27 караша пдф

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Мойынқұм

ak-jol-taraz@rambler.ru

ПРЕЗИДЕНТ

www. akjolgazet.kz

Шу ауданы

Талас ауданы

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№163 (18020), Бейсенбі, 27 қараша, 2014 жыл

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса Жуалы ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Меркі

Қордай ауданы Қордай

Бауыржан Момышұлы

l ТАРАЗ

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

Жамбыл облысы мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымы тоғыз айда 167,7 миллион долларға жетті. Қазір Тараз қаласындағы базарлар мен сауда орындарында Қырғызстанның 5 мыңға жуық азаматы жұмыс істейді.

1 ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ

l ЖАМБЫЛ

Балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 90 жылдық мерейтойына орай аудандағы барлық мектептерде іс-шара ұйымдастырылып, кең көлемде атап өтілді. Іс-шара барысында жазушы туындыларына шолу жасалынып, «Менің атым Қожа» кинофильмін тамашалады. Әдеби кешті өткізуде ұйымдастырушылық танытқан Еңбек және Б. Момышұлы атындағы орта мектептердің кітапханашылары Зағипа Үдербаева, Роза Сейсенбаеваға оқушылар дән риза.

АЛҒЫРЛЫҒЫН ЖӘНЕ БОЛАШАҚТЫ КӨРЕ БІЛЕТІНІН АТАП ӨТТІ

l ҚОРДАЙ

Ел тарихындағы елеулі күн Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай кеше Тараз қаласы әкімдігінде салтанатты жиын өтіп, онда шаһар басшысы Нұржан Календеров қала тіршілігіне атсалысып, оның көркеюіне өзіндік үлес қосып жүрген бір топ тараздық азаматқа Алғыс хат тапсырып беріп, сый-сияпат жасады. Отырыста алдымен қала әкімі сөз сөйлеп, елімізде кеңінен аталып келе жатқан ең жас мерекенің мәні мен маңызына тоқталды. – Бұл мереке – көпұлтты Қазақстан халқының жүрек қалауы. Бұл күн – елін, ұрпағын мұратқа жетелеген тұңғыш Президентіміз – Елбасын құрметтейтін, ел тарихында алтын әріптермен жазылатын күн. Өйткені, дәл осы күні алғаш рет Тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш Президент сайлауы өтіп, сол сайлауда Елбасымыз, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жеткен болатын. Қазақстан халқы бірауыздан ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсетіп, кемел келешек пен бейбітшілікке, тұрақтылық пен жарқын болашаққа деген өз таңдауын жасады.

