АБАИҒА
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№119 (18153), Сенбі, 26 қыркүйек, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ
ДҮНИЕНІҢ ТІРЕГІ ТАТУЛЫҚТА ЕЛБАСЫ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕГІ АЙТ НАМАЗЫНА ҚАТЫСТЫ
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ
12
ҚОС ТЕПКІНІ САЛСАҢ ДА, УАЙЫМНАН ОЗБАЙДЫ. БIP ҚАЙҒЫНЫ ОЙЛАСАҢ, ЖҮЗ ҚАЙҒЫНЫ ҚОЗҒАЙДЫ, ЖЕР ҚОРЫҒЫШ ЖЕЛГЕК ШАЛ ЖЕЛІП ЖҮРІП БОЗДАЙДЫ.
КЕЗ КЕЛСЕ ҚАЙҒЫ ҚАТ-ҚАБАТ, ҚАҢҒЫРТПАЙ ҚОЙМАС АДАМДЫ. ҚАСИЕТСІЗ ТУҒАН - ОЛ ДА ЖАТ, КҮҢКІЛДЕП БЕРЕР САЗАҢДЫ. БӘРІНЕН ДЕ СОЛ ҚЫМБАТ, ҚАЙТЕРСІҢ ӨҢКЕЙ НАДАНДЫ. СЫПЫРА БАТЫР СҰМ ҚҰРБӘТ1 МАҚТАНМЕН АЛДЫ МАЗАМДЫ.
Мемлекет басшысы «Әзірет Сұлтан» мешітіне барды және Қазақстан халқы мен бүкіл әлем мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, жамағатпен әңгімелесті. – Бұл күні адамдар өкпе-реніштерін кешіріп, бір-біріне жақын бола түседі. Сондықтан мереке біріктіруші рөл атқарады. Біздің халқымыз Тәуелсіздік алғаннан кейін ислам дінімен қайта қауышты. Соның арқасында даму бағытындағы жолымызды жалғастыра отырып, бірлігіміз бен татулығымызды нығайттық, – деді Қазақстан Президенті.
КҮН ҚАЛДЫ
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ қазіргі замандағы қақтығыстардың негізгі себептеріне де тоқталды. – Бұлар – ең бірінші жер аумағына байланысты даулар. Біз осындай дау тумауы үшін көрші елдермен уағдаластық арқылы шекарамызды бекіттік. Екінші – этносаралық қақтығыстар. Өз ұлтын өзгеден жоғары санау – аса үлкен күнә. Біз Қазақстанда көпұлтты халықтың бірлігін қамтамасыз еттік. Этникалық тегіне қарамастан, әркімді де құрметтей отырып, елдегі тұрақтылықты нығайттық. Үшінші – бүгінде бүкіл
әлемде болып жатқан дінаралық қақтығыстар. Еліміздің мұсылмандары өз дінін ұстана отырып, өзгелерді құрметтейді. Соның негізінде біз халықтың бірлігі мен достығын қамтамасыз еттік. Сондықтан халқымызды өз дінінде мейірімділік пен қайырымдылық жолын таңдауға және өскелең ұрпақты осы бағытта тәрбиелеуге шақырамын, – деді Мемлекет басшысы. Соңында Қазақстан Президенті баршаны тағы да мерекемен құттықтап, әр шаңыраққа бақ-береке тіледі.
ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН
ЖҮРЕК – НҰРҒА, ЖАН –ТАЗАЛЫҚҚА ТОЛҒАН КҮН ӨҢІРДЕГІ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫНА ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ҚАТЫСТЫ Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
«ӘУЛИЕАТА» ӘУЕЖАЙЫ ТОЙ ТАРТУЫНЫҢ ҮЛКЕНІ. ОЛ САҒАТЫНА 200 ЖОЛАУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Алыстан келген қонақтарды қабылдайтын халықаралық «Әулиеата» әуежайы да күрделі жөндеуден өткізіліп бітуге таяу. Бұл жұмысты Тараздағы «Қамқор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Мұнда жолаушыларға арналған терминал жаңартылып жатыр. Сондай-ақ, әуежай маңы абаттанып, көпшілікке ұшақпен қызмет көрсететін нысанның алдына гүлдер өсірілуде. Мұндағы жұмыстар қыркүйек айының соңында толық аяқталады деп көзделуде. Жаңа әуежай кешенінің жөндеу жұмысы 2013 жылы қолға алынған болатын. Сол жылы заманауи ұшақтардың барлығын қабылдайтын ұшу-қону жолағы жаңартылған болатын. Бұл құрылысқа республикалық қазынадан 4,7 миллиард теңге бөлініп, игерілген еді. Бұдан бөлек «SCAТ» әуе компаниясы
ЖАҚСЫЛЫҚ ҰЗАҚ ТҰРМАЙДЫ, ЖАМАНДЫҚ ӘРКЕЗ ТОЗБАЙДЫ. ҮМІТТІҢ АТЫ ЕЛЕРІП, ҚОС ТІЗГІНДІ СОЗБАЙДЫ.
