Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы
Меркі
Қордай
Бауыржан Момышұлы
ak-jol-taraz@rambler.ru
№100 (18294), Сенбі, 27 тамыз, 2016 жыл
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
НДА ЖАҺА
ПРЕЗИДЕНТ
ЕЛ МЕРЕЙІН АСЫРҒАНДАРҒА ҚҰРМЕТ
Елбасы XXXI жазғы Олимпия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған салтанатты рәсімге қатысты. Рәсімді ашқан Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Ұлттық құраманың Рио-де-Жанейродағы ХХХI жазғы Олимпия ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады. – Біздің спортшыларымыздың Олимпиададағы медальдары, жоғары спорттық нәтижелері мен жетістіктері Қазақстан Тәуелсіздігінің алдағы 25 жылдығына лайықты сый болып саналады. Сіздер біздің еліміздің халықаралық спорттағы мәртебесі биіктігін дәлелдеп, жаттықтырушылар м е н ж а н к ү й е рл е рд і ң ғ а н а е м е с , барша қазақстандықтардың үмітін ақт адыңыздар, – деді Нұрсұлт ан Назарбаев. Қазақст ан Пре зиденті өткен Олимпиадада біздің құраманың түрлі дәрежедегі 17 медальды иеленгенін атап өтті. – Бұл Қазақстанның әлемдік олимпиадалық қозғалысқа қатысу тарихындағы басқа Олимпия ойындарындағы жүлделерден әлдеқайда көп. Ресми емес медальдық есепте біздің олимпиадалық құрама әлемнің 207 елінің спорттық құрамалары ішінде 22-орында тұр. Баршамыз Риодағы Олимпиада тұғырында еліміздің әнұраны 3 рет шырқалып, туымыздың 3 рет ең биікте желбірегеніне мақтанамыз. Осылайша, боксшы Данияр Елеусінов, суға жүзуден ел тарихындағы тұңғыш чемпион – Дмитрий Баландин, ауыр атлет Нижат Рахимов ерекше жетістіктерге жетіп, О л и м п и а д а ж е ң і м п а з ы ат а н д ы . Олимпиададағы т абыстың орт ақ қоржынына 5 күміс және 9 қола медаль
=ГЕРМАНИЯ «VOLKSWAGEN GOLF» ҮЛГІСІНДЕГІ КӨЛІКТЕРДІҢ ӨНДІРІСІ ТОҚТАДЫ Еуропаның ірі автоконцерні «Volkswagen»нің Германиядағы алты зауытындағы бірнеше өндірістік конвейер жұмысын тоқтатты. Ондағы 28 мың қызметкердің жұмыс уақыттары қысқартылса, ал кейбірі кезектен тыс демалысқа кетуге мәжбүр болды. Концерн кейбір автокөліктерді құрастыруды да тоқтатты. Оған көліктің қосалқы бөлшектерін жеткізуші компаниялармен бір мәмілеге келе алмауы себеп болып отыр. =ИТАЛИЯ ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН ҚАЛА ҚИРАП ҚАЛДЫ Елдің орталық бөлігіндегі зілзаладан кейін жергілікті билік инфрақұрылымның қирағанын мәлімдеді. 160-қа жуық адам қаза тапқан. Елдің азаматтық қорғаныс қызметі апат аймағында қаза тапқандардың денесін іздеу жалғасып жатқандығын айтуда. Құтқарушыларға сенсек, Лацио облысындағы Аккумули мен Аматриче кенттерінде және Пескарадель-Тронтода да адам шығындары бар. =РЕСЕЙ «АВТОВАЗ» «XCODE» КӨЛІГІНІҢ ЖАҢА КОНЦЕПЦИЯСЫН ТАНЫСТЫРДЫ «АвтоВАЗ» мәскеулік салонда 19 автокөлікті таныстырды, оның ішінде алтауы – концепт-карлар. Биылғы басты жаңалық «XCode» автокөлігі болды. Жаңа көлікті «АвтоВАЗ»-дың дизайн директоры Стив Маттин таныстырды. Одан басқа «Lada Kalina Sport», «Lada Granta Sport» көліктерінің де таныстырылымы өтті. Жаңа модельдер 2017 жылдың екінші жартысынан шыға бастайды. Осыған дейін «АвтоВАЗ» шығарған «Lada Vesta EV» электркарлары 2017 жылдан бастап сатылымға түсетіні хабарланған болатын.
