Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу Сар С Сары Са ар а ары ры ысу су ау ауда а ауд уда уд уд да аны ны ауданы
Жамбыл облысты о амды саяси газет
Мой Мо М ой йы ын Мойынқұм а ау у уд уда дан да ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№125 (18319), Бейсенбі, 27 азан, 2016 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
НДА ЖАҺА
ПРЕЗИДЕНТ
АҚШ СМАРТФОНДАРДЫҢ ЖАРЫЛУ СЕБЕБІ АНЫҚТАЛДЫ
ЕКІ ЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АРТА ТҮСЕДІ Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапармен барды. Медина қаласына келісімен Нұрсұлтан Назарбаев провинция губернаторы Ханзада Фейсал бен-Салман əл-Саудпен екіжақты кездесу өткізді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барып намаз оқыды, сондай-ақ Масджид əн-Нəбауи мешітінің сəулетімен жəне интерьерімен танысты. Одан кейін Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Королі Салман бен-Əбдел əлСаудпен келіссөздер нəтижесі бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отырған Эр-Рияд қаласына барды. * * * Елбасы Ислам даму банкінің президенті Бандар бен-Мұхаммад Хаджармен кездесті. Кездесуде тараптар Қазақстан мен Ислам даму банкі арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мəселелерін талқылады. Мемлекет басшысы еліміздің э ко н ом и к а с ы н н ы ғ а й т у ғ а ж ə н е халқымыздың əл-ауқатын арттыруға Ислам даму банкі елеулі үлес қосқанын атап өтті. – Қазіргі таңда біз «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрудамыз. Ислам даму банкі оның қызметіне атсалысатынына сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Əңгіме барысында банк пен
Қазақстанның ортақ жобаларының жалпы құны 1,3 миллиард доллардан асқаны атап өтілді. 2015 жылы Ислам даму банкі құны 665 миллион доллар болатын 4 жобаны қабылдап алған. Бандар бен-Мұхаммад Хаджар біздің республикамен табысты ынтымақтастық одан əрі жалғасып, банк Қазақстан экономикасын дамытуға бағытталған жобаларға қатыса береді деп үміттенетінін жеткізді. * * * Мемлекет басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Ияд ибн Əмин Маданимен келіссөз барысында Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүшелігі аясындағы екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі жайттары талқыланды. С о н д а й - а қ , т а р ап т а р Н ұ р с ұ л т а н Назарбаевтың бастамасымен құрылған, бүгінде құрамына 32 ел кіретін халықаралық азық-түлік қорының жұмысын ілгерілету мəселелерін қарастырды. Бұдан бөлек, Ияд ибн Əмин Мадани Мемлекет басшысын Қазақст ан Тəуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақтық қақтығыстарды реттеуге бағытталған барлық бастамаларын қолдайтынын айтты. (Жалғасы 2-бетте).
Шырқа, рқ ддаусым! у УЕЛ ТӘ
ІКК СІЗД
ТУ Е ТА Р
Ж
Сіздерді 28 қазан күні өтетін халық ақыны, композитор, əнші Кенен Əзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» атты VІІІ республикалық əншілер конкурсын тамашалауға шақырамыз. Шара облыстық қазақ драма театрында сағат 10.30-да басталады. Келіңіздер, көріңіздер!
Ә
РМ
ЕҢ
ЖАМБЫЛДЫҢ ӨНІМДЕРІ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНЕ ДЕ ЖЕТТІ
ӨЗБЕКСТАН ТАЯУ ШЫҒЫС ПЕН АФРИКАҒА АВТОКӨЛІК САТА БАСТАДЫ
Көрші ел Таяу Шығыс пен Африкадағы тоғыз елмен жеңіл автомобиль экспортына келісті. Бұл туралы елдің экономика министрлігі мен мемлекеттік статистика жөніндегі агенттік есебінде көрсетілген. Атап айтқанда, жеңіл автокөліктер Біріккен Араб Әмірлігіне, Ливанға, Иорданияға, Иракқа, Ганаға, Сенегалға, Кот д’Ивуарға, Сомали мен Нигерияға экспортталған.
ЫЛ ЖАМБ
ДА
ТАРАЗ ЕСКІРГЕН 2 МЕКТЕП ЖАҢАРДЫ Қаладағы байырғы №37 және №32 мектептер ұзақ жылдар бойы жөндеу жұмысын көрмегендіктен түйінді мәселелердің бірі болатын. Сәті түсіп, қос білім ошағы күрделі жөндеуден өтіп, оқушыларды қуанышқа кенелтті. №37 мектепке бөлінген 131 миллион теңгені игерген мердігер «АрМаНұр» ЖШС құрылысты уақтысында сапалы аяқтаса, №32 мектепте де жөндеу жұмыстары көңілден шығады. Қазір қос білім ошағында оқушылар алаңсыз білімін жалғастыруда. ТАЛАС ЖОЛДЫ ӨЗДЕРІ ЖӨНДЕП АЛДЫ Есейхан ауылдық округінің Қараой ауылына «Тараз– Жаңатас» асфальт жолынан бұрылатын көтерме жол енді аудандық мәндегі жолдардың қатарына қосылды. Күз, қыс айларында өзен суынан жолдың қалпы бұзылып, көтерме көпірлерді су шайып кететін. Ауыл тұрғындары осында мектеп құрылысын жүргізіп жатқан «Бақжай» ЖШС-ның техникаларын жалдап, қиюы қашқан жолдарға қиыршық тас төсеп, жөндеп алды. Игілікті іске аудан әкімдігінің тұрғынжай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі де атсалысты. Енді ауылда көктемде су шайып, құлап қалған көпірді қайта қалпына келтіру жұмысын да қолға алып отыр.
