29 казан 2015 пдф

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм

Жамбыл облысты о амды саяси газет

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

ТАРАЗ

№134 (18168),Бейсенбі, 29 азан, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

ПРЕЗИДЕНТ

Қалалық ішкі саясат бөлімі және «Киванис» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен №9 мектепте ғылыми конференция болып өтті. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты – әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруге жасалған ғаламат қадам» тақырыбында өткен конференцияға ҮЕҰ өнімдері, қалалық бірқатар мектептердің ұстаздары және жоғары сынып оқушылары қатысты. Жиында ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру мәселелері айтылып, ғаламдық дағдарыс кезінде Қазақстан экономикасын өз деңгейінен түсірмеу, білімсіздіктің алдын алудың мән-маңызы талқыланды. БАЙЗАҚ Мырзатай ауылдық округінде көлемі 7,25 гектар аумақты қамтитын туберкулезге қарсы күрес ауруханасы бой көтерді. 60 орындық аурухананың бас корпусы мен үш емдеу бөлімі науқастарға қызмет көрсетуге дайын. Қазір аурухана құрылысында 90 құрылысшы жұмыс істеп жатыр. Мердігер мекеме нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Емдеу мекемесі ашылған соң, онда облыс орталығы мен төрт ауданның тұрғындары емделетін болады. САРЫСУ

ҚАЗАҚСТАН-ЖАПОНИЯ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА САПАЛЫ ДЕҢГЕЙІ Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев С.Абэні Премьер-министр л ау а з ы м ы н а қ а й т а с а й л а н у ы м е н құттықтап, әлемдік экономикадағы күрделі ахуал кезеңінде қызметінің табысты болуына тілектестік білдірді. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Жапонияны к/п нәрсе байланыстыратынын атап /тті. – Біздің елдеріміз арасында экономикалық тұрғыдан да, саясат саласында да келіспеушілік жоқ. Қазақстан Сіздің елмен барлық бағыт бойынша ынтымақтасуға ниетті. Сіздің Орталық Азия елдеріне сапарыңыз маңызды әрі дер кезінде жасалып отыр. Біз /зара іс-қимылдың «Жапония – Орталық Азия» форматын қолдаймыз және оны қажет деп санаймыз, – деді Қазақстан Президенті. С.Абэ қонақжайлық пен ілтипатты қабылдау үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты. Жапония Премьер-министрі Қазақстанға іскер топтар /кілдерінен тұратын кең ауқымдағы делегациямен бірге келгенін және нақты нәтижелерге үміт артатынын атап /тті.

МӘСЕЛЕНІҢ

МӘН І

Жапония Премьер-министрі С.Абэнің Қазақстанға ресми сапары аясында кеңейтілген құрамда келісс/здер /тті. Мемлекет басшысы келісс/здер барысында С.Абэнің Астанаға алғашқы ресми сапары Қазақстан мен Жапония қарым-қатынасын жаңа сапалы деңгейге шығару үшін қуатты серпін беретініне сенім білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев С.Абэнің Либерал-демократиялық партия т/рағасы ретінде /з елін дамытудың /ршіл бағдарламасын ұсынғанын да атап /тті. – 2013-2014 жылдарда елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2 миллиард доллар болды. Ал 2015 жылдың бірінші жартысында бұл к/рсеткіш 600 миллион долларға жетті. 10 жылда Қазақстанға келген жапон инвестициясының к/лемі шамамен 5 миллиард доллардай болады. Сонымен қатар, Жапония ресми к/мек ретінде Қазақстанға 1,2 миллиард доллар берді. С.Абэ екіжақты саудаэкономикалық қарым-қатынастардың құқықтық базасын нығайту, сондайақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі ірі инвестициялық бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін, жалпы ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер аясын едәуір кеңейтетінін атап /тті. Қазақстан Президенті мен Жапония Премьер-министрі келісс/здер

қорытындысы бойынша бірлескен брифинг /ткізді. Елбасы екі ел делегациялары арасындағы келісс/здер достық пен /зара түсіністік негізінде /ткенін айтты. – Елдеріміздің бір-бірін /зара толықтырушы мүмкіндіктері ықпалдастық к/кжиегін ұдайы кеңейтуге жол ашады. Бұлар атом энергетикасын, ауыл шаруашылығын, автомобиль құрастыру және жоғары технологиялар саласын қамтиды, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, соның ішінде бірлескен кәсіпорындар құру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларына да назар аударды. Жапония Премьер-министрі /з с/зінде Қазақстанның әлемдік істер саласында, әсіресе, ядролық қару таратпау ісінде маңызды орын алып, /ңір экономикасындағы к/шбасы болып отырғанын атап /тті. – Қазақстан Орталық Азиядағы экономикасы ауқымды ел болып саналады, және халықаралық аренада елеулі р/л атқарады. Қазақстан – Жапония үшін маңызды серіктес, – деді С.Абэ. Жапония Премьер-министрі әсіресе атом /неркәсібі, жоғары білікті кадрлар

