28 акпан 2015 pdf

Page 1

26 СӘУІР - КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ КҮНІ ҚЫМБАТТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! ҚАЙТА ҚАҺАРЫНА МІНГЕН ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА БІРЛІК БІЗГЕ БҰРЫНҒЫСЫНАН БЕТЕР ҚҰНДЫ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ МЕН ЕЛДІҢ БІРЛІГІН САҚТАП, ДАМЫТУ ПРЕЗИДЕНТІ БАСТАП, ЕЛІ ҚОСТАҒАН КЕЗДЕ ҒАНА БАЯН­ДЫ БОЛМАҚ. ЖАУАПКЕРШІЛІК БҮКІЛ ХАЛЫҚҚА ДА ЖҮКТЕЛЕДІ. ОСЫНЫ ҰМЫТПАЙЫҚ. АЛДАҒЫ БИІК БЕЛЕСТЕР МЕН АСҚАР АСУЛАР ҮШІН БІЗ БАРЛЫҚ КЕДЕРГІЛЕРДІ БАҒЫНДЫРЫП, АЛҒА БАСУҒА ТИІСПІЗ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ (Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Үндеуінен)

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№25 (18059), Сенбі, 28 ақпан, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

ПРЕЗИДЕНТ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУІ

Құрметті қазақстандықтар! Ел ішінде биыл кезектен тыс Президент сайлауын өткізу мәселесі қызу талқылануда. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі көтерген бастамаға қоғам өкілдері жан-жақты пікір білдіруде. Парламент депутаттары мен саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары өз пікірлерін айтты. Маған күн сайын еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген хаттар келуде. Барша жұрт кезектен тыс Президент сайлауын өткізу бастамасына қызу қолдау білдіруде. Құрметті қазақстандықтар! Кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жал­пыұлттық коалициясы бірауыз­дан қолдау білдірді. Ол 6 саяси пар­тияның, 18 республикалық қоғам­дық бірлестіктің, 500 өңірлік үкі­меттік емес ұйымдардың басын біріктіреді. Аталған мәсе­ле бойынша Қазақстан халқы Ассам­блеясының Кеңесі бастамашылық жасады. Бұл күндері менің атыма кә­сіп­орындардың еңбек ұжымдарынан, ардагерлерден, студенттерден, жасы және кәсібі әртүрлі адамдардан көптеген хаттар мен жеделхаттар түсіп жатыр. Мұның өзі біздің азаматтарымыздың өсе түскен сая­си белсенділігі мен олардың ел тағдырына шынайы қамқорлығын білдіреді. Барлықтарыңызға осы үшін зор рахмет. Біздің азаматтарымыз үшін бүгін не нәрсе аса маңызды? Біріншіден, маған арналған барлық үндеулерде ешқандай ішкі кикілжіңдер мен сыртқы жанжалдар біздің елімізге кесірін тигізбесін деген бүкілхалықтық алаңдаушылық байқалады. Адамдар бұл үшін тұрақтылық пен қоғамымыздың бірлігін нығайту қажет екенін түсінеді. Екіншіден, әлемдік эко­но­ми­калық дағдарыс белең ала түскен кезеңде халыққа ертеңгі күніне деген сенімділік керек. Бұл, ең ал­дымен, жұмыс орындарымен қам­т амасыз ету, әлеуметтік төлем­дердің, жалақының, стипен­дия­лардың тұрақтылығы. Үшіншіден, жаһандық геосая­с и қарамақ а й ш ы л ы қ т а р у ш ы ­ғ а т ү с к е н ж а ғ д а й д а , біздің азамат­тарымызды ұлттық қауіпсіз­дікті қамтамасыз ету мәселесі алаң­датады. Сондықтан, қазақстан­дық­тар теңдестірілген ішкі және сырт­ қы саясаттың әрі қарай жалғастырылғанын қалайды. Бұлар оңай мәселелер емес. Оларды шешу барлық азаматтар мен барлық деңгейдегі атқа­ ру­шы биліктен дағдарыстан шы­ғу жөніндегі белгіленген бағдар­л а­м аларды орындау үшін күш біріктіруді талап етеді. Осылайша, барлығымыздың алдымызда аса ауыр жұмыс тұр. Маған Қарағандыдан Нина Алек­с еевна Мисоченко былай деп жазады: «Күн сайын балаларымның амандығы үшін, жеріміздегі бей­бітшілік пен тыныштық үшін мінәжат етемін. Күн сайын Құ­дай­дың алдында біздің үйлері­мізге ешқашан ешқандай алауыз­ дық пен ешқандай соғыс қатер төн­дірмесін, біз қашанда бейбіт және ба­қыт­ты өмір сүрейік деп жалбарынамын. Қазақстанда барлық адамдар татулық пен бір-біріне сеніммен өмір сүріп жатса, бұл Сіздің ерен еңбегіңіздің арқасы. Қазақстандықтар бірге еңбек етіп, бір-біріне қолұштарын береді, балалары мен немерелерін алаңсыз оқы­тып, өсіріп жатыр. Әрқашан жә­не

