БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
(АБАЙ).
170 Жамбыл облысты о амды саяси газет
№24 (18218), Сенбі, 27 а пан, 2016 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
ПРЕЗИДЕНТ
www. akjolgazet.kz
МЕНІҢ ӨМІРІМ ЖАМБЫЛ. ҚАҚАҒАН ҚАР АРАЛАС СОҒЫП БОРАН, ЕЛ ҮРЕЙ – КӨК НАЙЗАЛЫ ЖАУ ТОРЫҒАН. БАЙҒАРА, ЖАМБЫЛ, ХАНДА МЕН ТУЫППЫН ЖАМБЫЛ ДЕП ҚОЙЫЛЫПТЫ АТЫМ СОНАН.
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
ЕЛ ҮРКІП ЖҮРГЕН КЕЗДЕ КҮНІ-ТҮНІ, САРЫ АЯЗ КӨШ-ЖӨНЕКЕЙ БОРАН КҮНІ, ҚАР ҚАУЫП, МҰЗҒА ТҮСКЕН ЖАМБЫЛ ЕКЕМ, ЖҰТЫНЫП СУЫҚ АУА ШЫҚҚАН ҮНІ.
28 АҚПАН – ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛ АҚЫННЫҢ ТУҒАН КҮНІ
ДОСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАМИ БЕРЕДІ
жыл
Жамбыл – ғасырлық ғұмырымызда арыны басылмаған алып жыршы, шұрайлы жырдан өшпес мұра қалдырған дүлдүл ақын. Ол өзінен кейінгі əр ұрпақтың ат басын арнайы бұрып, шөліркегенде тұнық жырларынан сусындар тұма бұлағы! Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.
МЕН ЕМЕС, СУЫҚ ДЕМДІ ЕЛ ДЕ АЛЫПТЫ, ТАРЫЛТҚАН ҚЫСАҢ ЗАМАН КЕҢ ЖАРЫҚТЫ. ҚАРА КҮН ХАН БИЛЕГЕН, ҚАНДЫ ЖОРЫҚ ДЕГЕНДЕЙ ЕЛ АУЗЫНДА СӨЗ ҚАЛЫПТЫ. КӨЗ АШТЫМ, СОРҒАЛАҒАН ҚАНДЫ КӨРДІМ, ҚАМЫҚҚАН ҚАНДЫ ЖАСТЫ ЖАНДЫ КӨРДІМ, ЕЛ КӨРДІМ – ЕҢІРЕП БОСҚАН АҢДЫ КӨРДІМ, ҚОЙНЫНДА АЛАТАУДЫҢ ЗАРДЫ КӨРДІМ. БОЙ БЕРМЕС ЕЛ ӨМІРІ АСАУ ШЕРІ, ТҰРСА ДА ҚҰРСАУЛАНЫП ТОҚСАН ЖЕРІ, БІРДЕ ОТ, БІРДЕ СУДЫ КӨКТЕЙ КЕШІП, ТАЛПЫНЫП ТІЛЕГІНЕ БАСТЫ ІЛГЕРІ. ӨМІРМЕН АРАЛАСҚАН ӨСТІ ЖАМБЫЛ, ЕЛ БАСҚАН ОТТЫ, СУДЫ КЕШТІ ЖАМБЫЛ, ҚҰЛЫННАН ҚҰНАН ДА ӨРЛЕП, ДӨНЕН ДЕ ӨРЛЕП, ШЫҚҚАНДАЙ БОЛА ҚАЛДЫ БЕСТІ ЖАМБЫЛ.
Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Мысыр Араб Республикасының Президенті Əбдел Фаттах Ас-Сисимен кездесті. Ке з д е с у б а р ы с ы н д а е к і е л д і ң с ауд а экономика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, инфрақұрылым жəне көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастығы мəселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Ə.Ас-Сисидің Қазақстанға алғашқы сапары елдеріміз арасындағы серіктестік қарым-қатынастарға жаңа серпін беретінін айтты. – Біздің ел Мысырмен с енімді достық қарым-қатынасты дамытуға мүдделі. Биыл қазақстандықтар өз Тəуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелейді. 1991 жылы араб елдері ішінен Мысырдың ең бірінші болып тəуелсіздігімізді танығаны есімізде. Содан бері халықтарымыз бен елдерімізді жақындастыру үшін көп жұмыс жасалды, осы жылдар ішінде мен Мысырға бірнеше рет бардым, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті екі елдің географиялық алшақтығына қарамастан, көлік-транзит байланысын дамыту үшін зор əлеуетке ие екеніне де назар аударды. Мемлекет басшысы Ə.Ас-Сисидің Мысыр басшылығына күрделі кезеңде келгенін айтты. (Жалғасы 2-бетте).
Қылышынан қан тамған батырды, Тілінен бал тамған ақын алады.