ЕР ЖІГ ІТ

Ақордада өткен кеңейтілген құрамда өткен келіссөздердің барысында Өзбекстан Президенті Ислам Каримов өзінің бұл сапары екі мемлекет басшыларының былтырғы жылы Ташкентте өткен кездесуінің заңды жалғасы болып саналатынын айтты. Қазақстан Президенті Өзбекстан біздің еліміздің Орталық Азиядағы жетекші сауда-экономикалық серіктесі екенін айтты. – Әлемдік экономикадағы жағымсыз үрдістерге және негізгі өнім түрлеріне бағаның төмендегеніне қарамастан, елдеріміздің арасындағы тауар айналымы өсіп келеді. Бұл көрсеткіш 2013 жылы 2 миллиард доллардан асты, биылғы 9 айда да жақсы өсім байқалып отыр. Елдеріміз экономикалық әлеуетін толық пайдаланып отырған жоқ деп санаймын. Тауарлар номенклатурасының аясы тар екендігін ескере отырып, Үкіметаралық комиссия мен үкіметтеріміз сауда көлемін ұлғайту бағытында жұмыс істеу керек, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу мәселесіне орай Өзбекстан Қазақстанның кандидатурасын қолдағаны үшін алғысын білдірді. – Біз көрме кешенінің құрылысын салуға кірістік, іс-шараны лайықты деңгейде өткізуге қажетті қаражат бөліп жатырмыз. Өзбекстан осы көрмеге қатысады деп үміттенеміз, ал біздің ел бұған қажетті жағдай жасауға әзір, – деді Қазақстан Президенті. Соңында Мемлекет басшысы келіссөздер өзара қарымқатынастарды, соның ішінде сауда-экономика саласындағы байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді. – Біз бұл сапарды көпқырлы өзбек-қазақ қатынастарының тұтас кешенін сыни тұрғыдан талдаудың, өңірлік және халықаралық сипаттағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасудың жақсы мүмкіндігі ретінде қарастырып отырмыз. Стратегиялық серіктестік туралы мән-маңызы жағынан тарихи шарттың қабылдануы аса қажетті қадам болды. Осы құжатқа қол қойған кезде мен оған әсіресе, әлемде түрлі үдерістер болып жатқан дәл бүгінгідей мән бере қоймағанымды айта кеткен жөн. Бүгінде ол аса өзекті болып отыр, – деді өзбекстан Президенті. Ол стратегиялық серіктестік туралы шартқа қолдың қойылуы Қазақстан Президентінің саяси алғырлығы мен оның болашақты көре білуінің нәтижесі екендігіне тоқталды. И.Каримов сондай-ақ, Өзбекстан Қазақстанның белсенді сыртқы саяси ұстанымы мен Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, елдің халықаралық аренадағы беделі мен рөлін көтеруге бағытталған бастамаларын қоштайтынын айтты. – Біз бүгінгі келіссөздерде ұзақмерзімді стратегиялық және ұлттық басымдылықтарымыздың ұқсастығы мен мызғымастығына деген сенімді атап көрсеттік, алдымызда тұрған ауқымды мақсаттар мен міндеттерді келісіп, бірлесіп шешуге деген саяси ерік-жігер мен екіжақты ұстанымды растадық, – деді Өзбекстан Президенті.

Кенен ауылындағы Е. Қашағанов атындағы орта мектептің 6 және 7 сынып оқушылары «Гүл мерекесін» өткізді. Балалар әр топқа бөлініп, гүлдердің алуан түрлері мен өсетін өңірлері, емдік қасиеттері, сондай-ақ, «Қызыл кітапқа» енгендерін қорғау жайлы білімдерін сарапқа салды. Тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беріп, өздерінің гүлдер туралы өлеңдерін оқыды, гүлдермен көмкерілген сәнді киімдер көрмесін ұсынды.

Аңдатпа

«Кел, еркем, Алатауыңа!» САРЫКЕМЕР АУЫЛЫНДА КӨРНЕКТІ КОМПОЗИТОР, ДӘУЛЕСКЕР КҮЙШІ, ДИРИЖЕР НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ АТЫНДАҒЫ ӘНШІЛЕР МЕН КҮЙШІЛЕРДІҢ ІV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». Қазақтың маңдайына біткен асыл ұлдарының бірі, ән өнерінің корифейіне айналған сан қырлы тұлға Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығын насихаттауға арналған «Кел, еркем, Алатауыңа!» атты әншілер мен күйшілердің IV республикалық байқауы басталды. Атырау, Алтай арасын былай қойғанда, күллі әлемге әндері мәшһүр болған, ғасырда бір туатын Алаштың аймаңдай ұлының шығармашылығын насихаттауды мақсат еткен байқауға еліміздің әр қиырынан 27 үміткер қатысуда. Аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде алдымен баспасөз мәслихаты өтті. Шараның ашылу салтанатында Байзақ ауданының әкімі Мұратхан Шүкеев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. (Байқау қорытындысын газетіміздің келесі санынан оқитын боласыздар).