мәңгілік осылай бола бер­сін!». Рахмет, Нина Алексеевна! Бұл тек менің ғана емес, біздің бүкіл халқымыздың еңбегі. Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтардың бойында бейбітшілік пен келісім – басты жалпыхалықтық игілігіміз деген даналық ұғым мықтап ор­нықты. Және оны әр күн сайынғы еңбекпен қорғау және нығайту қажет. Бүгінгі біздің қазақстандық мінез бітіміміз осындай! Бірлік пен Тұрақтылық – бұл біздің жау­апты таңдауымыз! Бұл біздің Отанымыздың табысты дамуының басты формуласы. Қымбатты отандастар! Өткен 23 жыл – біз үшін ға­сырға бергісіз жылдар. Кезең-кезеңімен жүргізілген тұрақты саясаттың арқасында біз бүгінгі белеске көтерілдік. Қазақ қазақ болғалы қазіргідей төрт құбыласы түгел, қуатты елге айналып көрген емес. Біз бүгін қариясы қамсыз, азаматы алаңсыз, ұрпағы уайымсыз елдердің қатарына ұмтылдық. Біз үшін көк аспанымыз ашық, көк байрағымыз асқақ болғаннан артық мәртебе жоқ. Жер бетінде саны қанша миллион болса да туын тігер ұлтарақтай жерді, ұрпағына мирас етер елді арман еткен ұлттар қаншама! Елі болғанмен бағдары жоқ, бағдары болғанмен берекесі жоқ халықтар да көз алдымызда. Қазақстан даму көшіне ілескен елдерден суырылып шығып, көш тізгінін ұстаған елдердің санатына бет алды. Бірақ, біз өткенді ешқашан ұмытпауға тиіспіз. Қазақ – тарихи жады мықты, соңына қарап тәубесін айтқан, жолына қарап тәуекел еткен халық. Әсіресе, осы күндері маған жүз­деген хаттар келіп түсуде. Сол­т үстік Қазақстан облысының жасы тоқсаннан асқан тұрғыны Байқуаныш Сәрсембин ақсақал былай деп

жазыпты: «Өткен ғасырдағы түрлі тарихи оқиғалардың бәрі менің көз алдымда өтті. Бірде құлдырап, бірде өрлеген қилы замандарды көрдік. Бірақ, дәл қазіргідей Алтын Ғасыр халқымыздың басында ешқашан болған емес. Елінің шекарасын бекітіп, барлық елдермен достық қатынас орнатып, барша адамзат тағдырын шешуге араласып отырған қазақ баласы ешқашан болмаған», – дейді Байқуаныш қария. Мен жеткен абырой, мәртебе – барша Қазақстанның мерейі. Әрбір хат иесінің бүгінгі Қазақстанды мақтан етіп, марқаятынын көремін. Біз өресі биік, рухы берік, отаншыл елміз. Біз үшін туған ел­дің бір уыс топырағынан қасиет­ті жер жоқ, бір түп жусаны­нан жұпар иіс жоқ. Елдің бірлігін нығайтып, Отанымызды көркейтуге бағыт­т алған кез-келген ұсыныс мен үшін құнды. Қоғамда талқыланып жатқан кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жайын мен осы тұрғыдан сараладым. Құрметті отандастар! Бұрынғы Президент сайлауынан бері 4 жыл өтті. Бұл Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер ашқан күрделі уақыт еді. Біз 2011 жылғы с а й л ау а л д ы н ау қ а н ы б а р ы с ы н д а м е н і ң тарапымнан айтылған барлық мақсаттарға қол жеткіздік. Біз әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына ену жөніндегі ұзақ мерзімді 2050 Стратегиясын жүзеге асырудамыз. Бүгінде мен жаһан­дық экономикалық және геосаяси тәуекелдерді есепке ала отырып айқындап берген мемлекеттік бағ­дарламаларда дамудың бар­лық стратегиялық мәселелері белгіленген. Дағдарыс пен біздің экспорт­ тық тауарларымызға бағаның күрт төмендеуінен

