27 газет

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облысты о амды саяси газет №80-81 (17937-17938), Сейсенбі, 27 мамыр, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

www. akjolgazet.kz

l ТАРАЗ

l АҚЖОЛТАЙ ХАБАР

ҚАЗАҚСТАНҒА ӘЛЕМ НАЗАРЫ АУҒАН КҮН

МАЛАЙЗИЯ МИЛЛИОНДАРЫ Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол». МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАНҒА РЕСМИ САПАРМЕН КЕЛГЕН МАЛАЙЗИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ НАДЖИБ ТУН РАЗАКПЕН КЕЗДЕСТІ. ЕКІ ЖАҚТЫ КЕЗДЕСУДЕН КЕЙІН МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫ БІРЛЕСКЕН БРИФИНГ ӨТКІЗІП, ОНДА НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ ТҮРЛІ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНЕН ЕКІ ЕЛДІҢ ҰСТАНЫМДАРЫ БІРДЕЙ ЕКЕНІН ЕСКЕ САЛЫП, МАЛАЙЗИЯМЕН БҰДАН БЫЛАЙ ДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДАМИ БЕРЕТІНІН АТАП КӨРСЕТТІ. «САПАР АЯСЫНДА БИЗНЕСТІК ҚҰРЫЛЫМДАР АРАСЫНДА ЖАЛПЫ МӨЛШЕРІ 1,1 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРДАН АСАТЫН ҮШ КЕЛІСІМШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ, СОНЫҢ ІШІНДЕ ЕКЕУІ МАҢҒЫСТАУ, БІРЕУІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР БОЙЫНША ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ» ДЕДІ ЕЛБАСЫ.

Жағымды жаңалықты естісімен облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Оспан Бердияровпен хабарластық. – Малайзиядан облысқа тартылатын инвестиция көлемі – 350 миллион доллар. Бұл қаржы агросаланы қолдауға бағытталып отыр. 50 мың бас мүйізді ірі қара малы алынады, оның 20 мыңы Шу ауданына, қалған 30 мың бас «Батыс Еуропа-Батыс-Қытай» халықаралық жолының бойынан ашылатын шағын фермаларға беріледі, – деді.

ӨТКЕН АПТАДА АСТАНАДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫНДА АДАМЗАТ АЛДЫНДА ТҰРҒАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ҮШ КҮН БОЙЫ ТАЛҚЫЛАҒАН VII АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ. ОНЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ ФОРУМ ЖҰМЫСЫНА ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАТЫСЫП, ӘЛЕМНІҢ 150-ГЕ ТАРТА ЕЛІНЕН КЕЛГЕН КӨРНЕКТІ САЯСАТКЕРЛЕР, ТАНЫМАЛ ҒАЛЫМДАР, АУЗЫ ДУАЛЫ САРАПШЫЛАР, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІ, НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ 9 ЛАУРЕАТЫ АЛДЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ.

– Біздің бұл форум аймақтық пікіралысу алаңынан халықаралық экономикалық өмірдің маңызды оқиғасына айналды. 2013 жылы қыркүйектегі «Үлкен жиырмалықтың» саммитіне Қазақстанның қатысуы шеңберінде форумның ұсыныстары мен идеялары таныстырылды. 4 миллионнан астам пайдаланушыны біріктіріп отырған G-GLOBAL жаһандық үнқатысуы бойынша виртуальды алаң ойдағыдай жұмыс істеуде. Әлемнің 150 мемлекетінен 10 мыңнан астам қатысушыны біріктірген біздің форумның ауқымы аса зор. Астана форумы шеңберінде БҰҰ-ның қолдауымен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы екінші конференция өтті. Форумның күн тәртібі өте мазмұнды, --- деді Елбасы. Одан әрі Мемлекет басшысы әлемдегі ахуалдың күрделі болып отырғандығына кеңінен тоқталып, әр тақырып бойынша құнды ұсыныс пікірлерін ортаға салды. Елбасы сөзінен кейін пленарлық отырысқа модераторлық еткен Болгария Республикасының бұрынғы президенті Петр Стоянов маңызды тақырыптағы терең әңгімесі үшін Қазақстан басшысына отырысқа қатысушылар атынан алғысын білдірді. Бұдан соң Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разак сөйледі, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның осы форумға арнайы жолдаған бейнесәлемі назарға ұсынылды. БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесінің президенті Мартин Сайдик, 2006 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, «Grameen Bahk» банкінің негізін қалаушы «Юнус» орталығының төрағасы Мухаммад Юнус тәрізді әлем экономикасының алпауыттары сөз алды. Соңынан сұрақжауап түрінде өзара құнды пікірталас өріс алды. Мемлекет басшысы Астана экономикалық форумына және Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияға қатысқан Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті. Әңгімелесу барысында әлемдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуға қатысты бірқатар проблемалар, сондай-ақ, жаһандану жағдайындағы Қазақстанның даму мәселелері талқыланды. «Ақ жол -Ақпарат».