ЛМ -Е

Бұл таңдау халқымызға өзінің жеңісі мен жемісін қатар алып келген – Елбасымыз Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты екені баршамызға мәлім. Тараздықтар да бұл мерекені жоғары деңгейде атап өтуге лайықты үлес қосатынына сенімім мол, – деп, қала басшысы тараздықтарды келе жатқан мерекемен құттықтады. Жиын барысында бұл мерекенің қайдан шыққанын, 1 желтоқсанның қандай негізде мемлекеттік мереке ретінде белгіленгені жайлы қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Кенжебек Олжабай баяндама жасады. Ол 2011 жылдың 12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдап, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні болып белгіленгенін атап өтті. – Осы шешім қабылданғалы бері біз, қазақстандықтар бұл мерекені биыл үшінші жыл қатарынан атап өтудеміз. Елі үшін туған ерлер қазақта аз болмаған. Ел тарихында

АҚТАНЫ

ПОЛКОВНИК СЕРІК СҰЛТАНҒАБИЕВКЕ

РЕСЕЙ БАТЫРЫ АТАҒЫ БЕРІЛДІ РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ ВЛАДИМИР ПУТИН СЕРІК СҰЛТАНҒАБИЕВКЕ РЕСЕЙ БАТЫРЫ АТАҒЫН БЕРДІ.

көшбасшы болған сол тұлғалардың тұяғы ретінде Ұлт көшбасшысы – Елбасымызды атауға болады. Халқымызды уыздай ұйытып отырған Президентіміз ерке Есілдің ернеуін жағалата Ақорданың уығын қадап, керегесін жайып, шаңырағын көтерді. Тарихи тамыры тереңге тартқан «Бәйтерегін» тұрғызып, алпыс қанат «Ханшатырын» орнатты. Оған алты құрлықтан келген алпауыттардың ат басын тіретіп, Күлтөбедегідей кеңес құрып, көз тоймас көркіне таңдайларын қаққызды, – деді К.Олжабай хабарламасында. Салтанатты шараның соңында қала әкімі Нұржан Календеров Тараздың тыныстіршілігіндегі қызметтерінде үлгі-өнегеге лайық еңбек етіп жүрген оншақты азаматқа Алғыс хат табыстап, гүл шоқтары және сыйлықтармен қуантты. Одан бөлек мемлекеттік қызметке алғаш қадам басқан үш қызметкер Қазақстан халқына адал қызмет атқаруға, қызметінде әділ болуға салтанатты түрде ант қабылдады. Ал 2014 жылдың қорытындысы бойынша «Ең үздік жас ақын» номинациясының иегері атанған Айбек Қадыралиев Елбасына арналған арнау өлеңін оқыды.

Қар жауды деп қуанба, аязы бар, Қожа келді деп қуанба, ниязы бар.

Халық мақалы.

Қазақстанда туған азамат, Лесной қаласы әскери бөлімінің командирі Серік Сұлтанғабиев оқу-жаттығу кезінде өз кеудесін гранатаға тосып, кіші сержанттың өмірін құтқарып қалған болатын. Офицерді құттықтау үшін Мәскеудегі Ресей Ішкі әскери госпиталіне ІІМ Ішкі әскерінің бас қолбасшысы Виктор Золотов барған. Сондай-ақ, 42 жастағы Серік Сұлтанғабиевтің көңілін сұрауға Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйвашеваның тапсырысымен Свердлов облысының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Мерзлякова да келді. Ол батырды мемлекеттік сыйлық алғанымен құттықтап, облыс басшының атынан қолсағат сыйлады. Серік Сұлтанғабиев Ерлігі үшін ордені мен «Спешите делать добро» деп аталатын медальға да ұсынылды. Қазіргі таңда полковниктің беті бері қараған. Әскери граната атқылау кезінде кіші сержант қолынан гранатасын түсіріп алды. Сол сәтте Серік Сұлтанғабиев оны итеріп жіберіп, гранатаны кеудесімен бүркемелеп, жарықшақтан ауыр жарақаттанды. Ал кіші сержант зардап шеккен жоқ. Тергеушілер оған қатысты «Төңіректегілерге аса жоғары қауіп туғызатын қару-жарақтар мен заттарды ұстау ережесін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол бап бойынша ең жоғары жаза – әскери қызметтен шеттету немесе тәртіптік әскери бөлімге екі жылға қамау.

