Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet
АҺАН Д
А
Ж
BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).
және
Сарысу Са С Сар ар а ры ысу ыс су су ауданы ауд а уд удан ан аны ны ы
Мо Мой М о ой йын ын Мойынқұм ау ауд ау уд да ан н ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Жамбыл облысты о амды -саяси газет
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№74 (18568), Beısenbі, 28 maýsym, 2018 jyl
Н Т УҒА
Т У. А Р А Т Е КҮН Г
КЦИ
ТАЛ Я БАС
Д Ы!
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. aqjolgazet.kz
Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady
НДА ЖАҺА
АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА – ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНЕН 20 НЫСАН ЖАПОНИЯ
«Хаябуса-2» кемесі астероидқа жетті Құрылғы ғарыш денесінен 20 шақырым, Жерден 280 миллион шақырым қашықтықта тоқтаған. Ол жолда шамамен 3 миллиард шақырым қашықтықты жүріп өтті. «Хаябуса-2» кемесіне жүктелген міндет – астероидтың тас қиыршықтарын Жерге жеткізу. Жерге жеткізілген тастар арқылы зерттеушілер бұл «қыдырмашының» құрылымын анықтайды. Осыдан кейін зерттеушілер мен инженерлер «Хаябуса-2» кемесін көбірек тас үлгілерін әкелуге қабілетті етіп жабдықтады. Автоматтандырылған планетааралық станс келесі жылдың соңында Жерге оралады деп жоспарланған.
Биыл елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы республика бойынша кең көлемде аталып өтілуде. Осыған орай елімізде түрлі акциялар ұйымдастырылып, оған өңіріміздегі аудандар да атсалысуда. Соның бірі – «20 жылдыққа – 20 нысан» акциясы. Аталған акция аясында Шу ауданының орталығы Төле би ауылында екі бірдей балабақша ашылып, Астана қаласының мерейлі мерекесіне тамаша тарту жасалды.
АҚШ
АҚШ есігі жеті мемлекеттің азаматтарына жабық АҚШ-тың Вашингтон, Нью-Йорк және Лос-Анджелес сияқты ірі қалаларында халық жаппай ереуілге шықты. Олар Жоғарғы соттың Дональд Трамп саясатын қолдап, бірнеше мемлекет азаматтарының АҚШ-қа кіруіне рұқсат бермеуіне наразы. Бұл елдер қатарында Иран, Ливия, Сомали, Сирия, Йемен, Солтүстік Корея мен Венесуэла бар. Наразылық акциясына қатысушылар қатаң миграциялық саясатты айыптап, үкіметке қарсылықтарын білдірді. Енді аталған 7 мемлекет азаматтарына АҚШ-қа кіруге рұқсат жоқ. Себебі олар «имигранттық» және «имигранттық емес» виза түрлерін ала алмайды. Ақ үй басшысы осы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, бұны АҚШ-тың ұлы жеңісіне бағалады.
Сыйдың үлкені – сәбилерді қуанту Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мектепке дейінгі білім мен тəрбиені айрықша назарға ала отырып, 2020 жылға дейін бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізуді тапсырған болатын. Осыны ескерген аудан кəсіпкерлері мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясында соңғы екі жылдың өзінде бірнеше балабақша ашып, 500-ден аса баланы тəрбиелеуде. Сондайақ бүгінгі күні жеке кəсіпкерлер мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып, ойға алған істерін жүзеге асыруда. Нəтижесінде, мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясындағы жұмыстардың тиімді екенін түсінген кəсіпкерлер балабақша ашуды мықтап қолға алған. Мəселен, «Балапан» бағдарламасы бойынша да соңғы жылдары ауданда қаншама жаңа ғимараттар салынып, іске қосылды десеңізші. Бас қаланың мерейтойына орай ашылған Шудағы «Нұр-Аш» балабақшасы 75 бүлдіршінге шақталған. Жобалық құны 41,5 миллион теңгені құрайтын балабақшада білім беру екі тілде жүреді. Сондай-ақ Роза Əбілбекова басқаратын нысанның электр жүйесі орталықтандырылған жəне жеке қазандығы бар. Мұндағы балаларға арналған
