26 кыркуйек пдф

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №135 (17992), Сенбі, 27 қыркүйек, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ПРЕЗИДЕНТ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНЕ ЖӘНЕ ТИІСТІ МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫНА«ХАЛЫҚ ҚЫСТА ТОҢБАУЫ ТИІС» ДЕП ЕСКЕРТТІ

ҚАЗАҚСТАН – САУД АРАБИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНДЕРІНЕН БАСТАЛҒАН

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Консультативтік Кеңесінің төрағасы Абдалла Әл аш-Шейхті қабылдады. Кездесу барысында парламентаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ, оны әрі қарай дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі болып саналатындығына тоқталды. – Корольдік біздің елімізге тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап екіжақты саяси іс-қимыл тұрғысынан да, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық арқылы да қолдау көрсетіп келеді. Сіздің елдің көмегімен Астанада бірқатар ғимараттар салынды, бұл біздің екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастардың көрінісі болып саналады. Қазақстан Корольдікпен түрлі салаларда, соның ішінде сауда-экономика саласында ынтымақтастықты бұдан әрі дамытуға дайын, – деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде Абдалла Әл аш-Шейх Елбасының қабылдауына ризашылығын білдіріп, бұл оның Қазақстан Президентімен төртінші рет кездесуі екенін айтты. Ол ТМД мемлекеттері ішінде айрықша орынға ие біздің еліміздің қарқынды дамуына назар аударды. Сауд Арабиясы Корольдігінің Консультативтік Кеңесінің төрағасы екі елдің арасында ынтымақтастықты кеңейтуге болатын бірқатар перспективалы салалардың бар екенін де атап өтті. «Ақ жол-Ақпарат».

Әне-міне дегенше қыс та келіп қалды. Жыл сайын жылыту науқаны аяқталысымен алдағы қысқа дайындықты бастап кететін коммуналдық қызмет пен қалалық, аудандық әкімдіктер жауапты науқанға қандай дайындықпен келіп отыр? Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің мәжілісінде осы сұрақтың жауабы тарқатылды. «2014-2015 жылдардағы қысқы жылыту маусымына дайындық барысы туралы» баяндама жасаған облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұхтар Төлеулиевтің мәлімдеуінше, қысқа дайындық жұмыстары аяқталып қалыпты. Қысқы науқанға байланысты құрылған облыстық штаб біраз шаруа тындырса керек. Сегіз рет, оның ішінде Қаратау және Шу қалаларында үш рет жылжымалы отырысын өткізген штабта аудан әкімдері мен кәсіпорын басшыларының есептері тыңдалып, проблемаларды шешу жолдары талқыланған. Облыстағы шағын қалалардың орталық қазандықтарына қажетті отын көлемін сатып алуға Үкіметтің шұғыл шығындарға арналған қорынан 862 миллион 875 мың теңге бөлінсе, Қаратау қаласына табиғи газ алуға 215 миллион 388 мың теңгесі, Жаңатас қаласына мазут алуға 510 миллион 614 мың және Шу қаласына таскөмір алуға 136 миллион 872 мың теңге бөлініпті. Басқарма басшысының сөзіне қарағанда шағын қалалардың қазандықтары отынмен толық қамтамасыз етілген.

