26 сәуір 2016 ж пдф

Page 1

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу Сар Са С Сары ар арысу ары су ауданы ау ауд ауда а у уд уда д да ан ны ы

Мой Мо М ойын йы й ын Мойынқұм а ау у уд уда дан да ауданы

Жамбыл облысты о амды саяси газет

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№48 (18242), Сейсенбі, 26 с уір, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

НДА ЖАҺА

ПРЕЗИДЕНТ

АҚОРДА

АҚШ КҮН БАТАРЕЯСЫМЕН ҰШАТЫН SOLAR IMPULSE 2 Күн сәулесінен қуат жинап ұшатын Solar Impulse 2 әуе кемесі Тынық мұхитының үстімен үш күн ұшып, Сан-Франциско қаласына барып қонды. Гавай аралдарынан АҚШ-қа жету үшін ұшақ шамамен 4 мың шақырымды бағындырған. Оның қанаттарында 17 мыңға жуық күннен куат алатын батареялар қондырылған. Соның көмегімен олар қозғалтқышты айналдырып қана қоймай, оның түні бойы тоқтамай ұшуына қуат жинайды. ЖАПОНИЯ MITSUBISHI КӨЛІКТЕРІНЕН АҚАУ ШЫҚТЫ

МЕМЛЕКЕЕТ БАСШЫСЫ ИСПАНИЯ КОРОЛЬДДІГІНІҢҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИССТРІ ХОСЕ МАНУЭЛЬ ГАРССИЯ-МАРРГАЛЬОНЫ ҚАБЫЛДАДДЫ

Mitsubishi Motors автоконцернінің жүздеген мың көліктерінен ақау шықты. Компанияның көліктерін сынақтан өткізу барысында жанармай шығынын көрсетуде ақаулардың бар екендігі анықталды. Осының салдарынан Mitsubishi Motors және Nissan брендтерімен шыққан 625 мыңға жуық көлік жарамсыз болып, сатылымнан алынып тасталуы мүмкін. Ал бүгін қор биржасындағы Mitsubishi акциялары 15 пайызға құлдырады.

Кездесу барысында ҚазақстанИспания ынтымақтастығының негізгі бағытт ары т а лқыланды, с о н д а й - а қ е к і е л д і ң б і рл е с ке н жұмысының перспективалы салалары қарастырылды. Нұрсұлтан Назарбаев екі мемлекеттің өзара іс-қимылын нығайтуға оң ықпал етіп отырған Қазақстан м е н И с п а н и я н ы ң с т р ат е г и я л ы қ серіктестігіне назар аударды. Мемлекет басшысы темір жол машиналарын жасау, мұнайгаз, коммуникация жəне құрылыс салаларында бірқатар бірлескен жобалар бар екенін, олар ынтымақтастық аясын кеңейте түсуге елеулі негіз болып отырғанын атап өтті.

ГЕРМАНИЯ 108 ЖЫЛ ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗГЕН ШӨЛМЕК ТАБЫЛДЫ 108 жыл теңізде жүзген ішінде хаты бар шөлмек неміс жағажайынан табылды. Ол хаты бар ең көне шөлмек ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Оны Солтүстік теңізінен тауып алған зейнеткер Мариан Винклер шөлмекті қағазда көрсетілген мекен-жайға жіберген. Бұған дейінгі хаты бар шөлмек рекорды 2013 жылы табылды. Ол теңізде 99 жыл 43 күн жүзіп жүрген.

Елбасы Бас прокуратураға барды. Қазақстан Президенті Бас прокуратураның басшылық құрамы алдында сөйлеген сөзінде А . Д ау ы л б а е вт ы ң л ауа з ы м ы н а н босатылатынын, өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты оның басқа жұмысқа ауысатынын айтты. – Асхат Д ау ы л б а е в Б а с прокуратурада соңғы 15 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеді. Алдына қойылған міндеттерді орындады, соған орай оған жұмысы үшін алғыс айтамын. Ол алдағы уақытта да өзінің кəсіби үлесін қосатын болады, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев прокуратура жүйесінде елеулі жұмыс тəжірибесі бар жаңа Бас прокурор Ж.Асановты таныстырды. – Ол прокурорлық қызметтің барлық сатысынан өтті, үш өңірде, Əділет министрлігінде қызмет істеді, Парламент депутаты болды. Білімі мен тəжірибесі жеткілікті, жергілікті жердегі ахуалмен таныс. Осы ұжымда

