26 желтоксан 2015 ж пдф

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Мойынқұм ауданы

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм

Жамбыл облысты о амды саяси газет

№158 (18192), Сенбі, 26 желто сан, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫ

БИЫЛҒЫ МЕРЕКЕ ӨҢІР БҮЛДІРШІНДЕРІ ҮШІН БҰРЫНҒЫДАН ӨЗГЕРЕК БОЛДЫ Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол». Еліміздің барлық өңірлерінде Президент шыршасы тойланды. Таңғажайып мерекені жамбылдық жеткіншектер де көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. «Баласағұн» орталық концерт залында өткен іс-шара талай балғынға қуаныш сыйлап, ұмытылмастай əсерлерімен баурады. Аяз ата мен Ақшақарды ортаға алып, түрлі түсті шамдармен, ойыншықтармен безендірілген шыршаны айнала билеу бақытына ие болатын осынау күнді балалар жыл бойы армандап, аңсай күткен еді. Сол армандары орындалған жасөспірімдердің шаттықтан жүздері бал-бұл жанғанының куəсі болдық. Аталған іс-шараға облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев, орынбасары Ерқанат Манжуов, Тараз қаласының əкімі Нұржан Календеров қатысып, балалар қуанышына ортақтасты. Б ұ л к ү н і м е р е ке г е а р н а й ы шақырылған Тараз қаласы мен шалғай аудандарда тұратын аз қамтылған жəне көп балалы отбасыларының балалары, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, Қ.Сарымолдаев атындағы, сондай-ақ отбасы үлгісіндегі балалар ү й л е р і н і ң , о бл ы с т ы қ м е кт е п интернаттардың тəрбиеленушілері шараның е стен кетпе с ерекше сəті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өздерін, өңірлердегі мерекелік іс-шараларға қатысушы жеткіншектердің барлығын Жаңа жыл мерекесімен бейнеқұттықтауын теледидардан көріп, тыңдады. – Қымбатты балалар! Қазақстан бүгінде əлемге бейбіт əрі жасампаз ел ретінде танылып отыр. Оның əлемдік беделін арттыруға өздерің де есейгенде үлес қосасыңдар деп сенемін. Өйткені, сендер рухы биік, тəуелсіз мемлекеттің зерек

«НҰРЛЫ

те зерделі ұрпағысыңдар. Сендер көптеген ғажайыптар шындыққа айналып жатқан тамаша уақытта өмір сүрудесіңдер. Біздің еліміз аз ғана мерзім ішінде əлеуетті тəуелсіз мемлекет болып қалыптасты. Біз сандаған ұрпақтың аңсар-арманына қол жеткіздік. Туған еліміздің гүлденуіне əрбір қазақстандық өз үле сін қо сады. Бəріңнің де оқуда, спортта, шығармашылықта болсын көптеген жетістіктерге қол жеткізгендеріңді, əрқайсыңның қандай да бір өз жаңалықтарың барын

ЖОЛ »–

білемін. Сендердің жетістіктерің – өмірдегі үлкен табыстарға алғашқы қадамдарың. Əрқайсыңның өз қалауларыңды тауып, өз істеріңнің үздіктері болуларыңды тілеймін. Оқыңдар, бір-біріңмен араласыңдар, ең бастысы – достықты бағалаңдар. Келе жатқан Жаңа жыл қуаныш əкелсін! Бəріңе мықты денсаулық, жарқын болашақ тілеймін. Жаңа жылдарың құтты болсын! – деді өзінің құттықтауында Мемлекет басшысы. Елбасының ыстық ықыласы мен ізгі лебізі өрендердің асқақ

арманына қанат бітіргендей болды. «Жібек жолының жаңажылдық ертегісі» атты негізгі мерекелік қойылымның өне бойы көңілді əнмен, бимен өріліп отыруы əрі шытырман оқиғаларға толы болуы да балғындарды ұмытылмас əсерлерге бөледі. Онда балалардың Аяз ата мен Ақшақар бастап, жаңажылдық сыйлықтар жасырылған сандықтың кілттерін іздеп, Ұлы Жібек жолы бойымен саяхатқа шығуы баяндалады. «Жиһанкез» балалар талай қиындықтарға, бұрқасынды

