ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №109 (17966), Сенбі, 26 шілде, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Тараз жастар орталығы» КМК қарасты «Арай» аула клубының ұйытқы болуымен облыстық ардагерлер кеңесі мүшелерімен кездесу өткізді. Онда қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында пайдалануға берілген ойын алаңдарын тиімді пайдалану, жас ұрпақ тәрбиесі, жастар мәдениетін арттыру жөнінде келелі ойлар ортаға салынды.
ӨНІМ КӨЗІ – ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
ОРАЗА АЙТ
МҮБӘРӘК БОЛСЫН!
l ЖАМБЫЛ «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты – «Инфрақұрылымды және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылықты дамыту болып табылады. Бүгінде аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы осы бағыт аясында құрылысы қызу жүріп жатқан 6 нысанда 108 адам жұмысқа тартылды.
ОТЫЗ
Ағыл-тегіл, көл-көсір нығметтерді құлдарына берген, Раббымыз, бірақ, харамға жоламауды Құранда қатаң ескерткен. «Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!» («Бақара» сүресі, 2/168); Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көптеген хадистерінде маңдай терімен еңбектеніп жүрген мұсылмандарды мақтап, адал несібе іздеуге шақырған. «Құлшылық он түрлі нәрседен құралады. Бұл он нәрсенің тоғызы адал ризық іздеуде» (Дәйлами, (Әнастан (р.а.)); «Кейбір күнәлар бар, оларға намаз, ораза, қажылық та кәффарат бола алмайды. Тек күнкөріс қамымен қажымай жұмыс істеу ғана оны жуып-шая алады» (Табарани, әл-Мұғжамулаусат, 1/38); «Қара жұмыстан қолы күстеніп немесе шаршапшалдығып келіп ұйқыға бас қойған адам кешірімге ие болып, күнәларынан арылады» (Байхақи, әс-Сүнәнул-күбра, ижара, 15). Құранда: «Зинаға жақындамаңдар! Өйткені ол жамандыққа бастайтын арсыздық, анық жаман жол» («Исра» сүресі, 32), – делініп, оған тіпті жақындамау керектігі ескертілген. Зинаның кесірінен қоғамда тастанды балалар, әке-шешесі тірі жетімдер, жасанды түсіктер көбейіп,
КҮН ОРАЗА (29-ШЫ КҮН)
l МЕРКІ
басқа да көптеген жыныстық кеселдердің туындап отырғаны белгілі. Арақ ішу, анаша, есірткі адамды ақыл-естен ажырататын болғандықтан, дінімізде бұларға да тыйым салынған. Өйткені ақылдан азған адам сөзсіз айуандық әрекеттерге бара алады. Бүгінгі күні доңыз етінен адамға жұғатын көптеген кеселдер анықталып отыр. Мамандардың айтуынша, шошқа етінде кездесетін хистамин мен имидазол денені қышытып, есекжем, бөртпе (экзема), дерматит сияқты тері ауруларын тудырады. Бұған қоса, парақорлық, жемқорлық, мемлекеттің мүлкін тонау, біреудің үстінен жеңіл пайда көру, кісі өлтіру, кісі ақысын жеу, өтірік айту, елді бір-бірімен шағыстыру, жазықсыз жанға жала жабу, біреуді сыртынан өсектеу, «бисмилла» деп бауыздалмаған малдың етінен жеу, қан ішу, басшыға бағынбау, іріткі туғызып, бүлік шығару т.б. – бәрі де жиіркенішті, абыройсыз істерге жатады. Абдулла ибн Омар (р.а.): «Намаз оқудан белі садақтай бүгіліп, ораза ұстаудан сіріңкедей қатып семіп қалсаң да, харамнан, я күмәнді нәрселерден бойыңды аулақ ұстамайынша, Алла тағала ол құлшылықтарды қабыл алмайды», – деген.