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ж.Қ. Асановты Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметіне тағайындау туралы Жақып Қажманұлы Асанов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 25 сəуір № 238

МЕМЛЕКЕТ МАҚТ АН Ы

ұзақ уақыттан бері жұмыс істейді, оған ешқандай ескерту айтылған жоқ. Бұл жұмыс қолынан келетініне сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы биыл Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру басталғанына, оның бір бағыты құқықтық мемлекет қалыптастыру екеніне назар аударды. – Негізгі салмақ прокуратура органдарына түс еді, өйткені олар барлық өзге құқық қорғау органдарының қызметін ү й л е с т і р е т і н д і кт е н , қ ұ қ ы қ т ы қ салада зор өкілеттіктерге ие. Соңғы жылдары қадағалаушы орган ел азаматтарын қорғау жəне құқық тəртібін қамтамасыз ету жөнінен елеулі жұмыс атқарды. Мемлекеттік жəне қоғамдық институттардың құқық қорғау əлеуетін арттыру, заңдарды тиімді қолдану жəне азаматтармен, шағын жəне орта бизнес өкілдерімен күнделікті жұмыс барысында заңның сақталуын қамтамасыз ету – басты міндет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті бұл ретте азаматтарға өз құқықтарын, сондай-ақ елде қабылданып жатқан заңдарды, соның ішінде Жер кодексін дұрыс түсіндірудің маңыздылығын атап өтті. – Кодексте жердің шетелдіктерге сатылатыны туралы ештеңе айтылмаған. Біздің міндет – жердің меншік иесі болып, оның дұрыс пайда ланылуы үшін Қазақст ан азаматтарына жерді жекешелендіру мүмкіндігін беру. Жер қурай басып, иесіз жатпай, түсініксіз мақсатта пайдаланылмай, халықтың игілігіне айналуы керек, – деді Мемлекет басшысы. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев жаңа норманы толық түсінбеу жəне бұрыс мазмұндау деректері бар екенін айтты. – Бұл мəселе мемлекет қабылдап отырған заңдарды халыққа түсіндіруге міндетті Үкімет пен жергілікті атқарушы билікке, сондай-ақ құқық қ о р ғ ау о р г а н д а р ы н а қ ат ы с т ы , – д ед і Қ а з а қ с т а н П р е з и д е н т і .

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы үлкен резонанс тудырған істер бойынша прокурорлар Президенттің тиісті тапсырмасынан кейін ғана шара қабылдаған жағдайлар болғанына назар аударды. – Заңды сақтаушылардың өздері өкілеттіктерін орындау жөнінен мінсіз болуға тиіс. Сонда сенім арта түседі, арыз-шағым азаяды, БАҚтағы материалдардың мазмұны да өзгереді. Бұл – күрделі міндет, бірақ оны шешпейінше біздің барлық жоспарымыз үзіліп, стратегиялар мен қабылданып жатқан бағдарламаларға да қатер төнеді. Сондықтан мен сіздерді дұрыстап жұмыс істеуге шақырамын. Бе с институционалдық реформа мен «100 қадамда» ол шаралардың бəрі нақты жазылған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті көзделген реформалар арқасында құқық қорғау жəне сот жүйе сі азаматт ардың құқықтарын қорғау жөніндегі өз жұмысының тиімділігін арттыра түсетініне сенім білдірді.

МЕРЕЙТОЙ

Кеше облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев жүзі мейірімге, жыры мөлдірлікке, жан əлемі жақсылыққа, жүрегі сырлы сезімдерге тұнып тұрған көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауре аты Күлəш А х м е то ва н ы 7 0 ж а с қ а толған күнімен арнайы құттықтап барды. Ақындар шаңырағында облыс əкімі аппаратының басшысы Рахметілда Рахманбердиев, облыс əкімдігі ішкі с аяс ат басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова, облыстық ардагерлер

кеңе сінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Тараз қаласының əкімі Нұржан Календеров өңір басшысымен бірге болды. Олар да ха лқымыздың