боранға, шөл-шөлейтке, ну орманға да кез болады. Оларға Сиқырлы бояулар, Айдаһар, Мысыр ханшайымы, Маугли секілді ертегі кейіпкерлері кілттерін беріп көмектеседі. Саяхат Ұлы Дала елінде түйінделіп, алтын сандық ашылғаннан соң, қатысушылар сыйлыққа қарық болысты. Əр балаға Елбасының құттықтау хаты жазылған кітабы, ноутбук, жұмсақ ойыншықтар, тəттілер түріндегі жаңажылдық сыйлықтар жиынтығы берілді. Сыйлықтарды оқушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан өңір басшысы К. Көкірекбаев табыс етті. Жалпы, еліміз бойынша президенттік Жаңа жыл шыршасына қатысушылардың жалпы саны биыл 3500 баланы құрады. Ал облысымызда аталған мерекеге қатысу мəртебесіне 9-13 жас аралығындағы 200 бала ие болды. Таңғажайып шырша мерекесіне қатысушылардың облыстық тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасауы, облыстық қазақ драма театрында жаңажылдық қойылымдарды тамашалауы, «Қазақ хандығы» монументінде, «ТаразАрена» спорт кешенінде болуы да ұйымдастырылды. Осы орайда балғындардың бір тобымен сұхбаттасқанбыз. Жамбыл ауд а н ы н д а ғ ы Ы . А л т ы н с а р и н орта мектебінің оқушысы Мөлдір Абдуллаева мен Сарысу ауданы, Ақтоғай ауылынан келген Мəдина Т ө л еу т а е ва Е л б а с ы н а , о бл ы с басшыларына алғыстары шексіз екендіктерін жеткізсе, Шу ауданынан келген 9 оқушы да жарыса «Қазақ хандығы» монументі басында, облыстық музей мен те ат рда, Та р а з д ы ң б а с қ а д а к ө р н е к т і орындарында болғандарына қуанышты екендерін айтты.

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

ТАРАЗ

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында партияның сайлауалды тұғырнамасының «Ұлт денсаулығы» бағыты бойынша «Аймақтық куратормен тікелей байланыс желісі» шеңберінде тақырыптық қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауды сайлауалды тұғырнаманы іске асыру жөніндегі аймақтық бағдарламаның «Ұлт денсаулығы» бағыты бойынша сарапшы топтың жетекшісі, облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков пен облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы Тараз қалалық бөлімінің басшысы Серік Қасмақасов жүргізді. Қабылдауға Жамбыл, Жуалы, Меркі, Қордай және Шу аудандарының 12 тұрғыны денсаулық сақтау мәселелері бойынша қайырылды. САРЫСУ

Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы Жаңатас перзентханасындағы жас босанған аналарға туу туралы куәліктерін тапсыру акциясын ұйымдастырды. Онда алтын құрсақ аналар: жаңатастық Бахыткүл Жандарбекқызын және Елена Бекетованы алдағы келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жас сәбилердің туу туралы куәліктерін табыстап, нәрестелер сол мезетте балабақша кезегіне қойылды. ҚОРДАЙ

Аудан орталығында осы замандық үлгімен салынған тағы бір әлеуметтік нысан – «Flagman» сауда үйі тұтынушыларға есігін айқара ашты. Нысанның пайдалануға берілу құрметіне оның құрылтайшылары қайырымдылық акциясын өткізді. Атап айтқанда, аудан көлемінде тұратын барлық 26 Ұлы Отан соғысы ардагері мен үйде әлеуметтік көмек алатын мүмкіндігі шектеулі 17 балаға мерекелік тартулар жасады. Жаңажылдық сыйлық құрамында балаларға арналған тәтті тағамдармен қатар, бір-бір қаптан ұн, шекер, картоп, пияз және бір қораптан шәй мен май да бар. ТАЛАС

Қаратау қаласындағы арнаулы оқу орындарын биылғы жылы 108 түлек бітіріп шықты. «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының ІІІ бағыты бойынша 24 білімгер жастар тәжірибесіне, 14 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Жалпы, биыл «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында «Жамбыл-Недр» ЖШС мекемесіне барлығы 18 азамат және «ТаласИнвестКомпани» ЖШС мекемесіне 259 азамат жұмысқа жіберілді.

ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

БО ЛА Ш

Шу ауданы

Талас ауданы

ҚА АҚ ТА БАС

АССАМБЛЕЯ ЖЫЛЫ ЖЕТІСТІККЕ ТОЛЫ БОЛДЫ Наурызбек САРША, «Ақ жол».

