27 желтоксан пдф

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм

Жамбыл облысты о амды саяси газет

№176 (18033), Сенбі, 27 желто сан, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса Жуалы ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

ТАРАЗ

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

Ұлы Отан соғысының ардагері А. Ф. Сачугов 90 жасқа толды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әбдікешова бастаған топ ардагердің отбасына барып, мерейлі мерекесімен құттықтады. Қалалық «Тараз су» мекемесінің директоры М. Смайылов осы мекемедегі «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрайымы Қ. Сәбденова ардагерге сый-сияпат жасап, гүл шоқтарын табыс етті.

НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ ЖАҢА

Шу ауданы

Талас ауданы

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ:

ЖЕМІСКЕ ТОЛЫ БЕС ЖЫЛ ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КҮНІ АЯСЫНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ТЕЛЕКӨПІР ӨТТІ

БАЙЗАҚ

ҚАЖД ЖД 158/5 мекемесінде жиын өтті. Онда сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілі Т. Есалиев Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басым бағыттарына тоқталды. Ал аудан прокурорының аға көмекшісі Б. Қалыбаев ҚР Қылмыстық атқару кодексінің және Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жеке құрамға түсіндірді. Жиынды аталмыш мекеме бастығы, әділет майоры Қ. Тоққұлиев қорытып, алда тұрған міндеттерді саралады. ҚОРДАЙ

Облыс орталығында өткен жас өнертапқыштардың ІІ облыстық байқауынан аудандық техникалық шығармашылық және кәсіби оқыту орталығының тәрбиеленушілері бірінші орынмен оралды. Бұл байқауға шығармашылық орталығының «Автоісі» үйірмесінің қатысушылары – Қордай ауылындағы Балжан Бөлтірікова атындағы орта мектептің оқушылары М. Меңдібаев, Ж. Нұрбеков және Р. Рысбеков өздері жасап шығарған квадроцикльді ұсынған болатын. Т. РЫСҚҰЛОВ

Мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Қызылшаруа ауылының тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізіп, қуанышқа кенелді. Жалпы сметалық құны 479 миллион 583 мың теңге болатын сыйымдылығы 600 текше метрлік (екі резервуары) су сақтайтын қоймасы, екі жерасты ұңғымасы мен су айдайтын насосты стансасы бар нысан пайдалануға берілді. Ауылға тартылған құбырдың ұзындығы 19,5 шақырым болады. Осы аралыққа қоныстанған 326 үйге 225 сервистік қызмет көрсететін құдықтар орнатылған. ТАЛАС

Жаңа жыл қарсаңында Талас ауданы әкімдігі мен мәслихаты ауданның экономикалықәлеуметтік және рухани дамуына үлес қосқан бір топ өнер адамдарына құрмет көрсетті. Белгілі сазгер Қуандық Кенжебаев пен ақын Үміт Битенова және аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Сабыр Рысбаев Талас ауданының Құрметті азаматы атағына ие болды. Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, Құрманбек ƏЛІМЖАН, «Ақ жол».

ЖАҢАША ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ БАҒЫТЫМЕН Бейсенбі күні Астанадағы Тəуелсіздік сарайында Елбасының қатысуымен Индустрияландыру күні аясында «Қазақстанды жаңа индустрияландыру: 2014 жылдың жəне бірінші бесжылдықтың қорытындылары» тақырыбында жалпыұлттық телекөпір өтті. Қалыптасқан дəстүр бойынша оған Үкімет мүшелері мен Парламент депутаттары, « А л т ы н с ап а » , « П а р ы з » с ы й л ы қ т а р ы н ы ң ү м і т ке рл е р і , о с ы ко н ку р с т а рд ы ң б а рл ы қ лауреаттары, индустрияландыру бағдарламасы бойынша ашылған кəсіпорын басшылары, отандық жəне шетелдік инве сторлар, бизне смендер мен банкирлер жиналды. Бес жылда ұлттық экономиканың тіректеріне айналған кəсіпорындар мен 2014 жыл қорытындысында іске қосылған ірі жобалардың ұжымдары, барлығы 31 нысан тікелей байланысқа қосылды. Онлайн жүйесінде индустрияландыру картасының 15 жаңа жобасы пайдалануға берілді. Олардың қатарында біздің облыста екі нысанның – Мойынқұм ауданындағы цемент шығаратын «Мыңарал Тас компани» жəне Қордай ауданындағы желден электр қуатын өндіретін «Виста-Интернешнл» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің өндірістің кезекті

