28 шилде пдф 2015 ж

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм

Жамбыл облысты о амды саяси газет

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

ТАРАЗ

№91 (18125), Сейсенбі, 28 шілде, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

ҚАЗАҚСТАН - ШЫҒЫС ПЕН БАТЫС АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА МҮШЕ БОЛУ ЕЛІМІЗГЕ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі елде ау қ ы м д ы р е ф о р м а л а р д ы жүзеге асыруға жол ашады. Бұл туралы кеше қазақстандық БАҚ !кілдеріне шағын сұхбат берген Дүниежүзілік сауда ұйымы Мүшелікке қабылдау ж!ніндегі департаментінің директоры Чиеду Осакве айтты. «Бүгін – Қазақстан үшін барынша маңызды күн. Сіздердің Президенттеріңіз үшін де айрықша сәт десек болады. Қазақстанның ДСҰға қабылдану барысында барынша байыпты шешімдер қабылданды. Бұл сіздердің елдеріңіздің ауқымды реформалар жасауына жол ашады әрі экономикаларыңызды жақсарта түседі», – деді ол. Оның атап !туінше, Қазақстанның аталған ұйымға кіруі барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан !те жоғары деңгейдегі жұмыстар атқарылды. «Сіздердің елдеріңіз, Президенттеріңіз келісс!здер барысында жоғары деңгейдегі к!регендігін к!рсетіп, барынша икемді саясат ұстана білді. 1995 және 2015 жылдары аралығында ДСҰ-ға 33 ел қабылданды. Ал Қазақстан осынау 20 жылдық кезеңдегі 34-ші ел болмақ», – деді Ч.Осакве.

БАЙ БОЛСАҢ, ХАЛҚ

Сонымен қатар, ол ұйымға кіру қиын екендігін, !йткені, елде к!птеген реформалар жүргізіліп, заңдардың !згеріске түсуі, тарифтердің қысқартылуы, ішкі елдік стандарттар халықаралық деңгеймен теңестірілуі қажеттігін баса айтты.«ДСҰға кіретін әрбір ел жаһандық экономикаға қосылатын болады», – деп түйіндеді с!зін департамент басшысы. Айта кетейік, кеше Женевада Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне орай ресми шара !тті. Оған Қазақстан Президенті

Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттер Қазақстанды Шығыс пен Батыс арасындағы к!пір ретінде қарастырады. Бұл туралы Дүниежүзілік сауда ұйымы Мүшелікке қабылдау ж!ніндегі департаментінің директоры Чиеду Осакве: «Сіздердің Президенттеріңіз !те к!реген адам әрі мемлекеттеріңіз үшін !те жақсы бастамалары бар. Осы ретте айта кетерлігі, Қазақстан – стратегиялық тұрғыда !те маңызды мемлекет. Тіпті,

керек десеңіз, сіздердің елдеріңіз Орталық Азиядағы ең ықпалды мемлекет екендігі анық. Сондықтан да ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің басым б!лігі Қазақстанды Шығыс пен Батыс арасындағы к!пір ретінде қарастырады. Бұл нақты бір деңгейде жауапкершілік жүктейді әрі сіздердің елдеріңізге айрықша назар аудартатындығы с!зсіз», деді. Қазақстан әлемдік қоғамдастықпен барынша ықпалдаса түсу үшін бәсекеге қабілетті болуы керек.

Дүниежүзілік сауда ұйымы Мүшелікке қабылдау ж!ніндегі департаментінің директоры Чиеду Осаквенің айтуынша, «Жеке секторда жұмыс істеген әрбір адам бизнес саласының бәсекеге қабілеттігін сақтау үшін үнемі қолдау к!рсету қажеттігін жақсы біледі. Бәсекелестіктің қандай екендігін Олимпиада чемпиондарынан сұрау керек. Сіздер жаңа технологиялар, жаңа білім алу үшін, әлемдік қоғамдастықпен барынша ықпалдаса түсу үшін шекараларыңызды