– Жапония әлемде ішкі жалпы /нім к/лемі ж/нінен үшінші орын, экспорт ж/нінен т/ртінші және адам капиталын дамыту индексі бойынша оныншы орын алады. Қазақстан мен Жапония – стратегиялық серіктестер, біз /те жоғары деңгейде экономикалық байланыс орнаттық. Елдеріміздің арасындағы тауар айналымы соңғы 7 жылда шамамен 10 миллиард доллар болды. Қазақстанда бүгінде жапон капиталының қатысуымен 50-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді, олардың қатарында «Toyota», «Marubeni» және басқа компаниялар бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. С/зінің соңында Мемлекет басшысы осындай іскерлік кездесулер мен бизнес форумдары екі ел кәсіпорындары арасында жаңа келісімшарттар жасау үшін жақсы мүмкіндіктерге жол ашатынына сенім білдірді. Елбасы Жапония Премьер-министрі С и н д з о Аб э м е н б і р г е Н а з а р б а е в Университетіне барды. Қазақстан Президенті мен Жапония Премьер-министрі оқу корпустарын аралап к/рді және университетті дамыту перспективаларымен танысты. Дәріс соңында Жапония Премьерминистріне Назарбаев Университетінің құрметті докторы атағы берілді.

Т. РЫСҚҰЛОВ Құлан ауылындағы М.Өзбеков атындағы Мәдениет үйінде қазақ вальсінің падишасы Шәмші Қалдаяқовтың 85 жылдығына орай жас әншілер арасында «Менің Қазақстаным!» атты аудандық байқау өтті. Кеште жас әншілер ән әлемінің дарабоз сазгерінің сырлы әуендерін тамылжыта орындады. Нәтижесінде бірінші орынды Ержан Қонысбеков, екінші орынды Мұраталы Қожахмет және Айдана Сәдуақас иеленді. Ұйымдастырушылар үшінші орынға Қымбат Тәженов, Айдана Лесқұл және Алина Шәкірді лайық деп таныды.  МОЙЫНҚҰМ «Талдыөзек» кеңшарының аға шопаны болған, Ленин және екі «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері Әлтай Төлепбергеновтің 90 жылдығы Қылышбай ауылындағы өзінің есімімен аталатын орта мектепте аталып өтті. Қарапайым еңбек адамын еске алып, рухына тағзым етуге арналған шарада аудандық мәслихаттың хатшысы Шахикерім Исабеков сөз алып, аға шопанның зор құрметке бөленгенін әңгімеледі, мұндай іс-шараның жастарға берер тағылым-тәрбиесіне назар аударды. Ауыл қариялары майталман малшы туралы естеліктер айтты. Өмір жолынан деректі фильм көрсетіліп, мектеп өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды. Ә.Төлепбергеновтің 90 жылдығы аудан орталығында жалғасып, волейболдан жарыс ұйымдастырылды. ШУ Сары Хасенов атындағы стадионда «Жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар есірткіге қарсы!» ұранымен аудан жастары арасында спартакиада өтті. Ауыл округтерінен келген спортшылар кіші футбол, қол күрес, арқан тарту, эстафеталық ойындардан бақ сынап, бабын танытты. Төле би ауылындағы М.Мақатаев атындағы тірек мектебінің намысын қорғаған ерлер мен әйелдер тобы эстафетада топ жарса, білек күшінің бәсекесінде Шу темір жол колледжі мен С.Шәкіров атындағы мектеп ұжымы жеңіс тұғырына жайғасты. Арқан тартыста ЭЧ-22 мекемесі, ал аяқдоп жарысында «Қосқұдық» командасы үздік орынды қанжығалады. Жеңімпаздар сыйлықтармен және мақтау қағазымен марапатталды.

Я – ЕЛ ИГІЛІГІ ИННОВАЦИ

СІ

«БУРЫЛ» МАЛ БАЗАРЫ ТАЗАЛЫҚ ТАЛАБЫНА САЙ МА?

