АБАИҒА АБАЙҒА
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№78 (18112), Сенбі, 27 маусым, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ЕРТЕҢ – БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
ГАЗЕТ – ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗІ, ҚҰЛАҒЫ ҺӘМ ТІЛІ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ӨҢІР ЖУРНАЛИСТЕРІН ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол». ТАРАЗДА «100 НАҚТЫ ҚАДАМ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРТҰТАСТЫҚ» ДЕГЕН ТАҚЫРЫПТА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖУРНАЛИСТЕР ФОРУМЫ ӨТТІ. ӘРҚАШАН ЕЛДІК МҮДДЕНІ ЖОҒАРЫ ҚОЯТЫН БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕНІ КӨТЕРГЕН ЖИЫНДА БАС ҚОСУЫ ЗАҢДЫЛЫҚ. БІР ЖАҒЫНАН, 28 МАУСЫМ – БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ШАРАНЫ ҚАЛАМГЕРЛЕРДІҢ ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НАҚТЫ 100 ҚАДАМЫ БЕЛГІЛЕНГЕН ҰЛТ ЖОСПАРЫНА ҮН ҚОСУЛАРЫНЫҢ ЖАҢА ФОРМАСЫ ДЕУГЕ ДЕ БОЛАДЫ. ФОРУМҒА ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ҚАТЫСЫП, БАҚ ӨКІЛДЕРІН ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ. (ЖАЛҒАСЫ 4-БЕТТЕ).
2015 жылдың 1-3 шілдесі күндері
ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ Облыс əкімі К.Көкірекбаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» Жолдауының жүзеге асырылу барысына арналған ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтеді. Сұрақтарыңызды 1-3 шілде күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге www.egov.kz веб-сайтындағы сілтеме арқылы жолдауларыңызға болады.
45-98-99, 45-94-61
ЕҢБЕК СЕМЕСТ
РІ 20 1
СТУДЕНТТЕР ІСКЕ БЕЛСЕНЕ КІРІСТІ
5
Нұрболат ӘЛДИБЕКОВ, «Ақ жол». Т.Рысқұлов ауданы, Юбилейный ауылындағы жаңадан соғылып жатқан мектеп құрылысын алдағы оқу жылына дейін аяқтау көзделгені белгілі. Осы мақсатта ТарМПИ-дің «Жалынды жастар студенттік құрылыс жасағы» көмекке келді. Қарлығаштың қанатымен су сепкендей қамқорлық көрсетуге келген 30 а д а м н а н қ ұ р а л ғ а н осынау құрылыс ж а с а ғ ы н жергілікті жұртшылық қуана қарсы а лды. Өз кезегінде аудан әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Ержан Жолдыбеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрдәулет Жамалбеков және ауыл әкімі мен мектеп директоры студент-жастарды құрылыс жұмысымен таныстырды. Құрылыс жұмысын «ТОО ЧИТ» фирмасы жүргізіп жатыр. Аталмыш фирманың осы мектеп құрылысына жауапты өкілі Манарбек Ақжігітов өздеріне қолұшын созуға келген студенттік құрылыс жасағының қызжігіттеріне алғысы шексіз екенін айтып, ағынан ақтарылды. Жастар күші – жанартау, жас жүрген жер мереке екенін ескерсек, осынау білім ордасы құрылысының сапалы әрі мерзімінен бұрын аяқталуына ТарМПИ студенттерінің септігі тиетіні анық. Біз де студентжастарға «Еңбек рәтті болсын» айттық. Т. Рысқұлов ауданы.
құлақ түрейікші, түрейікші, құлақ ағайын! ағайын!
