26 кантар пдф 2016 ж

Page 1

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу Са С Сары ар а ары рыс ры су у ау ауд ауда а уда уда уд дан ны ы ауданы

Мой Мо М ой йы ын ын Мойынқұм а ау уда у уд дан да ауданы

Жамбыл облысты о амды саяси газет

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№10 (18204), Сейсенбі, 26 а тар, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

НДА ЖАҺА

ПРЕЗИДЕНТ

ТУНИС ШӨЛДЕ БІР ТӘУЛІКТЕ КӨЛ ПАЙДА БОЛДЫ Тунисте шөлдің қақ ортасында бір тәулік ішінде көл пайда болды. Бүкіл әлемнің ғалымдары бұл жұмбақтың шешімін таппай жатыр. Тунис табиғаты ыстық болғанымен, аяқ астынан дүниежүзі ғалымдарының съезі өтетін орталыққа айналып шыға келді. Мұндай қызығушылық шөлде бір тәулік ішінде көлдің пайда болуынан туған. Енді жаңа су қоймасы пайда болған учаске өмір сүруге жарамды оазиске айналды. Әзірге ғылыми қызметкерлер пейзаждың кенеттен өзгеруіне не себеп болғанын анықтай алмай жатыр. Алайда ғалымдардың көбі бұл құбылыс сейсмикалық белсенділіктің әсерінен болған деп болжамдайды.

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдады. Кездесу барысында комитеттің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері талқыланды. Атап айтқанда, терроризмге, экстремизмге қарсы іс-қимыл жəне мемлекеттік шекараны қорғау мəселелері қозғалды. Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

ГРЕКИЯ 500 ҚОНАҚ ҮЙ САТЫЛЫП ЖАТЫР 2015 жылы келген туристердің саны (26 млн. адам) бойынша Грекия рекорд орнатқанына қарамастан, шағын қонақ үйлердің иелері оны сатып жатыр. Басты себебі жылжымайтын мүлікке және қонақ үйден табатын пайдаға деген салық өсімі себеп болды. Соңғы бір жарым айда грекиялық қонақ үйлерді сату бойынша 482 хабарландыру жарияланды. Сонымен бірге, мемлекеттің қатысуымен жұмыс істеген қонақ үйлер де сатылып жатыр. ФРАНЦИЯ RENAULT 15800 КӨЛІГІН КЕРІ ҚАЙТАРДЫ Ол а р д ы ң қ о з ға л т қ ы ш та р ы э к ол о г и я л ы қ стандартқа сай келмейтін болып шықты. Жалпы, компанияға қатысты дау өткен аптада шыққан еді. Ол кезде арнайы құрылған техникалық комиссия Renault көлігінің қоршаған ортаға қауіпті екенін жария еткен. Салдарынан корпорацияның кеңселерінде тінту жұмыстары да жүргізілген. «15 мың 800 көлік экологиялық талаптарға сай келмейді. Жуық арада олардың ақаулары жойылуы тиіс», – дейді Францияның экология, тұрақты даму және энергетика министрі Сеголен Руаяль.

ЫЛ ЖАМБ

ДА

ТАРАЗ БІЛІМ САЛЫМДАРЫ АШЫЛДЫ

тан үшін күрес Елге тиген үлес.

КАНДИДАТТАРДЫҢ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ 20 АҚПАНДА БАСТАЛАДЫ Саяси партиялар үшін үгіт-насихат жұмыстары 20 ақпанда басталады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мəжілісі мен мəслихат депутаттары сайлауын əзірлеу жəне ұйымдастыру мəселелері жөніндегі республикалық семинар-кеңесте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мəлім етті. ОСК төрағасы өз сөзінде кандидаттар мен саяси партияларға сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге теңдей мүмкіндік жасау қажеттігін атап өтті. – БАҚ арқылы үгіт-насихат жұмыстары тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін басталады. Яғни, саяси партиялар үшін үгіт-насихат жұмыстары 20 ақпанда, Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мəжіліс депутаттығына кандидаттарға 6 наурызда, ал мəслихат депутаттығына кандидаттарға 24 ақпанда басталады, – деді ол. Қ.Тұрғанқұловтың айтуынша, үгіт-насихат жұмыстары басталғанға дейін саяси партиялардың мақсаттары мен міндеттерін насихаттайтын жарнамалық материалдардың барлығына да партияның сайлау қорынан қаржы төленуі тиіс. – Сайлауалды үгіт-насихатты қамтитын барлық материалдарда қаржыландыру көздері туралы ақпарат болуы қажет, – деді ОСК төрағасы.

