BIRIN’DI,QAZAQ, BIRIN’ DOS, KO’RMESEN’, ISTIN’ BA’RI BOS.
ЕЛ МЕН ЖЕР ТЫНЫСЫ
(ABAI’).
Jambyl oblystyq qog’amdyqsai’asi’ gazet Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет
№146 (18493), Bei’senbi, 28 jeltoqsan, 2017 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
Gazet 1922 jylg’y 1 mamyrdan s’yg’ady.
www. ak jolgazet.kz
ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ
деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ресей Федерациясының Президенті екіжақты қарымқатынастар табысты дамып келе жатқанына тоқталып, жоғары сарапшылық деңгейдегі мамандардың цифрлық технологияларды дамытуға арналған кездесуін Қазақстанда өткізу жөніндегі бастамасы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. – Биылғы 10 айдың ішінде елдеріміз арасындағы тауар айналымының өсімі 34 пайызды құрады. Ең маңыздысы әрі перспективаға бағытталғаны – цифрлық технологиялар саласындағы біздің ынтымақтастығымыз бен бірлескен жұмысымыз. Қ а з а қ с т а н э ко н о м и к а , өңірлік және халықаралық қ ау і п с і з д і к , с о н д а й - а қ елдеріміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету салаларында біздің негізгі серіктесіміз болды және солай болып қала бермек, – деді Ресей Президенті. Сондай-ақ кезде су барысында мемлекеттер басшылары энергетика, ғарышты игеру және цифрлық экономика с а ласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
БАҒДАРЛАМА ЖӘНЕ БҰҚАРА
АҢДАТПА
Есет ДОСАЛЫ
2 Әулиеатада арыстардың ізі қалған...
Бүгінде мемлекеттік бағдарлама лар аясында еліміздің барлық өңірлерінде ірі құрылыс нысандары бой көтеруде. Біздің облысымыздың тұрғындары да «Нұрлы жер» бағдарламасының шарапатын шынайы сезініп отыр. Аса ауылының оң жақ кіреберіс бетіндегі «Бәйтерек» тұрғынжай алқабы үшін 10 гектардан астам жер бөлінген. Мұнда 77 жеке тұрғын үй салу көзделген. Же р т е л і м д е р і н т ұ р ғ ы н д а р кезегі бойынша иеленіп, өз қаражаттарымен үй салып та жатыр. Былтыр аталған алқаптың инфрақұрылымдық жүйе сін жүргізуге ре спублика лық
және облыстық бюджеттерден барлығы 275 миллион теңге қаражат бөлінген екен. Мердігер компания – «Пырақ – құрылыс» ж ау а п к е р ш і л і г і ш е к т е у л і серіктестігі қолға алған бұл жұмыстар биыл да жалғасып, жуырда өзінің мәресіне де жеткен. Енді «Бәйтеректе» жарық та, жылу да, асфальт жол да бар. Ең қуаныштысы, тұрғындарға «көгілдір отын» жеткізіліп беріліпті. Олардың Елбасына, облыс, аудан басшыларына айтар алғыстары да шексіз. Ауылдықтар үшін бұдан артық қандай қуаныш болсын?! Тағы бір жағымды жаңалық биыл аталған алқаптан 18 пәтерлі үш қабатты тұрғын үйдің құрылыс ж ұ м ы с т а р ы н а « Н ұ рл ы же р »
бағдарламасы аясында тиісінше қаражат та бөлініпті. Бұл істі жүзеге асыру «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелген. Құрылысы 100 күннің ішінде барлық талапқа сай жүргізіліп, әсем де еңселі нысан бой көтеріп үлгеріпті. Бұл құрылыстың қарқынды жүруіне Нұрлан Досалиев, Тұрысбек Қонақбаев секілді құрылысшылар қомақты үлестерін қосқан. Мұндағы екі бөлмелі бір пәтердің жалпы көлемі 63 шаршы метрді құрайды. Жаңа қонысқа қандай отбасы ие болса да қуанышқа кенелетіндері анық. – Тұрғын үйдің әлеуметтік т ұ рм ы с т ы қ қ ол а й л ы л ы ғ ы д а ескерілген. Ол Аса ауылының бас жоспарына негізделіп, салынып отыр. Пәтер кезегінде тұрған азаматтар заң аясында жалдық
Табиғат АБАИЛДАЕВ
негіздегі жаңа пәтерлерге ие болады. Бұйыртса, Жаңа жылдың басында 18 отбасы осы жерде қоныс тойларын өткізеді, – дейді аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат Тілеубаев. Оның айтуынша, биыл Айша бибі ауылының жаңа 3 көшесін ас фа льтт ауға ре спублика лық бюджеттен – 220 миллион, облыстық бюджеттен 20 миллион теңге бөлінген. Ауыл маңындағы 124 жер телімін иеленген тұрғындар да өз күштерімен баспана тұрғызуда. Сондай-ақ Бектөбе ауылынан жер телімін иеленген 440 отбасы «Нұрлы жердің» игілігін көріп отыр. Бұл аумаққа жалпы 536 миллион теңгеге инфрақұрылымдық жүйе жүргізілген. Жамбыл ауданы.
