Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу Са С Сары ар а ары рыс ры су у ау ауд ауда а уда уда уд дан ны ы ауданы
Мой Мо М ой йы ын ын Мойынқұм а ау уда у уд дан да ауданы
Жамбыл облысты о амды саяси газет
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№11 (18205), Бейсенбі, 28 а тар, 2016 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
НДА ЖАҺА
ПРЕЗИДЕНТ
Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. А.Есімов ке зде су барысында Мемлекет басшысына Астанада өтетін халықаралық көрмеге дайындық барысы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» көрме сін өткізу аясында таяу жылдары алда ау қ ы м д ы ж ұ м ы с т а р т ұ р ғ а н ы н а тоқталды. Атап айтқанда, көрмеге қатысушылардың түпкілікті құрамын анықтап, Қазақстанның павильоны мен өзге елдердің ныс андарын мазмұндық тұрғыдан толықтыру қажет. Сондай-ақ іс-шараны өткізуге жəне қонақтар қабылдауға елорда инфрақұрылымының əзірлігін қамтамасыз ету керек. Өзге де маңызды міндеттер қатарында сапалы мəдени бағдарлама əзірлеу, еріктілерді тарту, сонымен бірге көрме аумағын кейіннен халықаралық қаржы орталығы ретінде пайдалану мəселелері бар. А.Есімовтің айтуынша, бүгінге дейін 70 шет мемлекет көрмеге қатысатынын растаған, соның 35-і – дамыған елдер. Көрмеге ірі трансұлттық компаниялар да қызығушылық танытуда. Жалпы, Тіркеу досьесі бойынша жоспарланған 100 елдің қатысу көрсеткішіне қол жеткізіледі деп болжанып отыр. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, ұлттық компания көрмені өткізу шығыстарын нысандар функционалын сақтай отырып, тағы 53 миллиард теңгеге қысқартты. Осылайша, бұрын жасалған қысқартуларды ескергенде, шығыстарды оңтайландыру көлемі жалпы 131 миллиард теңге болады. Бұған дейін топ-менеджерлер саны 15-тен 6-ға қысқарған болса, қазіргі кезеңде штат кестесін 12 пайызға оңт айландыру жо спарланған.
ҮНДІСТАН КҮН САЙЫН ЖҰМЫСҚА ЖҮЗІП БАРАДЫ
Үндістандық 40 жастағы Абдул Мәлік есімді мектеп мұғалімі күн сайын жұмысына жүзіп баруға мәжбүр. Ол мектепке жетуі үшін өзенді кесіп өтуі керек. Сол себепті, Абдул Мәлік көлік дөңгелегін асынып, жиырма бес минут бойы қолындағы түскі асы мен киімін көтерген күйі жүзіп өтеді. Оның қайық сатып алуға қаражаты жоқ, автобус арқылы айналып келу үшін 3 сағаттай уақыт кетеді. Оның өзінде көлік қатынасы тұрақты жүйеге қойылмағандықтан, автобусты да сағаттап күтуге тура келеді екен. ИСПАНИЯ МАДРИДТІКТЕР АШҚАН ЖАҢАЛЫҚ
Суға түскен қалта телефон енді кәдеге жарайды. 20 жастағы екі испан жігіті телефонды қалыпқа келтіре алатын химиялық ерітіндіні ойлап тапқан. Мадрид қаласының тұрғындары өздерінің ғылыми өнертабысын «Waterrevive Blue» деп атаған. Олар қазір бұл өнімді қаланың қырыққа жуық сауда орнында сатуға шығарып үлгерген. Өзінің тиімділігін 98%-ға дәлелдеген бұл сұйықтықты ішінде ауасы жоқ пакетке құйып, телефонды небәрі 7 минутқа салып қою керек. Бұдан соң телефонды бір тәулік кептіру қажет. Осыдан кейін телефон жұмыс істейтін болады. ТАНЗАНИЯ АҚ ТҮСТІ КЕРІК ТАБЫЛДЫ
Сонымен қатар, А.Есімов «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу ісін əрі қарай ілгерілету мақсатында Давос қаласындағы (Швейцария) Дүниежүзілік экономикалық форумда ақпараттық науқан жүргізілгенін атап өтті. Көрме өткеннен кейін бұл аумақта БҰҰ қолдауымен Халықаралық жасыл технологияларды жəне инвестициялық жобаларды дамыту орталығын құру
