28 саур пдф 2015ж

Page 1

ЕРКІНДІКТІҢ ІРГЕСІН ЕРТЕ БАСТАН ҚАЛАҒАН, БЕЙБІТ ЕЛДІ БІРЛІККЕ БАСТАЙ БЕРСІН НҰРАҒАҢ! Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№49 (18083), Сейсенбі, 28 сәуір, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ЕЛБАСЫ ЖЕҢІСІ – ЕЛДІКТІҢ ЖЕМІСІ «САЙЛАУ НӘТИЖЕСІ – МЕНІҢ ЕЛ БАСШЫЛЫҒЫНДА ЖҮРІП ӨТКЕН ЖОЛДАРЫМА БЕРІЛГЕН ЗОР БАҒА»

АРАЙЛАП ТАҢЫМ, АСҚАҚТАП ТАУЫМ, ӘН ОЙНАП КӨГІМ, КҮЙ ТАРТТЫ ЕЛІМ. ҚОЛ ЖЕТТІ, МІНЕ, АҢСАҒАН КҮНГЕ, ЖАСАЙ БЕР, ЖАСА, ҚАЗАҒЫМ МЕНІҢ! ЕЛІМ МЕНІҢ АҢСАҒАН, ТАС БҰҒАУДАН БОСАҒАН, ҚҰТТЫ БОЛСЫН ОТАУЫҢ, БЕРІК БОЛСЫН-ОУ БОСАҒАҢ.

ҚАЗАҚСТАНЫМ - ЖАСЫЛ ОРМАНЫМ, ҚУАНЫШЫМДЫ ЖАСЫРА АЛМАДЫМ. АҢСАҒАН БАБАМ, АҢСАҒАН ЕЛІМ, БОСТАНДЫҚ ЕДІ-АУ АСЫЛ АРМАНЫМ. БАБАМНЫҢ ҚАНЫ, АНАМНЫҢ ЖАСЫ, СІҢГЕН БҰЛ ДАЛАМ ҚЫМБАТСЫҢ МАҒАН. БЕРЕКЕ-БІРЛІК - ҚАМАЛДЫҢ БАСЫ, ҰРПАҚҚА МӘҢГІ ТІЛ ҚАТШЫ ДАЛАМ. КҮЙІНСІН ЖАУЫҢ, СҮЙІНСІН ДОСЫҢ, ЖИЫЛСЫН ҚАУЫМ, ҚҰЙЫЛСЫН КӨШІҢ. ЕРТЕҢІҢ ҮШІН АЯНБА ЕЛІМ, ОЯНШЫ ЕЛІМ, ЖИЫЛСЫН ЕСІҢ.

ІШКІ-СЫРТҚЫ САЯСАТЫМЫЗ ӨЗГЕРМЕЙДІ

ЕЛІМ МЕНІҢ АҢСАҒАН, ТАС БҰҒАУДАН БОСАҒАН, ҚҰТТЫ БОЛСЫН ОТАУЫҢ, БЕРІК БОЛСЫН-ОУ БОСАҒАҢ.

Қ ҰТ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АҚОРДАДА ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ ТВИТТЕРДЕГІ ПАРАҚШАСЫНДА ХАБАРЛАНДЫ.

Қазақстанның ішкі-сыртқы саясаты өзгермейді. Бұл туралы Ақордада отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Елбасы өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысымен елімізде кезектен тыс Президенттік сайлау өткенін еске салды. « Та ң ат ы с ы м е н с а й л ау учаскелерінде халық балашағаларымен бірге дауыс беру үшін кезекте тұрды. Яғни, дауыс беру күні мереке сияқты өтті. Бұл – менің жүргізіп отырған с а я с ат ы м н ы ң , е л д і ң , к ө п этносты Қазақстанның бірлігінің арқасы», – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар ҚР Президенті ел экономикасын өркендетіп, халықтың жағдайын, әлеуметтік тұрмысын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын баса айтты. «Бөліну емес, бірігу қажет. Қазақтың тарихының өзі солай, ылғи бірігу үшін күресіп келе жатырмыз. Қазір де сол бағытты ұстайтын боламыз. Ішкі-сыртқы саясатымыз өзгермейді. Осы жолмен жүре береміз. Себебі осы жолды халық қолдады», – деді ҚР Президенті.