музыка бөлмесі мен спорт залы, медициналық бөлме мен басқа да тұрмыстық-қызметтік бөлмелер заманауи үлгіде жабдықталыпты. Сонымен қатар Шу ауданында Астана қаласының 20 жылдығына орай тағы да бір балабақшаның ашылу салтанаты өтті. Балабақшаның салтанатты ашылу рəсіміне арнайы қатысқан аудан əкімі Қайрат Досаев балабақша ұжымына сəттілік тілеп, сый-сияпат көрсетті. – Елордамыздың мерейлі мерекесі қарсаңында ашылып отырған балабақшаның ұжымын шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі күнге дейін ауданымызда «Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында 30 балабақша мен 19 шағын орталық жұмыс істеп келеді. Онда жалпы саны 4035 бүлдіршін тəрбиеленуде. Дегенмен қазіргі кезде аудандағы 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету деңгейі 87,6 пайызды құрап отыр. Айта кету керек, 2016 жылы аудан бойынша бір ғана жекеменшік балабақша болатын. Міне, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін түсінген кəсіпкерлер соңғы екі жылда бірқатар жекеменшік балабақшаларды ашуда. Мəселен, өткен жылы төрт балабақша ашылса, биылғы жылдың алғашқы алты айының өзінде бесінші балабақшаны ашып отырмыз. Осы қарқын
бəсеңдемесе, жыл соңына дейін əлі бірнеше бөбекжай есігін айқара ашады. Нəтижесінде, жыл аяғына дейін 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету көрсеткішін 96 пайызға жеткіземіз деген ойдамын, – дейді Қайрат Əскербекұлы. Жеке кəсіпкер Гүлнəр Жүнісəлиеваның иелігіндегі «Лашын» балабақшасының жалпы жобалық құны 7 миллион теңгені құрайды екен. Жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінген балабақшада тəрбие жəне білім беру жұмыстары тек мемлекеттік тілде жүргізіледі. Нысан бір қабаттан жəне екі блоктан тұрады. Байқағанымыздай, «Лашында» əр баланың жанжақты дамуы үшін барлық жағдай жасалыпты. Əрбір топ блогына кең де жарық жатын бөлмелер, шешінетін орын кіреді. Заманауи талаптарға сай жабдықталған ғимаратта ойын бөлмелері мен оқу сыныптары бар. Сый-сипаттың үлкендерінің бірі – балалардың бақытты күлкісі естілген бақытты шаңырақ салу. Ендеше, Шу ауданындағы қос балабақшаның сүйініші Астана күніне ерекше тарту болды деп сенеміз. Шу ауданы.
А ЫЛ Д Б М ЖА САРЫСУ АУДАНЫ
Инженер-геолог Ә. Бүркітбаев кабинеті ашылды
Суреттерді түсірген Петр НОРКИН.
Ерғали ҚАРТАЙҒАН
(Астананың 20 жылдығына байланысты арнайы топтаманы газеттің 3-бетінен оқисыздар).
Жаңатас қаласында жаңа оқу зертханалық кабинеті ашылды. Тау-кен саласы бойынша жан-жақты білім беруге негізделген орталыққа қазақтың тұңғыш инженер-геологі Әшір Бүркітбаевтың есімі берілді. Ауданның 90 жылдығымен тұспа-тұс ашылған зертханалық кабинетті тамашалауға келгендерге жастардың қатысуымен Ә.Бүркітбаевтың өмірі туралы көпшілікке ой салар көрініс қойылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа нысан бірқатар құрылғылармен қамтылған, болашақта тәжірибе алаңдарын ашу да жоспарда бар. Алдағы уақытта «Қазфосфат» және «ЕвроХим» сынды алпауыт компаниялармен серіктесіп, жабдықтары толықтырыла түспек. ЖУАЛЫ АУДАНЫ
Күн қуатын өндіруден көш басында тұр
– 20 1 8 Ұ БТ
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
БІР ӨКІНІШ, БІР ҚУАНЫШ
ҚАЛА КӨРКІ КӨЗ ТАРТАТЫН ҒИМАРАТТАРЫМЕН ӘСЕМ
«Бурное Солар» күн электр стансасы қуат көзін өндіруде көш бастап тұр. Орталық Азиядағы ең ірі электр стансасы саналатын нысан энергия көзін 100 мегаватқа ұлғайтуды жоспарлауда. Станса іске қосылғалы жылына 50 мегаватт қуат өндіреді. Ол үшін 25 миллиард теңге қаржы жұмсалған. Бүгінде «Бурное Солар-2» жобасы аяқталу үстінде. Бұл кезең жүзеге асырылса, өнімділік тағы 50 мегаватқа артпақ. Сонымен қатар 50 жаңа жұмыс орны ашылады. Осы уақыт аралығында күн электр стансасында 230 млн. киловат экологиялық таза энергия өндірілген.