Ақыл тозбайтын тон, Білім таусылмайтын кен. БАРЫС-КЕЛ ІС
көзделуде. Елбасының былтыр БҰҰ Бас Ассамблеясы отырысында жариялаған бұл ұсынысы қазірдің өзінде өзге елдер тарапынан қолдау табуда. «Астана ЭКСПО-2017» басқармасының төрағасы көрме нысандарын құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету ісіне 230-дан аса қазақстандық кəсіпорын тартылып, жалпы құны
77 миллиард теңгенің қызметі мен тауарын жеткізу жөнінде шарттар жасалғанына назар аударды. Соның 3 0 м и л л и а рд т е ң ге с і Ас т а н а д а жұмыс і с т е й т і н компанияларға тиесілі. Осылайша, ЭКСПО дағдарыс уақытында жаңа жұмыс орындарын ашып, қазіргі жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік беретін мемлекеттік жо б а л а р д ы ң б і р і б о л ы п о т ы р .
А.Есімов көрме нысандарын салу жұмысы жоспарлы мерзімге сəйкес жүріп жатқанын айтты. Биыл құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған, содан кейін көрме нысандарын мазмұндық тұрғыдан толықтыру ісі басталады. Ме м л е ке т б а с ш ы с ы ке зд е су қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
БАСШЫЛАР ЖҰМЫСЫНА НЕГЕ ЖҮРДІМ-БАРДЫМ ҚАРАЙДЫ? Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». Облыс əкімі Кəрім Көкірекбаевтың төрағалық етуімен өткен əкімдік мəжілісінде қой жылындағы аймақ экономикасының даму деңгейі сараланды. Алқа мəжілісі алдында өңір басшысы ҚР Конституциясының 20 жылдық мерекелік медалімен өңірдің өркендеуіне үлес қосқан ардагер Щорс Шарафутдинов пен Шəмсат Исабековті марапаттап, облыста түрлі лауазымды қызметтер атқарып, соңғы кезде Алматы облысында еңбек еткен, таяуда ғана Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің бұйрығымен министрліктің облыс бойынша департаментінің басшысыƏдеп жөніндегі кеңестің төрағасы қызметіне тағайындалған Болат Исақты көпшілікке
т аныстырып, жұмысына т абыс тіледі. Бұдан соң облыс əкімдігі экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Əмірханов өткен жылы аймақта тындырылған тірліктерді баяндады. – Өткен жылы экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша жедел шаралар жəне «Ерекше кезең» жоспарлары шеңберінде жүзеге асырылған шаралардың арқасында сыртқы қолайсыз факторларға қарамастан, елімізде, оның ішінде облысымызда əлеуметтікэкономикалық ахуал тұрақты сақталды. Өнеркəсіп кəсіпорындарын қолдау бойынша қабылданған шаралар нəтижесінде өндіріс көлемінің айтарлықтай төмендеуіне жол берілмеді. Дегенмен, облыстың өнеркəсіп кəсіпорындарымен 274,5 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда
8,7 пайызға төмендеген. Бұл қарқын 2014 жылмен салыстырғанда кен өндіру өнеркəсібі жəне карьерлерді қазуда өндіріс көлемінің 15,2 пайызға (19,0 миллиард теңге), өңдеу өнеркəсібінде 11,4 пайызға (192,3 миллиард теңге) төмендеуімен байланысты. Сонымен бірге, өңдеу өнеркəсібіндегі резеңке жəне пластмасса бұйымдарын өндіру көлемдері 9,4 пайызға, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру көлемдері 6,4 пайызға, металлургия өнеркəсібі 1,3 есеге артқан. Өнеркəсіп саласында электрмен жабдықтау, газ, бу беру жəне ауаны баптауда өндіріс көлемі 4,1 пайызға, сумен жабдықтау, кəріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын жəне таратылуын бақылауда 1,7 пайызға өскен.