Ас тұзы жергілікті жерде өндірілмек 3 Құлан қалашығы туристік орталыққа айнала ма?
8
Сарысу ауданы «ас тұзымен-ақ» аты алысқа танылатын түрі бар. Мысалы, Қамқалы ауылдық округіндегі Майдакенкөл, Итім және Шұңқыркөл кен орындарында 12 миллион тоннадан астам сапалы тұз қоры бар екені анықталған. Мамандар ас тұзының бұл қоры облысты 350 жылдан астам уақыт қамтамасыз етуге жететінін айтуда. Десек те осынау өнім түрін бүгінде шетелдерден тасымалдап жеткізуге мәжбүрміз. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін «Асыл тұз» ЖШС-ның жалпы құны 690 миллион теңгені құрайтын йодталған тұз өндіретін зауыт құрылысы жобасын жүзеге асыруды қолға алғаны белгілі. Осыдан екі жыл бұрын серіктестіктің Жаңатас қаласы аумағынан 4 гектар жерді ұзақ мерзімдік жалға алуымен басталған зауыттың құрылыс жұмыстары бітуге таяу. Қазір мұнда бас-аяғы 25 жұмысшының күшімен кәсіпорынның құрылысқұрастыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Негізгі қондырғылары орнатылып та қойылыпты. Кәсіпорын ауласына қазірдің өзінде шикізаттың едәуір бөлігі жинақталғанына да көз жеткіздік. Өнімді сақтауға арналған үлкенді-кішілі сыйымдылықтар да дайын. Біздің мұнда болуымыз
Украина жерінен зауыт құрылысына аса қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар тиелген жүк автокөліктерінің тағы бір легінің келіп жетуімен тұспа-тұс келген-ді.
– Зауыттың құрылыс жұмыстары, міне, осы құрал-жабдықтарға да қарап тұрған еді. Жабдықтаушы тараптар уәдесінде тұрды. Енді жұмыс жандандырылмақ. Жалпы, бұл нысанды келер жылдың наурыз айында пайдалануға беруді ойластырудамыз. Әлі де 1,4 шақырымдық
«100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНА ЖАМБЫЛ ЖЕРІНЕН ҮШ СПОРТШЫ ЕНГЕНІ БЕЛГІЛІ. ОЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА ЖАМБЫЛ ФУТБОЛ МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ БАУЫРЖАН ИСЛАМХАН ДА БАР. ОНЫ КӨПШІЛІК «БАТОРИ» АТАП КЕТКЕН. ЖАМБЫЛ ФУТБОЛ МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ БАУЫРЖАН ИСЛАМХАН ФУТБОЛДАҒЫ КӘСІБИ МАНСАБЫН «ТАРАЗ» ФУТБОЛ КЛУБЫНДА БАСТАДЫ. ЖАС ТА БОЛСА ЖАСЫЛ АЛАҢДА ЖАСЫНДАЙ ЖАРҚЫРАЙ БІЛГЕН БАУЫРЖАННЫҢ ШЕБЕРЛІГІНЕ ЕЛІМІЗДІҢ БЕЛДІ КОМАНДАЛАРЫ МЕН КӨРШІЛЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҰЖЫМДАРЫ ҚЫЗЫҒА БАСТАДЫ. БАЛАҢ ШАҒЫНДА ТАЭКВОНДОМЕН ШҰҒЫЛДАНҒАН ОЛ КЕЙІННЕН ЖАРАҚАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ФУТБОЛҒА ДЕН ҚОЙДЫ. ЖАСЫЛ АЛАҢДА ТАЛМАЙ ТЕР ТӨКТІ.
ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ.