ТӨТЕНШЕ Ж АҒД АЙ

ҰШҚЫШ ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНДЕ ЖАТЫР

Соңғы 2 жылдан бері Білім және ғылым министрлігі, «Бөбек» қайырымдылық қоры және Қазақстан халық банкі арасында жасалған меморандумға сәйкес және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қолдауымен демеушілер арқылы облыста қорғаншылық пен қамқоршылықтағы 347 жетім балаға мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бойынша білім салымдары ашылды. ҚОРДАЙ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ СИЫР КӨБЕЮДЕ

«Бетқайнар» ауылдық округінде «Нұрал» ЖШС (төрағасы Дүйсен Онгелдиев) «Ырыс» бағдарламасы бойынша 60 асыл тұқымды сүтті құнажындар сатып алу үшін Ресейдің Пенза қаласындағы асыл тұқымды қара ала сиырлар өсіруге маманданған «Кураев Э.» шаруашылығымен келісімшартқа отырды. Оған төленетін 21,0 миллион теңге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан алынған несие есебінен төленуде. ТАЛАС ГАЗ КЕНІНІҢ КӨЛЕМІ АРТАДЫ

Амангелді газ кенінің 2014 жылы өндірген көлемі 327,8 миллион текше метрді құраса, 2015 жылы 300,6 миллион текше метр газ пайдалануға өндірілген. Қазіргі таңда ұңғылар саны 36, қолданыстағы үңғылар қоры 31-ді құрап тұр. Биыл Жарқұм жер қойнауынан өндірілетін өнімнің көлемі артатын болады.

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ «ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

Уалихан ЖАЙЛАУ, «Ақ жол». 23 қаңтар күні облыс аумағында тікұшақ апатқа ұшыраған еді. Кейін ұшқыштың зардап шеккені, оның Тараздағы №1 ауруханада екендігі анықталды. Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы Садыхан қыстауынан үш шақырым қашықтықта болған. Төтенше оқиға жайлы хабарлама 112 телефонына 23 қаңтарда кешкі уақытта келіп түскен. – Апатқа ұшыраған тікұшақтың ұшқышы жансақтау бөліміне жеткізілген. 62 жастағы Валерий Михин Тараздағы №1 ауруханаға 24 қаңтарда бетінің, басының, аяқ-қолдарының І-ІІ-ІІІ дəрежеде күйікке ұшырағаны туралы диагнозбен түскен. Оның тыныс алу жолдарын да ІІ дəрежедегі күйік шалған. Науқастың жалпы жағдайы ауыр. 25 қаңтарда 09.00-де дəрігерлер консилиумы оның жағдайын қарады, жансақтау бөлімінде жатыр, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері. – Оқиға орнына Тұрар Рысқұлов ауданының ТЖ жөніндегі аудандық бөлімінің жəне облыстық ТЖ жөніндегі департаментінің қызметкерлері апаттыққұтқару жəне іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін дереу жіберілді. 20.30-да оқиға орнына медициналық қызмет көрсету үшін жедел жəрдем бригадасы жөнелтілді, – деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі. Апаттың себебін арнайы құрылған комиссия анықтайды. «Ақ жол-Ақпарат».

Сəні мен əні жарасқан Мойынқұм жұртының төскейдегі төрт түлігінің төртеуі де түгел. Малды бағыпқағудың жай-жапсарын, аурудың алдын алу жұмыстарын ыңғайлауды ауыл жұрты жақсы түсінеді. Қасиет тұнған даланың шүйгін шөбі, мал азығы ғана емес, оның жалпы тіршілік иесіне берер емдік қасиеті де мол. Өйткені, дəрі шөптен жасалынатыны жалпыға аян. Дегенмен, Мойынқұм мал шаруашылығы дамыған аудан болғандықтан, ауыл тұрғындары əр мал басының амандығын тілейді. А л ма л ау ру ы н а л д ы н а л ум е н айналысатын аудандағы ветеринария саласы, расында, салғырттықты көтере бермейтіні рас. Аудандағы ветеринария саласына 2015 жылы эпизотияға қарсы ісшараларды қаржыландыру мақс атында ре спублика лық бюджеттен 69,8 миллион теңге бөлініпті. Бөлінген қаржыға малдың инфекциялық ауруы, сібір жарасына қарсы аудан бойынша 28 мың бас мүйізді ірі қара, 200 мың бас уақ мал, 7 мың бас жылқы жəне мың

