26 шілде пдф 2016 ж

Page 1

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

ak-jol-taraz@rambler.ru

№86 (18280), Сейсенбі, 26 шілде, 2016 жыл

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

НДА ЖАҺА

ПРЕЗИДЕНТ

АҚОРДА

АЛМАТЫ – ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ ҚАЛА

ЕЛБАСЫ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ СҰЛТАН ЖИЕНБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады. Қазақстан Президентінің Алматыдағы резиденциясында өткен кезде су барысында Б.Байбек Елбасына қаланың әлеуметтік-экономикалық д а м у қ а р қ ы н ы , ма ң ы зд ы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін тиісті шаралар қ а б ы л д ау, ж а ң а ж ұ м ы с орындарын ашу, құрылыс жұмыстары мен әлеуметтік маңызды нысандарды ашу ісін кестеге сәйкес жүргізу қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 2 5 ж ы л д ы ғ ы н м е р е ке л еу жөніндегі іс-шараларға сапалы дайындалып, өткізудің маңыздылығын атап өтті. – Алматы – еліміздегі ең ірі қала. Республика бойынша атқарылатын барлық жұмыс оның дамуына әсер етеді әрі тұрғындарына көрініп тұрады. Биыл қаланың 1000 жылдығы мерекеленеді, келесі жылы – Қысқы Универсиада – 2017 өткізіледі. Бұлар –

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында С.Жиенбаевқа қоғамдық және этносаралық келісімді орнықтыруға, ел халқының бірлігін нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын табыс етті. Қазақстан Президенті С.Жиенбаевқа әскери ерлігі мен елдің дамуы жолындағы аянбай еткен еңбегі үшін алғыс айтып, алған марапатымен құттықтады. – Сіз өткен ғасырдың қиын кезеңдерінің куәсі болдыңыз. Ұлы Отан соғысын бастан аяғына дейін өткердіңіз, одан кейін Қазақстан экономикасын өркендету жолында қызмет еттіңіз. Тәуелсіздік жылдарында елімізге баға жетпес қолдау көрсеттіңіз. Өткен өміріңізді айта отырып, жастарды тәрбиелеп келесіз. Бұл туралы баршамызға аян, аз айтылып, аз жазылған жоқ. Бүгінде Сіздің биік азаматтық қасиеттеріңіз барша Қазақстанның құрметі мен қошеметіне лайық, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысының ардагеріне зор денсаулық пен бақыт тіледі. С.Жиенбаев республиканың қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Президентінің жеке еңбегіне тоқталды және өз қызметін жоғары бағалағаны үшін алғыс айтты.

ШАРУАСЫ ША

www. akjolgazet.kz

=АҚШ «TESLA» 2017 ЖЫЛЫ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ МЕН ЖҮК КӨЛІГІН ТАНЫСТЫРАДЫ «Tesla Motors» жобасының негізін салушы Илон Маск өз компаниясының жоспары туралы айтып берді. «Tesla Motors» қазіргі уақытта электрмобильдердің жаңа екі түрін шығаруды көздеуде. Олар: ауыр жүк көліктері мен қалалық жолаушылар көлігі. Дайындалып жатқан екі жоба 2017 жылы таныстырылады. Маск қоғамдық көліктің көлемі үлкен болмайтынын және автоұшқыштың арқасында жүргізушіні қажет етпейтінін ескертті. =ФРАНЦИЯ НҮКТЕМЕН СУРЕТ САЛУ ТӘСІЛІН КӨРСЕТТІ Суретші Давид Байо ақ қағазда жүз мыңдаған нүктені қосып сурет сала алады. Бұл жұмысқа ондаған сағат уақыт керек. Байо осы еңбекті жұртшылыққа көрсетпек болды. Тоқсан сағаттық жұмысты суретші үш минуттық роликке сыйдырды. Бұл уақытта ақ парақта нүктелерден бейне құрастырылып, ең соңында қыздың портреті пайда болады. =ҚЫТАЙ СУҒА ҚОНЫП-ҰШАТЫН ЕҢ ҮЛКЕН ҰШАҚ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ Қытайда суға жедел қонып-ұшуға бейімделген әлемдегі ең үлкен гидроұшақ ресми түрде таныстырылды. AG-600 жобасын жасауға мамандар 7 жылын сарп еткен. Ол өрт сөндіру және теңіздегі іздеу жұмыстарын жүргізуге өте қолайлы. Алып әуе көлігі борттағы 50 адаммен теңіз айдынына оңай қонуға және 12 тонна суды небәрі 20 секундта сорып алуға қауқарлы. Ал шекті ұшу ұзақтығы – 4 жарым мың шақырым.