u
ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН
ҚҰРАН-КӘРІМ ТҮСКЕН ТҮН Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
ҚАЛА ЖҰРТШЫЛЫҒЫН ИМАНДЫЛЫҚҚА ҰЙЫТТЫ
Шілденің 23-інен 24-іне қараған түні әлемдегі барша мұсылмандармен бірге облыс жамағаты да қасиетті де сүйікті Қадір түнін қарсы алды. Бұл түні Тараз қаласындағы орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне шамамен төрт мыңға жуық адам жиналды. Қасиетті түнде тарауих намазы хатым Құранмен жүргізілді. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкіл имамы, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев Қадір түнінің ғибадаттарын жамағатпен бірге атқарды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қасиетті түнде көпшілік ортасынан табылып, құлшылық жасады. Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеров жиылған жамағатты Қадір түнімен құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Рамазан айының күндiзі де, түнi де қасиеттi болып есептеледi. Әсiресе, соңғы
l ҚОРДАЙ Қордай ауылының келбеті артып келеді. Ауылдың облыс орталығы Таразға шығар бетінен жолаушыларға сәт сапар тілеп тұратын айшықты арка орнатылып, аялдама, шағын демалыс орны ашылмақшы. Қазір бұл құрылыс қызу қолға алынды.
РЕДАКЦИЯДАН: Құрметті оқырман! Міне, отыз күн Ораза айы да өте шықты. Біз осы уақытта өздеріңізге арнап «Отыз күн Ораза» тақырыбымен танымдық, тағылымдық тұрғыдағы хадистерді негізге ала отырып жазылған мақалалардан үзінділер ұсынып отырдық. Ондағы ойымыз, ауыз бекіткен мүміндердің жанына бір сәт болса медеу болып, ал ауыз бекітпегендерге Ораза ұстағандардың ұлағатты ісін жеткізу еді. Осы мақсатымыз мысқалдай болса да орындалып, жүзеге асып жатса біз оған тек қана шүкіршілік айтамыз. Ертең - Арапа! Құдай қаласа, бүрсігүні ауыз ашып, Ораза айтын мерекелейсіздер! Ораза айты мүбәрәк болсын, құрметті ағайын! Оразадан Оразаға аман-есен жете берейік!
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».
l ТАРАЗ
он күні ерекше бағаланады. Өйткені, соңғы онкүндікте адам баласының бiржылдық тағдыры белгiленетiн ерекше түн – Қадір түнi бар. Осы түнде Алла Тағала Қасиеттi Құран Кәрімдi түсірген. Міне, осы түні орталық мешітте ақшам уақытынан таң атқанша имандылық жайлы уағыздар айтылып, құлшылық жасалды. Қадір түніне арналған бағдарламаға сәйкес жамағатқа сұрақтар қойылып, олардың діни сауатын аша түсуге мүмкіндік жасалды. Дұрыс жауап берушілерге сыйлықтар ұсынылды. Тағы бір атап өтерлігі мешітке келген жас жеткіншектердің де қарасы қалың болды. Кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен оларға бес жүз балмұздақ, бес жүз тәтті мақта таратылды. Сонымен қатар мешіт ауласында құрылған «батут» та бүлдіршіндерге таңға дейін тегін қызмет көрсетті. Таң атқанға дейін қалың жамағат таһажуд, нәпіл намаз, Құран оқып, құлшылықпен өткізді. Екі мыңға жуық адамға мешіт асханасынан сәресі беріліп, жамағат таң намазын оқып, тарасты.
ҚАДІР ТҮНІНДЕГІ ЖҰМЫРТҚА «Әзірет Сұлтан» мешітінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, астаналық Нұрсұлтан Нұрболов деген жасөспірімнің тауығы Қадір түнінде ерекше жұмыртқа туған. Мешіт шәкірттерінің бірі Н. Нұрболов әкеліп көрсеткен жұмыртқаның бүйірінде, шынында, қасиетті Құран-Кәрім тілімен жазылған «Аллаһ» деген сөз анық және айқын бедерленіп тұр. «Бұл - Аллаһтан келген белгі» дейді «Әзірет Сұлтан» мешітінің баспасөз қызметінің өкілдері. «Ақ жол-Ақпарат».
Аудандағы Бурыл ауылдық округінде «Казахи» шаруа қожалығы тамшылатып суару жүйесін қолданып, елеулі жетістіктерге жетіп отыр. Ринат Елеуов басшылық ететін қожалық жұмысымен танысуға барғанымызда Бурыл және Қостөбе елді мекендерінің аумағынан үстіміздегі жылы 108 гектарға пияз, 10 гектардай аумаққа картоп егіп, тамшылатып суару әдісін тиімді пайдаланып отырғандарына куә болдық.
ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ –
Ауданда сүт қабылдау пункттері ашыла бастады. Меркі май-ірімшік зауыты 35 миллион теңге жұмсап, Ұлттық компания АҚ «Тараз» ауылдық кәсіпкерлік корпорациясынан 10 жылдық несиеге 6,7 пайызбен 7 сүт қабылдау пункті жайын лизингке сатып алды. Әзірге, Ақермен, Аспара, Ақарал, Меркі, Ойтал ауылдарынан ашылған ыңғайлы жасалған бұл жайда сүт арнайы цистернаға құйылып сақталады. Мұздатқышы, зертханасы бар.
l Т. РЫСҚҰЛОВ «Шәушен» шаруа қожалығында қымыз өндіру қолға алынды. Қожалықта қазір 100 бас бие сауылып, күніне 150-180 литр қымыз дайындалуда. Бал қымыз Тараз қаласы мен аудан орталығындағы мейманханаларға жөнелтілуде. Әлден-ақ, «Тау қымызы» атанған қымыздың әр литрі 400 теңгеден өткерілуде.
l САРЫСУ Саудакент ауылындағы Ә.Әбдіхалықов атындағы Мәдениет үйінде «Саудакент ауылдық аула клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Маусымашар - 2» көңілді тапқырлар сайысы өткізілді. Сайыс қорытындысында Б.Адамбаев орта мектебінің «Саудакент жастары» командасы бас жүлдені иеленіп, ауыспалы кубокты ұтып алды. Ал, бірінші, екінші орындарды тиісінше «С.С.С», «Ұят болмасын» және «Аула клуб жастары» командалары өзара бөлісіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
l ШУ
Бізді жылы жүзбен қарсы алған егістік агрономы Жанболат Ахметов тамшылатып суару технологиясының артықшылықтарын жіпке тізгендей айта жөнелді. «Бұл жүйенің артықшылықтарын дәлелдеп жатудың өзі артық» – деп бастады әңгімесін агроном. Агрономдық, агротехникалық, экономикалық тұрғыдан артықшылығы көп. Арықпен суару өнімділігі – 20-35, тамшылатып суару 85-98 пайыз. Рас, оны орнатып, іске қосуға қаражат қажет. Дегенмен, есептеулер көрсеткендей, бірнеше жыл ішінде жұмсалған шығын толығымен өтеліп, кейінгі жылдарда өнімнің өзіндік құны анағұрлым төмендейді. Жұмсалатын су шығыны үш есе аз болатыны өз алдына, бұл технологияда тыңайтқыш екі есе үнемделеді. Тыңайтқыштар да осы сумен бірге берілетін болды. Бұрындары гектарына екі, кейде үш тоннаға дейін тыңайтқыш жұмсалса, бүгінде бір гектарға 300-400 келісі жетіп жатыр. – Өздеріңіз көріп тұрғандай, осы бір бөлікте
22 гектар жерге пияз егілген. Тамшылатып суару әдісінің нәтижесінде жұмысшы күшіне де қажеттілік төмендеп, осыншама жерді бір ғана адам бақылап, күзетіп жүреді. Жердің тозуына жол бермей, сорланудың алдын алып отырмыз. Сондай-ақ, су өсімдіктің түбі мен тамырына ғана жеткізілетіндіктен, егістікке арамшөп аз шығады. Осы технологияны тұрақты пайдаланғанымыздың арқасында өткен жылы пияздың әр гектарынан орташа 120 тоннадан өнім алсақ, жоғары көрсеткіш гектарына 140 тоннадан айналды. Ең бастысы, өнімділік анағұрлым арта түседі. Тамшылатып суару әдісін қолданған шаруашылықтарға мемлекеттен арнайы субсидия бөлінетіні белгілі. Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы тарапынан да қолдаулар болып жатыр. Соның арқасында біз де субсидияға да қол жеткіздік» – дейді Жанболат Ахметов. Егіс басында Түркияның «Ископластик» фирмасы шығарған компьютермен басқарылатын құрылғы орнатылыпты. Бассейнге сүзгіден өтіп
СЕН АРҚЫЛЫ ТІЛДЕСЕМІН ғаламмен
Туған жердің тілі және құлағы, Жаңалықтың сарқыраған бұлағы. Жамбылымның «Ақ жол» атты газеті Ақиқаттың алтын арай шырағы. Тарихымның шежірелі сыры бар, Жұрт назары дәйім саған бұрылар. Жазылбектің, Бауыржанның рухы мен Сенде Кенен, Жақсылықтың жыры бар. Сын сағатта қамын ойлап халықтың, Әділеттің сара жолын таныттың.