ШЫРАЙДЫ ҚАЙҒЫ ЖАСЫРМАЙ, КҮЛКІНІҢ ЕРНІ КЕЗЕРМЕС. ШЫДАСАҢ ECТI ҚАШЫРМАЙ, ҚҰЛДАТЫП, ҚОР ҚЫП ЖІБЕРМЕС.
ТАРАЗДАҒЫ ТОЙЫНА
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
ЖАҚСЫЛЫҚ ҰЗАҚ ТҰРМАЙДЫ
ҚҰPCAҒАН БҰЛТ АШЫЛМАЙ, АСПАННЫҢ ЖҮЗІ КӨГЕРМЕС. ҮРПЕЙГЕН ЖҮРЕК БАСЫЛМАЙ, ТАЛАПТЫ КӨҢІЛ ЕЛЕРМЕС.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ Қымбатты отандастар! Барша қазақстандықтарды мұсылман қауымының қастерлі мерекесі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті Құрбан айт адамзатты бейбітшілік пен келісімге, өзара түсіністік пен жанашырлыққа үндейді. Менің шешіміммен Құрбан айттың алғашқы күні – демалыс күні болып жарияланған. Бүгінгі таңда осынау қастерлі мереке Қазақстан халқының бірлігін, түрлі этностар мен конфессиялар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етіп келеді. Құрбан айт адамдарды кеңпейілділік пен қайырымдылыққа тәрбиелеп, ізгілікке жетелейді. Бұл мереке мұқтаж жандарға қол ұшын беру сияқты гуманистік дәстүрлерді нығайтуға елеулі үлес қосып, қоғамдағы имандылық бастауларын нығайтатын ізгі ниет пен игілікті амалдарда көрініс табады. Ислам дінінің осындай жасампаз әлеуеті рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуға, отансүйгіштік рухына негізделе отырып, қоғамдағы татулық пен конфессияаралық келісімді өркендетуге одан әрі қызмет ете береді деп сенемін. Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, береке, бақыт және мол табыс тілеймін! Айт қабыл болсын!
құлақ түрейікші, ағайын!
өз қаржысына сағатына 200 жолаушыға қызмет көрсете алатын әуе вокзалы құрылысын қолға алды. Бұл жоба аясында 2 телескопиялық трап, 7 тіркеу табаны, 4 лифті және мүгедек жандарға қызмет көрсету қатары орнатылды. Әуежай нысанының жаңартылуы облыс инфрақұрылымының дамуына, туристер легін көбейтуге, сыртқы экономика қызметін кеңейтуге, сондай-ақ жұмыс орнын арттыруға ықпал етеді. – Әуежай кісі танымастай өзгерді. Оның жаңаруы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының тойлануына дөп келіп отыр. Алдағы айларда біздің әуежайдан Мәскеуге, Ақтау мен Атырауға тікелей бағыт ашу жоспарлануда. Таразда өткелі жатқан тарихи той қарсаңында да әуежайымыздың қонақтарға көрсетер қызметі аз болмайды, – дейді халықаралық «Әулиеата» әуежайының коммерциялық директоры Вячеслав Валериевич. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
1. Жақын, туысқан, көрші. - Бұл жерде жаман ағайын, жаман көрші мағынасында.
Әуелі Тәңірі жерге береді, Жерге берсе, елге береді. Елге берсе, ерге береді. Халық мақалы.
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫН КӨКТЕЙ ӨТКЕН КЕРУЕННІҢ ҚАНДАЙ БОЛАТЫНЫН БҰРЫН КІТАПТАН ОҚЫҒАН ЖАМБЫЛДЫҚТАР ЕНДІ ОНЫ КӨЗБЕН КӨРЕТІН БОЛДЫ.