иегерлері мол олжа салды, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық құраманың жаттықтырушылар құрамына, олимпиадашылардың отбасыларына және барша қазақстандықтарға сайыста қолдау білдіргені үшін, ал спортшыларға нағыз бәсекеде көрсеткен ерік-жігері мен олимпиадалық даңққа ұмтылысы үшін алғыс айтты. Қазақстан Президенті ұлттық құраманың жетістіктері Рио-де-
Жанейрода өтетін алдағы ХV жазғы Паралимпия ойындарына қатысатын спортшыларға рух беретінін айтып, оларға табыс пен жоғары нәтиже тіледі. Елбасы Қазақстанның 25 жыл белесінде әлемдік олимпиадалық қозғалысқа қатысқан атлеттеріміздің көптеген жарқын жеңістерге қол жеткізгенін айтты. – Қ а з а қ с т а н д ы қ т а рд ы ң 2 0 1 6 жылғы жеңіп алған марапаттарын қосқанда, еліміздің олимпиадалық
қазынасындағы медаль саны 69-ға жетті. Біздің елімізде 1992 жылдан бергі жазғы және қысқы Олимпия ойындарында жеңімпаз болған 19 Олимпиада чемпионы, 22 күміс және 28 қола медаль иегерлері бар. Бұл жоғары жетістіктер – мемлекеттің тұрақты қамқорлығының және спортты дамытуға жағдай жасаудың нәтижесі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Қазақстан Президенті барша қазақстандықтарды қол жеткен жеңістерімен құттықтап, әлемдік спорт
биігінде жаңа табысқа жетулеріне тілектестік білдірді. Сөз сөйлеген Олимпия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері және іс-шараға қатысушылар Мемлекет басшысына еліміздегі спорт пен дене тәрбиесін дамыту мәселелеріне ұдайы қолдау көрсетіп, көңіл бөліп отыратыны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев рәсім барысында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне мемлекеттік марапаттар тапсырды.
А ЫЛД Б М А Ж =ТАРАЗ ЖЕРЛЕС ӘРТІСТІҢ ЖЕТІСТІГІ Семей өңірінде Жарма ауданының орталығы Қалбатауда ұлы Абайдың әжесі Зереге арналып ескерткіш орнатылды. Дүбірлі жиынға қатысушылар «Құнанбай» көркем фильмінің режиссері Досхан Жолжақсыновпен, Жамбыл облыстық драма театрының әртісі, осы кинода Зере рөлін сомдаған Нүрсипат Салықовамен кездесті. =ТАЛАС «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Жаяушылық тартқанда, Жүрмес есек ат болар. Қарын қатты ашқанда, Қара талқан қант болар. СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ П
ЫН Ы ҢЖ АБ
Ы
Л 5 ЖЫ А–2 ЫН АН ЛҒ
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
ОЛИГО Н
Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында орналасқан Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысушылар мен ядролық қару-жарақтан зардап шеккендердің ескерткішінің алдында еске алу шарасы өтті. Митингі бір минут үнсіздікпен басталды. Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Балабек Нарбаев бастаған қала мекемелері мен кәсіпорындардың, ұйымдардың
өкілдері Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысушылар мен ядролық қару-жарақтан зардап шеккендердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып тағзым етті. Митингіде Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Балабек Нарбаев сөз сөйлеп, полигон зардабының халқымызға қаншалықты қасірет әкелгенін айтты. 40 жыл ішінде қазақ даласында 456 ядролық сынақ жасалып, оның 116-сы ашық алаңда сыналғанын 1991 жылы 29 тамызда Президент Жарлығымен Семей полигонының жабылуы миллиондаған адамдарға қуаныш сыйлағанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, «Жеңіс қаһарманы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ералы Сұлтан қазақ даласында ядролық сынақтан шеккен зардабы ұлт қасіретіне әкеп соққанын айтса, жас ақын Нұржан Қадірәлі жыр жолдарын арнады. Тараз қаласы. (Семей ядролық полигоны жайлы топтаманы 2-беттен оқисыздар).
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
СҮЙЕМ ЖЕРДІҢ ДЕ СҰРАУЫ БАР
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».
Облыс әкімі Кәрім К ө к і р е к б а е в т ы ң басшылығымен әкімдіктің кезекті мәжілісі өтті. Онда бүгінгі таңдағы маңызды м ә с е л е н і ң б і р і – ау ы л шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мен игерілмеген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару тақырыбы кеңінен талқыланды. Күн тәртібіндегі мәс еле бойынша облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы І л и я с То рт а е в п е н же р пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының
басшысы Серік Тәпеев баяндама жасады.
ЕГІСТІКТІҢ ИГЕРІЛУІ ҚАНДАЙ? О бл ы с б о й ы н ш а 5 9 4 мың гект ар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналасқан. Мұнан өзге 133,7 мың гектар жер парға қалдырылған. Облыс әкімдігінің ау ы л ш а руа ш ы л ы ғ ы басқармасының берген мәліметі бойынша, өткен жылмен салыстырғанда биыл облыс көлемінде егістік жердің игерілу көрсеткіші 22 мың гектарға артқан екен.
Алайда, егістікке жарамды мыңдаған гектар жердің игерусіз жатқанын айтқан облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы І л и я с То р т а е в : « Же р і қолайлы Байзақ және Жамбыл аудандарында бір мың гектардан аса, Меркі ауданында – 7 мың 186, Шу ауданында 20 мың гектардан аса жер игерілмеген. Оның себебі – ауыл шаруашылығы т ау а р ө н д і р у ш і л е р і н і ң ұсақтығы. Суармалы егістіктің игерілуіне кері әс ер етіп отырған т ағы бір фактор инженерлік су жүйелерінің істен шығуы неме се тозуы болып
табылады. Облыс бойынша суармалы егістік алқабы 229,6 мың гектарды құраса, оның 85,8 мың гектары сумен қамтамасыз етуді жақсартуды қажет етеді. Атап айтқанда, Байзақ ауданында – 13500, Жамбыл ауданында – 15900, Жуалы ауданында – 2700, Қордай ауданында – 9900, Т.Рысқұлов ауданында – 4600, Талас ауданында – 9300, Шу ауданында – 20300, Сарысу ауданында 400 гектар жерге су жеткізетін науалы каналдар қалпына келтіруді және күрделі жөндеуді талап етеді», – деді.
