29 тамыз пдф

Page 1

ЕРТЕҢ - КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ! ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облысты о амды саяси газет №124 (17981), Ж ма, 29 тамыз, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Алдаспан

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

ҰЛЫҚТАУ

Нұржан ҚАДЫРӘЛІ

ТАЙЫП ЕРДОҒАН ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ ЛАУАЗЫМЫНА РЕСМИ ТҮРДЕ КІРІСТІ

ПАРАҚТАЛҒАН ҒАСЫРЛАРДЫҢ ӘМІРІ, ЖОҒЫН ЖОҚТАП, ЗАРЫН ШЕРТКЕН МҰҢЛЫҚТЫҢ. ӨТКІРЛІГІ – ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ ҚАРУЫ, ӘДІЛДІГІ – ҚОЛТАҢБАСЫ ШЫНДЫҚТЫҢ. АРМАНДЫ ЕЛДІҢ ЖАНЫ ТЕҢІЗ, АРЫ АЛАУ, САҒАН АЙТАР БОЛАШАҚПЫН ДАТЫМДЫ. ДАНАЛАРДЫҢ ӨЗДЕРІНДЕЙ ДАРАЛАУ, БАБАЛАРДЫҢ СӨЗДЕРІНДЕЙ АҚЫРҒЫ.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасына сапармен келді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен кездесті. Әңгіме барысында соңғы жылдардағы қазақ-түрік қарым-қатынастарының негізгі кезеңдері талқыланды. Президенттер бұдан арғы даму үшін зор әлеуеттің бар екенін айта келіп, екіжақты ынтымақтастық қарқыны өсіп келе жатқандығын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев А. Гүлге Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған жемісті қызметі үшін алғысын білдірді. Кеше Елбасы Түркияның жаңадан сайланған Президенті Режеп Тайып Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты. Салтанатты шара Анкарадағы Чанкая сарайында өтті. Түркияның мемлекеттік Әнұраны орындалғаннан кейін Режеп Тайып Ердоған Түркияның Ұлы Халық Мәжілісінде ант берді. Ол рәсім өткізілгеннен соң Режеп Тайып Ердоған Абдулла Гүлден Президент лауазымын қабылдап алу үшін Чанкая сарайына көтерілді. Салтанатты қабылдауға дүниежүзінің 90 мемлекетінен өкілдер келіп қатысты. Айта кетейік, биыл Түркияның тарихында алғаш рет Президент сайлауы өткізілді. Оның нәтижесі бойынша бұрынғы премьер-министр Режеп Тайып Ердоған жеңіп шығып, Түркияның Президенті атанып отыр.

ҚАЛЫҢ ЕЛДІҢ ҚАСИЕТТІ СҮЙЕУІ, ӨКТЕМ БАСЫП, ӨРГЕ ТАРТҚАН ОТАНДЫ. АНАЛАРДЫҢ АҚ ШАШЫНДАЙ КИЕЛІ, ӘКЕЛЕРДІҢ ЖҮРЕГІНДЕЙ ҚАҺАРЛЫ. ІЗ ҚАЛДЫРЫП ІЗГІЛІКТІҢ ТҮБІНЕ, ҰРПАҚТАРҒА КЕРУЕН ТАРТҚАН АТАДАН. ҚҰДІРЕТТІ ҮШ КІТАП БАР ТІРІГЕ, ҚҰРАН, ТАРИХ ҺӘМ АЙБЫНДЫ АТА ЗАҢ! БАҚЫТЫНА УАҚЫТЫ ТАЛАСҚАН, ҚАСТЕРЛЕГЕН ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰРПАҒЫ. ТӘУКЕЛЕРДІҢ ЖОЛДАРЫНДАЙ ТАУ АСҚАН, ОЛ – ЗАҢДАРДЫҢ ШЕЖІРЕЛІ СҰЛТАНЫ! ТӘУЕЛСІЗДІК КӨК ПЕН ЖЕРГЕ СӘН ҚҰРДЫ, ОЛ – БҮГІНІМ, ОЛ – ЕРТЕҢГІ ЗАҢДЫЛЫҚ! ТУҒАНЫ ЖОҚ ТУРА БИДЕЙ ТАҒДЫРЛЫ, ТУРА БИДІҢ ТАҒДЫРЫНДАЙ МӘҢГІЛІК!