ашуларыңызға тура келеді. Жаһандық экономиканың басымдығы !те зор», –деді ол. Осы ретте ол кез- келген үкімет, бизнестің кез-келген !кілі, барлық халық барынша бәсекеге қабілетті болуы керектігін баса айтты.«Дегенмен, бұл процесте жақсы қолбасшының мығым қолы қажет. Ал біз мұны Қазақстаннан к!ріп отырмыз», – деді Ч.Осакве. Мемлекет басшысы Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведомен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі ж!ніндегі келісс!здердің табысты аяқталуына қатысты пікір алмасты. Сонымен қатар, еліміздің осы Ұйымға кіруі ж!ніндегі құжаттар топтамасын ратификациялаумен байланысты ішкі рәсімдер мәселесі де қозғалды. Елбасы республикамыздың ДСҰ-ға енуі «Қазақстан – 2050» ұзақмерзімді даму Стратегиясында қойылған міндеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ, сыртқы сауданы одан әрі дамыту және шетелдік инвесторлармен !зара ықпалдастықты кеңейту тұрғысынан маңызды екенін атап !тті.

Магистральдық және кварталішілік жылу желілерін жөндеп жатқандықтан, қала тұрғындары екі ай ыстық сусыз отыратын болды. Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Ахаев хабарлағандай, облыс орталығындағы көп қабатты үйлердің тұтынушыларына ыстық су беруді тоқтату Қазақ хандығының 550 жылдық тойына дейін жылу желілерін жоспарлы жөндеу қажеттілігінен туындаған. ЖАМБЫЛ

«Жастар орталығының» мәжіліс залында аудандық ардагерлер кеңесі мен облыстағы «Парыз» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ресей Федерациясының аудандарымен бауырластық орнату туралы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Онда «Парыз» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әлі Бекқұлы баяндама жасап, өзінің Ұлы Отан соғысы құрбандарын іздестіруші ретіндегі көп жылдан бері атқарып келе жатқан жұмысымен таныстырды. ҚОРДАЙ

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында отырғызылып жатқан жасыл белдеулер көптеген ауылдық аймақтардың сәнін кіргізуде. Мәселен, Сарыбұлақ ауылы жанынан пайда болған жас бақтағы терек көшеттерінің саны биыл бес мыңға жеткізілді. Уақтылы суарылып, малдан қорылып жақсы күтімге алынса, бұл әлі-ақ болашақ ұрпақ игілігін көретін ну орманға айналмақшы. САРЫСУ

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы жаңа мүшелермен толықты. Олардың қатарында «ЕуроХим» ЖШС-ның директоры И.Ю.Георгиади бар. Партия қатарына қабылданғандарды аудандық филиал төрағасының орынбасары Қ.Әукенов құттықтап, олардың шаңырақтарына шаттық, еңбектеріне табыс тіледі. Кездесу кезінде Қаратау тау-кен өндірістік кешенінің жетекші экономисі А.Охабаев партия қатарына өту жөнінде өтінішін білдірді. Т. РЫСҚҰЛОВ

ЫҢА П АЙД А

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

Ң ТИ СІН

АЛАЙДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДА ҰМЫТПАУ КЕРЕК Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

СПОРТ САЛАСЫНА СЕРПІН ҚАЖЕТ

ТОЙХАНАСЫН... БАЛАБАҚШАҒА АЙНАЛДЫРҒАН БАҒДАТ Нұрым СЫРҒАБАЕВ, «Ақ жол».