БАСПАНА – БАҚЫТ ШАМЫ
Шуда 75 пәтер ел игілігіне берілмек
ЖАҢА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ
Баймаханбет АХМЕТ
«Азық-түлік корпорациясы» АҚ экспорттық келісімшарттар департаментінің директоры Нұржан Мұxамеджановтың айтуынша, Ресейде үш жылдан бері астықтың рекордтық көлемі жиналған. Сондықтан ол жақтан астық тасымалдау тиімсіз. Өйткені ресейліктер алдымен өз астығын экспорттауға тырысады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Сол себепті біз құзыретті мемлекеттік органмен б і рл е с е от ы р ы п , Қ ы т а й ғ а т а с ы ма л д а н ат ы н астығымыздың көлемін ұлғайтуды пысықтап жатырмыз. Қытай арқылы транзит жасау жағын да қарыстырудамыз. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, Иран арқылы қазақстандық астықты тасымалдауға келістік. Иран ашық транзит береді. Сол арқылы Парсы шығанағы елдеріне шығатын боламыз. Ол жақта астықты да, майлы дақылдарды да жақсы тұтынады», – деді Н.Мұxамеджанов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Департамент басшысы қазіргі вагон тапшылығын да түсіндірді. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстанның астығы Орталық Азия мен Ауғанстанға жиі тасымалданады. Сұраныс азайғанда бәрі осы бағытқа лап береді. Сол кезде вагон кептелістері болады. «Бұл жерде бір мәселені ескеру керек, ол жақта астықты түсіру жылдамдығы біздегі оны тиеу жылдамдығымен бірдей емес. Сондықтан вагондар ұзақ тұрады, бос вагондар уақытында қайтпайды. Тапшылық та содан пайда болады», – деп атап көрсетті Н.Мұxамеджанов.
Біздің Батори
«Бәйтеректе» зәулім үйлер бой түзеуде
Кәсіпкерлер үйі ашылды
Мемлекет басшысы жер қойнауын пайдалануды реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кодекстің мәтіні баспасөзде жарияланады. Елбасы сондай-ақ заңнаманы жаңадан қабылданған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен с ә й ке с т е н д і ру ге б а ғ ы т т а л ғ а н « Қ а з а қ с т а н Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Қазақстанның астығы қайда экспортталады?
Еуразиялық интеграцияның жаңа көкжиегі М е м л е ке т б а с ш ы с ы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Нұрсұлт ан Назарбаев ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Владимир Путинге алғыс білдіріп, өткен келіссөздердің табысты болғанын айтты. – Елдеріміз арасында шешімін таппаған мәселе жоқ. Тәуелсіздіктің 26 жылы ішінде біз бір-бірімізге жақын бола түстік, шарттық базаны қалыпт астырып, өзара ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасадық, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Еуразиялық интеграция мәселелеріне ерекше тоқталып, Қазақстан мен Ре сей арасындағы ынтымақтастықтың табысты екенін атап өтті. – Біз барлық мәселелер бойынша, соның ішінде Каспий теңізі, «Байқоңыр» ғарыш айлағы жөнінде келіссөз жүргіздік. Ғарышты игеру саласында экологиялық тұрғыдан таза жанармаймен жұмыс істейтін зымыран тасушылардың жаңа түрін жасау жоспарланып отыр, –
Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске қол қойды
қосымша темір жол рельсі мен электр желісін тарту керек болады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлінбек, – дейді аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей мұндағы жұмыс жайымен жан-жақты таныстырып. – Толық қуатында іске қосылғаннан кейін мұнда 80 адам жұмыс істеп, жылына 50 мың тонна ас тұзы өндірілетін болады. Ең бастысы, өңір жұртшылығының ас тұзына деген сұранысын толығымен өтейді. Өнімдер сондай-ақ Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары тұтынушыларына да таратылады. Оның айтуынша, ішкі нарықты ғана емес, экспортты да қамтуды көздеп отырған зауыт басшылары бірінші кезекте өнімдерінің сапасына басымдық беруді көздеуде. Себебі, қазіргі таңда йодталған тұз өндіру ісіне қойылар талап та қатал. Жалпы, 1 миллионнан астам халқы бар облыстың күнделікті тұтынатын ас-суы мен тұрмыстіршілігіне бір жылда шамамен 5 мың тонна тұз пайдаланылады екен. Ал бұған қоса өнеркәсіптің түрлі салаларында қолданылатын тұздың одан анағұрлым көп мөлшерде қажет екенін ескерсек, жоғарыдағы көрсеткіштің бірнеше есе өсетіні айдан анық. Сарысу ауданы.
Ерғали ҚАРТАЙҒАН
ӨҢІРІМІЗДЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖАНДАНДЫРУҒА БАРЫНША БАСЫМДЫҚ БЕРІЛІП КЕЛЕДІ. МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР АРҚЫЛЫ АУДАНДАРДЫҢ ДА АЖАРЫ АРТА ТҮСУДЕ. БҰРЫН ІРІ ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫНЫҢ МАҢЫНА ШОҒЫРЛАНЫП, УАҚЫТ ӨТЕ ҚҰЛДЫРАУҒА ҰШЫРАҒАН ҚАЛАЛАРДЫҢ БҮГІНГІ БЕЙНЕСІ ТІПТЕН БАСҚА. ҚАЗІР ШАҒЫН ҚАЛАЛАРДАН ТҰРАҚ ТАПҚЫСЫ КЕЛЕТІНДЕРДІҢ САНЫ КӨП. ОЛАРДЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ДЕ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАУЫП ОТЫР. ЖАЛҒАСЫ 2-БЕТТЕ.