жобалық қуатын игеруі паш етілді. Астанамен телекөпір байланысына Қордай жел электр стансасында облыс əкімі К. Көкірекбаев, облыс əкімінің орынбасарлары, тиісті сала басшылары, республикалық жəне облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Осыдан бес жыл бұрын елімізде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының тұсауы кесіліп, Елбасы оны ұзақ мерзімді жəне мағынасы зор деп бағалаған еді. Бүгінде бірінші бесжылдық қорытындысы бойынша еліміз оның төрт пайдасын көріп отырғаны аталды. Олар: берік ұлттық қауіпсіздік, жаңа жұмыс орындары, бəсекеге қабілетті экономика жəне өңірлердің соны серпінмен дами бастауы. Индустриялық саясаттың алғашқы бесжылдығы аяқталуына орай өткізіліп отырған телекөпір тек 2014 жылдың екінші жартыжылдығындағы инвестициялық жобалардың іске қосылуының т ұ с ау ке с е р і н е ғ а н а е м е с , с о н ы м е н қ ат а р бесжылдықтың алдын ала қорытындыларына да арналып отыр. Бұған еліміздің аймақтарындағы нақты мысалдар алға тартылды. Соның қатарында, оны біздің облыста қызмет көрсету саласы дамып, оның өңірлік өнімдегі үлесі 5,5 пайызға артқанынан, бірнеше ірі индустриялық жобалардың жүзеге асырылып жатқанынан көруге болады. Өткен бесжылдықта өңірде жалпы сомасы 123 миллиард теңгені құрайтын 33 жоба жүзеге асырылып, бес мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылған. Оның ішінде биылдың өзінде 23 миллиард теңгені құрайтын 6 жоба іске қосылып, мыңға

тарта жаңа жұмыс орындары ашылып отыр. Өткен жартыжылдықта еліміздегі алғашқы болып саналатын натрий цианиді реагентін өндіретін Талас ауданындағы «Талас-Инвест» ЖШС жəне Тараз қаласындағы «Бином Стройдеталь» үй құрылысы комбинаты жаңа жобаларын іске қосты. Екінші жартыжылдықтың үлесіндегі төрт жобаның қатарында бүгін телекөпірде Мыңарал цемент өндірісі мен Қордай жел электр стансасы кезекті жобалық қуатына шығады.

ЕЛІМІЗДЕ МЫҢАРАЛ ЦЕМЕНТІНЕ БАЛАМА ЖОҚ Жүгірген аңның тұяғы кетіліп, ұшқан құстың қанаты талатын мидай жазық Мойынқұм өңірінен бой көтерген цемент зауытының мүмкіндігі орасан. 2010 жылы осында іске қосылған «Мыңарал Тас компани» ЖШС биылғы желтоқсан айының басында өзінің толық өндірістік қуатына жетіп отыр. Мыңаралдық жоғары сапалы өнім негізінен Астана мен Алматыдағы ірі құрылыстарға, қазір елімізде қызу жүргізіліп жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысына пайдаланылуда. Кəсіпорын жұмысшыларының мұнда тұрақты мекендеп, өнімді жұмыс істеуі үшін Балқаш көлінің жағасынан лайықты тұрғын үй кешені бой көтерген. Онда барлық қажетті инфрақұрылым – балалар бақшасы, дəрігерлік амбулатория, минимаркет, кинозалы бар ойынсауық орталығы салынған. «Жамбыл цемент өндірісі компаниясының» еншілес кəсіпорны

болып табылатын «Мыңарал Тас компани» ЖШС осынау қысқа мерзімнің ішінде осы сала бойынша елімізде алдыңғы қатарға шықты. Қуаты жылына 2 миллион тонналық өндірістің жобалық құны 35 миллиард теңге болса, оның 11 миллиард теңгесі өз қаражаты есебінен, 24 миллиард теңгесі сыртқы заимдар есебінен салынған. Телекөпір барысында зауыттың директоры Анатолий Медюков Елбасыға былай деп мəлімдеді. – Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Мыңарал цемент зауыты Қазақстандағы «құрғақ əдіспен» цемент өндіретін бірінші зауыт болып табылады. Бұл жоба француздық танымал инвестор – «Vicat Group» тобының қолдауымен жүзеге асырылуда. 600-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды, 90 жұмысшы шетелдерде мамандығын жетілдіріп келді. Биыл біз 1 миллион 250 мың тонна цемент өндірдік. Ендігі мақсат – Астанада цемент терминалымызды ашу. Құрметті Президент! Қолдауыңыз үшін Сізге рахмет. Жамбыл цемент өндірушілері алдағы уақытта да елімізді жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ете береді. Елбасы мыңаралдық цемент өндірушілерді табысымен құттықтап, олардың бүгінгі таңда елімізде көш басына шыққанын айтты. Бұл цемент зауыты бойынша кезінде Парижде инвесторлармен келісімге келгенін еске алып, енді зауыттың жолға қойылған жұмысы елімізде кең көлемде қанат жайған құрылыс индустриясы үшін өте маңызды екенін атап көрсетті.