Танзанияның «Тарангир» қорығында фотограф өте сирек кездесетін ақ түсті ұрғашы керікті суретке түсірді. Ақшыл түсті Омо атты керікті жабайы табиғат институтының негізін салушы Дерек Ли объективіне іліктірген. Лейкизм кесірінен керіктің түсі, ақшыл болып келеді, ол – мутация. Қылшықтар ақшыл түсті, ал терінің өңі қызғылт, өйткені онда меланоцит жасушалары бар. Мұны меланинді синтездеу қабілеті жойылатын альбинизммен шатастырмау керек. Омо – адамға белгілі ақ түсті жалғыз керік.
ЫЛ ЖАМБ
ДА
ТАРАЗ ЖАҢА МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРУДЕ
Қазіргі таңда облыста 5 мектеп үш ауысыммен жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 2 мектептің құрылысы жүргізілуде. Құмшағал алқабындағы 300 орындық мектеп құрылысын «Ник Тараз» ЖШС жүргізуде. Қазір мектеп құрылысына бөлінген 750 миллион теңгенің 550 миллион теңгесі игерілді. ҚОРДАЙ ӨНДІРІС ҚУАТЫН АРТТЫРАДЫ
«Первомайские деликатесы» ЖШС алдағы екі жылда жалпы көлемі 223 миллион теңгені құрайтын шұжық шығару цехын жаңарту жобасын іске асырып, өндіріс қуатын жылына 3 мың тоннаға жеткізбек. Құрылыс кезінде жаңадан бес жұмыс орны ашылмақ. ЖАМБЫЛ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖЕМІСІН КӨРДІ
«Бизнестің жол картасы-2020» индустриялық инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасы аясында «Амангелді» өндірістік кооперативінің жерінде орналасқан «Азамат» шаруа қожалығы жылыжайын газбен қамтамасыз ету жобасы бойынша республикалық бюджеттен 8,3 миллион теңге және жергілікті бюджеттен 930,2 мың теңгенің (барлығы 9,3 миллион теңге) жұмыстары атқарылып пайдалануға берілді.
(Жалғасы 3-бетте).
МЕМОРАНДУМ
ДАҒДАРЫСТЫ ӘРІПТЕСТІК-ЫНТЫМАҚТАСТЫҚПЕН ДЕ ЖЕҢЕМІЗ ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 28,1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 16 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол».
Қазақстан мен Үндістан арасындағы түрлі салалардағы өзара байланыс нығая түсуде. Жуырда осынау əріптестік ынтымақтастық аясында Үндістанның əскери елшісі, полковник Лахбиндер Сингх Лиддер ТарМУ-дың ректоры Махметғали Сарыбековпен кездесіп, əңгімелесті. Кездесуде Махметғали Нұрғалиұлы ұлы тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімімен аталатын университет пен бабамыз топырағында жатқан Үндістанның Кашмир провинциясы арасындағы қарым-қатынасты əскери іспен қатар, ғылым, мəдениет салаларында да жандандыра түсу керектігін атап өтіп, құрметті мейманға «М.Х.Дулати» төсбелгісін табыстады. ТарМУ əскери кафедрасының курсанттары соңғы екі айда екі мəрте Үндістан Ұлттық Кадеттер Корпусында болып, əскери мамандыққа даярлаудың үндістандық үлгісімен танысып келген-ді. Ал үстіміздегі жылдың мамыр айында үндістандық кадеттер Таразға келмек. «Ақ жол-Ақпарат».