бізге бюджет саясатын жедел оңтайландыруға тура келді. Дағдарысқа қарсы ша­ра­лар кешені жүзеге асырылуда. Біз жаһандық дамудың ауырт­палықтарын абыроймен еңсере­тінімізге сенімдімін. Бізде бұл үшін барлық жағдай – ісқимылдың нақты жоспарлары, халықтың бірлігі мен қажетті ресурстар бар. Енді сайлау туралы айтайын. Бүгін мен Парламент Сенаты мен Мәжілісі басшылығымен, Премьер-Министрмен және респуб­л ика Конституциялық Кеңесінің Төрағасымен консультациялар өткіздім. Оның алдында Сенат Төрағасының сауалы бойынша Конституциялық Кеңес кезектен тыс Президент сайлауын өткізу бойынша жан-жақты түсініктеме берді. Президент және Парламент сайлауларын өткізудің күнтізбелік мерзімі 2016 жылға дөп келіп, іс жүзінде қосақталып тұр. Конституция бұған жол бермейді. Менің Мемлекет басшысы лауазымындағы конституциялық өкілеттілігімнің мерзімі 2016 жылы аяқталады. Осыған байланысты екі ұсыныс айтылуда. Бірінші – ел Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу. Екінші – Мемлекет басшысының өкілеттілігін ұзарту туралы референдум өткізу. Екі ұсынысты да жүзеге асыруға болады. К ө ң і л г е қ о н ы м д ы с ы , К о н с­т и­т у ц и я талаптарына жауап беретіні сайлау өткізу болып табылады. Сондықтан, халықтың мүддесіне орай, оның өтінішін, жалпыға ортақ ерік-жігерін есепке ала отырып, Негізгі Заңды бұлжытпай сақтау үшін мен Конституцияның 41-бабының 3-1 тармағына сәйкес шешім қабылдап, 2015 жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс Президент сайлауын белгілеу туралы Жарлыққа қол қойдым. Қазақстан үшін сайлау қашанда қоғамдағы бірлік пен келісімнің жоғары тетігі болды. Қазір де және әрқашанда солай болатынына сенімдімін! Сайлау – аса маңызды конс­т и­т уциялық және патриоттық акт. Оны заңнамаға қатаң сәйкес, ашық және адал, отандық және халық­ аралық байқаушыларды кеңі­н ен қатыстыра отырып өткізу қажет. Алдағы сайлауға өзім­нің қатысатыныма орай шешім­ді мен кейінірек, еліміздің Консти­туциясы мен заңдарына толық сәйкес қабылдайтын боламын. Қымбатты қазақстандықтар! Қайта қаһарына мінген әлемдік дағдарыс жағдайында бірлік бізге бұрынғысынан бетер құнды. Мемлекеттің тыныштығы мен елдің бірлігін сақтап, дамыту Президенті бастап, елі қостаған кезде ғана баян­д ы болмақ. Жауапкершілік бүкіл халыққа да жүктеледі. Осыны ұмытпайық. Алдағы биік белестер мен асқар асулар үшін біз барлық кедергілерді бағындырып, алға басуға тиіспіз. Құзырлы органдар Қазақстан халқы Ас с а м б л е я с ы н ы ң б а с т а м а с ы е л і м і з д і ң Конституциясына және Сайлау туралы Заңға сай деген қорытынды шығарды. Мен сайлауға қатысты «иә» мен «жоқты» мұқият ой таразысына салдым. Сөйтіп, «кезектен тыс Пре­з идент сайлауын өткізген жөн» деген пайымға келдім. Сай­лау елімізді ұлы істерге ұйыс­­тырып, баянды болашақ жо­лында біріктіре түсеріне сене­мін. Қазақстандықтарды ел тари­хын­дағы тағы бір тағдырлы оқиғаға жауапкершілікпен қарап, белсене қатысуға шақырамын. Баршаңызға бірлік пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық ті­леймін!

ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН ЕЛ ҰТАДЫ

ТАҢДАУЫМЫЗДЫ ДҰРЫС ЖАСАЙЫҚ, АҒАЙЫН! Әбдімомын ЖЕЛДІБАЕВ, күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Той жылы болады делінген қой жылы саяси науқандармен де есте қалатын сыңайлы. Жайшылықта санадан қалтарыс қалғанымен, Президент сайлауы дегеніміз, тұтастай елдің рухын көтеріп, халықтың еңсесін тіктейді. Өйткені, жұртшылық өзінің көшбасшысы кім екенін ойлайды, түсінеді, ұғынады. «Басшысыз ел жетім» деген аталы сөздің айналасына топтасады. Шыны керек, жас шыбықтай кезінде еркіндік алған тәуелсіз еліміз алып бәйтерекке айналды. Оның бәрі еліміздегі тұрақтылық пен дамудың, Мемлекет басшысының мығым ойлай білетінінің арқасы. Өмірде бір адам бір әулетті басқара алмай отырған жағдай да ұшырасады. Ал әулет пен мемлекетті теңестіруге бола ма? Әлбетте, болмайды. Президентіміз осы бір ұлан-ғайыр жері бар үлкен мемлекетті асқан бір кемеңгерлікпен басқарып келеді. Қазіргі кезде әлем елдері Қазақстан десе бірінші кезекте Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін атайды. Ол кісі шын мәнінде әлем мойындаған ірі тұлға. Алпауыт елдердің басшылары біздің Елбасымызбен талай мәрте

кеңесіп, ортақ шешім қабылдады. Олар біздің Президентімізді мықты саясаткер ретінде үлгі де тұтады. 26 сәуір – Алаш жұрты өзінің көшбасшысын таңдайтын күн. Дәл осы күні ұлттық сана, рух оянады. Жайшылықта көзге көріне бермейтін сезімнің нәзік иірімдері, элементтері осы күні дербес кеңістікке шығады. Өйткені, әрбір азамат өз қалауын, таңдауын жасайды. Ол таңдау, меніңше, елімізде бірлік пен татулықтың, тұрақты экономикалық, мәдени, рухани дамудың таңдауы секілді. Қазақ қашанда сабырлы, салиқалы халық. Өз басшысын, азаматын сыйлайтын, елін төрге сүйреген тұлғаларын да осы қазақ өзгелерден өзгеше құрметтейді, мақтан тұтады. Сол қазақ: «Өткелде ат ауыстыруға болмайды» дегенді де жиі айтады. Менің көзқарасымда егер Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға өз кандидатурасын ұсынатын болса, тұтас халық ол кісіні қолдауы керек. Өйткені, Назарбаев қазақ елін әлемге танытты. Әлем бізді әрмен қарай да танып, қарқынды дамыған ел ретінде мойындаған үстіне мойындай түссін десек, таңдаудан қателеспеуіміз қажет. Елбасының Отанымызды әлемдегі өркениетті отыз елдің қатарына жеткізу үшін халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатқанын айрықша бағалаймын. Үлкенге де, кішіге де жасалып жатқан қамқорлығы мен жақсылығына дән ризамын. Сындарлы саясатын қызу қолдаймын. Осының бәрін шынайы көңілмен айта келіп, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер болып тіркелуін өнерлі қауым өкілдері атынан сұранамын. Шу ауданы.

БІРЛІК БІЗГЕ БҰРЫНҒЫСЫНАН ДА ҚҰНДЫ Алдияр ТҮСІПОВ, Тараз қаласының Құрметті азаматы. «Дана мемлекет мыңдаған жыл өмір сүреді» деген тәмсіл бар. Осы бір оймақтай сөздің тереңіне ой жүгіртсек, сол даналықтың бірнеше жылдық қажырлы еңбек пен қаймағы бұзылмаған теңдесі жоқ бірліктің арқасында мүмкін болғандығы анық. Нақ осындай сындарлы стратегия біздің елімізде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жасалып жатқанын өзіміз көзімізбен көріп, шарапатын сезініп жүрміз. Елбасы жүргізіп отырған саясат шын мәнінде біздің халқымыздың ортақ мүддесімен сәйкес келеді. Сондықтан болса керек, елімізде мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізуге қатысты ой-пікірлер халық арасында қызу талқыға түсуде. Әуелі осы ұсынысты ортаға салған Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің үндеуіне құрметпен қарауға тиіспіз. Бұл көпұлтты Қазақстан халқының Мемлекет басшысының тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері мызғымас татулықты ту етіп келе жатқан көреген саясатына деген құрметі, атқарылған ерен еңбегінің жемісі деп білеміз. Елімізде президенттік сайлау өткізу бұған дейін белгіленген бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, ел экономикасының өсімін одан әрі қамтамасыз ететін болады. Әлемде белең алып

