ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№10 (18044), Сейсенбі, 27 қаңтар, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
ПРЕЗИДЕНТ
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Жуалы ауданы
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
www. akjolgazet.kz
Шу ауданы
Талас ауданы
l БАЙЗАҚ
Жетібай ауылының тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері Рахымжан Мамырәлиев ақсақал 90 жасқа толды. Қарт майдангердің мерейтойына орай аудан әкімінің орынбасары С.Кенжебаев, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Р.Шәметов, Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі С.Медеубеков майдангерді құттықтап, иығына шапан жапты. Майдангердің үйіне оның аты-жөні жазылған тақтайша ілді.
«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫМЕН АЛДАҒЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ШАРАЛАРҒА ДАЙЫНДЫҚТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ
l ЖАМБЫЛ
Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектепте мектеп психологы Ақмарал Мәуленованың ұйымдастыруымен «Мамандық таңдау оңай ма?» тақырыбында 11-сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге аудандық «Жұмыспен қамту» орталығының маманы Абзал Қабылов, №17 Жамбыл колледжі директорының орынбасары Анар Тұрлығұлова, колледж мұғалімдері, қарапайым мамандық иелері қатысып, жастардың мамандық таңдаудағы пікірлерімен ой бөлісті. l ҚОРДАЙ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Г.Әбдіқалықова алдағы мерейтойлық даталарды - Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев осы іс-шаралардың жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, мемлекеттілікті нығайту, сондайақ республикада бірлік пен келісімді қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атай отырып, орталық және өңірлік деңгейде тиянақты ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Жол болмайды асусыз, Той болмайды шашусыз. А
МОЙЫНҚҰМҒА ЖЕТТІ Қазақ хандығының 550 жылдығына орай облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған азық-түлік тиелген автокеруен өткен сенбі күні шалғайдағы Мойынқұм ауданына келді. Облыс әкімдігінің тұрақтандыру қорына қарасты «ТЗК «Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бастамашы болған «Керуен-2015» жәрмеңкесінде мойынқұмдықтар базар бағасынан анағұрлым төмен өнімдерге қарық болды. Алдын ала хабарланғандықтан аудан орталығындағы «Абылай хан» алаңына ертемен халық көп жиналды. Лезде шатырлар орнатылып, сауда басталып кетті. Жәрмеңкеге келушілер ұн, картоп, пияз, қант, сұйық май, шай, күріш, қызылша, тағы басқа барлығы 17 түрлі арзан азық-түлік өнімдеріне қол жеткізді. – Бұл игілікті шараның негізгі мақсаты – облыс халқын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен арзан
АҚ ЙҒ
Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА
Ф ОТ
О
Халық мақалы.
“КЕРУЕН-2015”
бағада қамтамасыз ету. Бұл бастаманы облыс әкімдігінің қолдауымен «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамы мен «Тараз сауда саттық компаниясы» ұйымдастырып отыр, – дейді автокеруенді басқарып келген «ТЗК «Тараз» ЖШС-ның менеджері Тимур Мәнтей. Жәрмеңкеде 20 тоннадан ұн, картоп, пияз, 10 тонна қант, 5 тоннадан сәбіз, сұйық май, тағы басқа күнделікті тұтынатын барлығы 130 тоннаға жуық азық-түлік өнімдері 80 пайызға жуық сатылды. Жәрмеңкеге аудан орталығынан басқа көршілес ауылдардан да келіп, сауда жасағандар көп болды. Олар осындай базар бағасынан анағұрлым төмен бағамен азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастырған облыс басшыларына алғыстарын білдіріп жатты.