ШУ

Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдығы құрметіне Шу қалалық таэквондо федерациясы және №30 Шу аудандық БЖСМ-нің ұйымдастыруымен Қайрат Рысқұлбеков атындағы дәстүрлі республикалық турнир өтті. 15-ші мәрте ұйымдастырылған бұл спорт додасына еліміздің әр өңірінен 23 команда, яғни 400ге тарта спортшы қатысты. 7-17 жас аралығындағы таэквондошылар тәжірибелерін ортаға салып, шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде, командалық есеппен Алматы қаласы топ жарып, 50 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

Адам ақылымен бай, Жер дақылымен, бай.

(Жалғасы 2-бетте).

Халық мақалы.

НАҚТЫ ІС ҚАНА НӘТИЖЕГЕ ЖЕТКІЗЕДІ

ҚАРИЯСЫН

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».

СЫЙЛАҒАН

ел азбайды

ПРЕЗИДЕНТТІ ҚҰТТЫҚТАУЫ МЕН ПРЕЗИДЕНТТІҢ СЫЙ-СИЯПАТЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАБЫСТАЛДЫ Лесбек САЙЛАУБЕК, «Ақ жол». «Қарты бар ел – қазынасы бар ел» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы қай кезде де қарияларды құрметтеп, қамқорлығын еш үзген емес. М і н е , Жа ң а ж ы л м е р е ке с і қарсаңында ел Президенті Н. Назарбаев өңіріміздегі Ұлы О т а н с о ғ ы с ы н ы ң б і р қ ат а р ардагерлеріне ізгі тілектерін

арнаған құттықтау хаты мен сый-сияпатын жолдады. Кеше облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев сол ардагерлердің шаңырағына барып, Президенттің аманатын тапсырды. Облыс əкімі алдымен 94 жасқа аяқ басқан Уəтай Əлімқожаев ақсақалдың отбасына атбасын бұрды. – Облысымызда 2000 жылы 12 мың соғыс ардагері бар болса, қазіргі таңда оның 256-сы ғана аман-есен. Оның ішінде өзіңіз

ел-жұртқа сыйлы, қадірлі, жасы үлкен қариямызсыз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сізді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен жəне алдағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап отыр. Соны құрметпен табыстау үшін үйіңізге арнайы келдім, – деген облыс басшысы Кəрім Нəсбекұлы ардагерге Елбасының құттықтау хаты мен сый-сияпатын ұсынды. (Жалғасы 3-бетте).

Кеше облыс əкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Кəрім Көкірекбаевтың төрағалық етуімен филиал Саяси кеңе сі Бюро сының кеңейтілген отырысы өтті. О н ы ң ж ұ м ы с ы н а п а рт и я облыстық филиалы Саяси кеңесінің, бақылау-тексеру комиссиясының, партиялық б а қ ы л ау ком и с с и я с ы мен филиал жанындағы жемқорлыққа қарсы əрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, партия қалалық жəне аудандық филиалдарының төраға лары мен олардың бірінші орынбасарлары, облыс əкімдігі басқармаларының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бюро отырысында Тараз қаласының əкімі, «Нұр Отан» п а р т и я с ы Та р а з қ а л а л ы қ

филиалының төрағасы Нұржан Календеровтың «Нұр Отан» партиясы саяси Доктринасын ы ң « Қ уат т ы э ко н ом и ка » басымдығы мен Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауға бай-

ланысты жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Нұржан Сəбитұлы өз есебінде Елбасы Жолдауында белгіленген жеті негізгі басымдыққа кеңінен тоқталып, бұл бағытта атқарылып жатқан нақты і с т е рд і т і л ге т и е к е т т і .

Үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасы аясында, Тараз қаласында Индустрияландыру картасына жалпы құны 41 миллиард 309 миллион теңгені құрайтын 14 инвестициялық жоба еніп, қосымша 2 мың жаңа жұмыс орындары ашылды. Бағдарлама қабылданған төрт жылдан бері шаһарда 11 жоба пайда лануға берілген. Биылдың өзінде « А р а й с т р о й ма р ке т - 2 0 0 3 » ЖШС жалпы құны 120 миллион теңгені құрайтын, қуаттылығы жылына 300 мың дана радиатор шығаратын шағын зауытты іске қосты. Келер жылы тағы 3 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Ағымдағы жылғы 11 ай ішінде Тараз қаласының əлеуметтік-өнеркəсіп өнім өндірісінің көлемі 160 миллиард 737 миллион теңгені, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 43 миллиард 164 миллион теңгені құрады. (Жалғасы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
27 желтоксан пдф by akjolgazet - Issuu