Самсонова мен Ася Жаппарова иемденіп, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
ПРЕЗИДЕНТ ПОШТАСЫНАН
Ел мықты болса ел ағасынан, Үй мықты болса бел ағашынан.
АТАМЕКЕНІММЕН МАҚТАНАМЫН WBA, IBO және WBC тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы, ел мақтанышы Геннадий Головкин өз хатында Мемлекет басшысына таяуда өткен жекпе-жектегі жеңісіне орай жолдаған жылы лебізі мен тілегі үшін алғыс айтады. «Мен туған елімді халықаралық аренада танытып, Қазақстаннан шыққан саңлақ спортшы қандай болатынын бүкіләлемге көрсете отырып, айрықша мақтаныш пен патриоттық, жауапкершілік сезімдеріне бөленем. Еліміздегі бокс пен спортты дамытуға
Қ
АНДА А З А Қ СТ
Ж АСА ЛҒА
қарапайым үлесімді қоса жүріп, Сізге және барша отандастарымызға қуаныш сыйлау, мемлекетіміздің мерейін өсіру мүмкіндігіне ие болғаным үшін шынайы бақыттымын», – делінген хатта. Г. Головкин хат соңында НұрсұлтанНазарбаевтың және барша қазақстандықтардың тарапынан көрсетілген қолдау оның жеңіске деген жігерін нығайта түсетінін атап өткен.
Халық мақалы.
«Ақ жол-Ақпарат».
Н
ЖАҢА
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЕЛБАСЫНЫҢ ҰСЫНЫСЫМЕН «ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» АТТЫ АКЦИЯ ӨТКІЗУ ҚОЛҒА АЛЫНЫП ЖАТҚАНДА, БІЗДЕРГЕ ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРГЕ БІР КӨЗ ЖҮГІРТІП, ОЛАРДЫҢ САНЫ МЕН САПАСЫН АНЫҚТАУҒА МҮМКІНДІК ТУҒАН СЕКІЛДІ. СӨЙТІП, ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕЗ-КЕЛГЕН ПАТРИОТ АЗАМАТЫ АЙНАЛАСЫНДАҒЫ ТҰНЫП ТҰРҒАН ТАУАРДАН ӨЗ ЕЛІНІҢ ӨНІМІН ТАҢДАЙ БАСТАҒАН. ОБЛЫСЫМЫЗДА ҮДЕМЕЛІ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 2011 ЖЫЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН ӨҢІРДЕГІ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ІШІНДЕ «SUPERPHARM»-НЫҢ АЛАР ОРНЫ ЕРЕКШЕ. КӘСІПОРЫН ШЫҒАРЫП ЖАТҚАН ӨНІМ ЗОР СҰРАНЫСҚА ИЕ.
«SUPERPHARM»
өнімдеріне сұраныс көп
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». 2011 жылы Елбасымен болған телекөпірде «тұсауы кесілген» зауыттың бүгінгі қарқыны қуантарлық. «Еліміздегі барлық медициналық мекемелер күткен осындай жаңа зауыттың бой көтеруімен сіздерді құттықтаймын» деген еді Президентіміз зауыттың ашылу салтанатында. Шынында, ел күткен кәсіпорын болды бұл. «Медициналық мақсаттағы өнімдерді өндіру бойынша зауыт салу» жобасы бойынша құны 520,0 миллион теңгеге салынған зауыт жылына 15 миллион дана өнім шығарады. «Superpharm»-дағы технологиялық қондырғылар
Германия, Түркия, Польша, Ресей және Қытай мемлекеттерінен әкелінген. Сондықтан да, мұнда сапасы жағынан еліміздегі бірегей және әлемдік өнімдермен еркін бәсекелестікке түсе алатын өнімдер шығарылады. Заманауи қондырғылар мен машиналардың 18 түрі негізгі өнімнің 13 түрін өндіреді. Залалсыздандырылған және залалсыздандырылмаған медициналық мақсаттағы бір рет пайдаланатын өнімдер, яғни медициналық маска, бахилалар, медициналық түрлі бас киімдер, бір және көпқабатты төсек жайма, медициналық халаттар, операцияға арналған киімдер, хирургиялық костюм (жейде мен шалбар), алжапқыш, су сорғыш түрлі сүрткіштер, төсек-орын жабдықтары, гинекологиялық
жабдықтар, босанатын әйелдерге арналған бір реттік жейделер, қағаз сүрткіштер, стерильді және стерильді емес үлдірек сынды еліміздегі көптеген медициналық қажеттіліктерді осы зауыт қамтамасыз етіп отыр. Облыста өндіріліп, отандық өндіріс саласына айтарлықтай атсалысып жатқан «Superpharm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде барша Қазақстанға кеңінен танымал. Жамбыл ауданы. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.