АҺАН Д
Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet
А
Ж
BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас
Жамбыл облысты о амды -саяси газет
Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№9 (18659), Senbі, 26 qańtar, 2019 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. aqjolgazet.kz
Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady
ПРЕЗИДЕНТ
ИНФЛЯЦИЯНЫ ОДАН ӘРІ ТӨМЕНДЕТУГЕ БОЛАДЫ Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындысы жөнінде есеп беріліп, елдегі валюта-қаржы нарығының қазіргі ахуалы туралы баяндалды. Елбасы бірқат ар экономика лық индикаторлардың оң қарқынмен өсіп келе жатқанын атап өтіп, инфляция деңгейін төмендету үшін қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі туралы мəселеге тоқталды. – 5,3 пайыз деңгейіндегі инфляция – бұл жақсы көрсеткіш. Бірақ бұған экономиканың тиімділігінен еме с, нарықтағы өтімділік көлемінің қысқаруы есебінен қол жеткізіліп отыр. Ұлттық банк пен Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы нашар. Қаражатты айналымнан шығару арқылы инфляцияны одан əрі төмендетуге болады, бірақ бұл шешімнің экономикаға қалай əсер ететіні белгісіз?! Сонымен қатар ұзақ мерзімді несиелердің азайғанын байқауға болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті қолданыстағы заңнамаға бірқат ар өзгерістер енгізілгеніне тоқталып, Ұлттық банк тарапынан бұл салаға тиісті бақылау жүргізілуі қажет екенін айтты. Данияр Ақышев Мемлекет
ЛЫ ҚО
НДА ЖАҺА АҚШ Сары аяздың салдарынан Ниагара сарқырамасының бір бөлігі қатып қалды. Сарқырама орналасқан Онтарио аймағында ауа температурасы түнде 17 градусқа төмендеген.
РЕСЕЙ Халықаралық ғарыш стансасына желтоқсан айының соңында жеткізілген биопринтер алғаш рет тышқанның қалқанша безі мен адамның шеміршек тінін басып шығарып, жерге оралды.
ГЕРМАНИЯ Енді немістер де 2020 жылдың қазанынан бастап жеңіл автокөліктер үшін ақылы жол енгізбек. Келесі жылы автобанмен жүру үшін жүргізушілер жылына 130 еуродай қаражат жұмсайды.
ҚЫТАЙ Бейжіңде «Дасин» жаңа халықаралық әуежайы ашылып, алғашқы ұшағын қабылдап үлгерді. Тексеріс жұмыстары наурыздың 15-іне дейін аяқталады. Ал қыркүйектің 30-ы күні әуежай ресми түрде толық іске қосылмақ.
ИНДОНЕЗИЯ Писанг Бату өзені – елдегі ең лас өзендердің бірі. Джакартаға жақын жатқан суда жауынды маусымда жүздеген тонна қоқыс жиналады. Ал көрші Бали аралының билігі қоқыспен күресу үшін сауда орталықтарында пластик пакеттерді сатуға тыйым салған.
Д БЫЛ ЖАМ
А
ТАРАЗ «Ақылды» қала – қауіпсіз қала» жобасы бойынша №41 мектеп-гимназиясында оқушылардың сабаққа келу және үйлеріне қайту мерзімдерін тіркеп отыратын «Қауіпсіз мектеп» жобасы енгізілді.