Шырын МАМАСЕРІКОВА, ақын.
жиналған ағын су алты бөшкеге бөлінген осы құрылғылар арқылы үлкен және кіші сүзгіден өтіп барып қана, жіңішке жүйекаралық резіңке түтікке жіберіледі екен. Негізгі құбырлар бес жыл мерзімге есептеліп жасалса, жіңішке жүйекаралық резіңке түтік бір реттік пайдалануға арналған. Су жылдан-жылға азайып бара жатқаны белгілі. Сол себептен көлге су аз келіп, қуаңшылық болған жылдары шаруашылықтар осы технологияны қолданғанда жылма-жыл тұрақты түрде өнімін алып отыратыны анық. Кез-келген уақытта, егістікті суарып, қурап қалудан сақтауға болады. Шаруашылықтарымыз айтылған озық технологияны іс-жүзінде жүзеге асырса, нарық талаптарына сай, бұл шаруашылықтың өндіріс және еңбек тиімділігінің артуына жаңа мүмкіндіктер ашады, жалпы экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Мұхтар МАНЕКЕЕВ, журналист. Байзақ ауданы.
Адалды Құдай табады, Момынды қайыр табады.
Жас өскінді арман-тауға жетелеп, Бойларына қайрат-жігер дарыттың.
Халық мақалы.
Сен арқылы тілдесемін ғаламмен, Сен арқылы қауышамын даламмен. Сен арқылы тау мен өзен, орманнан, Сан ғажайып тың деректер алам мен. Сен ыстықсың құшағындай анамның, Сен қымбатсың дидарындай баламның. Қағбасы боп көрінесің сен маған, Сөз семсері қасиетті ҚАЛАМНЫҢ!!!
«Ақ жол» сайтын ашып қара, ағайын!
Көктөбе ауылы «Рақыш» мешітінде ауыл әкімі Найман Сұлтанбаевтың ұйымдастыруымен шаруа қожалық иелері мен кәсіпкерлердің демеушілігімен 90 адамға ауызашар берілді. Ауыл имамы Н. Қалиев марқұм жандардың рухына Құран бағыштады. «Тау-Самал» шаруа қожалығының басшысы А. Абишев тұрмысы төмен 5 отбасыға бір-бір бас қойдан таратты.
ЮРМАЛА: «ЖАҢА ТОЛҚЫН – 2014»
ЕКІНШІ КҮН. ЖЕРЛЕСІМІЗ
ӘЛІШЕР КӘРІМОВ 4-ОРЫНҒА ТАБАН ТІРЕДІ
Латвияның Юрмала қаласында өтіп жатқан «Жаңа толқын – 2014» халықаралық байқауына Қазақстан атынан қатысып жатқан әнші Әлішер Кәрімов сайыстың екінші күнінің қорытындысы бойынша 4-орынға табан тіреді. Бұл күнгі сайыс талабы бойынша қатысушылар танымал әншілермен бірге ән шырқауы тиіс болды. Әлішер осыған орай “Жаңа толқынның” 2010 жылғы жеңімпаздарының бірі украиналық Татьяна Ширкомен бірге “Исповедь любви” әнін шырқады. Танымал продюсер Игорь Крутой төрағалық еткен қазылар алқасы Қазақстанның атынан сынға түскен Әлішерге екі күннің нәтижесі бойынша 143 балл берді. Ол байқаудың алғашқы күні 73 ұпайды еншілеген еді. Үшінші күнгі сайыс “Премьералар күні” деп аталады. Онда қатысушылар жаңа әндерді орындауы керек. Әлішер көпшіліктің назарына “Әрине” атты әнін қазақ және орыс тілінде ұсынады. «Ақ жол-Ақпарат».
ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚТЫҢ БАРЫСЫ ҚАНДАЙ?
АРҚАНЫ КЕҢГЕ САЛҒАНДАР ДА БАР Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА, «Ақ жол».
Ақпарат кеңістігі әлемінде ғаламтордың рөлі орасан зор. Себебі, айтпаса да түсінікті. Интернет – он сегіз мың ғаламның түкпір-түкпіріндегі жаңалықтарды, керекті мәліметтердің электрондық нұсқаларын жедел түрде табуға мүмкіндік беретін ғажайыптар әлемі. Бүгінде облыстың бас басылымы «Ақ жол» газетінің де интернеттегі нұсқасы жаңаша түр-сипатқа еніп, жандана түсуде. Құрметті ағайын! Сіз www.akjolgazet.kz сайтына кіру арқылы, «Экономика», «Саясат», «Құқық», «Әдебиет», «Тарих», «Әлеумет», «Мәдениет және өнер», «Білім», «Денсаулық», «Мәселе», «Сұхбат», «Алаш-Арена» және «Шөкеңнің шошаласы» айдарындағы мақалаларды оқып, соңғы жаңалықтардан құлағдар болыңыз! Әзіл-әжуа мен сын-сықаққа кенеліңіз! Сондай-ақ, журналистеріміздің шығармашылығын бағалап, ұсыныс, талап-тілектеріңізді жеткізуге, пікір қалдыруға да мүмкіндіктеріңіз бар. Ендеше, «Ақ жол» сайтын да аша отырыңыз, ағайын! «Ақ жол-Ақпарат».
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің төрағалығымен Шу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Шу, Қордай және Мойынқұм аудандарының отынэнергетика кешені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және бюджеттік нысандардың 2014-2015 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы туралы штаб отырысы өтті.
Ж ы л у б е ру б о й ы н ш а д ә л қазіргі уақытта атқарылып жатқан ж ұ м ы ста р , ке з д е с і п о т ы р ға н проблемалар мен оны шешудің жолдары талқыға түскен штаб отырысына аталған аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, отынэнергетика кешені кәсіпорын басшылары қатысты. Бекболат Серікбекұлы штаб отырысын ашқаннан кейін, облыс әкімдігінің
э н е р гет и к а ж ә н е т ұ р ғ ы н ү й коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұхтар Төлеулиев Шу, Қордай, Мойынқұм аудандарының қыс маусымына әзірлік барысы жайлы баяндады. Шу ауданындағы дайындық шараларын сөз еткенде ол Шу қаласының «жүрегі» саналатын
орталық қазандықтың жай-күйіне кеңірек тоқталып, алдағы жылыту маусымына мұнда 14333 тонна көмір қажеттігін айтты. Сондайақ, қазандықты газбен жұмыс істету мәселесіне тоқталып, аудан басшылығы мен «Шу-Жылу» КМК мамандары қажетті отын көлемін қайта есептеу керектігін, яғни, газ
бен көмірдің көлемін нақтылап, қаражат есебін шығарудың талап етілетінін жеткізді. Бүгінде аудан әкімдерін жылыту маусымына қатысты қаржыландыру мәселесі әбігерге түсіруде. Себебі, биыл жылдағыдай республикадан ақша бөлінбейтін болған. Штаб төрағасы Б.Орынбеков бұл ретте Шу ауданына қажет 146 миллион теңгені аудан бюджеті көтере алмайтындығын айтып, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына Шу ауданы әкімдігімен бірлесіп, бұл проблеманы шешуді тапсырды. Сонымен қатар, Бекболат Серікбекұлы «Шу-Жылу» мекемесінің газ немесе көмір отынына сұраныс беру бойынша осы уақытқа дейін бір шешімге келмегендіктерін және осы уақытқа дейін бюджеттік сұранысты жасамаған ауданның әкімдігіне аталмыш басқарма сергектік танытпағандығын сынға алды. Бүгінгі таңда кәсіпорынның дебиторлық қарызы 17миллион 25 мың теңгені құрап отыр екен. Штаб төрағасы бұл ретте жылыту маусымына дейін берешекті өтеу керектігін де ескертті. (Жалғасы 2-бетте).