ӘР ГЕКТАРДАН 600 ЦЕНТНЕРДЕН ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ЖИНАМАҚ
600 центнерден тәтті түбір жинауды жоспарлап отырмыз. Өнімді өткізу бағасы көңілге қонымды. Қызылшаның бағасы келісіне 23 теңгеден айналады, – дейді серіктестік басшысы Қанат Шайхиев.
.
=САРЫСУ 60 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫМАҚ Ауданда «Жасыл экономика» бағдарламасы жүзеге асуда. Оған «Нар» өнер-өндірістік фирмасы» ЖШС өз үлесін қосуда. Серіктестік Түркістан ауылдық округі аумағынан құны 420 миллион долларды құрайтын «Бәйдібек – 1» жел электр стансасын іске қоспақ. Ол жерде 60 адам жұмыспен қамтылады.
(Жалғасы 3-бетте).
«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
Ме р к і ауд а н ы н д а ғ ы « С ы п ат а й батыр» ЖШС егін және мал шаруашылығымен шұғылданады. 2008 жылы қант қызылшасын өсіруді қолға алған серіктестік биыл әр гектардан 600 центнерден тәтті түбір жинауды жоспарлауда. Жо ғ а р ы ө н і м д і л і к ке ж е т у г е жаңбырлатып суару технологиясы өте үлкен септігін тигізген. Себебі, қызылша суаруды көп керек етеді. Басқа дақылдар 2 рет суарылатын болса, тәтті түбірді 5 рет суару қажет. Қазір мұндағы 200 гектар алқапта Ресейдің Волгоград қаласында шығарылып, 1 миллион рубльге сатып алынған 2 жаңбырлатып суару құрылғысы жұмыс жасауда. Бүгінде серіктестік жаңа техникамен жабдықталған. Мысалы, тұқымды дәлмедәл, өзіңіз қалаған арақашықтықта себетін арнайы құрал қызылшаны жекелемеуге мүмкіндік береді. Жер астында жатқан тәтті түбірді қопсытып, ауа беріп отыратын арнайы құрылғы да қожалықта бар. – Биыл ауа райының қолайлылығына байланысты егін түсімділігі жоғары болады деп күтудеміз. Әр гектардан
Ауданда тамыздан бастап жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясы жүріп жатыр. Қайырымдылық шара аясында аудан бойынша барлығы 503 балаға 1 миллион 714 мың теңгеге көмек көрсетілді. Оның ішінде, 1 миллион 250 мың теңгеге қала мектептерінің оқушылары мектеп қажеттіліктерімен қамтылса, қалған 464 мың теңгеге ауыл балаларына оқу құралдары мен мектеп формалары сатып алынды. Шараға барлығы 82 мекеме қызметкерлері қатысты.
Қожалық егінді жинауды 1 қазаннан баст айды. Өнімді өткізуге «Орталық Азия Қант бірле стігі» ЖШС-мен келісімшарт жасалған. «Ақ жол-Ақпарат».
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ КЕҢЕЙТЕДІ
Аст ана қаласындағы ұйымдастырушылар кеңсе сінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне Таиланд Корольдігінің қатысатындығы туралы келісімшартқа қол қойылды. Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы АҚ басқарма басшысы Ахметжан Есімов пен Энергетика министрлігінің тұрақты хатшысы – Таиланд ұлттық секциясының комиссары Ареепонг Бхоочаоом қол қойды. Басқосу барысында Ахметжан Есімов «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткізілетін көрменің ұйымдастырылу жұмыстары туралы толығырақ айтып берді. «ЭКСПО-2017-ге дайындық қарқынды жүргізіліп жатыр. Тіпті, биыл күзде қатысушы мемлекеттерге өздерінің ұлттық павильоны дайындауға берілетін болады», – деді өз сөзінде ұлттық компания басшысы. Таиланд ұлттық секциясының комиссары А.Бхоочаоом Қазақстанның Таиланд үшін Орталық Азиядағы маңызды сауда-экономикалық әріптесі екендігін тілге тиек етті. «Көрмеге қатысу – біздің Корольдік үшін өте маңызды. Көрме біздің мемлекеттер арасындағы екіжақты қарымқатынастар үшін ерекше қарқын беретіндігіне сенімдіміз», – деді А.Бхоочаоом. Энергетика министрлігінің тұрақты хатшысы А.Бхоочаоом «Жасыл энергетика» саласындағы ең үздік технологияларын көрме барысында әлемге паш ететіндігін атап өтті. Таиланд 2021 жылы баламалы энергия көздерін пайдалану үлесін 25 пайызға дейін өсіруді көздеп отыр.