l БАРЫС-КЕЛІС, АЛЫС-БЕРІС l

Қаржы полициясы органдарының құрылғанына 20 жыл толуына орай облыс бойынша Қаржы полициясы департаменті Тараз қаласындағы белсенді жастардың қатысуымен ауқымды флешмоб ұйымдастырды. Қалалық мәдениет үйінің алдына жиналған 1500 белсенді студент жемқорлыққа қарсы өздерінің «ЖОҚ» деген көзқарастарын білдіріп, ұрандады. Флешмобтың ұйымдастырылуына «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, «Жас Отан» жастар қанаты, қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімі атсалысты.

l БАЙЗАҚ

Маңғыстау өңірінде «Береке басы – бірлікте» атты жас ақындар айтысы өтті. Ел мен жердің қасиетін жырлаған додада байзақтық жас өрен Әсет Дүйсебаев топ жарып, бірінші орынды иеленді. Айтыс жүлдесі 1,5 миллион теңгені ұтып алған жас ақынның алар биігі алда. l МЕРКІ Интернациональный ауылында 300 оқушыға арналған мектептің құрылысы басталды. Мердігер тараздық “ТаразҚұрылысИнвест” ЖШС әлден-ақ құрылысты қызу бастап кетті.

l Т. РЫСҚҰЛОВ Соңғы қоңырау салтанатында Жамбыл атындағы орта мектепке аудан әкімі Ж. Айтақов пен «Азиятрансгаз» мекемесінің басшысы Б.Байтуов үлкен тарту жасап, автобус сыйлады. Тереңөзек ауылындағы 11 жылдық білім ошағына Көкарық, Шолаққайыңды ауылдарынан қатынап оқитын оқушылар жаңа оқу жылынан бастап жаңа автобуспен тасымалданбақ. Бұл күні Қарақат ауылының тұрғындары да тамаша жаңалықтың куәсі болды. Октябрьшаруа орта мектебінің 20, 30 жыл бұрынғы түлектері бірлесіп, ауылға балаларға арналған шағын ойын алаңын және жаңа автобус аялдамасын салып берді.

l ТАЛАС Өткен сенбіде Қаратау қаласындағы кеншілер саябағындағы Орталық стадионда «Шолақтау» тау-кен кешені ЖШС-ның кеншілері төл мерекесін салтанатпен атап өтті. Еңбек озаттары марапатталып, аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашты.

l САРЫСУ Саудакент жерінде аудан әкімі Қанатбек Мәдібектің қолдауымен, жергілікті айтыскер Алик Бекмұсаевтың ұйымдастыруымен айрықша айтыс өтті. Айтыстың бас демеушісі – аудандық мәслихаттың депутаты, белгілі кәсіпкер Болат Садуақасов. Оған Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Айтақын Бұлғақов, Серік Қалиев, Бөрібай Оразымбетов, Күміскүл Сәрсенбаева, Алтынкүл Қасымбекова, Нұрлыбек Құрманов секілді айтыс саңлақтары қатысып, өзара сөз сайыстырды. Әнші, сазгер Роза Әлқожа мен «Гүлдер» ансамблінің әншісі Жанна Асанқұлованың өнерлерін тамашалады.

СИАНЬ-ТАРАЗ: ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ЖАРАСТЫ ЖАЛҒАСЫ Қытай бизнесі Жамбыл өңіріндегі 300 миллион доллардан асатын жобаларға қатысуға ниетті

l ҚОРДАЙ

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ АЯСЫНДА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚХР ШЭНСИ ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КӨЛЕМІ 300 МЛН. ДОЛЛАРДАН АСАТЫН (50 МЛРД. ТЕҢГЕ) ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ БІРҚАТАР ҚҰЖАТТАРҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ. Енді Жамбыл облысы әкімдігі мен Шэньси провинциясының халықтық үкіметі арасында ауыл шаруашылығы, медициналық, туристік және басқа да салалардағы ынтымақтастық одан әрі дамитын болады. Оның басты құжаты өзара іс-қимыл туралы меморандум. Сондай-ақ, қытайлық компанияның тараздық ЖЭО-4 қайта жаңғыртуға (инвестиция көлемі - 193,8 млн. доллар немесе 30 млрд. теңге), Жамбыл облысындағы күн электр стансасының қуатын 1,5-тен 7 МВт-ға кеңейту (13 млн. доллар), шығарылған өнімдердің ЕУРО-4 стандарттарына сәйкес келуі үшін жаңа жабдықтар мен технологияларды енгізіп, қолданыстағы газды қайта өңдейтін зауытты жаңғырту (54 млн. доллар) және жел электр стансасын 1,5 МВт-дан 21 МВт-ға дейін ұлғайтуға қатысуға ниеті туралы меморандум жасалды.