М.Төлеулиевтің тағы бір назар аударғаны – бюджеттік мекемелерді отынмен қамтамасыз ету болды. Жалпы бұл салаға 61851 тонна отын қажет болса, қазірге дейін көмірді уақытша сақтау қоймалары мен стансаларға ол 100 пайыз жеткізілген. Жеке тұрғындарға 338,4 мың тонна тас көмір қажет болса, бүгінгі күнге 212,5 мың тоннасы ғана түсіпті. Баяндамашы басқарма арқылы жүзеге асқан жобаларды да атап көрсетіп, жылу, электр энергетикасы, газбен жабдықтау бойынша атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Жаңатас қаласындағы « Ж а ң а т а с с у - Ж ы л у » , Қ а р а т ау д а ғ ы «Игілік» және Шудағы «Шу-Жылу» кәсіпорындарындағы жұмыс ырғағына да тоқталды. Облыс бойынша 1513 көпқабатты тұрғын үй болса, Тараз қаласындағы 1235 үйдің қысқы маусымға – 96,4, Жаңатастағы 81 үйдің – 98,8, Қаратаудағы 136 үйдің – 94,9 және Шудағы 56 үйдің 92,9 пайызы қысқы жылыту маусымына дайын. Жалпыүйлік есептегіш құралдарын орнату шағын қалаларда 100 пайыз орындалғанымен, облыс орталығында 73,6 пайызын ғана құраған. Биыл «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту» АҚ-нан бөлінген 98 миллион теңгеге 132 көпқабатты тұрғын үйге 154 жалпыүйлік есептегіш құралдарын орнату жоспарланыпты. Одан әрі М.Төлеулиев білім беру және денсаулық сақтау салалары бойынша слайд арқылы дайындық жұмыстарына кеңінен тоқталып, дебиторлық қарызды да еске салды. Баяндамасын қорытындылай келе, ол Тараз қаласы мен аудан әкімдерін, басқармаларды басқарып отырған

әріптестеріне аса жауапты науқанға үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды. Жылыту маусымына бірден бір жауапты басқарма басшысының баяндамасына қарағанда қысқы маусымның басталуына қала да, аудандар да дайын. Расында да жағдай осылай болса онда алдағы қысқа алаңдауға негіз жоқ сияқты. Бірақ, қыстың ұзақ әрі қатты болатынын ауа райын болжаушылар айтып отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болғанда облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевқа қысқы маусымды өткізу үлкен жауапкершілік екенін айтып, нақты міндеттер жүктегені белгілі. Сондықтанда облыс әкімі баяндамашыны сұрақтың астына алды. – Әлі де болса уақыт бар. Жылыту маусымы басталатын 15 қазанға дейін 100 пайыз дайын болуымыз керек. Осында отырған қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары әр сала бойынша жылу берілетін нысандардың құжатын дайындау қажет. Комиссия құрып, өмірлік маңызы бар нысандарды тағы бір тексеріп шыққан жөн. Кемшілік болса қазір айтыңыздар. Әлгінде сіз науқанға 100 пайыз дайынбыз деп айтып кеттіңіз. Өткенде бір жағдай болған, жаңа оқу жылына 100 пайыз дайынбыз деп, ақыры бір-екі мектеп дайын болмай шықты. Қаратау қаласында 2013 жылы орын алған төтенше жағдай барлығыңыздың есіңізде болар. «Игілік» кәсіпорнындағы 6-шы қазандықты бұзып, жаңадан тұрғызуды тапсырғанмын. Жұмыс 15 наурыз күні басталды. Міне, бүгін 25 қыркүйек, жұмыс бітті ме? – деді, облыс әкімі. (Жалғасы 2-бетте).

Еңбек күні мерекесіне орай аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағы бірқатар еңбек ұжымдарында кездесулер өткізді. Онда биыл алғаш рет атап өтілетін қарапайым еңбек адамына арналған кәсіптік мерекенің маңыздылығы туралы әңгіме өрбіді. Соңында адал еңбегімен танымал болған қатардағы мұғалімдер, тәрбиешілер мен қызметшілер грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

l Т. РЫСҚҰЛОВ Бүкіл дүниежүзілік жүрек күніне орай «Жүрек қан тамырларының алдын алу» онкүндігі өтуде. 22 қыркүйек пен 1 қазан аралығын қамтитын шараға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері тартылуда. Орталық ауруханада өтіп жатқан «Өз қан қысымыңды біл» акциясында тұрғындардың қан қысымын өлшеп, қанттың, холестериннің мөлшерін тексеріп, дене салмағының индексін анықтап, дәрігерлік кеңес берілуде.

l САРЫСУ Игілік ауылдық округі әкімі аппаратының ұйытқы болуымен ауыл округтер арасында футболдан жарыс өтті. Оған 7 команда қатысты. Тартысты өткен футбол додасында Өндіріс командасы бірінші, Саудакент-1 командасы екінші, игіліктіктер үшінші орынды иеленді. Жарыс соңынан «үздік ойыншы», «үздік қақпашы» номинациясы бойынша жүлдегерлер анықталып, жарыс демеушісі Е. Бердібаев бағалы сыйлықтармен марапаттады.