Р ЖОЛ

2015 жыл, яғни Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы жарқын оқиғаларға толы болды. Соның бəрін облысымыздағы түрлі этнос өкілдері бір кісідей жұмыла атқарды, татулық пен бірліктің арқасында мол табыстарға да қол жеткізді. Бұл өңіріміздегі 73 этномəдени бірлестіктің белсенді еңбектерінің жемісі десек, қателеспейміз. Бүгінде облыс орталығында 26, ал аудандарда 47 бірлестік жұмыс істеуде. Өңіріміздегі барлық этномəдени бірлестіктер Қазақстан халқы Ассамблеясы жылында алға қойған міндеттер мен ұлттық жоспарды орындаудағы іс-шараларды іске асыруда белсенділік танытты. Этномəдени бірлестіктердің жыл бойы атқарған жұмыстары қорытындыланған жиында облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев бірлестік жетекшілеріне гранттар тапсырды.

ӨҢІР ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ Тараз қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалы ашылды. Филиалда алғашқы болып облыс əкімдігінің кəсіпкерлік жəне индустриалдыинновациялық дамыту басқармасының басшысы Алмас Мəдиев брифинг өткізді. Жиынға қатысқан республикалық жəне өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне басқарма басшысы облыс өнеркəсібі мен кəсіпкерлігінің жай-күйін баяндап, журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, жыл басынан қараша айына дейін облыс өнеркəсіптерімен 242,6 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Ал өңірде индустриялықи н н о в а ц и я л ы қ д а м уд ы ң м е м л е к е т т і к бағдарламасын жүзеге асыру негізінде 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылған. «Ақ жол-Ақпарат».

(Жалғасы 3-бетте).

Ы ЖҮЗДЕСУ ЖЫЛЫ ШЫРАЙЛ

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

Биылдың өзінде Тараз қаласы бойынша жас отбасылар мен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 21975 шаршы метр тұрғын үй салынды. Соның ішінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бəйтерек» мөлтек ауданындағы 100 пəтерлі екі тұрғын үй бой көтеріп, 200 отбасының игілігіне пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысын жүзеге асырған Қазақстан ипотекалық компаниясы «Ипотекалық ұйым» акционерлік қоғамы болса, ал құрылыс нысанының мердігері – «ҚазМұнай Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жыл айрығында пəтерлі болған жас отбасылар мен мемлекеттік, бюджеттік мекемелер, əскери қызметкерлер жəне ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар мен көп балалы отбасыларға пəтер кілтін облыс əкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков тапсырды.

ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ЕСІГІМІЗДЕН ЕНГЕЛІ ТҰРҒАН ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ӨҢІРДЕ ТҰРАТЫН ҚАЛАМГЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАП, АЛДА КЕЛЕ ЖАТҚАН МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ. ЖҮЗДЕСУ ЖАҚЫНДА БАҚИЛЫҚ БОЛҒАН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛАШ» ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ ӘЛДИХАН ҚАЛДЫБАЕВТЫ, БЕЛГІЛІ ПУБЛИЦИСТ РАХМЕТІЛДӘ ҚҰДАБАЙДЫ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҰСЫНЫСЫМЕН БІР МИНУТ ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛУДАН БАСТАЛДЫ.

(Жалғасы 3-бетте).

(Жалғасы 3-бетте).

Нұрым СЫРҒАБАЕВ, «Ақ жол».

Ел жасымен көрікті, Тау тасымен көрікті, Аяқ асымен көрікті. Халық мақалы.

ЖЕДЕЛХАТ ОБЛЫСТЫҚ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ ДИРЕКТОР-БАС РЕДАКТОРЫ КӨСЕМӘЛІ СӘТТІБАЙҰЛЫНА! Ауд а н ж ұ р т ш ы л ы ғ ы 2 0 1 6 ж ы л д ы ң І жартылығына 1005 дана «Ақ жол» газетіне жазылды. Аудан тұрғындары газет таралымының көбеюіне өз үлестерін қосуы арқылы өңір экономикасының өрлеуіне, əлеуметтік жағдайының жақсаруына жəне мəдениеті мен руханиятына, спортына жанашыр болып отырған шығармашылық ұжымға табыс тілейді. Бақытжан НҮРКЕНОВ, Мойынқұм ауданының əкімі.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.