ЖУАЛЫ б а с ш ы с ы н ы ң Қ а з а қ с т а н ха л қ ы н а арнаған Жолдауында айтылған қайта өңдеу өнеркəсібін несиелеу жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы туралы əңгімеледі. Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Президентіне ұлттық валюта бағамының өзгеруіне ықпал ететін факторлар туралы баяндады. – Те ң ге н і ң А Қ Ш д ол л а р ы н а шаққандағы айырбас бағамы жыл ішінде 15,6 пайызға төмендеді. Бұған негізінен сыртқы факторлар себепші болды. Əлемдегі мұнай бағасы өте құбылмалы болып отыр. Сыртқы жағдайлар, соның
ішінде протекционистік жəне санкциялық саясат та тұрақты емес. Дейтұрғанмен, еркін айырбас бағамы режімі барлық
ауыртпалықты жеңілдетіп, өткен жылдың соңында 30,9 миллиард АҚШ долларын құраған алтын валюта резервін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активі 57,7 миллиард АҚШ долларына жетті, – деді Елбасы. Д.Ақышев қаржы нарығын несиелеу жəне сауықтыру үшін ат қ а р ы л ы п ж ат қ а н ж ұ м ы с т а р жөнінде мəлімдеді.
– Біз қаржы секторын жақсарту арқылы нарыққа лайықты қатысушылардың жұмысын ілгерілетуге мүмкіндік береміз. Тиісті шаралар қабылданғаннан кейін несие көлемі айтарлықтай артады деп ойлаймыз. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 10 пайызға өседі деп болжамдап отырмыз. Бұл номиналды ішкі жалпы өнімнен жоғары. Тиісінше, несиелердің қолжетімділігі артып, бірте-бірте жағдай жақсара түседі. Біз келешекте проблемалар туындатуы мүмкін күрт өсімнен гөрі теңгерімді өсімді мақұл көреміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кездесу соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.
Ақылжан МАМЫТ
Меркі аудандық орталық ауруханасында 153 орынға арналған 8 бөлімше бар. Жасыратыны жоқ, қазір ондағы медициналық жабдықтардың 80 пайызы ескіріп, тоза бастаған. Əсіресе перзентхана бөліміндегі ахуал алаңдатарлықтай еді. Жақында Болат Өтемұратов қоры ауруханаға 64 миллион 380 мың теңгенің жабдықтарын сыйға тартып, бұл түйткілдің түйіні тарқағандай болды. Енді нəресте өмірін құтқарып қалу үшін құрылғылардың жоқтығы кедергі келтіре алмайды. Сондай-ақ ауыр науқастарды алыс қашықтықтарға тасуға мол мүмкіндік туып отыр. Қор бөлген қаржыға сатып алынған реанимобиль, Infa Warmer-і монитор, жаңа туған нəрестелерге арналған реанимациялық жүйе, назалдық тыныс жүйесі, электрсорғыш жəне автоматтандырылған шприцтік дозатор дəрігерлердің жұмысын жеңілдетумен қатар, емдеу шараларын жоғары деңгейге көтереді. – Болат Өтемұратов қорының қайырымды ісінің арқасында Меркі аудандық орталық аурухананың пер зентхана бөлімі перинат а лдық жəрдемді аймақтандырудың екінші деңгейіне жетіп отыр. Бұрын босануға Таразға жіберілетін белгілі бір патологиясы бар жүкті əйелдер, жаңа босанған аналар енді сол медициналық қызметтерді біздің ауруханамыздан алатын болады. Жаңа жабдықтар бізге əртүрлі патологиялық ахуалдағы жаңа туған нəрестелерге шұғыл жəрдем көрсету мүмкіндігімізді арттырды. Біз ұзақ уақыттан бері науқастарды тасымалдайтын заманауи үлгідегі реанимобильге қол жеткізе алмай келдік. Қажетті жабдықтармен қамтылған реанимобильмен енді бізге жүкті жəне ауыр науқас əйелдерді дəрігердің сүйемелдеуімен Тараз жəне Алматы қалаларына алаңсыз жеткізе аламыз. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Сондықтан аталған қорға, оның директоры Марат Айтмағанбетовке тек алғыс айтамыз, – деді Меркі аудандық орталық ауруханасының бас дəрігері Бекболат Құрманалы. Болат Өтемұратов – дипломат, бизнесмен жəне меценат. Ол осы қорды 2014 жылы еліміздегі денсаулық сақтау, білім жəне мəдениет салаларын дамыту үшін құрған болатын. Қор директоры Марат Айтмағанбетовтің айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралары бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде жасалып жатыр екен. «Əр өңірдегі медицина мекемелерін заманауи үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз ету ісі алдағы уақытта да жалғасын таба береді», – дейді ол. Меркі ауданы.