l ШУ Әскери міндеттілер мен запастағы офицерлердің қорғаныс қабілетін арттыру мақсатындағы «Тасөткел-2014» әскери тексеру жиыны басталды. Аудан орталығынан 165 сарбазды салтанатты түрде шығарып салғаннан кейін, олар бір апталық әскери оқу-жаттығуға бет алды. Алғашқы күн теориялық сабақпен өтсе, алдағы күндері жиынға қатысушылар әртүрлі жаттығуларда сыналмақ.

Ерді көрсең Қыдыр тұт, Асты көрсең, қадір тұт. Халық мақалы.

АГРОӨНЕРКӘСІП: БАРЫС-КЕЛІС, АЛЫС-БЕРІС

СЕН , А С ОЛ Л! ЫҢ Б АРАР О Л Ұ Ж Р СҮЙЕ ЙІНЕРГЕ Ү ҮЙ, С

ЖАМБЫЛДЫҚТАР АСТАНА ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».

С

Бүгін Астана тұрғындарына облыстың шаруашылық құрылымдары, жеке кәсіпкерлер ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесін өткізеді. Осыған орай облыс әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Абдалы Нұралиевке Астанаға аттанар алдында бірер сұрақ қайған едік. – Абдалы Тоқбергенұлы, Астана жұртшылығына қанша азық-түлік тауарын жөнелттіңіздер? – Мемлекет басшысының Астана қаласының айналасында а з ы қ - т ү л ік белдеуін құру жөніндегі тапсырмасына орай біздің облыс шаруалары мен кәсіпкерлері жыл сайын ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесін өткізуді дәстүрге айналдырды. Елордалықтар мен қонақтарына 55 миллион теңгенің 190 тонна ауылшаруашылық тауары ұсынылады.

«Жайдарлы» Жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қала күні қарсаңында жастар арасында қала әкімінің кубогына «Әсем қалам – Таразым!» атты КВН ойыны өтті. Ойынға ұзын саны 10 команда қатысты. «Сәлемдесу» және бес әзіл секілді кезеңдерден тұрған жарыста уытты әзілдерімен қоғамдағы әртүрлі оқиғаларды нысанаға алған «Шу-Чу» командасы бірінші орынды жеңіп алды. Олардың әзілі залды ду күлкіге бөледі. Екінші орынды «За линий жігіттері», ал үшінші орынды «Сыр жастары» командалары иеленді.

l ҚОРДАЙ

ҮЙІҢ СУЫҚ БОЛСА, ОНЫҢ КЕҢДІГІНЕН НЕ ПАЙДА? Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».

l ТАРАЗ

– Сіздер жыл сайын жәрмеңке өткізіп келесіздер, жалпы Арқа жұртының қандай азық-түлікке аңсары ауады? – Ау ы л ш а р у а ш ы л ы қ тауарларының жәрмеңкесі етсіз өткен бе?! Осыны ескеріп, 35 миллион теңгеге жылқы, сиыр, қой және шошқа етін тұтынушылар талғамына саламыз. 3 миллион теңгенің 13,4 тонна сүт, 4 миллион теңгенің 5 тонна шұжық өнімдерін ұсынамыз. Көкөніс-бақша өнімдеріне сұраныс көп.10 миллион теңгенің 124

Кешегі мен бүгінгіні салыстырсаңыз көңіліңізде үміт оты маздай түседі. 2010 жылғы Азиада ойындарында жамбылдықтар спорттың екі түрі ғана бойынша бақ сынаса, биыл Инчхонға 21 саңлақ аттанды. Олардың үшеуі елге оралып та үлгерді. Құр қол емес әрине, елдің атын шығарып, үлкен табыспен қайтты.