ТАРАЗДА ТАЯҚ ЛАҚТЫРСАҢ, ТОЙХАНА МЕН МЕЙРАМХАНАҒА ТИЕТІНІ АНЫҚ. ӨЙТКЕНІ, ӘУ БАСТА КӘСІППЕН АЙНАЛЫСУҒА БЕТ БҰРҒАНДАР ҚАЗАҚТЫҢ КҮНІ ТОЙСЫЗ ӨТПЕЙТІНІН МЕДЕТ ТҰТЫП, КӨЗДІҢ ЖАУЫН АЛАТЫН ЗӘУЛІМ МЕЙРАМХАНА САЛУҒА ЖАРЫСА ДЕН ҚОЙҒАНЫ БЕЛГІЛІ. КӘСІПКЕР ҮШІН БҰЛ ТАБЫС КӨЗІ БОЛЫП ТҰРСА, ОДАН ҚАЛАЙ БАС ТАРТСЫН. БІРАҚ ҰЛТ ПЕН ҰРПАҚ МҮДДЕСІН ОЙЛАЙТЫН КӘСІПКЕРЛЕР ДЕ БАР. ӨЙТКЕНІ ЖЕКЕЛЕГЕН АДАМДАР ТЕК БАС ПАЙДАСЫН ОЙЛАЙ БЕРСЕ, ТҮПТІҢ ТҮБІНДЕ ТЕКТІЛІКТЕН ДЕ, ИМАННАН ДА ЖҰРДАЙ БОЛАТЫНЫМЫЗ ЖАСЫРЫН ЕМЕС. СОНДЫҚТАН КЕЙІНГІ КЕЗДЕ ӨҢІРІМІЗДЕГІ ҚАБЫРҒАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРІП, ҚАЙЫРЛЫ ІСТЕРДІ ҚОЛҒА АЛЫП ЖҮРГЕН АСАУБАЙ МАЙЛЫБАЕВ ЖАЙЛЫ МАҚТАНЫШПЕН АЙТУҒА БОЛАДЫ. СОНДАЙ ИГІ ІСТЕРІНІҢ БІРІНЕ КЕШЕ АСЕКЕҢ МЕН ОНЫҢ КӘСІПКЕР ҚЫЗЫ БАҒДАТ КӨППЕН БІРГЕ ЖҰРТ СӨЗІН СӨЙЛЕГЕН ЖУРНАЛИСТЕРДІ ДЕ ШАҚЫРДЫ. ЕСТІГЕНДЕ ТАҢҒАЛЫП ЕДІК, КӨРГЕН КЕЗІМІЗДЕ ҚАЙРАН ҚАЛДЫҚ. СІЗГЕ ӨТІРІК, БІЗГЕ ШЫН, ҚАЛАМЫЗДАҒЫ БҰРЫНҒЫ «АЮ» МЕЙРАМХАНАСЫ 300 ОРЫНДЫҚ «АЮ» БАЛАБАҚШАСЫНА АЙНАЛЫП, ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҰСЫНЫЛДЫ. (Жалғасы 8-бетте).

Облыс әкімдігінің аппарат кеңесінде алдымен бұқаралық спортты дамыту туралы мәселе қаралды. Салада атқарылып жатқан жұмыстар жайлы облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков баяндама жасады. Баяндамашы айтып !ткендей, биыл Тараз қаласы мен аудандар тарапынан бұқаралық спортты дамытуға 95,4 миллион теңге қарастырылып, қаражат 2014 жылмен салыстырғанда 4,8 миллион теңгеге артыпты. Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған спорт мекемелерінің саны 46-ға жеткен. Соңғы үш жылда 8 жаңа спорт кешені бой к!теріпті. Биылдың !зінде Тараз қаласында, Жуалы, Мойынқұм аудандарында дене шынықтыру-

сауықтыру кешендері іске қосылыпты. Қаратау қаласындағы екі спорт алаңшасы да талапқа сай. Бұл жаңа нысандардың барлығы – Елбасы Жолдауында айтылған қазақстандықтардың 30 пайызын бұқаралық спортпен қамту туралы тапсырмасының жемісі екендігі даусыз. Біздің облыста спортпен жүйелі шұғылданушылар саны 2014 жылмен салыстырғанда 8 мың адамға артып, !ткен жылмен салыстырғанда спорт залдарына барып, сергектікті серік еткен жас!спірімдер саны 1500-ге ұлғайыпты. Гамлет Т!реханұлы кейбір аудандарда спорт саласына деген немкеттілік бар екенін де баса айтты. Мәселен, бұқаралық спортты қаржыландыру к!лемі Байзақ, Меркі, Мойынқұм аудандарында басқа !ңірлермен салыстырғанда !те т!мен болып отыр.

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті облыс бойынша басқармасының аға прокурорлары Қалыбек Жақыбаев пен Марс Мэлсұлы аудан әкімдігінің мәжіліс залында семинар өткізді. Оған жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерді ЕУОЛ базасы арқылы тіркеу жұмыстарын жүргізетін мемлекеттік қызметшілердің басын қосты. Семинар барысында мемлекеттік органдарда заң талаптарының орындалуына қатысты кездесетін кемшіліктер сөз болды.

