Ж
Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet
АҺАН Д
А
BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№99 (18593), Seısenbі, 28 tamyz, 2018 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. aqjolgazet.kz
Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady
ПРЕЗИДЕНТ
СИРИЯДАН ОРАЛҒАНДАРДЫ ҰДАЙЫ БАҚЫЛАУДА ҰСТАУ КЕРЕК
ЛЕ
Т КЕ
ТА МАҚ
ОВАНЫ ІЗ ГУЗАЛИЯ ГАФУР ЫҚТАДЫ М СІ ЛЕ ЕР Ж ОВ ЕТ ЫРЗАХМ АНУЫМЕН ҚҰТТ ОБЛЫС ӘКІМІ А.М ІН ЧЕМПИОНЫ АТ РК ДҮ І ЕК Ң НЫ Ы АЗИЯ ОЙЫНДАР Табиғат АБАИЛДАЕВ Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында жерлесіміз, каратэші қыз Гузалия Гафурова чемпион атанып, ел қоржынына алтыншы алтын жүлдені салды. Жамбылдық спортшы қыз төрт жыл бұрын Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен құрлық ойындарында да алтыннан алқа тағынған болатын. 68 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынаған Гузалия алдымен Өзбекстан, Иран, Вьетнам спортшыларынан айласын асырса, финалда өзінің басты қарсыласы қытайлық Тан Линьлиннен басым түсті. Бір қызығы, Гузалия Гафурова төрт жыл бұрын да дәл осы қытайлық спортшымен финалда кездесіп, ол кезде 4:3 есебімен жеңген-ді. Енді, міне, тарих дерегі мен дәйегі айна-қатесіз қайталанып отыр. Осы керемет қуанышқа орай, облыс әкімі Асқар Мырзахметов жамбылдық спортшы Гузалия Гафуроваға Азия ойындарындағы жеңісімен құттықтау хатын жолдады. – Бүгін жамбылдық спортшы Гузалия Гафурова Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында каратэден әйелдер арасында 68 келі салмақта жеңімпаз атанып, ел қоржынына алтыншы алтын медальді салды. Құрметті Гузалия, сізді Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің бүгінгі табысты жеңісіңіз – Қазақстанның, сондай-ақ өзіңіз туып-өскен өңірдің спорттағы беделін асқақтатып, көпшіліктің мерейін өсірді. Байрақты бәсекеде бас бәйгені жеңіп алуыңыз – ел-жұртыңыз үшін үлкен қуаныш болса, кейінгі өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге болмақ. Ел намысы сынға түскен халықаралық жарыстарда Әулиеата өңірінің спортшылары қашанда биіктен көрініп, мемлекетіміздің, өңіріміздің мақтанышына айналған. Сіз бүгін Азияның кіл мықтыларын жығып, араға төрт жыл салып Азия құрлығының екі дүркін чемпионы атанып, ел мақтанатын мәртебелі спортшыларымыздың қатарына қосылып отырсыз. Алдағы уақытта дүбірлі додаларда биік белестер мен асуларды бағындыруға тілектеспін және Джакартада сынға түсіп жатқан еліміздің басқа спортшыларына да сəттілік тілеймін, – делінген құттықтау хатта. (Азия ойындары туралы топтаманы 6-беттен оқисыздар).
Гавайи университеті ғалымдарының анықтауынша, пластик қоршаған ортаны ластап қана қоймай, жануарлар мен адамдарға қауіп төндіріп, климаттың өзгеруіне ықпал етеді. Әсіресе целлофан пакеттер қауіпті екен. Оның құрамында метан мен этиленнің белсенді көздерінің бірі – полиэтилен бар.
=БЕЛЬГИЯ Ел билігі қоқыстарды 2 топқа бөліп өңдемек. Біріншісінен пластик, темір, шыны секілді заттар алса, екіншісінен экоцемент өндірмек. Бұл теңіз суының жағасында ғимараттар салуда өте тиімді. Қазіргі кезде Еуропада 1 жарым миллионнан астам қоқыс алаңы бар. Берлинде 80 музей мен галерея және мәдени орталық есігін айқара ашты. Бұл түні келушілер 18 еуроға бір билет алып, мұражайлардың бәрін аралады. 38-рет ұйымдастырылған биылғы басты шарада 30 мыңнан аса билет сатылды.