Ұстамен дос болсаң, Керегіңді соқтырып аларсың. Қайықшымен дос болсаң, Қайығыңды суға саларсың.
Құрметті тараздықтар, қала қонақтары!
КЕ
Ғалымдар «Samsung» телефонына «мөлдір» батарейка орнату арқылы зерттеу жүргізген. Нәтижесінде жаңа смартфондардың неге жарылатыны анықталды. Мичигандық ғалымдар жүргізген зерттеуде аккумулятор іске қосылғанда дендриттер өсіп, «Samsung Galaxy Note 7» бірден жарылады екен. Аталмыш марка сатылымға шыққан күннен бастап бір ай ішінде 100-ден астам телефон пайдаланылмай жатып жарылған.
Бүгінде мемлекет тарапынан əрбір азаматтың денсаулығын нығайтуға, қорғауға барынша жағдай жасалып отыр. Соның бір айғағы, Жайылма ау ы л ы н д а ғ ы ж а ң а д а н а ш ы л ғ а н дəрігерлік амбулатория тұрғындардың денс аулығын с ақт ауына үле сін қосары сөзсіз. Аудан орталығына да сабылмайтын болды. Емдеу мекемесінің ашылу салтанаты ке з і н д е ауд а н ə к і м і Б е й б і т бе к Жайлыбаев жаңа емханада озық медициналық құрал-жабдықтардың бар екенін, оларды күтіп ұстап,
халықтың игілігіне пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. «СК Тараз Еврострой» ЖШС-ның директоры Əнуар Исаев алыстағы ауыл тұрғындарына арналған 20 орындық амбулатория ғимаратының кілтін Жайылма ауылының аға дəрігері Лаура Мадалиеваға салтанатты жағдайда тапсырды. Жаңадан пайдалануға берілген ауылдық дəрігерлік амбулаторияның заман талабына сай жабдықталған бөлмелерімен танысқан жайылмалықтар атынан сөз алған көп балалы ана Базаркүл Жұмабекова:
– Ауданымыздың экономикалықəлеуметтік жағдайы жыл санап өсіп келеді. Соның нəтижесінде қала, ауыл, елді мекендеріміз көркейіп, ажарлана түсуде. Бұл жан жадыратар жақсылықтардың бірі ғана деп білеміз. Елбасына, облыс, аудан басшыларына айтар алғысымыз шексіз, – деді ағынан жарылып. Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист.
ЖАЗЫЛЫМ – 2017
«АҚ ЖОЛ» – ОҚЫРМАНҒА ОЙ САЛАТЫН БАСЫЛЫМ
Жайылма ауылы, Сарысу ауданы.
Маржан РАҚАЙ,
«Ақ жол».
Кейінгі кезде Алматы мен Астана қалаларында облысымызда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесін өткізу игі дəстүрге айналды. Мұндай игі шара жалғасын тауып, бұл жолы жамбылдық түрлі тауарлар Шығыс Қазақстан облысына жөнелтілді. Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай жəне өңіраралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырған бұл шара 29-30 қазан аралығында екі күн қатарынан Өскемен қаласының «Фреш Маркет» сауда орталығының алаңында өтеді. Облысымыздың ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесінің ұйымдастырылуына шығысқазақстандықтардың қызығушылығы өте жоғары. Өйткені, азық-түлік тауарларының кейбір түрлері оларға қарағанда біздің облыста айтарлықтай арзан. Облыс тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін аталмыш ауыл шаруашылығы жəрмеңкесіне жалпы құны 95,7 миллион теңгені құрайтын 154,3 тоннадан астам ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылмақшы. Оның ішінде, жалпы салмағы 20 тонна жылқы, сиыр, қой, шошқа еті, 1,4 тонна тауық еті, 5 тонна шұжық өнімдері, 16,2 тонна сүт өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 1,5 тонна кондитерлік жəне 6 тонна макарон өнімдері, 5 тонна қант, 0,5 тонна тұз, 5 тонна балық, 1,2 тонна бал жəне 87,5 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар екен. Жəрмеңкеде ұсынылатын тауар бағалары нарық бағасынан төмен болатынын айтады шараны ұйымдастырушылар. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мақсатында 8 рефрижератор жəне сатушыларға арналған 2 автобус арнайы бөлінген екен.
Суретті түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». Облысымыздың оңтүстік-батысында орналасқан Жуалы ауданы – жері шұрайлы, табиғаты көркем мекендердің бірі. Кезінде əйгілі Асан қайғы бабамыз желмаясына мініп, Жерұйықты іздегенде, осы өлкеге сүйсіне қарап: «Басқаның бəрін қисаң да, Жуалыны қимайсың. Өңгеріп алып кетер ем, Ат сауырына сыймайсың», – деп тамсанып жырлаған екен. Осынау топырағы құнарлы, шөбі шүйгін, суы бал өңірдегі жандары жайсаң жұртшылық өздерінің жаймашуақ тіршіліктерін береке мен мерекеге толы күйде өткеруде. Талай-талай батырлар мен қаламгерлерді түлеткен ауданның бүгінгі тұрғындары да өз істеріне епті, еліміздің өсіп-өркендеуіне бейіл. «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты» деген қағидатты жете түсінген жуалылықтардың облыстық «Ақ жол» газетіне деген құрметтері де ерекше, ықыластары да ыстық екен. Оны аудан халқының редакция ұжымымен болған кездесуінен байқадық. (Жалғасы 3-бетте).