Yлкеннің мың қуанғанынан, Баланың бір қуанғаны артық.
ОБЛЫСТА БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ АЯҚТАЛДЫ Ардақ ҮСЕЙІНОВА Біреуді өкіндіріп, біреуді қуантып ҰБТ да өтті. 20 маусымда басталған бірыңғай тестілеуді жамбылдық жас түлектер 5 лекте тапсырып бітті. Тестілеуге қатысуға өтініш берген 6082 түлектің 6048-і тестілеуден өтіп, мектеп бітірушілердің жалпы санының 99,4 пайызын құрады. Ал қатыспаған 10 оқушы денсаулығына байланысты босатылса, қалған 24-і соңғы сəтте сынақ тапсырудан бас тартқан. Мамандар биыл ҰБТ облыста тосын оқиғасыз, тыныш өткенін айтады. Расында бірер жыл бұрынғыдай, «Есік-терезені тұмшалап, ұл-қызымызды дəретханаға да шығармай қойды» деп шағым жасаушылар болған жоқ. Əйтсе де шынайы білімді тексеруде қанша жерден «бармақ басты, көз қыстыға» жол бермедік десе де, ұялы телефонның бірнешеуін «тығып» кіріп, «селфилетіп», «Инстаграмда» «тікелей эфирге» шыққандар да бар. Атын атап, түсін түстемегенімен, қазір талапкерлер өз аудиториясындағы «жүрек жұтқандардың» əрекетін «жыр» қылып айтып жүр. Тіпті аудандардың бірінде алғашқы лекте тест тапсырған бір түлек ҰБТ-ны ұмытқаны соншалық, ұялы телефондағы ойынның қызығына түсіп кеткен. Оның бұл əрекетін бейнекамерадан байқап қалған комиссия мүшесі қатаң ескерту жасапты. Қош, сонымен жамбылдық түлектер арасында ең жоғары нəтиже 5-лекте тіркелді. Үш қана сұрақтан қателескен талапкер – Жамбыл ауданындағы Б.Бесбаев атындағы орта мектеп түлегі Ақылжан Уралов. Сөйтіп ол алғашқы күндерде-ақ 136 балл жинап, үздік екендіктерін дəлелдеген Тараз қаласындағы №12 мектеп-гимназияның түлегі Ұлдана Əбілова мен Мойынқұм ауданындағы Жамбыл атындағы мектеп-гимназияның шəкірті Аружан Мақсұтбекқызы жəне облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің бітірушісі Қарлығаш Махұлбекова мен Байзақ ауданындағы Көктал орта мектебінің оқушысы Асылзат Дəуренқызының қол жеткізген көрсеткішінен бір балға асып түскен. Облыстық білім басқармасы берген мəліметке сүйенсек, ҰБТ-ның орташа балы 89,4-ті құраған (2017 жылы – 77,9 балл). 2141 түлек 100-ден жоғары балл жинаса (2017 жылы – 1293 түлек), 5411 мектеп бітіруші шекті деңгейден өткен. Білім мекемелерінің ішінде жоғары көрсеткіш – 123,9, «Дарын» мектеп-интернатының түлектеріне тиесілі. Ал Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының бітірушілерінікі – 112,9 балл. Облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп шəкірттерінің жетістігі – 111,6 балл. Одан кейінгі орында 106,9 балмен Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектепинтернаты тұр. Аудандар арасында 100,6 орташа көрсеткішпен Байзақ ауданы алда. 99,7 балмен Жуалы ауданы екінші орынға шыққан. Жуалылықтардан сəл ғана балл айырмашылығымен жамбылдықтар үшінші сатыға жайғасқан. Биыл меркіліктердің де нəтижесі жақсарған. Мойынқұмдықтар мен тараздықтарды алға салып, алдыңғы жылдармен салыстырғанда осы жылы əупірімдеп жүріп Т.Рысқұлов ауданының түлектері де көрсеткіштерін біршама түзеген. Сала мамандары үшін басты жетістіктің бірі қордайлықтардың соңғы үштіктің қатарынан алға жылжуы болса керек. Осылайша түлектері орташа 82,8 балға қол жеткізген Қордай ауданы Талас, Сарысу, Шу аудандарын артқа тастап отыр.