бас түйеге дəрі егіліпті. Бұдан бөлек, аусыл ауруы бойынша 57 мың бас мүйізді ірі қараға, 412 500 бас қойешкіге егу жұмыстары жүргізілген. Ауданда ма л жиі ұшырайтын оба, лептоспироз жəне қарасан ауруларына алдын алу жұмыстары да жүргізіледі. Қарасан ауруына күзде жəне көктемде 20 мың бас ірі қараға дəрі егілсе, оба ауруына қарсы 980 бас түйеге жəне 130 мың бас уақ малға дəрі егілген. Сонымен қатар, аудандағы төлімен қосқанда, бруцеллез ауруына 36 592 бас ірі қара, 43 927 бас уақ мал, 560 бас жылқы, 773 бас түйе жəне 617 бас ит тексеруден өтіпті. Тексеру барысында 25 бас мүйізді ірі қара жəне 483 бас уақ мал бруцеллез ауруына шалдыққаны анықталған. Анықталған бруцеллез мал сою алаңдарында бауыздалған. Ал 483 бас уақ мал еті Тараз қаласындағы « З ол ото в с к и й и К » Ж Ш С - н а тереңдетіп өңдеуге жіберіліпті. Сөйтіп, мал иелеріне аудан бойынша 3 920 000 теңге өтемақы төленген. Осындай еңбектің арқасында ауд а н д а м а л д ы ң б р у ц е л л е з ауруы өткен жылдармен салыстырғанда əлдеқайда төмендеген.

– Аудандық ветеринария саласының бүгінгі жай-күйі жаман емес. Дəрідəрмек жеткілікті. Сондықтан, 2016 жылғы жо спарды жүйелі түрде орындау керек, – дейді ветеринария саласының бөлім басшысы Мақсат Малбағаров. Бүгінде ауданда мал ауруының алдын алумен айналыс атын 16 ауылдық округте ветеринариялық

пункттер жұмыс істеуде. Олардың барлығы көлік, компьютер жəне білімді мамандармен толықтай қамтылған. Ауылдық округтерде 62 ветеринар маманы жұмыс істейді. Оның ішінде жоғары білімді – 10, ал қалған 52сі – орта білімді мамандар. Ауданда эпизотиялық жағдай тұрақты. Алайда, аудандық ветеринария саласының бөлім басшысын «облыс көлемінде

санитарлық мал союмен айналысатын, яғни ауру мал соятын алаңдар ашылса, тереңдетіп өңдеу бізде ғана емес, облыс көлемінде де жоқтың қасы. (Тереңдетіп өңдеу дегеніміз ауру малдарды сойып, оның етіндегі бактерияларды қайнату арқылы жойып, залалсыздандыру болып табылады). Соны орталықтандырып, екі-үш жерден ауру малдарды соятын кəсіпорындар ашылса» деген ой мазалайды. Сонымен қатар, аудан аумағында 100 жыл шамасында 10 сібір жарасы ошағының орны анықталып, санитарлық жағдайы бұл күнде жақс арып келеді. Бұдан бөлек, Мойынқұм жəне Бірлік ауылында мал өлекселерін сақтайтын биотермиялық шұңқырлар – тіршілік қауіпсіздігінің кепілі. Алдағы уақытта Құмөзек, А. Назарбеков жəне Кеңес ауылдарына қаржы тапшылығы оң шешілсе, осындай шұңқырлар салынбақшы. Ауданда облыстық бюджеттің есебінен салынған екі мал сою алаңы жұмыс істеуде. «Өзге жерде мал жұтаса да, Мойынқұмда мал жұтамайды» деген сөз ел ішінде текке айтылмаса керек. Мойынқұм ауданы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.