АСТАНА ЕСІМДІ БҮЛДІРШІН САРЫКЕМЕР АУЫЛЫНДА ТҰРАДЫ

ҚАСТЕРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚ

Төрт жасар бүлдіршін аудан орталығындағы «Балапан» балалар бақшасының екінші сәбилер тобында тәрбиеленуде. Ақсары келген, сөзі балдай өрен дүниеге келгенде атасы Қазы шөбересінің есімін өзі таңдап қойған екен. – Астана өзі қатарластарымен салыстырғанда өте қабілетті. Естіген өлең-жырларын жылдам жаттап алады. Мейірімді, көпшіл, қолындағы барын бөлісіп жүреді. Билеген кезде алдына жан салмайды әрі бауырмал, – дейді бізбен әңгімесінде тәрбиешілер. Қазы Дәрменовтер отбасы Өзбекстан Республикасының Навои облысына қарасты Кенимех ауданынан 2011 жылы атамекенге көшіп келіпті. 82 жастағы Қазы атамыз зейнетке шыққанша жүргізуші болып еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған қазыналы қария. Зайыбы

Дәмеш екеуі Жәмилә, Әлия және Ақылбек есімді ұл-қызды тәрбиелеп, олардың өмірден өз орындарын табуына ықпал етті. Алайда, тағдырдың жазуымен Дәмеш апайдың асын беріп жатқанда жалғыз ұлы – Ақылбектен 2003 жылы, қызы Әлиядан 2012 жылы айрылып, қайғыдан бүк түскенде қарияның жанына Астана есімді шөбересі қуат берген секілді. Жалғыз ұлының балалары – Асылбек пен Шыңғыс. Немересі Асылбектен – Астана мен Иманғали болса, қарияның қабағына кірбің түсірмей, күтімін жасап отырған келіні Гүлнараның тәрбиелі отбасынан шыққандығы көрініп-ақ тұр. – Туған жер қасиетті ғой. Атамекенге деген сүйіспеншілік бізді туған жерге алып келді, қарағым. Елбасының ерен еңбегінің арқасында тәуелсіз Қазақ елі әлемге танылды. Астана қаласы – ел

ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ Құрметті жамбылдықтар! Сіздерді елдігіміз бен егемендігіміздің мерейлі мерекесі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. Өйткені, Ата Заң – бүгінгі қоғамымыздың алтын таразысы, әділеттіліктің қорғаушысы. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қабылданған Конституцияның Республикамыздың мемлекеттілігін нығайтуда атқарған рөлі жоғары. Осы жылдар ішінде Конституция – қоғам мен мемлекеттік даму стратегиясына негіз болды. Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекеттігімізді орнатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. Конституцияның кепілдік етуімен түрлі этнос өкілдерінің уыздай ұйыған ұлысына айналған Қазақстанның өнегесі бүгінде бүкіл әлемге үлгі ретінде ұсынылып отыр. Негізгі Заңды қатаң басшылыққа алу біздің елімізге жаңа перспективалар ашып берді. Конституция арқылы іргелі саяси-экономикалық реформаларды іске асырдық. Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оның аясында жыл сайын бәсекеге қабілетті жаңа өнеркәсіп орындары іске қосылуда. Еліміздің, оның ішінде облысымыздың қарқынды дамуы, индустриалды-инновациялық жаңаруы, мәдени-рухани өсуі – Ата Заңды халық болып құрметтеудің жемісі. Конституцияны қастерлеу – мемлекетті құрметтеу деген сөз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев алдағы онжылдықтарға арналған елдің жаңа саяси бағытын белгілей отырып, біздің міндетіміз – XXI ғасырда орнықты дамуды жалғастыру, біздің мақсатымыз 2050 жылға қарай – күшті мемлекет, берекелі қоғам құру екенін атап өтті. Ал бұл үшін ең алдымен, Ата Заңымыздың идеялары мен нормалары қатаң сақталуы тиіс. Қадірлі жамбылдықтар! Сіздерді Конституция күнімен тағы да құттықтай отырып, зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Конституциямыздың мерейі мәңгі биік болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болсын!

мақтанышына, өсіп келе жатқан жастардың арман қаласына айналды. Отанымыздың жүрегі – Астана десе ертегілер елі, ғажайып Иран бағы көз алдымызға елестейді. Еліміздің мәртебесін биіктетіп, мерейін өсіріп отырған Елбасының ерен туындысы – Астана қаласының құрметіне 2010 жылы қаңтар айының 28-і күні өмірге келген шөберемнің есімін Астана деп қойған болатынмын. Сондықтан Астана есімді шөберем болашақта еліне адал қызмет ететін азамат болып өссе, үмітімнің ақталғаны деп ойлаймын, – деп сөзін түйіндеді қария. Гүлшаһар ӘБДІҚҰЛОВА, журналист. Байзақ ауданы.

1 қы

КЕЛ, БАЛАЛАР ОҚЫЛЫҚ!

Жер берігінде қосың болсын, Ел берігінде досың болсын.