ТАЛАС Есейхан ауылына ауызсу құбыры тартылуда. Жобалық құны 50 миллион 800 мың теңге. Нысанның құрылыс жұмысын «МоналитДизайн – 2030» ЖШС жүргізуде. Қазіргі кезде жұмыстың 50 пайызы атқарылған. 120 метр тереңдіктен шығатын ауызсуды 150 тұрғын үй тұтынады.
САРЫСУ «Ынталы» су жинау каналынан егіс алқабына су өткізіп отырған 40 метрлік құбыр қолды болған. Оны «Сарысу» өндірістік бөлімшесінің маманы Ә. Жұпарбеков екі апта ішінде диқандардың игілігі үшін Жаңаталап ауыл тұрғындарына құбырды қайта қалпына келтіруге уәде берді.
ШУ «Жібек жолы» мектеп-гимназиясында облыс бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Д.Үскінбаева аудан мектептерінің басшыларын жинап, ҰБТ форматына енген өзгерістерді сөз етіп, алдағы маңызды сынаққа жауапкершілікпен қарауды пысықтады.
А ШЫҚТЫҢ – ЖОЛЫ АШЫҚ
ҚОР ҚАРЖЫСЫ ҚАЙЫРЫМДЫ ІСКЕ ЖҰМСАЛДЫ
Көксай каналында жалпы сметалық құны 4,593 миллиард теңгені құрайтын ГЭС-тің іргетасын бекіту, бетондау жұмыстары жүргізілуде. Нысанның құрылыс жұмыстарын «Қазгидрооперэйтинг» ЖШС жүргізуде. Құрылыс алаңына құрал-жабдықтар арнайы тапсырыспен Австрия мемлекетінен жеткізілуде.
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ Кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметов Астанадан арнайы келген «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік қоғамының өкілдерін қабылдады. Қонақтардың қатарында қордың басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Денис Есентаев, менеджер Ильяс Жұматаев және акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалының директоры Бақытжан Исақов бар.
Дəулет Мақсұтұлы даму қорының кəсіпкерлікті дамытуға арналған жаңа бағдарламалары бойынша презентация жасап, оның тиімділіктерін баяндады. Қордың негізгі мақсаты еліміздің ст ратегиялық даму жо спарын о р ы н д ау ғ а ү л е с қ о су е ке н д і г і н айтып, бұл бағытта біршама нəтижелі көрсеткіштерге қол жеткізіп
отырғандарын атап өтті. Сондай-ақ қордың жаңа жүйесі бойынша өңдеу өнеркəсібі мен ауыл шаруашылық саласы бағытындағы жобаларға қаржы бөлуге дайын екендігін айтып, екінші деңгейлі банктердің қормен белсенді жұмыс жасап отырғандығын тілге тиек етті. Асқар Исабекұлы бұған дейінгі
бағдарламалардың жүргізілу тəртібі жергілікті сұраныс берушілерді аса қанағаттандырмағанына тоқталып, негізгі мақс ат қалайда өңір экономикасын тиімді жолмен дамыту екендігін баса айтты. Сондай-ақ тиісті қаржы алдымен аудандағы өнеркəсіп салаларын дамытуға бөліну керектігіне назар аудартты. Өңір басшысы бөлінетін қаржы алдымен екінші деңгейлі банктерге түссе, банктер өздерінің несиелік саясатына сай жұмыс жасап, əкімдік шетте қалып қоятынын назарға алды. Асқар Исабекұлы қор өкілдеріне ешқандай екінші деңгейлі банктерсіз, шағын несие беру ұйымдары арқылы жұмыс жасасу шартын ұсынды. Облыс əкімінің баспасөз қызметі.