ЖОЛАСТЫ ӨТКЕЛІ Биыл Тараз қаласында Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы тойланады. Той дегеніміз ас ішіп, аяқ босату емес. Тарихтан тағылым алып, осынша ұлан-ғайыр жерді ұрпағына қалдырған хандарымыз бен билеріміздің, абыздар мен батырларымыздың рухын әспеттеп, тағзым етіледі. Cан ғасырлық тарихы бар көне де жаңарған Таразға қазақ елінің әр қиырынан, алыс-жақын шетелдерден қонақтар келеді. «Сырт көз – сыншы» деген. Олар тамылжыған қала көркіне ғана тамсанып қоймай, көлеңкелі жақтарына да назар аударады. Соның бірі – Жамбыл даңғылы бойындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық институты корпусының алдындағы талай жылдан бері қараусыз қалған жоласты өткелі. Бардық-көрдік. Жол астынан өтуге қойылған баспалдақтан төмен қарай түскеніміз сол еді, қолқаны атқан жағымсыз иістен жүрек лоқсыды. Күл-қоқысты былай қойғанда,
Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
– Бұл шындығында да игілікті іс болды. Ертеден бері қаншама халық ауылдағы дүкендерге қарағанда анағұрлым арзан бағаға қажетті азық-түлігін алып жатыр. Мұны ұйымдастырып отырған облыс әкімдігі мен басқа да мекеме басшыларына аудан халқы атынан алғыс айтуымыз керек, – дейді мойынқұмдық еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы Стамқұл Садырқұлов. Аудан әкімдігі тарапынан күннің суықтығына қарамастан, саудасаттықтың өз дәрежесінде өтуіне, халықтың оған көптеп қатысуына барлық жағдайлар жасалғанын да айта кеткен жөн. Сүндетулла ӘБІЛОВ, журналист. Мойынқұм ауданы.
МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
БӘРЕК
намазын өтеп болған жұртшылық қаладағы «Баласағұн» орталық концерт залына қарай ағылды. Әдеттегідей зал іші үлкендікішілі жамағатқа лық толды. Игі істің басы-қасынан «Асыл мұра» өнер орталығы табылып, сол орталықтың қызметкері Бекзат Сәкенұлы кешті жүргізіп отырды. Айтулы шара алдымен пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен көріністер келтірілген бейнефильммен ашылып, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Әбдіжаппар Әміровтің Құран оқуымен жалғасты. Облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов қатысып, жиналған қонақтарды Мәуліт мерекесімен құттықтады.
«Қаратау қаласын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жоспары» аудан әкімдігінің қаулысымен мақұлданып, мәслихаттың шешімімен бекітілді. Шешімге сәйкес, кәсіпкерлікті дамытуға 791,2 миллион теңге, қала ішіндегі жолдар мен көпірлерді қайта жаңғыртуға 2,7 миллиард теңге, ауысымында 250 адам қабылдайтын емхана құрылысына 1,07 миллиард теңге, абаттандыруға 375 миллион теңге, апатты жағдайдағы үйлерді бөлшектеп алып тастауға 200 миллион теңге қарастырылған. l ШУ
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қонаев ауылындағы Жұмабаев, Оңласынов, Абылай хан көшелері жарықтандырылды. Оған жергілікті бюджеттен 5 миллион 100 мың теңге бөлініп, игерілді. Сонымен қатар балалар алаңының маңы қоршалып, биыл оны әрі қарай әрлендіру көзделуде.
(Жалғасы 2-бетте).
«ВОЛОКОЛАМСК ТАС ЖОЛЫ» МӘСКЕУДЕГІ «МИР» РАДИОСЫНЫҢ БІРЕГЕЙ ЖОБАСЫ
«Мир» радиосының (Мәскеу қаласы) бірегей жобасы 134 сериядан тұрады. Топтаманың барлығы аға лейтенант Бауыржан Момышұлы басқарған
Е Л Д І!
КҮЛ-ҚОҚЫС ТӨГЕТІН ОРЫН ЕМЕС
қаланың қақ ортасында жер астынан ашылған әжетхана сияқты. Өткелдің жақтауларының сылақтары мүжілген, жол астындағы кәріз жүйесінің қақпағы, шағын қойма сияқты екі бөлменің темір есіктері жұлынған. Төмен түсетін төрт жердің үш жағы темір құбырмен жабылғанымен, біржағы ашық-шашық. Тістелген нан және басқа да ас қалдықтарына қарағанда түн мезгілінде қаңғыбастар да оқтын-оқтын соғып тұратын сияқты. Тағы бір мәселе – осы жоласты өткелінің екі жағына да «жаяу жүргіншілер өтеді» деген жол белгісі қойылғанымен, жол үстіндегі ақ жолақ көрінбейді. Көлік жүргізушілері болмаса, жаяу жүргіншілер жол белгілеріне назар аудара бермейтінін ескерсек, бұл маңнан кісі қағу оқиғасының жиі орын алуы мүмкін. Қалалық әкімдік жоласты өткелін шұғыл қолға алмаса әне-міне дегенше көктем, жаз... Сосын кеш болады. Тараз қаласы.