аяулы ақын қызына ақ тілектерін арнай келіпті. Тілектес, ниеттес азаматтарды поэзия айдынында қос аққудай жарасып, қатар жүзген

е рл і - з а й ы п т ы а қ ы н д а р Қ а й ы р бе к Ас а н о в п е н Күлəш Ахметова қошуақ көңілмен қарсы алды. Мерейтой иесінің иығына оюлы қамзол мен орамал жапқан Кəрім Нəсбекұлы ақ тілегін білдірді. Бір кездері қазақ ə д е б и е т і а б ы зд а р ы н ы ң ақ батасын алған ақын мұндай құрметке əбден лайық. Ал əкімі ақынын арнайы барып, құттықтап, с ы й - с и я п ат к ө р с е ту і – көргенділіктің белгісі болса, қазақтың өнерді, өнердің төре сі – өлеңді жоғары бағалайтынын тағы да есімізге салғандай болды. Əкімі ақынын іздеген ел қашанда бақытты!

ГОЛОВКИН ҚАРСЫЛАСЫН ЕКІНШІ РАУНДТА НОКАУТПЕН ҰТТЫ

МЫЗ! БІЗ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР

Осыдан біраз уақыт бұрын «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кəсіпқой бокстан əлем чемпионы Геннадий Головкинге: «Сен шаршы алаңға шыққанда күллі қазақстандықтар жанкүйер болып жүр деп сенімді айта аламын. Өзіңмен мақтанамыз. Қарсыластарыңды көп ұр да, елге орал», – деп еді. Елбасы сенімін арқалаған кəсіпқой боксшымыз, бокс əлемінде GGG есімімен танылған Геннадий Головкин кезекті мəрте жеңісіне қол жеткізіп, елінің де, Президенттің де алғысына бөленді. Жасы 34-ке келгеніне қарамастан, орта салмақта өзін судағы балықтай сезініп жүрген Гена бұл жолы 26 жасар америкалық боксшы Доминик Уэйдті сабасына түсірді. Күні бұрын «Головкиннің əдемі статистикасын бұзған алғашқы боксшы мен боламын» деп көкіген Уэйдтің əуселесі екі раундқа жетер-жетпес уақытта белгілі болды. Бірден айта кетейік, Геннадий Головкин Уэйдті қарсылас ретінде өзі таңдап алған жоқ. Ол халықаралық бокс федерациясының (IBF) міндеттеуі салдарынан ортаңқол боксшымен қолғап түйістіруге мəжбүр болды. Бұған дейін он сегіз кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен Доминик Уэйд IBF рейтингіне көш бастап тұрған багамдық Туреано Джонсон жарақат алған соң қазақ боксшысына қарсылас атанды. Лос-Анджелестегі «Форум» аренада өткен жекпе-жекте Головкин жанкүйерлеріне уəде еткендей, «биг драма шоуын» ұсына алмады. Қарсыласы алты минутқа дес бере алмаса, ол уəдесін қалай орындасын? Гонг үні естіле салысымен алға ұмтылған GGG сол қолымен де, оң қолымен де барлау шабуылдарын ұйымдастырды. Уэйдтің бойының, қолының ұзындығына қарамастан, Головкиннің соққыларының дені нысанаға дөп тиіп, қарсыласты діңкелетті. (Жалғасы 8-бетте).

ҚОРДАЙ ТАҒЫ БІР АЛТЫН КЕНІШІ АШЫЛАДЫ Елімізді мемлекеттік индустриялық-инновациялық д а м ы т у д ы ң 2 0 1 5 - 2 0 1 9 ж ы л д а р ға а р н а л ға н бағдарламасы аясында Қарасай ауылдық округінің «Қырғау» кен орнында «Алатау-Қордай» ЖШС жылына 1500 килограмм болатын алтын мен күмістің 75 пайыздық концентратын шығаратын зауыт құрылысын бастамақ. Жалпы сомасы 1692,2 миллион теңгені құрайтын жобаның алғашқы кезегі барлау жұмыстарына, жерді игеру құжаттарын дайындауға, екінші кезегі қондырғыларды сатып алу, әкелу және орнатуға арналады. САРЫСУ 130 ДАНА НАН ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ Жаңатас қаласында әлеуметтік көмек беру мақсатында жағдайы төмен отбасылардың тізімі дайындалып, әр отбасыға кететін нан көлемі есептелді. Қалада әлеуметтік «Рахмет» дүкені арқылы тәулігіне 130 бөлке нан тегін таратылуда. Сонымен қатар, осы дүкенде картоп, пияз, макарон тауарлары да тегін беріледі. Бұл қамқорлық ауданда белсенді азаматтардың тұрмысы төмен адамдарға өз еріктерімен жинаған қаражаты арқылы іске асуда.