Облыстық əкімдікте əлемдік дағдарыс кезеңінде өңірде өндірістік үдерістерді тұрақтандыру жəне жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мəселелері бойынша кеңес өтті. Оған аудан, қала əкімдері, облыстағы ірі жəне орта кəсіпорындар басшылары, инвесторлар, кəсіподақ ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. Кеңес жұмысына, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Боран Рахымбеков қатысып отырды. Жиынды ашқан облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев «Өткен жылға өкпеміз жоқ. Табысты, жемісті жыл болды» деп, əңгімені былтыр əлемдік нарық пен экспорттық өнімдер бағасының құбылуынан туындаған дағдарыс қиындықтарына қарамастан, жалпы облыстың əлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жоғары болғанын жеткізуден бастады. Кəрім Нəсбекұлы осы орайда əлемдік экономикадағы теріс құбылыстар өндірістің даму қарқынына елеулі
ықпал етіп, облыстағы «Қазфосфат» ЖШС, «ЦАСК» ЖШС-ның филиалы – Тараз қант зауыты, «Жамбылгипс» АҚ, «ЖЗМК «Имсталькон» ЖШС, «Запчасть» АҚ тағы басқалары секілді
ірі кəсіпорындардың жұмысы қалыпты болмауына əкеліп соқтырғанымен, Мыңарал мен Хантау цемент зауыттары, «Алтыналмас» АҚ, Жамбыл ГРЭС-і, «Рола» ЖШС өздерінің өндіріс ауқымын
едəуір ұлғайтқанын атап көрсетті. Сондай-ақ, мемлекеттік индустриялықинновациялық даму бағдарламасы жалғасуда. Өткен жылы жалпы сомасы 30,5 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, соның нəтижесінде 425 жаңа жұмыс орны ашылған. Ал биыл 66 миллиард теңгенің 12 жобасы аясында ашылатын жаңа жұмыс орындарының саны 1378-ге жетеді деп күтілуде. Б ү г і н г і т а ң д а о бл ы с т а 3 9 5 2 кəсіпорын болса, оның 1721-інде ұжымдық келісімшарт жасалған. Облыста былтыр жергілікті үлесті дамыту мəселесі бойынша 42 миллиард теңге сомасында жас а лған 513 келісімшарт негізінде жалпы құны 44,3 миллиард теңгені құрайтын 500 меморандумға қол қойылған екен. Бəрі нақты іс жүзінде асырылыпты. Өңірде жұмысшылар мен кəсіподақтар арасындағы байланысты нығайтуға, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қ а м т а м а с ы з е ту ге б а й л а н ы с т ы кəсіпорындармен өзара əріптестік туралы меморандумдарға қол қою биыл да өз жалғасын табатын болады. Сөйтіп облыс əкімдігі, кəсіпорын б а с ш ы л а р ы , к ə с і п од а қ ком и т е т і
жəне ұлттық компаниялар өзара ынтымақтастық туралы екі бағыттағы 16 меморандумға қол қойды. Оның ішінде алтауы ірі кəсіпорындардағы 20 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге, 10-ы өндіріс барысында жергілікті жəне қазақстандық үлесті қамтамасыз етуге арналған. Аталған меморандумдардың жалпы құны шамамен 28,1 миллиард теңгені құрайды. Облыс əкімі К. Көкірекбаев: «Қол қойылған меморандумдардың орындалуына ай сайын мониторинг жасалып, қорытындысы тұрақты түрде қаралып отыратын болады. Жалпы, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру көбінесе кəсіпорындар мен барлық шаруашылық жүргізуші нысандардың қызметіне жəне олардың инвестиция тартудағы белсенділігіне де байланысты», – деп, бұл тұрғыда мекеме, ұйым, кəсіпорындар басшыларының өздеріндегі еңбек өнімділігі мен жұмыс қарқынын бəсеңсітпеу арқылы əлемдік нарықтағы құлдыраулардың экономикамызға жағымсыз əсерін төмендету бойынша биыл да елеулі жетістіктерге қол жеткізетіндігіне сенім білдірді.