ОН ЖАСТА ОЙНАП ЖҮРДІМ БАЛА БОЛЫП, ӨЛЕҢГЕ БӨЛДІМ КӨҢІЛ АЛАҢ БОЛЫП, РАЙЫТТАП ТАНА МІНІП, ҚОЗЫ БАҚТЫМ, ЕҢБЕКТІ ИЕМДЕНГЕНДЕ ШАМА КЕЛІП. ҚОЙШЫМЕН КЕҢЕС ҚҰРДЫМ ҚЫР БАСЫНДА, ӨЛЕҢМЕН ЕРМЕК БОЛДЫМ ЖОЛДАСЫМА. СОЛ ЕҢБЕК ҚАЛЫТҚЫДАЙ КЕТТІ АЛЫП БАЙЛАРДЫҢ ЖАҚЫНДАТПАЙ МЫРЗАСЫНА. ӨЛЕҢДІ ӨРКЕНДЕТТІМ, ӨРШІП, ӨСТІМ, КӨРГЕНДЕ ЖАҚСЫ ЖЫРДЫ ҚҰСТАЙ ҰШТЫМ, «ЖАС АҚЫН», «ЖАП-ЖАҚСЫ АҚЫН», «ЖАМБЫЛ АҚЫН» – ДЕГЕНДЕ ДАРА БОЛЫП КӨЗГЕ ТҮСТІМ. ОН БЕСТЕ-АҚ ДОМБЫРАНЫ АЛДЫМ ҚОЛҒА, ТЕҢ БАСҚАН ТӨРТ АЯҒЫН БОЛДЫМ ЖОРҒА, ОН АЛТЫ ЖЕЛІ ҰЗАТТЫ, ӨРІСТЕТТІ ТҮСКЕНДЕЙ БҰЛТАРТПАЙТЫН ДАҢҒЫЛ ЖОЛҒА.
ҰЛЫ ДАЛА ЖЫРАУЫ ЖЫР АЛЫБЫНЫҢ 170 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛДЫҢ АСҚАҚ ЖЫРЛАРЫ БҮГІНДЕ ДӘУІР ҮНІНДЕЙ ЖАҢҒЫРЫҒЫП, АҚЫН ЕСІМІН АСҚАҚТАТЫП КЕЛЕДІ. ОЛ – А Й Т Ы С Ө Н Е Р І Н І Ң Б І РТ У М А А Қ ТА Ң Г Е Р І . ОНЫҢ СУЫРЫПСАЛМА СӨЗ САЙЫСЫНДАҒЫ Қ А Й ТА Л А Н БАС Қ Ұ Б Ы Л Ы С Б ОЛ Ғ А Н Д Ы Ғ Ы ДАУСЫЗ. АҚЫННЫҢ МЕРЕЙЛІ 170 ЖЫЛДЫҒЫ БИЫЛ ОБЛЫСЫМЫЗДА ҒАНА ЕМЕС, ЖАЛПЫ
ЕЛ КӨЛЕМІНДЕ АТАЛЫП ӨТУДЕ. ОСЫҒАН ОРАЙ «БАЛАСАҒҰН» ОРТАЛЫҚ КОНЦЕРТ ЗАЛЫНДА ӨТКЕН «ЖАМБЫЛ – ЖЫРДЫҢ ӨШПЕС ӨНЕГЕСІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН БАРЫСЫ ЖЫР АЛЫБЫНЫҢ РУХАНИ МҰРАЛАРЫ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МӘҢГІ БАЙЛЫҒЫ ЕКЕНІН ТАҒЫ БІР ДӘЛЕЛДЕДІ. (Жалғасы 3-бетте).
ТОП ДЕСЕ ОН ЖЕТІМДЕ ТАРТЫНБАДЫМ, СЕМСЕРДЕЙ МАЙДАНДАҒЫ ЖАРҚЫЛДАДЫМ. АҚЫНДЫ АУЫЛҒА ЕРМЕК БАСЫП ОЗЫП, ЖҰЛДЫЗДАЙ КӨЗГЕ ТҮСІП, ЖАЛҚЫНДАДЫМ. ЕРІКСІЗ ОН СЕГІЗ ЖАС МІНГІЗДІ АТҚА, БІР ЖАМБЫЛ БӨЛІНГЕНДЕЙ ЕКІ ЖАҚҚА, – БІР ЖАҒЫ ҚАЙНАП ӨСКЕН ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, БІР ЖАҒЫ АТҚА МІНГЕН БАЙ МЕН ДАТҚА. АТЫМДЫ «ЖАҚСЫ» ТАРТТЫ АРЫМАЛАП, ҚОРШАЛАП КӨП ОТЫРДЫ ҚАЙЫРМАЛАП, ӨЛЕҢНІҢ МАЙЛЫ БАСЫ КӨПТЕ ҚАЛЫП, ОТЫРҒАМ УЛЫ БАСЫН БАЙҒА ҚАДАП. ЖАУЛАРДЫ ЕЛ ҚАРҒАҒАН ЖАМАНДАДЫМ, МАНАПҚА ЖАҚСЫ СӨЗДІ ТАБА АЛМАДЫМ. АЗ СӨЗІМ БАЙ, МАНАПҚА АРНАЛҒАНДА, ЖАЛТАҚТАП ЕЛ НЕ ДЕР ДЕП АЛАҢДАДЫМ. КЕЛГЕНДЕ ЖЕМЕ-ЖЕМГЕ, ЕЛДЕ ҚАЛДЫМ... ШАЛШЫҚҚА ШАТЫЛМАДЫМ, КӨЛДЕ ҚАЛДЫМ, ШАЛҚАРДЫҢ ШАЛҚЫП ЖҮЗГЕН МЕН АҚҚУЫ КЕЛМЕДІ САСЫҚ, ШАЛШЫҚ ЖЕРДЕ ҚАЛҒЫМ.