ЖҮРЕГІМ, НЕНІ СЕЗЕСІҢ? ЖҮРЕГІМ, НЕНІ СЕЗЕСІҢ? СЕНЕН БАСҚА ЖАН ЖОҚ ПА? ДҮНИЕНІ, КӨҢЛІМ, КЕЗЕСІҢ, ТИЯНАҚ ЖОҚ ПА, ҚОЙ, ТОҚТА! СЕЗГЕНІҢДІ СЕЗДІРІП, ЖЕТЕ АЛМАДЫҢ ОРТАҚҚА. ТІРІ ЖАННАН БЕЗДІРІП, АПАРАСЫҢ ҚАЙ ЖАҚҚА? ОРТАҚТЫҚ, ТЫНЫШТЫҚ ДОСТЫҚ ҚОЙ, ОНЫҢ ҚАДІРІН КІМ БІЛЕР? ӘРКІМГЕ-АҚ ТІЛЕУ ҚОСТЫҚ ҚОЙ, БӘРІ АЛДАМШЫ САУДАГЕР. ХАЛЫҚТЫҢ АТЫ КЕРЕК ҚОЙ, Я МАҚТАУҒА, БОҚТАУҒА. ҚҰБЫЛҒА БӘРІ ЗЕРЕК ҚОЙ, БӘРІ ЖАЙСЫЗ ТОҚТАУҒА. ДОСТЫ ҚАЙДАН ТАБАРСЫҢ, КЕҢЕСЕРГЕ АДАМ ЖОҚ. ӘРЛІ-БЕРЛІ ШАБАРСЫҢ, ЖАЛҒЫЗДЫҚТАН ЖАМАН ЖОҚ. АҚЫЛ АЙТСАҢ БІРЕУГЕ ІШІҢ ЕРІП, ЕГІЛІП, ҰЯЛМАС АҚЫ ТІЛЕУГЕ, БЕРМЕСЕҢ ҚАЛАР ТҮҢІЛІП. АҚЫ БЕРІП ТЫҢДАТҚАН СӨЗ КӨКЕЙГЕ ҚОНАР МА? ҚҰЛАҒЫН САТҚАН ТӘҢРІ АТҚАН ОҢДЫРАР МА, ОҢАР МА? КҮЙЕСІҢ, ЖҮРЕК, КҮЙЕСІҢ, КҮЙГЕНІҢНЕН НЕ ПАЙДА? ДҮНИЕДЕ НЕНІ СҮЙЕСІҢ ӨМІР ҚАЙДА, ДОС ҚАЙДА?
ЖАЗЫЛЫМ – 2015 Тасболат БАЙТЕЛИЕВ,
ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН
ҚҰДАЙ – БІР, ҚҰРАН – РАС
ардагер, 1970-1984 жылдары Меркі және Луговой аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
300 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол». РАМАЗАН АЙЫНЫҢ ӘР КҮНІ САУАПТЫ ІСТЕРМЕН ӨТКІЗІЛУІ ТИІС ЕКЕНІ БЕЛГІЛІ. КЕШЕ ҚАСИЕТТІ ЖҰМА НАМАЗЫ БАСТАЛАР СӘТТЕ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ «ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕШІТІНДЕ БОЛДЫ. ОБЛЫС БАСШЫСЫ ОТБАСЫНЫҢ АТЫНАН ПІТІР САДАҚАСЫН БЕРІП, ИМАМДАР МАҚАМ СОЗЫП ОҚЫҒАН ҚҰРАНҒА ҚОЛ ЖАЙДЫ. ҚАСИЕТТІ АЙДА ОТАНЫМЫЗҒА, ОБЛЫСЫМЫЗҒА АЛЛАДАН ЖАҚСЫЛЫҚ ТІЛЕДІ.