l ТАЛАС
ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН
Барша мұсылман қауымы адамзаттың абзалы болған, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы – Мәуліт мерекесін тәлім мен тәрбиеге толы рухани басқосуларда атап өтуде. Мешіттерімізде Аллаға мадақ, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылып, тәуелсіз еліміздің рухани тұтастығы мен халықтар бірлігі үшін дұға жасалуда. Жержерде сауапты да, салауатты ісшара – Мәуліт кешін ұйымдастыру жалғасын тауып келеді. Осыған орай өткен аптаның қасиетті жұма күні облыстық орталық мешіттің ұйымдастыруымен қасиетті Мәуліт кеші аталып өтті. Жұма
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
Ұлыбританиядағы Пирбрайт институты директорының ғылым бойынша орынбасары, халықаралық сарапшы Патон Дэвид Джеймс аудандағы ветеринариялықэпидемиологиялық ахуалмен танысты. Ол, әсіресе, аусыл індеті кеңінен жайлаған Қырғызстанмен көрші орналасқан өңірде жергілікті малдәрігерлік қызмет мамандарының күш салуымен эпизоотиялық жағдайдың қалыпты сақталып отырғанына назар аударды.
316-атқыштар дивизиясы батальонының ерлігіне арналады, деп хабарлады «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметі. 1941 жылдың қараша айында батальон жауынгерлері дивизиядан қашықта, Волоколам тас жолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті командирдің басшылығы арқасында фашистер шабуылын тойтарып, әскери күш үлкен шығынсыз ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан аман шығады. 20 қаңтардан бастап, күн сайын 14 сағат 35 минутта «Қазақ радиосының» эфирінен «Волоколам тас жолы» радиосериалын тыңдаңыздар. «Ақ жол-Ақпарат».
ан м р ы Оқ
д а р наз ар ы н
а!
ХИМИКТЕРДІҢ СПОРТ КЕШЕНІ ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ЛОКОМОТИВІНЕ АЙНАЛҒАН «ҚАЗФОСФАТ» ЖШС ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРДІ. АЛТЫ МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ БАР АЛЫП СЕРІКТЕСТІКТІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ІРГЕСІ ҚАЛАНҒАН ЖАҢА НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА 120 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАРАЖАТ ЖҰМСАЛЫПТЫ.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». Спорттың бірнеше түрімен шұғылданамын деген азаматтарға барлық жағдай жасалған қос қабатты кешеннің ашылу салтанатында сөз алған «Қазфосфат» ЖШС басқарма төрағасы Мақсұтбек Есенов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков жаңа спорттық нысанның серіктестіктегі жастардың, қызметкерлердің игілігіне жарасын деген ізгі тілектерін білдірді. Салтанатты рәсім үстінде, кешеннің
алқызыл лентасы қиылған соң, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров ашылу салтанатына келген меймандарға ризашылығын жеткізді. Спорт кешенінде бірнеше жаттығу залдары бар. Онда спорттық құрал-жабдықтар орнатылған. Мұнда әлден-ақ, «Қазфосфат» ЖШСның кубогы үшін волейболдан турнир басталып кетті. Тараз қаласы. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Құрметті оқырман! Сіздер www.akjolgazet.kz сайтына ену арқылы туған өлке таңғажайыптарымен, біртуар тұлғалардың сұхбаттарымен, жас ақындардың шығармашылығымен бейнебаян арқылы таныса аласыздар және PDF форматында «Ақ жол» газетінің электрондық нұсқасын оқисыздар. Сонымен қатар, алдағы уақытта «Ақ жол» газетінің бай сурет қорымен ғаламтордан да емін-еркін танысуға мүмкіндік туатынын қуана хабарлаймыз.
«Ақ жол» газеті әлеуметтік желілерде facebook.com/akjolgazet twitter.com/akjol_gazet vk.com/akjolgazet