ірі мемлекеттік іс-шаралар. Оларды іске асыру үшін орасан жұмыс атқару қажет. Сондай-ақ, қаланың күзгіқысқы кезеңіне дайындықты бүгіннен бастау керек. Өткен ке зд е с уд е м е н б і р қ ат а р тапсырма берген болатынмын, олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Б.Байбек Нұрсұлтан Назарбаевтың бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. – Қазіргі кезде қайта қаржы­ ландырылған ипотека лық қарыздар көлемі 45%-ға өсті. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында 15 мың жаңа жұмыс орнын ашуға

қаражат бөлінді. Бұдан бөлек, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту жөнінде бизнеспен тығыз жұмыс жүргізілуде. Бүгінде жалпы құны 40 миллиард теңгені құрайтын меморандумдарға қол қойылды. Соның аясында бірнеше әлеуметтік нысандар ашу жоспарланып отыр, – деді Алматы қаласының әкімі.

А ЫЛД Б М А Ж =БАЙЗАҚ «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2020» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдар­ ама­сына жыл басынан бері 1216 адам қатысып үлгерді. Бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» атты бірінші бағыты бойынша 4 нысанда жүріп жатқан құрылыс жұмыстарына 68 азамат жұмысқа орналастырылды. =ТАЛАС

ЛҚ Ы ҒАН

ЖОБАНЫҢ ҚҰНЫ – 1946,0 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

ША РУ

А

МЕЖЕ – 23 ЦЕНТНЕР

Ж ҚО ЫҚ АЛ

ТАРЫ

ТӘУЕКЕЛ Е К С І Р Ә К Е Р Е К

Нұрболат ӘЛДИБЕКОВ, «Ақ жол».

Кәсіп ашамын, жұмыс жасаймын деген адамға мемлекет қашанда көмек қолын созуға әзір. Бірнеше мемлекеттік бағдарлама әзірленіп бекітіліп, жеке кәсіпкерлікті дамытуға қыруар қаржы бөлінуде. Бұл тұрғыда Елбасы өзінің «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында да: «Азықтүлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан да, бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістік өсімі жөнінде ойлануға тиіс», – деп ерекше атап өткен болатын. Шынтуайтында, кәсіпкерлікте сөз бен істің бірлігі қажет. Өңірімізде кәсіптің көзін тауып, керегесін кеңейтіп отырған шаруа қожалықтары аз емес. Солардың бірі – Сұмқайты ауылындағы «Еркебұлан» шаруа қожалығы. Қожалық негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бүгінде оның иелігінде 200 бас қой бар. Алдағы уақытта ірі қара малын да көбейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, енді ғана шаруасын бастаған шаруашылық жалға алған 100 гектар жерін тиімді пайдалануда. Оның жартысы – егістік, жартысы – жайылымдық. Осы орайда жаны нәзік болғанымен, жүрегі батыр, ер мінезді қожалық жетекшісі Венера Жүнісованы әңгімеге тартқан едік. – Ең алғаш кәсіппен айналысып, қожалықтың іргесін қалағанда біраз қиындықтар туындады. Дегенмен, «Көз қорқақ, қол батыр» деген емес пе? Былтыр тәуекел деп осы істі қолға алғанымызда, жұмысымыздың алға басуына сенімсіздікпен қарағандар да болды. Кәсіпте ондайға ерік бермеу керек екен. Мен жақында ғана «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 3 миллион теңге қаражат алдым. Мақсатым – бастаған ісімді одан әрі дамытып, таяу жылдарда зор жетістіктерге қол жеткізу. Кәсіпте алға қойған мақсатыңнан таймай, тек ілгері қадам басу керектігін түсіндім. «Заманына қарай адамы» дейді. Еліміз дамып, әлемдегі 30 елдің қатарына қосылсақ деп жатқанда, бүгінгі заманда қол қусырып текке қарап отыра беруге болмайды. Осыны түсінуіміз керек. Егер адам бақуаттанып, шалқып өмір сүргісі келсе, белгілі бір кәсіппен айналысуы, еңбек етуі керек, еңбек еткеннің есесі кетпейді. Білекке – білек, тілекке тілек қоса алсақ қана, мемлекетіміздің мерейі үстем болады, – дейді шаруашылық басшысы Венера ханым. Айтпақшы, кейіпкеріміз «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде «Бизнес кеңсесі, бизнес өсу» оқу курстарынан да өтіпті. Алға қойған мақсат-міндеті айқын. Жоспарлары да көп-ақ. Ең бастысы, Венера Ермекқызы тәуекел етіп тірлік бастап отыр. Ал тәуекел етіп тірлік жасағандардың тәуір өмір сүретінін өмірдің өзі көрсетіп отыр емес пе? Бұл ретте «Еркебұлан» шаруашылығы да ертең-ақ ауыл-елдің бақ-құтын еселер, шалқыған шаруашылықтың біріне айналмасына кім кепіл? Т.Рысқұлов ауданы.

Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол».