«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ
ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛҒАНДА ОҚУШЫЛАР «ҮШ АУЫСЫМДА» ОҚУДЫ ҰМЫТАДЫ
Елордамыз Астана қаласында ұйымдастырылатын «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі ел азаматтарын ғана емес, күллі əлемнің назарын аударып отырғаны сөзсіз. Жасыл экономиканы басты тақырып еткен көрмеге қатысуға ниет білдірушілер арасында жастардың көп екендігі көңіл қуантады. Солардың қатарында, əлбетте, біздің өңір жастарының да белсенділігі байқалады. Оны ұйымдастырылып жатқан түрлі шаралардан байқауға болады. Əсіресе, арнайы ұйымдастырылған көрмелер барысында ғылымға ден қойған жаст ардың ойлап тапқан, жүзеге асыруға ниет еткен жаңалықтарын көріп, таңданбасқа болмас! Сондай іс-шараның бірін облыс əкімдігінің жастар саясаты мəселелері басқармасына
қарасты «Жастар орталығы» ұйымдастырды. Абай атындағы г у м а н и т а р л ы қ ко л л е д ж д е өткен шара «Астана ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне орайластырылып, «Жаст ар қуаты – болашақтың қуаты!» деп аталды. Аталған көрмеде студенттер өздері ойлап тапқан қ ұ р ы л ғ ы л а рд ы т а н ы с т ы р ы п , болашақта оны жетілдіруге ниетті екендіктерін байқатты. Сонымен қатар, халықаралық көрменің маңыздылығы, онда тың бастамалар мен соны ашылымдардан басқа, еліміздің абыройын асқақтатып, елдігімізді танытатын сын сəт екені де кеңінен айтылды. Айша ЖАҚСЫБЕРГЕН, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті.
Мектептерді жаңа модификациялы кабинеттермен, о қ ул ы қ т а р м е н ж а б д ы қ т ау мəселелеріне жеткілікті мөлшерде қаражаттың бөлінуі білім деңгейінің артуына оң əсерін тигізуде. Əйтсе де, бүгінгі күні үш ауысымды жəне ы ң ғ а й л а с т ы р ы л ғ а н а п ат т ы жағдайдағы ғимаратт арда
орналасқан мектептердің мəселесін шешу – ең негізгі міндеттердің бірі екендігі басты назарда. Түймекент ауылдық округінде де оқушы санының артуына байланысты орта мектеп оқушылары үш ауысыммен оқып жатыр. Аталмыш мəселеге орай «Түймекент-Ақжар» бағытындағы жол бойынан
3 0 0 о р ы н д ы қ ж а ң а м е кт е п құрылысы басталған болатын. Жуырда құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысымен танысудың сəті түсті. Аудан əкімдігі сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша, жалпы сомасы 704 миллион теңгеге бағаланған нысанда бас мердігер «Талас-Құрылыс» ж ау а п к е р ш і л і г і ш е к т е у л і серіктестігінің жұмысшылары қызу еңбек етуде. Əрдайым қызу
құрылыс басынан табылатын у ч а с ке б а с ш ы с ы Б е ке н ə л і Серікбаев бізді атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырды. Өткен жылдың маусым айында іргет асы қа ланған ғимарат бөлмелері кең, едені төселіп жатыр екен. Жылу қазандығының құрылысы, жылу жүйесі, кəріз суының желісі, су жүйесі де толығымен аяқталыпты. Спорт залдың жартысы біткен. – Жо б а б о й ы н ш а б і р а з өзгерістер енгіздік. Атап айтқанда, мектептің сыртын сəндік-металл сайдингпен қаптадық. Сондай-ақ, жоба бойынша мозайка орнына 620 шаршы мет рге керамо-
гранит төсейтін боламыз. Бірінші блок (бастауыш сынып) едені толығымен ағашпен қапталды. Б е л г і л е н г е н жо с п а р ғ а с а й əрекет етудеміз. Құрылыстың негізгі жұмыстары аяқталуына байланысты бүгінде мұнда 62 адам жұмыс істеуде, оның 17-сі – жергілікті тұрғындар, – дейді ол. Сəтін салса, үш ауысымдық орта мектептің оқушылары жаңа заманға сай жаңа ғимаратта сапалы білім алатын күн алыс емес. Түймекенттік оқушылар келер жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастамақ. Мұхтар МАНЕКЕЕВ, журналист. Байзақ ауданы.