=ГРЕКИЯ Тилос аралы толық баламалы энергия өндіруге көшеді. Биыл іске қосылатын 800 кВт турбина жел генераторы күн электр стансасы көмегімен жұмыс істейді. Арал халқының саны – 400. Жазда онда демалуға 3 мыңға жуық турист барады.
=ҮНДІСТАН Айдың солтүстік және оңтүстік полюстерінен мұз табылды, оның жатқанына миллиондаған жылдар болған. Бұл жаңалық Айды 2008-2009 жылдары зерттеген «Чандраян-1» серігінің көмегімен ашылды.
Д БЫЛ ЖАМ
А
=БАЙЗАҚ Диқан ауылдық округіндегі №2 орта мектебі күрделі жөндеуден өтті. Құрылыс жұмыстарын 212 миллион теңгеге «Таразстрой-2004» ЖШС жүргізді.
=ЖАМБЫЛ Аудандық мәслихат депутаттары Н.Үкібаев, Р.Аширов, Ж.Мақашев пен кәсіпкерлер Ж.Бегманов, О.Исахаев, М.Бұралқиев, Б.Тоқсейтова, Т.Сарыбаев тұрмысы төмен отбасылардың 38 баласына мектепке қажетті құралжабдықтар сыйлады.
МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ
АЗАТ ЕЛІМІЗДІҢ АТА ЗАҢЫНЫҢ АБЫРОЙЫ АРТА БЕРСІН! ОБЛЫС ӘКІМІ А.МЫРЗАХМЕТОВТІҢ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ Б.ҚАРАШОЛАҚОВТЫҢ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ
Ы Ш Н Ы Т Л А Ң Ы Н А АЗИАД Ы Р Ы Ғ Ң Ы С Ң Ы Н Ы АЛТЫН
=АҚШ
=ГЕРМАНИЯ
НЫШТАРЫ
МЕ
М
Елбасы Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына сыртқы барлау қызметінің биылғы 6 айда атқарған жұмысының негізгі нәтижелері және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімделді. Нұрсұлтан Назарбаев көрші мемлекеттермен достық қатынаст арды с ақт аудың маңыздылығын атап өтті. – Шет елдердің арнаулы органдарындағы әріптестермен тығыз ынтымақтастықта болу қажет. Террористік идеяларды ұстанатындарды, соның ішінде Сириядан оралған адамдарды ұ д а й ы б а қ ы л ауд а ұ с т ау керек. Бұл сіздер атқаратын жұмыстың негізгі бағыты саналады, – деді Президент. Мемлекет басшысы кездесу с о ң ы н д а б і р қ ат а р н а қ т ы тапсырма берді.
НДА ЖАҺА
Құрметті жамбылдықтар! Сіздерді қоғамдағы саяси тұрақтылықтың, азаматтық татулық пен ұлттық келісімнің кепілі болған мерейлі мереке – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен құттықтаймыз! Айтулы мереке 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңын қабылдап, әлемге өзін құқықтық, зайырлы, әлеуметтік және демократиялық мемлекет ретінде жариялаған ұлық мереке. Ко н с т и т у ц и я ж а л п ы т а р и х и тағдырмен байланысқан Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті. Қазақстан дүниежүзілік аренаға танымал болды және әлемдік экономикалық жүйе
ішінде лайықты орнын алды. Осының бәріне ұлтымыздың Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың дәйекті саяси еркі, сол сияқты Қазақстан халқының ынтымақтастығы мен бірлігі арқасында қол жеткізгендігіміз даусыз. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі, Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Конституцияның даму тарихын саралағанда, оның негізгі даму үрдісіне тигізетін әсеріне адамдық ж ә н е а з а м ат т ы қ қ ұ қ ы қ т а р м е н бостандықтарға каншалықты кепіл
бере алатындығына айрықша назар аударамыз. Осы ретте, өңірімізде жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік мақсаттағы нысандар бой көтеруде, өндіріс, басқа салалар да дамуда. Бүгінде Қазақстан демократиялық, з а й ы рл ы , қ ұ қ ы қ т ы қ м е м л е ке т, өркениетті қоғам құру жолында өз бағытын берік ұстанып келеді. Қымбатты жамбылдықтар! Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен қ ұ т т ы қ т а й от ы р ы п С і зд е р ге зо р денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы, халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілейміз!