Гүлжан РАХМАН, «Ақ жол». Әсілінде, академик Қаныш Сәтбаев бұл күнді ешқандай мерекемен теңемей, білімнің а с қ а р ш ы ң ы н а ж ете л е й т і н , қайталанбайтын күн екенін бекер айтқан жоқ. Өйткені, бұл күні қиялдарын қанаттарына байлап, армандарын арқалаған сан мыңдаған бала алтын ұясына қарай ағылады. Жадыраған жаздан соң, келіп қалған күздің күнін сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен қарсы алудың өзі ғанибет. Әріп танытып, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін, достарын сағынған балалардың бұл асығуларының өзі ғажап. Жаңа оқу жылында облысымыздың 450 мектебі оқушыларға есігін айқара ашады. 190 мыңнан аса оқушысы осы қуанышпен қауышса, олардың 27 289-ы 1-сыныпқа келеді. Демек, олар әліппенің сиқырлы әріптерімен таныстырып, қолға қалам ұстауды үйрететін алғашқы ұ ста з д а р ы м е н д е о с ы б і л і м

Халық мақалы. БРИФИНГ

ЕҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ Конституция еліміздегі тәуелсіз, экономикасы дамыған, әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасқан мемлекет құру сияқты үлкен мақсатқа деген бағыт-бағдарды регламенттейтін негізгі құжат болып саналады. Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов Ата Заңымыздың жасалуына бастапқыда Мемлекет басшысы ұйытқы болғандығын атап көрсетті. «Нұрсұлтан Назарбаев сол бір қиын-қыстау кезеңде миллиондаған қазақстандықты жұмылдырды. Конституцияның негізгі баптарына, идеяларына бастамашы болды», – деп ой бөлісті Игорь Рогов. Оның айтуынша, қолданыстағы Ата Заңымыз әлемдік қоғамдастық мойындаған жалпы адамзаттық және айрықша маңызды қазақстандық идеалдардың бірлігіне негізделген. «Конституция Қазақстан Республикасының толық легитимділігін, адам мен оның өмірін, құқығы мен еркіндігін ең жоғары құндылық деп танитын демократиялық зайырлы әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде бекітілуін қамтамасыз етудің негізі, ұстыны болып табылады», – деп түйіндеді сөзін Конституциялық Кеңестің төрағасы. Шынар ӘЛІБЕКҚЫЗЫ.

м і л і к ү ні Б – к е й рк ү

АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМ БІЛІМ АЛЫП МЕКТЕПТЕН, ҰШТЫҚ САМҒАП БИІККЕ. НЕБІР АРМАН – ЖҮРЕКТЕ, ЖЕТСЕК ДЕЙМІЗ ТІЛЕККЕ.

КӨККЕ САМҒАП БАРАМЫЗ, БАҚЫТ ЖОЛЫН ТАБАМЫЗ. БОЛАШАҚҚА ЖОЛ АШҚАН АЛТЫН ҰЯ – АНАМЫЗ!

БАЛ БӨБЕКТЕР МЕРЕКЕМЕН, БӨБЕКТЕРІМ,

АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМ, ОЙДАН ӘСТЕ КЕТПЕДІҢ. СЕНІҢ АРҚАҢ БІЛІМ АП, ОСЫ КҮНГЕ ЖЕТКЕНІМ.

ШАТ БОЛСЫНШЫ КӨҢІЛДЕРІҢ. ӘРБІРІҢ ЗОР АЗАМАТ БОЛ, СЕНДЕРСІҢДЕР ЕЛ ТІРЕГІ!

ошағында табысады. Ғалымның да, ел қорғаған батырдың да, тілінен бал тамған ақынның да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшының да, егін салған диханның да, мал бағып, терін төккен шопанның да, тіпті, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкердің де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алғанын тарыдай болып кірген сәттен түйсіне бастайды. Міне, ұстаз бен шәкірт арасындағы адами түсіністік осы күннен бастау алады. Бұл күннің құдіреттілігі сонда, одан әрі есейген жылдармен бірге өмірдің қыр-сырын білуге, санқилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жандүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын ала береді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмірге топшысын қатайтып ұшыратын ұстаз, расында да, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Егер олай болмаса, біз неге ұстазды диханға теңейміз. Өйткені, ол әр адамның жанына білім дәнін себе біледі. Осы білімді алуға ұмтылған балаларды жадырап күтіп алатын ұстаздардың күні б ұ л . Б і л і м б е ру ге ұ м т ы л ға н ұстаздарынан жақсы білім алуға ұмсынған шәкірттердің де күні. Бұл күн – түпсіз білім тұңғиығына бойлауға асыққандардың күні. ТӘЙ-ТӘЙ БАСҚАН БОЛАШАҒЫМ, БАЛ ДӘУРЕНІҢ – БАЛА ШАҒЫҢ. ӨЗДЕРІҢЕ ҮЛКЕН-КІШІ ҮМІТПЕНЕН ҚАРАСАДЫ. БАЛ ҚЫЛЫҚТЫ СӘБИЛЕРІМ, КӨРГЕНДІ БОЛ ТӘРБИЕЛІ. ТАЛ БЕСІКТЕН БАСТАЛҒАН ЖЫР, ЕРТЕҢГІ ЕЛДІҢ ҚАЙРАТКЕРІ! Айткүл ДҮЙСЕНБЕКОВА, ЗЕЙНЕТКЕР, «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ. ТАРАЗ ҚАЛАСЫ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
29 тамыз пдф by akjolgazet - Issuu