Елім менің

ТЕҢГЕ ДЕВАЛЬВАЦИЯСЫНА ЕШҚАНДАЙ АЛҒЫШАРТТАР ЖОҚ Теңгенің девальвациясына ешқандай да алғышарттар туып тұрған жоқ. Ақордада бұқаралық ақпарат құралдарына арнап брифинг өткізген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев журналистер сұрағына жауап бере отырып,

осылай мәлім етті. Брифинг барысында былтырғы жылдың соңынан бері теңгеге қатысты девальвация әңгімесі өршіп тұрғаны айтылып, сайлаудан кейінгі теңге т ағдыры не болатыны сұралған еді. «Сайлаудан кейін күрт өзгеретіндей ештеңе де б ол м а й д ы . Қ а л а й ж ұ м ы с істедік, солай істей береміз. Бұған дейін ескерткенімдей, ешқандай да алғышарттар жоқ.

Қазақстандықтар мені біледі, егер сондай бір жағдай туындаса мен оны өзім айтамын. Одан қорғанудың, сақтанудың да керектігін мен ескертемін», – деді Н. Назарбаев. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Ре с ей рубліне қатысты теңге бағамында да біршама құбылулар болғанын да еске салды. Өйткені, бұл елмен Қазақст анның байланысы т ы ғ ы з , с ауд а с ы ж о ғ а р ы болатын.

«Қазір бәрі тұрақты. Ешқандай да жоспар белгіленген еме с, бұған ешқандай да жағдай тіреліп тұрған жоқ. Дегенмен, екінші мәселе – біз теңге бағамын еркін жіберу мәселесімен, таргеттеумен де жұмыс істеп жатырмыз. Бұл – күрделі мәселе. Біз бұны Халықаралық валюта қорымен бірлесіп шешпекпіз, олар бізге техникалық кеңестер береді. Ал оны атқару бес жылдан

бұрын болмайды. Ол үшін теңгенің бағамы шетелдік валюталарға қарағанда еркін болып, коньюнктураларға, көрші валют аларға қарай өзгеруі тиіс. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Ал оған арнайы жағдайлар жасалуы керек. Қазақстанның қаржы жүйесі дамуы керек», – деді Н. Назарбаев. (Жалғасы 2-бетте).

Ы Т

Қ

А УЛ А Т

Р РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ Владимир ПУТИН

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Құттықтау телеграммасында Ресей мемлекетінің басшысы сайлау қорытындысының Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан азаматтары арасында зор абыройын көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар, көрші елдің президентінің айтуынша, Қазақстан халқы өз таңдауын жасау арқылы Мемлекет басшысының елдің әлеуметтік-экономикалық жылдам дамуына және еуразиялық интеграциялық процестерге белсене қатысуға әрі Ресеймен стратегиялық әріптестігі мен одақтастығының нығаюына қолдау білдірді. Ресей президенті диалогтың жалғасуына және екіжақты қарым-қатынас кешенінің әрмен қарай өсуі жөніндегі біріккен жұмысты жалғастыруға, сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің мүддесі үшін құрлықтағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті Еуразиялық экономикалық одақ пен өзге де халықаралық құрылымдардағы конструктивті қарым-қатынасқа дайын екенін атап өтті. (Жалғасы 2-бетте).

Ынтымақ елді оздырар, Күншілдік елді тоздырар. Халық мақалы.