«НАУРЫЗ БАҒЫ» ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

ДА

ТАЛАС

ШТА РЫ

ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ АБЫРОЙЫ ҮШІН ЖАРАЛҒАН GGG

ЫЛ ЖАМБ

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен ауыл әкімдігі және аудандық мәслихат депутаты Мұрат Несіпбайдың ұйымдастыруымен Ақкөл ауылында «Наурыз бағы» қайта қалпына келтірілді. Бақтың қоршаулары оңдалып, үлкен қақпа орнатылды. Жаңа алма көшеттері отырғызылды. Мұндай саялы бақ осындағы О.Иманалиев атындағы Мәдениет үйінің маңынан да бой көтерді. Ол жерге 1000 түп түрлі ағаштар отырғызылып, «Талас-Таза су» мекемесінің күшімен құбырлы құдық жөнделіп, оған су тартатын насос қойылды.

Жақсы елдің мақтаны, Жұпар гүл жердің мақтаны. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Бүгін Астана қаласында Қазақст ан халқы Ассамблеясының XXIV се ссиясы өтеді. Жиынға қатысуға облыстан құрамында 44 адам бар делегация жексенбі күні жолға шыққан еді. Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы, топ жетекшісі Зубайра Сембинаның айтуынша, делегация құрамының жартысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болса, жартысы арнайы шақырылған қонақтар екен. «Достық үйі» тарапынан құрылған делегация қ ұ р а м ы н д а ғ ы « В ы н ху а » дүнген мəдени орталықтарының қауымдастықтары» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Гүлсара

Д ау зо ва : « Е л б а с ы м ы з Нұрсұлтан Назарбаев көп ұлтты мемлекетімізде ынтымақ пен бірлікті нығайта түсу үшін

қ ы руа р і с т е р т ы н д ы руд а . Қазақст андықт ар үшін де керегі – осындай берекелі де бейбіт өмір. Президентіміз

Н.Ə.Назарбаевтың сарабдал саясаты мен оның ел басқарудағы көрегенділігін тек қазақстандықтар емес, əлем елдері мойындап отыр. Мен осы үлкен жиынға Ассамблея хатшылығынан арнайы шақырту алғанымды өзіме мəртебе санаймын. Ең бастысы біздің бірлігіміз бен көздеген мақс атымыз бір болс а, алынбайтын асу жоқ» – деді. «Тəуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» тақырыбы аясында өтетін аталмыш сессияда м е м л е ке т т і ң б ол а ш а ғ ы мен халықтың ынтымағын а р т т ы р уд ы к ө з д е й т і н маңызы жоғары құндылықтар сөз болмақ. «Ақ жол-Ақпарат».

А л т ы н ш ы ш а қ ы р ы л ғ а н Жа м б ы л о бл ы с т ы қ мəслихатының кезектен тыс, екінші сессиясы 2016 жылдың 29 сəуірінде облыс əкімдігінің мəжіліс залында (2-қабат) сағат 11.00-де келесі күн тəртібімен өтеді: 1. «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мəслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы №43-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 2. Тараз қаласының көшелеріне атау беру туралы 3. Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту туралы 4. Жамбыл облыстық мəслихаттың марапаттау комиссиясының құрамын бекіту туралы 5. Жамбыл облыстық мəслихатының шешімдерімен бекітілген кейбір комиссиялар мен кеңестердің құрамдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. * * * Облыстық мəслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс əкімдігінің мəжіліс залында (2-қабат) 2016 жылдың 29 сəуірінде сағат 10.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2016 жылдың 29 сəуір күні сағат 09.30-да. басталады. Облыстық мəслихаттың хатшысы Б. ҚАРАШОЛАҚОВ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
26 сәуір 2016 ж пдф by akjolgazet - Issuu