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ТҰРҒЫНДАРДЫ КӨМІРМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫ КӨҢІЛ КӨНШІТЕ МЕ?
=САРЫСУ Түгіскен ауылындағы орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мұражай ашылды. Тарихи-өлкетану және этнографиялық бөліміне ауыл тұрғындарының қолдауымен тарихи жәдігерлер жинақталуда.
=ТАЛАС Үшарал ауылындағы 44 шаруа қожалық былтыр мемлекеттік бағдарлама арқылы 80 миллион теңге несие алған. Олар мал асылдандыруға бет бұруда. Ол үшін Қостанайдан ақ бас сиырлардың тұқымы әкелінген. Мұнда мал бордақылау кешенін салу жоспарда бар.
=Т.РЫСҚҰЛОВ Биыл Жастар практикасы аясында жоғары, арнаулы орта білімі бар 145 жас өз мамандықтары бойынша шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге жолдама арқылы жіберіліп, жұмыс істеуде. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасады.
Елдің сырты жаудан аман болсын, Елдің іші даудан аман болсын. « К И Е Л І Қ А З А Қ С Т А Н »: Т А Р АЗ –
Т АР ИХ А ЙН АС Ы
Ғылыми конференция арқауы – туған жер тағылымы Жанғазы АХМЕТ Қыс – қыр астында. Жұмаға жетпей қыркүйек түсіп, күздің келерін е скерс ек, бүгінде өңір тұрғындарының қысқа дайындығын қарқынды жүргізетін жөні бар. Бұл орайда жылыту маусымына дейінгі ұйымдастыру жұмыстарының да уақтылы әрі сапалы атқарылуы маңызды. Ал қысқа қажетті қатты отын – көмір тасымалы қалай жүзеге асырылуда? Бағасы қандай болмақ? Осы және өзге де мәс елелер облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің
төрағалығымен өткен жиын барысында жан-жақты талқыланды. Алдағы 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымына облыс тұрғындарына қажетті 332,9 мың тонна көмірдің бүгінге дейін 110,4 мың тоннасы немесе 33,2 пайызы тасымалданған. Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіш 30,3 пайызды құраған. Салыстырмалы түрде көрсеткіште аз-маз өсім болғанымен, бұл бағытта жандандыруды қажет ететін жұмыстар да жоқ емес. Тұрғындарын қажетті қатты отынмен қ а м т а ма с ы з е туд е с ы л б ы рл ы қ қ а жол беріп отырған аудандар да бар.
Атап айтар болсақ, бұл тұрғыдағы тапсырманы Сарысу ауданы – 14,1, Жуалы – 21,4, Жамбыл – 22,7, Талас – 28,3, Шу – 25,0 пайызға орындап, облыстық көрсеткіштен төмен нәтижеге тұрақтаған. Ал дәл осы мәселеде облыстық көрсеткіштен жоғары деңгейге қол жеткізген Қордай ауданы жоспарды – 56,0, Мойынқұм ауданы – 39,3 пайызға орындауда. Бұл туралы облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров баяндады. Жалғасы 2-бетте.
Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен бүгін Тараз қаласындағы «Достық» үйінде «Киелі Қазақстан: Тараз – тарих айнасы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Шараға құрметті қонақ ретінде «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Айман Досымбаева, «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев, «Қазархеология» ЖШС директоры Жұман Смаилов қатысып, тарихпен тамырлас шаһардағы жұмыстарды жандандыру туралы өз ойларын ортаға салды. Толығырақ газетіміздің алдағы санында жариялайтын боламыз. Әзірге облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ директоры Сейтжан Ілиястың баяндамасын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
»