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев «бүгінгі қол қойылған меморандумдар бойынша жобалардың жалпы құны 50 млрд. теңгеден асып түсетінін» хабарлады. Ол Шэнси провинциясы Қытайдың жетекші ауыл шаруашылығы өңірі (әлемдегі алманың 10 пайызы осы жерде өсіріледі) болып табылатынын атап өтті. «Біз олармен осы салада бірлесіп жұмыс істемекпіз. Ежелгі Сианьда екі мыңжылдық тарихы бар Тараз арқылы өтетін Ұлы Жібек жолы басталған. Сондықтан біздің бауырлас қалалар мен өңірлер арасында туристік саланы дамытпақ ойымыз бар. «ЭКСПО-2017»-ге біз Тараздың ежелгі тарихымен таныстыру үшін қытайлық туристерді молынан тартуға ниеттіміз», – деді К. Көкірекбаев. Тараз қаласы мен ҚХР Шэньси провинциясындағы Сиань туыстас қалалар болып табылады. Жамбыл облысының делегациясымен 40-тан астам адам келді: әкімдік қызметкерлері, бизнесмендер, ЖОО ректорлары. Олар Шэньсилік ЖОО-лардың тыныс-тіршілігімен танысады. Еске сала кетейік, Сиань қаласында 18-ші саудаинвестициялық көрмесі мен «Жібек жолы» жәрмеңкесі өтуде. Оған Қытайдың барлық провинциясынан, автономиялық өлкелерінен, орталық бағыныстағы қалаларынан 674 делегация және 77 ел қатысуда. Сиань.

Гвардиялық әскери қалашығында Б.Момышұлы атындағы №43 орта мектепте қаза тапқан ауғандық жауынгерлер Ю.Макеев, С. Тишенко, А. Королевтерге арналған ескерткіш тақта ашылды. Бұлардың үшеуі де осы мектептің түлектері еді.

Халық қазанын қайнаттым, Қолымның, кәне, қарасы. Ер қазанын қайнаттым, Етімнің, кәне, жарасы. Халық мақалы.

МЕКТЕП ВАЛЬСІ

«ҚАЛАЙША ҚИЯМЫЗ,

ҰШЫРСА ҰЯМЫЗ...» мектеп бітірушілердің жүректерін лүпілдеткен соңғы қоңырау салтанаттары болып өтті Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол».

ТҮЛЕКТЕРДІҢ КЕЗЕКТІ ТОБЫНЫҢ ҚИЯҒА САМҒАП ҰШАР МЕЗГІЛІ ДЕ КЕЛІП ЖЕТТІ. БИЫЛ ҚАЗАҚ-ТҮРІК ҰЛДАР ЛИЦЕЙІ ӨЗ ҚАБЫРҒАСЫНАН 46 ТҮЛЕК ТҮЛЕТІП ҰШЫРДЫ. БӘРІ ДЕ ФИЗИКА, ХИМИЯ, БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ТҮРЛІ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТКЕН ОЛИМПИАДАЛАР МЕН ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖАРЫСТАРЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДАН КӨРІНІП, ОБЛЫСТЫҢ АТЫН АЛЫСҚА ТАНЫТҚАН ӨРЕН ЖҮЙРІК ҮЗДІКТЕР.

УӘДЕ ЖӘНЕ ҮДЕ

ТАРАЗ

ТАУНХАУСТАРЫ құрылыс қашан басталады? Осыдан екі ай бұрын оқырмандарға «Тараз қаласында таунхаустар құрылысы басталатын болды» деп қуана хабарлаған болатынбыз. Он тоғызыншы ғасырда Ұлыбритания елінде дүниеге келген, қазақша «қалалық үйлер» деп аталатын аталмыш баспаналардың өркениетті елдерде әлі де сәннен қалмағанын да жеткізгенбіз. «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынатын сол құрылыс, міне, екі ай өтсе де әлі басталған жоқ. Тараз таунхаустарын қолға алмақ болған «Там Құрылыс» ЖШС-ы да «бәлен жерге қазық қағып, түген жерге үйлердің іргетасын қалай бастадық» деген жағымды жаңалық тарқатар емес. Сонда игілікті іске не кедергі болып тұр? Құрылыс алаңына лайық жер табылмай жатыр ма, әлде қаржы мәселесі қолбайлау болып отыр ма? Құрылыс жұмысының жедел басталып кетуіне мүдделі облыстық

құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, сәулет және қала құрылысы басқармасы және Тараз қаласының әкімдігі бұған не дейді? «Туған ай - тураған ет». Міне, көктем айы қош-қошын айтуға жақын. Әні-міне дегенше жаз да өте шығады. Ар жағы «қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай». Сол кезде өңірдегі жыл жаңалығына лайық нысандарды санай бастаған жұртқа не дейміз?

«Ақ жол-Ақпарат».

Қазақ-түрік ұлдар лицейінде өткен соңғы қоңырау салтанатында облыстық білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова, халықаралық КATEV қорының өкілі Мұстафа Демир, ата-аналар атынан сөз сөйлеген еңбек ардагері Еркінбек Солтыбаев, дәрігер Иса Мырзахан білім беру саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген лицей басшылары, ұстаздарға ризашылықтарын білдіріп, түлектерге

ақ жол тіледі. Бұдан соң республикалық пән олимпиадаларының екі дүркін жеңімпазы Болат Әшім мен 7-сынып оқушысы Нұрболат Айдарханның қоңырау қаққан сәті жиналғандарды ерекше толқытты. (Жалғасы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
27 газет by akjolgazet - Issuu