Сондай-ақ, осы күні кешке облыс басшысы Кәрім Нәсбекұлы Тараздағы «Бақ сарайы» мейрамханасында 300 адамға дастархан жайып, ауызашар берді. Бұл игі шара қасиетті құранның оқылуымен басталды. Келесі сәтте облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев сөз алып, қадірлі Рамазан айында бір Алланың разылығы үшін ораза ұстаған жамағатқа ниеттеріңіз қабыл болсын деді. Облыс басшысы бүгінгі таңда елімізде имандылық кеңінен өркен жайып, ауыз бекітушілердің қатары да көбейіп отырғанын, тұрғындардың игі істерге ұмтылғаны мұсылман баласына тән өте жақсы амал екеніне тоқталды. Сондай-ақ, Кәрім Нәсбекұлы қазіргі таңда елімізде Елбасымыздың ерен ерлігімен, көреген саясатымен жүргізіліп жатқан ұлан-ғайыр істерге тоқталып, мемлекетіміздің мәртебелі болуына баршамыз қомақты үлес қосуымыз қажеттігін қозғап өтті. Жамағаттың жүрегі ізгілікпен нұрланған осынау сауапты кеште белгілі қаламгерлер, облыстың Құрметті азаматтары Баттал Жаңабай мен Арғынбай Бекбосын сөз алып, қасиетті айда сауапты іс жасаған облыс басшысына алғысын білдіріп, осынау жақсы айда тек жақсы амалдар жасап жүру
қажеттігіне көпшіліктің назарын аударды. Сондай-ақ, ізгілікке толы дастарханда ҚМДБ-ның облысымыздағы өкілі, облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев жамағаттың көңілін қасиетті Құран аяттары мен Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) хадистеріне бұрып, мың айдан да артық болған Рамазанда жасалған құлшылықтың сауабы әлденеше есе жоғары болатынына, барлық амалдарды Алланың ризашылығы үшін жасауымыз қажеттігіне тоқталып, имандылық тұрғысынан көпшілікке тағылым болатын насихаттар айтты. Тараз қалалық «Әулиеата» мешітінің бас имамы Аят Алмаханов та сөз алып, имандылықтың, жақсы амалдың берер пайдасына көбірек тоқталды. Сонымен қатар байзақтық ардагер Рәш Шәметов көпшіліктің атынан облыс басшысына алғысын білдірді. Жиын соңында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеуқабыл Төребеков ақсақал бата берді. Облыстың бас имамы Данияр Әлимұхамедұлы құран оқыды. Көпшілік бұл ізгілікке толы жиыннан к ө ң і л д е р і марқайып, Рамазан айының құлшылық, ғибадат айы екенін ұғынып қайтты. Тараз қаласы.
Халық мақалы.
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АТШАБАР ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНДЕ ШІЛДЕ АЙЫНДА 42 ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол». Тараз қаласының орталығындағы «сақалды құрылысқа» айналған Атшабар тұрғын үй кешені сырттай қарағанда көзге тым қораш көрінетін. Енді міне, ұзақ жылдан бері шешімін таппай келе жатқан түйткілдің түйіні тарқатылатын түрі бар. Кешендегі құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, 210 пәтер толықтай өз иелерін тапқалы отыр. Ал шілде айында бірден 42 пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде. (Жалғасы 2-бетте).
жазылыңыздар, ағайын! ӘР АЙДЫҢ 28-ІНЕ ДЕЙІН КЕЛЕСІ АЙҒА ЖАЗЫЛЫМ ҚАБЫЛДАНАДЫ. ҚАЛАДАҒЫ ОҚЫРМАН БІР АЙҒА – 314,03, ҮШ АЙҒА – 942,09, АЛТЫ АЙҒА – 1884,18 ТЕҢГЕГЕ, АЛ АУЫЛДАҒЫ ОҚЫРМАН БІР АЙҒА – 352,25, ҮШ АЙҒА – 1056,75, АЛТЫ АЙҒА – 2113,5 ТЕҢГЕГЕ ЖАЗЫЛА АЛАДЫ. МЕКЕМЕЛЕР БІР АЙҒА – 355,69, ҮШ АЙҒА – 1067,07, АЛТЫ АЙҒА – 2134,14 ТЕҢГЕГЕ ЖАЗЫЛАДЫ.
ЖАЗЫЛЫМ «ҚАЗПОШТАНЫҢ» БАРЛЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
“Қаратау сарыны” халық құрметіне ие болды
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ОН ЖЫЛ ТҰРҒАН ҚҰРЫЛЫСҚА ЖАН БІТТІ
Отыз күн Оразаның бір айты бар, Әр қылған жақсылықтың бір қайты бар.
«АҚ ЖОЛҒА»
ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ Наурызбек САРША, «Ақ жол».
ФЕСТИВАЛЬ АЛҒАШ РЕТ 2013 ЖЫЛЫ ЕЛОРДАМЫЗ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ 15 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛСА, 2014 ЖЫЛЫ ОБЛЫСТЫҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, ХАЛЫҚ ҚОШЕМЕТІНЕ ИЕ БОЛДЫ. (Жалғасы 8-бетте).