АНАҒЫ – 2019 ХАЛЫҚ С
ЕЛГЕ ЕЛ ҚОСЫЛСА – ҚҰТ
Баймаханбет АХМЕТ
Бірде көне құжаттарым арасындағы өткен ғасырдың сексенінші жылдарында, яғни бұдан қырық жылдай бұрын жарық көрген «Жамбыл облысының паспорты» анықтамалығы көзіме оттай басылғаны. Оның сарғайған беттерін парақтағанымда, талай қызықты деректерге кез болдым. Мəселен, онда басқасын былай қояйық, өңір тұрғындарының ұлттық құрамы да таратыла айтылады.
Ат ап а й т қ а н д а , 1 9 7 9 жылғы халық санағының қ о р ы т ы н д ы с ы н а с ə й ке с облыста барлығы 931204 адам тіркелген. Оның ішінде
жергілікті ұлт өкілдерінің саны 44,1 пайызды құрайды. Біраз елдің тарихи отандарына үдере көшуі ішкі жəне сыртқы иммиграцияға елеулі түрде
ықпал ететіні беріде ғой, сол тұста өзге ұлт өкілдерінің туырлықтай тұтасумен отырғанына да айқын көз жеткізуге болады. Нақтылай кетсек, халық санағының мəліметтеріне сəйке с, орыстар – 30,4, немістер – 7,5, украиндар – 3,9, өзбектер – 1,9, дүнгендер – 1,8, татарлар – 1,7, əзірбайжандар – 1,3, кəрістер – 1,2, түріктер – 1,2, гректер – 1,1, күрділер – 0,7, белорустар – 0,5, қырғыздар – 0,4, шешендер – 0,4, ұйғырлар – 0,3, басқа да диаспора өкілдері 1,6 пайыз көлемінде тіркелген. (Жалғасы 4-бетте).
Кедейшілік кетсін десең, еңбек ет. Молшылық жетсін десең, еңбек ет. ГАЗЕТТІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ – ОҚЫРМ АН
«AQ JOL» -ДАН ҚОЛ ҮЗБЕ, ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАН!
Ғ
асырға жуық тарихы бар облыстық «Aq jol» газеті қашанда салмақты сараптамалық мақалалары арқылы жұртшылыққа Елбасының сарабдал саясатын насихаттап, мемлекеттік бағдарламалардың қалай орындалып жатқанын жəне облыс əкімінің өңір экономикасын өркендетудегі атқарып жатқан игі істерін тұрғындарға уақтылы жеткізіп келеді. Сонымен қатар оқырмандарды толғандырған түрлі тақырыптағы материалдарды да үздіксіз жариялап тұруды назардан тыс қалдырған емес. Газет – қашанда оқырманымен бай. Сондықтан облыстың бас басылымына жазылым жыл бойы жалғасатынын естеріңізге салғымыз келеді. Газетке өткен жылы жазылуға үлгере алмай қалғандар болса, кешіктік деп екінші жартыжылдықты немесе келесі жылды күтпей-ақ қойғаны жөн. Себебі жазылым «Қазпошта» немесе өзге де баламалы құрылымдық бөлімдерде жыл бойы тоқтаусыз жүргізіледі. Жазылым жас аудың жолы да жеңіл. Ол үшін «Қазпоштаның» кез келген бөлімшесіне барсаңыз болады. Ал қанша айға жазылам десеңіз де өз еркіңіз, оны сіздің патша көңіліңіз біледі. Біздің міндет – əр айдың 25-іне дейін облыстық «Aq jol» газетіне жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиетінін айту. Мысалы, ақпан айының 25іне дейін жазылсаңыз, келесі айдың 1-нен бастап газетті қолыңызға алатын боласыз. «Aq jol» газетінің 1 айлық бағасы жеке жазылушылар үшін – 443,55 теңге, ал заңды тұлғалар үшін – 485,22 теңге. Ең бастысы – жазылым жыл бойына жалғасады, қадірлі оқырман!