ЖАЗЫЛЫМ – 2018
Дала болсын, қала болсын сұлулығымен, көркемдігімен ерекшеленеді. Әсемдік қашанда алдыңғы қатарда тұрғаны жөн. Бұл – құрылыс, сәулет, архитектура салаларының мамандарын ойландыратын мәселе. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің қатысуымен өткен құрылыс саласы бойынша өңірлік кеңесте облысқа белгілі кәсіпкерлердің ұсыныс-тілегі тыңдалды. Есет ДОСАЛЫ
Жиында облыстық кəсіпкерлік палатасының директоры Мəріпбек Шəкербек алғаш сөз сөйлеп, оны одан əрі үйлестіріп отырды. Мұнан соң облыстық кəсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Қайрат Сыдықов Жер туралы кодекске енгізілген өзгерістер туралы хабарлама жасады. Ол өз сөзінде қаладағы құрылысқа деп бөлінген жерлердің Тараздың келбетіне сай
болуы керектігін айтты. Мұнан соң «Альтайс-Груп» компаниясының директоры Əлімбек Жұмабаев кəсіпкерлер ұсынған жобалардың сызба нұсқасының талапқа сай болуына тоқталып, кəсіпкерлерге қолдаудың арта беруі қажеттігі жөнінде ұсынысын білдірді. Кеңесте белгілі кəсіпкерлер Анатолий Пак, Шахиста Мұхамеджановтар да өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ жиында Тараз шаһарында көркі көз тартатын сəулет құрылыстарының аздығы, құрылыс
үшін жер телімін алғандардың техникалық құжаттамалары талапқа сəйкес болуы керектігі айтылды. Бұл орайда Тараз қаласының тұрғыны Əбдікерім Мылтықбаев өзі ашқан дүкеніне үш айдан бері құжат ала алмай жүргенін жеткізді. Облыс əкімі Асқар Мырзахметов дəл мұндай жағдайда жүрген азаматтардың аз емес екенін айта келіп, мəселені жылдам шешуді жəне Тараздағы барлық жұмыстың талапқа сай болуын құрылыс, жер саласына қатысты бірқатар басқармалардың басшыларына тапсырды. Сондай-ақ ол осы өңірлік кеңес отырысы айына екі рет тұрақты өткізіліп тұратынын, облыстың дамуы жолында жарқын б а с т а м а л а рд ы а й т ат ы н а л а ң ғ а айналатынын атап өтті. Суреттерді түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.
ІІ ÆÀÐÒÛ ÆÛËÄÛҚҚÀ ÆÀÇÛËÓ ÁÀÑÒÀËÄÛ, ҚÀÏÛ ҚÀËÌÀҢÛÇ, ÎҚÛÐÌÀÍ! «Қазпошта» Заңды тұл алар үшін Ауылда ы кәсіпорындар мен ұйымдар а: 6 ай а – 3246,48 теңге 1 жыл а – 6492,96 теңге Индексі 15457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 ай а – 2911,32 теңге 1 жыл а – 5822,64 теңге Индексі 15457
байланыс бөлімшелерінде: Жеке тұл алар үшін Ауыл тұр ындарына: 6 ай а – 2996,46 теңге 1 жыл а – 5992,92 теңге Индексі 65457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 ай а – 2661,30 теңге 1 жыл а – 5322,60 теңге Индексі 65457
Тараз қаласының тұр ындары үшін: Эврика-пресс
ERNUR-press Тараз-пресс
Қыран-пресс
БӨЛ%МШЕЛЕР% АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