ЖЫЛЫНА ЕКІ РЕТ КЕЛЕТІН АЙТ НАМАЗЫ (ОРАЗА АЙТ, ҚҰРБАН АЙТ) ИСІ МҰСЫЛМАН БАЛАСЫНА УӘЖІП. СОНДЫҚТАН, БҰЛ КҮНІ ЖЕРДЕГІ АЛЛАНЫҢ ҮЙІН БЕТКЕ АЛУШЫЛАР ҚАТАРЫ ӘДЕТТЕГІДЕН ӘЛДЕҚАЙДА МОЛ БОЛАДЫ. ОЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ЖАРАТУШЫ ИЕНІ МАДАҚТАП, ҰЛЫҚТАП, ИМАНДЫЛЫҚ ҮЙІНЕ ҚАДАМ БАСАДЫ. МІНЕ, ОСЫЛАЙ ЖАСАЛҒАН ӘР ҚАДАМҒА САУАП БАР. ТӘҢІРДІҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫНАН, МОЛ САУАБЫНАН ҮМІТ ЕТІП БИЫЛ ДА ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫН ҚАДІРЛЕУШІЛЕР ЛЕК-ЛЕГІМЕН МЕШІТТЕРГЕ БЕТ АЛДЫ. СОЛАРДЫҢ БІРІ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ МЕШІТІ ЕДІ.
КЕРУЕН ҚОРДАЙҒА КЕЛДІ
Аспан асты елінің Сиянь қаласынан шыққан керуен талай жолды артқа тастап Жамбыл облысына да келіп жетті. Бүгін Қордай ауданының тұрғындары тарихи оқиғаға куә болады. Өйткені 55 түйе, 55 керуенші, 4 аттылы арба және 15 жүк көлігі сап түзеген «Ұлы Жібек жолындағы мәдениет» атты керуен Қордай ауданына аяқ басты. Керуенді қарсы алу рәсімінде шашу шашылып, қазақ елінің жайлаудағы тұрмыс-тіршілігі көрсетіледі. Ауданның мәдениет жампоздары өнерлерін ортаға салады. Керуеннің алдағы бағыты Аспара, Меркі, Қазақ, Құлан, Алғабас, Малдыбай, Ақыртөбе, Үшбұлақ және Тараз қаласы болмақ. «Ақ жол-Ақпарат».
(Жалғасы 3-бетте).
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ҚАҺАРЛЫ ҚЫС КЕЛІП, ҚАПЫ ҚАЛЫП ЖҮРМЕҢІЗ! ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ОЛ ҮШІН ЖҰМЫСТЫ ШИРАТУДЫ ТАПСЫРДЫ Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол».
ТҰРҒЫНДАР ЖАЙЫ НАЗАРДАН ТҮСПЕСІН «Күн райының күрт өзгеруінен алдағы қыстың қандай боларын болжауға болады. Сондықтан, қысқа дайындықты ширата түсу керек. Тұрғындар қыстан қысылмай шығатындай жағдай жасау – біздің міндетіміз. Әлеуметтік нысандардың отын-сумен қамтамасыз етілуі ғана емес, қарапайым жұртшылықтың жайын да назарда ұстауға тиіспіз. Тұрғындар қатты отынды қайдан алады,
бағасы қандай? Тасымалдаушылар көпшілік сұранысын өтей алады ма? Осы мәселелерді де қадағалап отыруымыз керек», –деді аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев қысқа дайындық жұмыстарының барысы қаралған әкімдік мәжілісінде. Облыс әкімінің сөзінің жаны бар. Желпінетін жаз емес, ауылдағы қараша үйлер мен қаладағы көпқабатты тұрғын үйлер қоңыр салқын тартқан. Сарыала күз қамшы салдырмаған жүйріктей саржеліп өте шығады. Күздің аумалы-төкпелі мінезі шаруаға қысқа қамдану керектігін ұқтырғандай. Ауа райын болжайтын
есепшілердің «Қоңыр күз тез өтсе, қатал қысты күтіңіз» деген сөзін естен шығармаған жұртшылықтың күйбеңі бұл күні көбейе түскен. Өйткені қыс қамсыздықты кешірмейді. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерік Көшербаевтың мәлімдеуінше, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандары 98 пайыз қысқа дайын екен. Жалпы, биыл нысандарды қысқа дайындауға бюджеттен 10 миллиард 216 миллион теңге бөлініпті. (Жалғасы 3-бетте).