Биыл өңірімізде шөп те, егін де шықты. Олардың түсімі де жақсы. Шаруалар шабындықтар мен егінжайларда еңбек көрігін қыздыруда. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Әсілбеков: – Биыл көктем айы жауын-шашынды болды, ы л ғ а л д ы ау а р а й ы ж а з кезінде де сақталып отыр. Сондықтан шаруалар жаздың әрбір қолайлы сәтін тиімді пайдалануға күш салуда. Облысымызда 483 865 гектар шабындық жер бар болса, бүгінгі күнге дейін оның 369 333 гектары орылып алынды. Өңірдегі төрт түлік мал басын жеткілікті қамтамасыз етуіміз үшін биыл 1 миллион 71900 тонна шөп жиналуы тиіс.

Қазірдің өзінде бұл межеге жақындап қалдық. Бұрын көпжылдық шөп бір-ақ рет орылып алынатын. Екінші көктеген жоңышқа шалғы тісіне іліне қоймайтын. Ал бүгінде шаруалар кей жерлерде жоңышқаның

екінші орымын бастап жатыр. Жалпы, биыл мал азығының әдеттегідей 1,5 емес, 2 жылдық берік қорын жасауға мүмкіндігіміз бар. Мал азығы пішен, сүрлем, пішендеме, ірі сабақты шөп есебінен молыға түспек. Өзен, көл бойындағы

құрғауы күтіліп отырған шабындықтардан орылатыны бар – шөп дайындау ісі қара күзге дейін созылатын болады. Егін орағы бел ортадан ауды. Бүгінгі күнге дейін 247 864 гектар масақты дақылдар алқабының 137 977 гектары орылып, 290 537 тонна астық жиналып алынды. Облыс көлемінде 891 дала кемесі бар болса, соның 508-і нақты жұмыс істеп тұр. Олардың әрқайсысы күніне 14 гектар а лқаптың астығын орып бастырады. Өңіріміздегі ақ егістің түсімі орташа есеппен 21, 1 центнерден айналуда. Науқанды 23 центнерлік межемен аяқт аймыз деп болжамдап отырмыз. Бұл – былтырғыға қарағанда 7-8 центнерге артық. Алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда ақ егістің гектар қайтарымы 30-35 центнер төңірегінде. (Жалғасы 2-бетте).

Ә РІП ТЕСТІК

Осы жылдың екінші жартыжылдығына өңірлік Индустрияландыру картасына енгізу үшін «Қаратау Про» ЖШС жобасы дайындалуда. Ол жылына 250 мың тонна мәрмәр тасын өңдейтін зауыт болмақ. Жобаның құны 1946,0 миллион теңгені құрайды. Қазіргі кезде зауытқа итальяндық құралжабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. =ШУ «WINDHAN» ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ Аудан бойынша 2016-2019 жылдары Индустрияландыру картасына 5 инвестициялық жоба ұсынып отыр. Солардың бірі – «Windhan» жел электр стансасы. Оның бірінші кезеңінің қуаттылығы – 109 МВт, құны – 240 миллион АҚШ доллары, ал екінші кезеңінің қуаттылығы – 141 МВт, құны 310 миллион АҚШ долларын құрайды.

Ақылды жігіт айтқызбай біледі, Ақ сұңқар қаққызбай іледі. ЖАЗЫЛЫМ – 2016

АМЕРИКАЛЫҚТАРДЫҢ ТАРТУЫ Нұрым СЫРҒАБАЕВ, «Ақ жол».

ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ ҒАЗИЗ БАЙТАСОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ПОЛИГОНЫ АУМАҒЫНАН 50 АДАМҒА АРНАЛҒАН ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ. НЫСАННЫҢ АШЫЛУ САЛТА­ НАТЫНА ЖИНАЛҒАНДАР ҚЫЗМЕТТІК БОРЫШЫНА АДАЛДЫҚ ТАНЫТЫП, ҚАНДЫҚОЛ ҚАРАҚШЫНЫ ТҰТҚЫНДАУ БАРЫСЫНДА ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАН ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ ҒАЗИЗ БАЙТАСОВТЫ КӨПШІЛІК БІР МИНУТ ҮНСІЗ­ДІКПЕН ЕСКЕ АЛЫП, ЕСКЕРТКІШКЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ. ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ ҚАСЫМ ДОСАНОВ, АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІНІҢ БАС КОНСУЛЫ МАРК МУДИ, ҒАЗИЗ БАЙТАСОВТЫҢ ЖҰБАЙЫ ГҮЛЖАН ТӘЖИЕВА ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ СӨЙЛЕП, НЫСАННЫҢ ЛЕНТАСЫ ҚИЫЛДЫ.

(Жалғасы 2-бетте).

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады».

«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН

Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3185,10 теңге 1 жылға – 6370,20 теңге ИНДЕКСІ 15457

Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2935,08 теңге 1 жылға – 5870,16 теңге ИНДЕКСІ 65457

Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2849,76 теңге 1 жылға – 5699,52 теңге ИНДЕКСІ 15457

Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2599,74 теңге 1 жылға – 5199,48 теңге ИНДЕКСІ 65457

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН: «Эврика-пресс» ЖШС, «Тараз-пресс» ЖШС, «ERNUR-PRESS» ЖШС бөлімшелері арқылы жазылуға болады.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
26 шілде пдф 2016 ж by akjolgazet - Issuu