l МЕРКІ

Жыл басынан бері ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатында 524 дәрігерлік алдын алу шаралары өткізіліп, ол 20860 адамды қамтыпты. Дәрігерлер өткізген лекциялар мен түсіндіру жұмыстарының тақырыптары да әр түрлі. Мәселен, Андас батыр ауылында ана сүтінің маңыздылығы сөз болса, Тәтті, Қостоған, Достық ауылдарында «Өсімталдық – саулық негізі», «Ана мен бала денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау» сынды тақырыптар төңірегінде ұғынықты әңгіме қозғалды. Осы шаралар аясында бейнероликтер көрсетіліп, дөңгелек үстел, тренинг, акциялар ұйымдастырылды. l Т. РЫСҚҰЛОВ

Ақыртөбе ауылдық округінде 100 бас мал бордақылауға арналған алаң пайдалануға берілді. Қазір осындай үш шаруа қожалығында 280 бас ірі қара мал бордақылауға қойылды. Тереңөзек ауылына қарасты «Береке» шаруа қожылығы да жақында жүз басқа арналған мал бордақылау алаңын ашқан болатын. Жеке кәсіпкер Ғабит Сұлтанбаев қазір 120 бас өгізшені етке өткізуге дайындап отыр. l ТАЛАС

«Еурохим-Тыңайтқыш» ЖШС аудандағы әлеуметтік нысандардың күрделі және орта ағымды жөндеу жұмыстары үшін қаржылай көмек беріп келеді. Үшарал ауылындағы Ә. Сағынтаев атындағы орта мектепке күрделі жөндеуге 84547,0 мың теңге бөлініп, оқу орнының еденінен бастап, есік-терезесі түгел жаңартылды. Оған қосымша мектептің қыс маусымына әзірлігіне аудандық бюджеттен 14,0 мың теңге бөлінген, ол да игерілді. l ШУ

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінде жайдарман ойыны өтті. Аталған ойынға ауылдық, селолық округтерден алты команда қатысты. Ойын қорытындысы бойынша І орынды №10 Шу колледжінің «Шк - 10» командасы иеленсе, ІІ орынды Төле би ауылының қыздарынан құралған «Ерке сылқым» командасы, ал үшінші орынды Шу қаласының №40 орта мектебінің «Сүйкімді» командасы иеленді.

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ ҚР ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ, «ЗУМРАД» КОРПОРАЦИЯСЫ, СОНДАЙАҚ «DESIGN SERVICES BY A-Z» КОМПАНИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «БИЗНЕС-СЕРПІН» СТАРТАПЖОБАЛАРЫНЫҢ БАЙҚАУЫ АЯҚТАЛДЫ. БАЙҚАУ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША БИЗНЕСТІ ЖАҢАДАН БАСТАҒАН ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЕКІ ЖОБАСЫ ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ҚАТАРЫНА ІЛІКТІ.

ЖАМБЫЛДЫҚ

жас кәсіпкерлер өрледі! ОЛАРДЫҢ БИЗНЕС ЖОБАЛАРЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАНУҒА МҮМКІНДІК АЛДЫ

ЖАЗЫЛЫМ – 2015

“АҚ ЖОЛҒА”

жазылыңыздар, ағайын!

« ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН 1 жылға

6 айға

Индексі

Ауыл тұрғындары үшін

4227.0 теңге

2113.5 теңге

65457

Қала тұрғындары үшін

3768.36 теңге

1884,18 теңге

65457

КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН 1 жылға

6 айға

Индексі

Ауыл

4726.92 теңге

2363.46 теңге

15457

Қала

4268.28 теңге

2134.14 теңге

15457

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». Атап айтсақ, тараздық Р ус т а м Ув а т а е в т ы ң « Л е г о кірпіш өндірісі» жобасы және Нұрсұлтан Сәрсенов пен Фатима Қаймекинаның 3D форматындағы фильмдерді түсіретін киностудия жобалары осы республикалық байқаудың финалына шығып, қаржыландыру мүмкіндіктеріне ие болды. Жамбылдық жас кәсіпкер Рустам Уватаевтың айтуынша, ғаламтор сайттарының біріне идеясын орналастырып, құрылыс материалының жобасын жасаған екен. – Мен негізі сәндік тастар дайындаймын. Содан кейінірек сәндік кірпіш дайындау идеясы туындады. Сөйтіп, ғаламтор арқылы АҚШ-тың Канзас штатындағы осындай зауытпен