тоннадан астам картоп, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ, қауын, асқабақ, алма жәрмеңкенің бірінші күні-ақ өтіп кететін шығар. Мұнымен қоса, ара балы, қымыз, шұбат, өсімдік майы, макарон өнімдері және кептірілген жеміс-жидекті де алушылар көп болады деп ойлаймыз. Жәрмеңкенің екі күнге созылатынын ескерсек, шаруаларымыз бен кәсіпкерлеріміздің өндірген өнімі түгел өтеді деген сенімдеміз.

Төккен тер текке кеткен жоқ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ АЗИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

РЕСМИ БӨЛІМ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ 2014 ЖЫЛҒЫ 15 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ №392 ӨКІМІМЕН БЕКІТІЛГЕН ОБЛЫС ӘКІМІ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ЖӘНЕ ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ АРАСЫНДА МІНДЕТТЕРДІ БӨЛУ Жамбыл облысының әкімі КӨКІРЕКБАЕВ Кәрім Нәсбекұлы өңірдің стратегиялық даму, құқықтық тәртіп, кадрлық саясат мәселелерін үйлестіреді, Қазақстан Республикасының Президентімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметі және ПремьерМинистрімен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарымен қатынастарда облыстың мүддесін білдіреді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлына облыстың мемлекеттік активтерін басқару, қаржы секторын дамыту, мемлекеттік жоспарлау, тарифтік саясат, жедел басқару, бюджеттік саясат, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік инфрақұрылымы, энергетика және байланыс, моноқалаларды дамыту, жұмылдыру жұмысы және төтенше жағдайлар мәселелері тапсырылған. Облыс әкімінің орынбасары МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлына әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту, көші-қон, білім беруді, ғылымды, денсаулық сақтауды, әлеуметтік әріптестікті дамыту, тілдерді, спортты, ішкі саясат, конфессияаралық қатынастар, мәдениет, мұрағаттар мен

құжаттама, дін және жастар саясаты мәселелері тапсырылған. Облыс әкімінің орынбасары ӘБДІРАЙЫМОВ Қалижан Серікұлына Үдемелі индустриалдықинновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру, құрылыс индустриясын дамыту, өнеркәсіпті қолдау, инновацияларды және озық технологияларды ендіру жұмыстарын ұ й ы м д а с т ы р у, к ә с і п к е р л і к т і д а м ы т у, инвестицияларды тарту, мемлекеттікжекеменшік әріптестік мәселелері тапсырылған. Облыс әкімінің орынбасары ЖОЛДАСБАЕВ Мұратбай Сматайұлына агроөнеркәсіп кешенін дамыту, жер қатынастары және су ресурстары, табиғи экологиялық қауіпсіздік, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу мәселелері тапсырылған. Облыс әкімі аппаратының басшысы РАХМАНБЕРДИЕВ Рахметілдә Сегізбайұлына облыс әкімінің, облыс әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдастыру, хаттамалық, құжаттамалық, материалдықтехникалық және өзге де қамсыздандыру, облыс әкімінің кадрлық саясатын іске асыру және мемлекеттік қызметтерді көрсетуді дамыту мәселелері тапсырылған.

Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол».

Жаттығу залында шүмектеп төгілген тердің арқасында Азия ойындарында дзюдодан еліміздің жүлде қоржынына тұңғыш рет алтын медаль салған Елдос Сметовті, күміс жүлдегер Азиз Қалқаманұлын, қолаға қол жеткізген Линария Мингазованы облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қабылдады. – Қай салада болсын, еңбектеніп, тер төкпейінше жетістікке жете алмайсың. Облыс орталығында ғажайып «Тараз-Арена» спорт кешенінің салынуы – Елбасының cпортты дамытуға баса көңіл бөліп отырғанының көрінісі. Соның арқасында біздің спортшыларымыз барлық жағдай жасалған сарайда жаттығуға мүмкіндік алды. Қазіргі кезде спорт залдар аудандарда да бой көтеруде. Жамбылдықтардың XVIII Азия ойындарында қол жеткізген табыстары осындай үлкен қолдаулардың нәтижесі екені анық. «Айша-бибі» су добы клубы спортшыларының қола медальға қол жеткізген жетістігі, дзюдодан Елдос Сметовтің алтын жүлдені жеңіп алуы, Азиз Қалқаманұлы мен Линария Мингазованың күміс және қола жүлдегер атанып, туымызды көкте желбіреткені мәртебемізді асырды. Жалпы,