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНДА

БҰҚАРА БЕЛСЕНДІЛІК КӨРСЕТТІ 26 сәуірге тағайындалған еліміздегі аса ірі саяси оқиға ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өз мәресіне жетті. Сайлаушылардың 95,22 пайызы дауыс берді. Бұл туралы кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті. «Облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссияларынан алынған деректер негізінде біз сіздерді ҚР Президентінің сайлауына сайлаушылардың келуінің қорытынды нәтижелерімен таныстыруға мүмкіндігіміз бар. Бұл көрсеткіш 95,22 пайызды құрады. 26 сәуір күнгі мәліметтермен салыстырғанда, Астана қаласына қарасты шетелдік учаскелер есебінен көбейді», - деді Қ.Тұрғанқұлов. Оның атап өтуінше, сол себепті Астана қаласы бойынша сайлаушылардың келуі 97,18 пайызды құрады. «26 сәуірде сайлаушылар өздерінің айрықша азаматтық ұстанымын, электораттық белсенділігін және елдің болашағы үшін саяси жауапкершілігін айқын көрсетті. Егемен Қазақстан тарихында дәл осындай белсенділік бірінші рет болып отыр. Науқанды ұйымдастырудың жоғары деңгейіне байқаушылар мен сарапшылар көз

жеткізіп, баса назар аударды», - деді ҚР ОСК төрағасы. «Сайлаудың алдын ала нәтижесі туралы айтатын болсақ, бізге келіп түскен ақпарат бойынша республикада сайлаушылар дауысы былай бөлінді. Әбілғазы Әлиақпарұлы Құсайынов үшін сайлаушылардың 0,7 пайызы дауыс берді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үшін - 97,7 пайыз, Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов үшін - 1,6 пайыз», - деді Қ.Тұрғанқұлов. ОСК төрағасы өз сөзінде 14 облыстан, Астана және Алматы қа ла ларынан хатт ама лардың Орталық сайлау комиссиясына келіп түсуіне байланысты бұл деректер нақтыланатындығын атап өтті. «Бұған заңмен екі күн белгіленген», - деді ол. Яғни, ҚР Президенті сайлауының нәтижесі 3 мамырдан кешіктірілмей белгілі болады. «Сайлау туралы заңға сәйкес 26 сәуірде өткен Қазақстан Ре с п убл и ка с ы н ы ң П р е з и д е н т і н сайлаудың соңғы нәтижесімен Орталық сайлау комиссиясы сайлаудан кейін жеті күн мерзімнен, яғни 2015 жылғы 3 мамырдан кешіктірмей белгілеуі тиіс», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

97,7%

ҚазАқпарат.

ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ ТАРАЗДА ОСЫНДАЙ ҰРАНМЕН ЖЕҢІМПАЗДАР ФОРУМЫ ӨТТІ ЕЛ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Н.Ә.НАЗАРБАЕВ КӨПШІЛІКТІҢ ТАҢДАУЫМЕН, БАСЫМ ДАУЫСПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТІП, ЕЛ ТІЗГІНІН ҚОЛҒА ТАҒЫ ДА АЛҒАНЫНА ҚУАНҒАН ЖҰРТТА ЕСЕП ЖОҚ. СОЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА ЖАМБЫЛДЫҚТАРДЫҢ АЛАР ОРНЫ ЕРЕКШЕ. ЕЛБАСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНДА АЯНБАЙ ТЕР

ТӨГІП, Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ХАЛЫҚТЫ БОЛАШАҚҚА БАСТАР БІРЕГЕЙ ТҰЛҒА ЕКЕНІНЕ ЕЛДІ БЕК СЕНДІРГЕН СЕНІМДІ ӨКІЛДЕР МЕН ЖАҚТАСТАРДЫҢ, ЖАЛПЫ, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫҒА ДАУЫС БЕРГЕН БАРША ХАЛЫҚТЫҢ АЛДАҒЫ КҮННЕН КҮТЕРІ КӨП. (Жалғасы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.