28 караша 2015 ж пдф

Page 1

ҚАЗАҒЫМДЫ САЛҒАН ДАҢҒЫЛ ЖОЛҒА ШЫН, ЕЛДІГІМЕ АРҚАУ БОЛҒАН ЕЛБАСЫМ! АҚОРДА

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖОЛДАУЫ ӘРКІМ ҮШІН ҚЫЗЫҚТЫ БОЛАДЫ

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№147 (18181), Сенбі, 28 қараша, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

Елбасы Н.Назарбаев 30 қарашада Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. –Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 қарашада Қазақстан халқына Жолдауын жариялайтыны туралы ақпаратты растаймыз. Сонымен қатар, бірнеше республикалық телеарнада тікелей эфирді ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Әбішұлының өзі айтқандай, Жолдау әлемдік дағдарыс жағдайындағы еліміздің әрекеттеріне арналатын болады. Қазірдің өзінде Жолдаудың әркімге қызықты болатынын айта аламын, – деді ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев. Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыр кезеңде қандай шараларды қабылдау керегі туралы Жолдауында айтатынын және оны осы жылы жариялауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. «Бүгін негізгі мәселелерге ғана тоқталдым. Күрделі кезеңде қандай шаралар қолданатынымыз туралы кезекті Жолдауда айтатын боламын, оны осы жылы жариялау жоспарда бар. Осынау күрделі кезеңде Үкімет пен аудан әкімдері экономикалық өсімді ынталандыратын барлық қорды қарауы керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев 18 қарашада Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында.

Беліңнің мықтысы бір басыңа, Еліңнің мықтысы бір ғасырға. Халық мақалы. КЕЛЕЛІ КЕҢЕС АРҚАУ

ЕЛБАСЫ ӘНЕ Ж ЕЛ

Ы – КЕМ ЕҢ ГЕ РЛ ІК

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

МАРАПАТТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАҒА ҚАЛАЙ ШЫҚТЫ?

ЕГЕМЕНДІК ПЕН ЕЛБАСЫ – ЕГІЗ ҰҒЫМ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ БҰҰ-ҒА ЖАЗҒАН ХАТТАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКЕН ҒЫЛЫМИТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯДА ҰЛАҒАТТЫ ОЙЛАР ОРТАҒА САЛЫНДЫ

– Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай Сыртқы істер министрлігі Twitter желісіне 1991 жылы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған құжаттарды жариялады. СІМ бұл хаттарды Президенттің және Қазақстанның халықаралық аренаға шығудағы алғашқы қадамдары деп ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жердегі әңгіме екі құжат жайында - Қазақстан Республикасын БҰҰ мүшелігіне қабылдау жөнінде

өтініш, оны Мемлекет басшысы 1991 жылы 31 желтоқсанда БҰҰ Бас хатшысы Куэльярға жолдаған және Қазақстан Республикасының БҰҰ Жарғысында көрсетілген міндеттемелерді қабылдауы жөнінде Декларация. СІМ мәліметінше, бұл құжаттар Қазақстанның халықаралық қауымдастықтың толық құқылы мүшесі ретінде әлемдік саяси аренадағы қатысына негіз болды.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.ҚАРАШОЛАҚОВТЫҢ өкімдерімен көп жылғы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Сейітмахан Мәдіқұлұлы ҚОШМАҒАНБЕТОВ, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Бердібек Тілеуқабылұлы МОЛДАБАЙ; ауыл шаруашылығы саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін және ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай Қордай ауданы «Сұлтан Бейбарыс» шаруа қожалығының жетекшісі Біржан Шәменұлы ҚҰТТЫҚОВ, Сарысу ауданы «Бағлан» шаруа қожалығының төрағасы Бауыржан Жаңбайұлы ОМАРБАЕВ, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Нұрғали Еңсебекұлы СЕЙТБЕКОВ, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің екпе ағаштар инженері Абай Қалықұлы ТЫМБАЕВ, Т.Рысқұлов ауданы «Қайнар-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Серікжан Үкенұлы ШОҚАТАЕВ; химия өнеркәсібін дамытудағы көп жылғы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қаратау» және «Шолақтау» тау-кен өндіріс комбинатының директоры Мұратқали Бақыткерейұлы САРСЕНОВ Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

Наурызбек САРША, «Ақ жол». Егемендік пен Елбасының есімі қашанда қатар аталады. Өйткені, ежелден атабабаларымыз арман еткен тәуелсіздіктің таңы атқан тұста ел тізгінін қолға алған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев егемендігімізді сақтап қалуы үшін тер төгіп, еңбек етті. Бүгінгі экономикасы мен әлеуеті дамыған Қазақстан – Ұлт Көшбасшысының туған халқына деген сүйіспеншілігі мен адалдығының, ел басқарудағы кемеңгерлігі мен көрегенділігінің жемісі. ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай облыстық драма театрда «Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы Тұңғыш Президенттік институттың рөлі мен маңызы» тақырыбында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда осындай құнды ойлар, пайымды пікірлер айтылды. Конференцияға

облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, айтулы ғалымдар, белгілі тарихшылар мен әдебиетшілер, сонымен бірге, облыстық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдар, зиялы қауым, этномәдени орталықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жалпы білім беретін мектептердің тарих және әдебиет пәнінің мұғалімдері қатысты. Өңір басшысы көпшілікті ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. Мерекеге арналған конференция барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың облысымызға келген сапарларынан түсірілген деректі фильм көрсетілді. Конференцияны Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Төлепберген жүргізді. (Жалғасы 2-бетте).

ҚОЛДАУ БАР, ҚАЙТАРЫМ ҚАЙДА? Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». Облыс әкімдігінің кезекті мәжілісі бірқатар лауазымды тұлғаларды «Қазақ хандығының 550 жылдығы» мерекелік медалімен марапаттаудан басталды. Марапатқа ие болғандар қатарында облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков, облыс әкімінің орынбасары А.Нұралиев, облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қарашолақов, облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Рахманбердиев, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы М.Қожабаев, әділет департаментінің басшысы Н.Егінбаев, тексеру комиссиясының төрағасы М.Байбеков, облыстық атқару жүйесі

департаментінің басшысы Д.Рахымбердиев, Тараз қаласының әкімі Н.Календеров және аудан әкімдері бар. Жалпы, әкімдік мәжілісіне он екі мәселе ұсынылған болса, соның ең біріншісі күзгі егіс-дала жұмыстарының қорытындысына арналды. Аталған мәселе бойынша облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Нұржігітов баяндама жасады. Биыл агроөнеркәсіп кешенін қолдауға республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге, ал жергілікті бюджеттен 6,3 миллиард теңге қаржы бөлінген. Осыншама қыруар қаржының бүгінгі күнге 98,1 пайызы игеріліпті. Сондай-ақ, осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 587,9 мың гектарды құрап, өткен

жылмен салыстырғанда 7,4 пайызға артқан. Осы алқаптың 241,6 мың гектарынан жиналған масақты дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 16 центнерді құрап, барлығы 385,7 тонна дән бастырылған. Оның 88,4 мың тоннасы – азықтық бидай, 195,5 мың тоннасы – жем. Ішкі қажеттілікті толығымен қамтамасыз етеді деген есеппен 43,2 мың тонна тұқым сақтауға қойылып, 38,9 тоннасы саудаға шығарылған. Айта кетейік, Т.Рысқұлов ауданында ауа райының қолайсыздығы мен ағын судың жетіспеушілігінен 29 гектар картоп, 82 гектар дәндік жүгері, 150 гектар қант қызылшасы, 3391 гектар мақсары алқабы жарамсыз болып қалған. (Жалғасы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.