отыратын жағдаяттардың барысын күні бұрын бағамдап, елімізді сол қалтарыстардың қақпанынан үнемі тыңға түскен түрендей жол тауып алып шыға білетін Елбасымыз да мемлекетіміз үшін мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізіп алудың қаншалықты тиімді екендігін бірден бағамдай қойып, сайлау өтетін күнді белгілеп Жарлығын шығарды. Мерзімінен бұрын келген саяси науқанға қатысты өзінің үндеуін халыққа жария етті. Теледидардан Елбасымыздың үндеуін тыңдап отырып, ерекше әсерге бөлендім. Сол кезде Елбасымыз тәуелсіздіктің жиырма үш жылы бедерінде еліміз қандай белестерді бағындырғанын әсерлі жеткізді. «Өткен 23 жыл – біз үшін ғасырға бергісіз жылдар. Кезең-кезеңімен жүргізілген тұрақты саясаттың арқасында біз бүгінгі белеске көтерілдік. Қазақ қазақ болғалы қазіргідей төрт құбыласы түгел, қуатты елге айналып көрген емес. Біз бүгін қариясы қамсыз, азаматы алаңсыз, ұрпағы уайымсыз елдердің қатарына ұмтылдық. Біз үшін көк аспанымыз ашық, көк байрағымыз асқақ болғаннан артық мәртебе жоқ» деді Елбасы үндеуінде. Сөзінің түйінінде Мемлекет басшысы мұның барлығы бірліктің арқасында мүмкін болып отырғанын да қадап айтты. Бірлік бізге бұрынғысынан да құнды екендігіне ерекше тоқталды. Елбасының әрбір сөзін мен ұдайы қуаттаймын. Межелі мерзімі келгенде, мен де өз отандастарыммен бірге сайлауға қатысып, елімнің ертеңгі болашағы үшін өзімнің таңдауымды жасаймын. Барша халқымызды осы саяси науқаннан тыс қалмауға шақырамын. Тараз қаласы.

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫН ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес қаулы етемін: Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуіріне тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдықтехникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін дер кезінде жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 25 ақпан. №1018

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАУЫН ӨТКІЗУ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫН ӨТКІЗУДІҢ ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ.

«Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау құжаттарының үлгілері мен 2015 жылдың 26 сәуіріне белгіленген ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының дайындығы мен оны өткізу жөніндегі негізгі шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді. Бұл жоспарға сәйкес, президенттікке кандидаттарды ұсыну осы жылдың 26 ақпанынан басталады және 15 наурызда аяқталады», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Оның айтуынша, кандидаттарды ұсынуға белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктер құқылы, сондай-ақ, азаматтардың өзін-өзі ұсынуына да болады. «Үміткерлердің үгіт-насихат науқаны осы жылдың 26 наурызынан 24 сәуір күнгі сағат 00.00-ге дейін созылады», - деді Қ.Тұрғанқұлов. Ол Мемлекет басшысы сайлауына жасы 40-тан асқан, туғанынан Қазақстан азаматтығын алған, мемлекеттік тілде сөйлейтін, соңғы 15 жылда Қазақстанда тұрған азамат түсе алатынын айтты. Комиссия төрағасының айтуынша, президенттікке кандидаттарды ҚР Орталық сайлау комиссиясы тіркейді. Кандидаттарды тіркеу 26 ақпаннан басталды. «Кандидаттарды тіркеу 25 наурызда аяқталады. Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың үгіт науқаны басталады. Ол 26 наурызда басталып, 24 сәуірге дейін жүргізіледі», – деді Қ.Тұрғанқұлов.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы 2015 жылғы 26 ақпан №5/262 Астана қаласы 2015 ЖЫЛҒЫ 26 СӘУІРГЕ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫН ӘЗІРЛЕУ МЕН ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ІСШАРАЛАРДЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына, 51-1, 66-1-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін. Күнтізбелік жоспар облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ХАТШЫСЫ Б.МЕЛДЕШОВ. (Күнтізбелік жоспар кестесін 3-беттен оқисыздар).

Көн құрысса, қалыбына барады, Көпке түскен іс анығына барады. Халық мақалы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
28 акпан 2015 pdf by akjolgazet - Issuu