байланысып, ұзақ маркетингтік, техникалық зерттеулер жүргізіп, балалардың «Лего» конструкторына ұқсайтын легокірпіштің сегіз түрін шығардым. Олар конструкциялық қағидатпен бір-біріне жақсы бекітіледі, – деп түсіндірді ол идеясының түп негізін. Автор бұл эксклюзивті құрылыс материалы уақыт пен ақша үнемдеуге мүмкіндік беретінін айтады. «Менің өндірісімнің, одан шығатын өнімнің қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Тек цемент ерітіндісімен қаланады және оған қажетті кафель желімі арзан әрі кірпішті қалау үрдісін жылдамдатады», – дейді ол. Бұл жобадан түсінгеніміз, оның басты ерекшелігі – легокірпішпен қаланған қабырғаны сыламауға да, оны әр фактуралы, әр түсті етіп шығаруға болады екен. Бұл құрылысты жүргізген

кезде эстетикалық безендіруге мүмкіндік береді. Ал, шикізат ретінде әктас тау жынысының үгіндісі пайдаланылмақ. Жоба авторларының айтуынша, толықтай автоматтандырылған қондырғының өнімділігі 8 сағаттық жұмыс күнінде 3-4 мың кірпіш өндіруге мүмкіндігі бар. – Сонымен қатар, қосымша станоктар сатып алып, өндіріс қуатын арттырғымыз келеді. Толыққанды зауыт болу үшін айына 520 миллион кірпіш шығару қажет. Бұл Қазақстанның басқа қалаларына да өнім жөнелтуге жол ашар еді, – дейді Р. Уватаев. Ал «Бизнес-серпін» байқаудан олжамен оралған тағы бір жерлестеріміз Нұрсұлтан Сәрсенов пен Фатима Қаймекинаның жобалары бойынша болашақта Таразда 3D форматындағы фильмдерді түсіретін киностудия пайда

болмақ. Республикалық «Бизнессерпін» байқауының финалистері Н.Сәрсенов пен Ф.Қаймекина өздерінің стартап-жобасын іске асыру үшін инвесторлар тауып отыр. Байқау барысында олар еліміздегі тәжірибелі бизнесмендерден бизнес құру бойынша дәріс алып қайтыпты. Облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен баспасөз мәслихатында Нұрсұлтан Сәрсенов кино индустриясымен айналысып жүргеніне алты жыл болғанын айтып өтті. Кезінде салтанатты шараларды түсірумен шектеліп жүрген ол кейіннен облыстық кино орталығында жұмыс істеген. – Бүгінде барлық қалаларда 3D кинотеатрлары бар, тіпті көптеген үйлердің өзінде 3D форматындағы теледидарлар жоқ емес. Біздің осы үлгіде қазақстандық киноларды көре алмай отырғанымыз мені қатты мазалайды. Сол себепті бұл студиядағы алғашқы жұмысымызды қазақтың тарихи фильмін түсіруден бастасақ дейміз, – дейді Н.Сәрсенов. «Бизнес-серпін» байқауының финалистері атанған бұл екі болашақ кинорежиссер жерлестеріміздің құны 1,5 миллион теңгелік жеке жабдықтары бар екен. Енді 3D форматында фильм түсіру үшін арнайы бейнекамера, қосымша аппаратура керек. Ал, бұл байқау олардың армандарын іске асыруға даңғыл жол ашып отыр. Сөйтіп, байқауда бақтары жанып, қажетті инвестицияларына да қол жеткізген қос жоба авторлары жамбылдық жас бизнесмендерге жігер беріп, ізденген адамға елімізде мүмкіндіктердің көп екендігін дәлелдеп берді.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.