(Жалғасы 3-бетте).

Құдығына қарай қауғасы, Базарына қарай саудасы.

Халық мақалы.

БАҒДАРЛАМА ЖӘНЕ БҰҚАРА

Нұрболат ЛДИБЕКОВ, «Ақ жол». Қаржылық қызметтер мен ресурстарға ауыл тұрғындарының қолжетімділігін арттыру мақсатында қолға алынған бағдарламаның бірі – «Ырыс». «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның бұл бастамасының шапағатын к!ріп отырған тұрғындар біздің !ңірде де баршылық. Атап айтсақ, Меркі ауданындағы «Бахор» шаруа қожалығы !ткен жылы осы бағдарлама бойынша 43 миллион теңге несие алып, Ресейден асыл тұқымды, сүтті 101 бас ірі қара мал әкелген болатын. Бүгінде «Бахордың» сол сиырлары бұзаулап, аталған шаруашылықтың ісі алға басуда. Біз бағдарлама арқылы алғашқылардың бірі болып несие алған «Бахор» шаруа қожалығының қожайыны Бақтияр Хасанбаевты с!зге тартқан едік.

– Осы күнге дейін әкемнің кәсібін жалғастырып, мақсары, арпа, қант қызылшасы, жоңышқа !сіріп келдім. Мал шаруашылығын қолға алғаныма үш жылдың жүзі болды. Алайда, осы уақытқа дейін ірі қараны тек ет үшін ғана ұстап келген едім. «Ырыс» бағдарламасы туралы аудан әкімі Бақтияр К!пбосыновтың кәсіпкерлермен !ткізген жиынында естідім. Жағымды жаңалықты естігеннен кейін мен халықты енді тек етпен ғана емес, сүтпен де қамтамасыз етуге бел байладым, – деді Бақтияр Буаханұлы. Оның айтуынша, әр сиырды жеткізу құнын қоса есептегенде, орта есеппен 400 мың теңгеден айналған. Бүгінде сол қаржыға алынған 38 сиырдың 20-сы бұзаулапты. Iр

сиыр күніне орта есеппен 20 литрден сүт береді екен. Яғни, тәулігіне 400 литр сүт алынады. Оның күніне 130 литрі бұзауларға берілсе, қалған 270 литрін «Меркі сыр зауыты» ЖШС-на келісім-шарт бойынша !ткізеді. Аталған зауыт сүттің әр литрін 56 теңгеден қабылдайды екен. Бақтияр Хасанбаев әкелген сиырларының қалғаны жыл аяғына дейін бұзаулайды деп отыр. Сол кезде күніне 2 тонна сүт !ндірілмек. Халқымызда: «Сиырдың сүті – тілінде» деген с!з бар. Мұны жақсы білетін «Бахор» қожайыны Бақтияр Хасанбаев биыл қысқа 20 мың түк жоңышқа, 5-7 мың түк сабан, 150 тонна арпа, 70 тонна бидай, 30 тонна кебек, сондай-ақ, әрқайсысы 50 тоннадан жүгері мен жымық дайындауды к!здеп отыр.

Қазіргі уақытта қыстыгүні ш!п сақтайтын орын мен жем сақтайтын қамбасының құрылысын аяқтаған. Жоспардағы ш!п қорының жартысына жуығын жинап қойыпты. Енді арпа, бидай, жүгері сынды дақылдардың жиын-терімін күтіп отыр. Орайы келгенде айта кететіні, «Ырыс» бағдарламасына қатысу үшін белгіленген құжаттарды реттеп шыққан соң, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қорынан 60 миллион теңгеге дейін несие алуға болады. Оның пайыздық м!лшерлемесі – 11 пайыз. Дегенмен, мемлекет ол несиені субсидиялайтын болса, м!лшерлеменің «салмағы» екі есеге азаяды. Міне, осындай жеңілдік жасалып жатқанда сүт шаруашылығымен неге айналыспасқа? Ал ең бастысы, аталған бағдарлама ауылдық жердегі кәсіптің дамуына оңтайлы жағдай жасап отыр. Мұны «Бахордың» қазіргі жағдайымен танысқан кез-келген адамның бағамдайтыны анық. Меркі ауданы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.