Жамбыл жері спорты арқылы елге мәлім. Даңқты Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Ермахан Ыбырайымов, Бақтияр Артаев, Болат Жұмаділовтің жеңісті жолын жалғастыратын осы жастар. Біз жастарымызға сенім артамыз, – деген Кәрім Нәсбекұлы Азиада чемпионы Елдос Сметовке 1 миллион теңгенің сертификатын тапсырды. Күміс және қола жүлдеге қол жеткізген балуандар Азиз бен Линария екеуі 500 мың теңгенің сертификатын алды. Елдос ендігі бағындырар биігі, арманы – Олимпиада шыңы екенін айтады. «Әкем мен шешем мені кішкентайымнан спорт мектебіне берді. Алғашқы бапкерім Ахмет Жұмағұл және басқа мамандар мені дайындап, үлкен аренаға шығарды. Маған үміт артты. Сол үдеден шықтым деп ойлаймын. Ендігі мақсатым – Олимпиадада Қазақстанның жалауын биікте желбірету. Оған жету үшін алда үлкен рейтингілік жарыстар болады. Соған қатысып, әлемдегі нөмірі бірінші балуан атану керек, – дейді чемпион. Елдос жастар құрамасында өнер көрсетіп жүргенде-ақ, мамандар оған үлкен сенім артатын. Солардың бірі – дзюдодан мемлекеттік жаттықтырушы Ержан Байжұманов: «Жастар арасында дзюдодан тұңғыш әлем чемпионын баптап шығарған Жамбыл өңірінің балуандық

мектебі осал емес. Көлденең кедергісінен сақтасын, ендігі Олимпиадада Елдос еліміздің туын желбірететініне сенімдімін», – деген еді Таразға келген бір сапарында. Чемпионның анасы Тоқтагүл баласы Елдосқа балуандық өнер әкесі Бақтыбайдан дарыған дейді. Тоқтагүл Сметованың айтуынша, ол мектепте оқып жүргенінде, кейіннен әскерде де еркін күреспен шұғылданыпты. «Біз Т. Рысқұлов ауданындағы Жалпақсаз ауылында тұрдық. Ол кезде қиын-қыстау кез еді ғой, балалардың болашағын ойлап, Таразға көшіп келдік. Үш ұлымызды да спорт мектебіне бердік. Бірақ, тұңғышымыз өнер жолын таңдады. Елдосым – кенжем. Кеше Алматыдан күтіп алдық, қалаға келген бітіміз осы. Бірден облыс әкімі қабылдап, сый-сияпат көрсетіп жатыр. Қатты риза болдық», – деп ағынан жарылды анасы. Бақтыбай Сметов ұлының спортпен шұғылдануына өзі ықпал еткенін айтады. «Ұлдарым кішкентайында көгалда күресе кететін. Соған қарап, күреске бердім. Елдосты қолынан жетелеп, спорт мектебіне апарғанымда 5-6 жаста еді. Алғашқы жетістігіне 7 жасында қол жеткізді. Содан бері көрсеткіштері жаман болған жоқ. Қажет кезде ақыл-кеңесімді айтып отырамын. Қалай десек те, әке балаға сыншы ғой», – дейді балуанның әкесі. Спортшы қыз Линариямен де аз-кем тілдесіп үлгердік. Мингазова дайындық жоғары деңгейде өткенін айтады. «Мен өз жеңісіме сенімді едім. Финалға шығуыма тура сол күні аздап сырқаттанып қалғаным кедергі келтірді. Оның үстіне төрешілер де ағаттық жасап, жолымды кесті. Ұпай жағынан басым тұрған едім, бірақ жеңісті Түркменстаннан келген балуанға берді», – дейді ол. «Линария жекелей сында қола жүлдегер атанды. Ал Азиз командалық жарыста күміс медальді иеленді. Елдос пен Азиздің жаттықтырушысы Ғалымжан Жылқышиев», – деп ой бөлісті Мингазованың бапкері Елдос Далабай. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
26 кыркуйек пдф by akjolgazet - Issuu