даярлау, сондай-ақ медицинаға жапондық диагностика жүйесін енгізу саласында сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейте түсу арқылы Қазақстандағы экономикалық реформаларды /з елінің алдағы уақытта да қолдайтынын атап /тті. Сонымен қатар, С.Абэ Жапония Қазақстанмен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты да ілгерілетуге мүдделі екенін айтты. Елбасы Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен бірге Астананың к/рнекті орындарын аралады. Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Синдзо Абэмен бірге «Қазақстан» орталық концерт залына, сондай-ақ «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрына барды. Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен бірге қазақ-жапон бизнес форумына қатысты. Іс-шараны ашқан Нұрсұлтан Назарбаев жапон тарапымен шағын және кеңейтілген құрамда жүргізілген келісс/здердің жемісті болғанына тоқталды. Екі елдің қарым-қатынасына қатысты барлық мәселелер, /ңірлік және халықаралық проблемалар талқыланды. Мемлекет басшысы Жапонияның жоғары технологиялар державасы болып саналатынын да атап /тті.

Ауданда апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілуде. Жәрмеңкеде барлық ауылдық округтерден ауыл шаруашылығы өнімдері әкелініп, тұтынушыларға сатылды. Қой етінің әр келісі - 1000, жылқы етінің әр келісі – 1100 теңгеден, картоптың келісі - 50, пияз – 40 теңгеден саудаланды. Сол күні қала халқына сүт өнімдері де молынан ұсынылды. Жәрмеңке кезінде аудан өнерпаздары әннен шашу шашты. Мұндай жәрмеңкенің өткізіле бастағанына айдан аса уақыт өтті, алдағы апталарда да жалғасын таба бермек.

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН «ТАЛАС» СҮТ ЦЕХЫ ТӘУЛІГІНЕ 2 ТОННА СҮТ ӨҢДЕЙДІ

Қатыныңмен дос бол, Үйіңе береке кіреді. Азаматпен дос бол, Қадіріңді біледі. Білімдімен дос бол, Сасқанда ақыл береді.

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол». ЕЛБАСЫМЫЗ «ҰЛТ ЖОСПАРЫ:100 НАҚТЫ ҚАДАМ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 6-ҚАДАМЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУДЫ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТКЕН БОЛАТЫН. БҰЛ БАҒЫТТА БІЗДІҢ ОБЛЫСТА ДА НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА. БҮГІНГІ ТАҢДА ӨҢІРІМІЗДЕ 210 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА ӨҢДЕУ КӘСІПОРЫНДАРЫ ТЫНЫМСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР. БИЫЛ ОБЛЫСЫМЫЗДА 227 МЫҢ ТОННА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІ ҚАЙТА ӨҢДЕУДЕН ӨТСЕ, ОНЫҢ 96 МЫҢ ТОННАСЫ СҮТ ӨНІМДЕРІ. КЕШЕ БАЙЗАҚ АУДАНЫ, ТАЛАС АУЫЛЫНДА «АҒАЛИ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ «ТАЛАС» СҮТ ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЦЕХЫ ЖАҢАДАН АШЫЛДЫ.

Халық мақалы.

(Жалғасы 3-бетте).

ЖАЗЫЛЫМ – 2016

Қай /ңірде, қай қалада болмасын базарлар санитарлықэпидемиологиялық талаптарға, эстетикалық талғамдарға сай болуы тиіс. Сол талаптар сақталған жерде сатушылар да, мал сатып алушылар да қиналмайды, сауда да сәтті жүреді. Қала тұрғындарына да залалсыз болады. Алайда, Тараздағы «Бурыл» мал базарында жағдай мүлдем керісінше. Мұнда сатушыға да, сатып алушыға да қажетті жағдай жасалмаған. Біз бұл базардың мәселесін бұрын талай рет к/тергенбіз. Десек те мәселеге мән беріп, назар аударып жатқан жауапты азаматтар табылмай тұр. Нәтиже жоқ. Неге? Жақында аталған мал базарды тағы бір к/ріп қайттық. Жарты ғасырдан астам уақыттан бері облыс тұрғындарының т/рт түлік малын саудалауына қызмет к/рсетіп келе жатқан базар қазіргі заман талабына еш сай емес. Аптасына бір мәрте – жексенбі күні ғана сауда-саттық ұйымдастырылады. Шалғай ауданнан келген шаруалар әкелген малын қалайда сол күні сатып кетуді к/здеп, жол бойында тұрып-ақ саудаласып әлек. Мұның салдары мал базардың іші былай тұрсын, оның сыртында жүріп-тұрудың /зін қиынға соқтырады. Осыған орай Тараз қаласы тұрғындарының пікірін білгіміз келген. (Жалғасы 3-бетте).

Әр үйдің рухани қазынасы СЕЙТХАН ЖОШЫБАЕВ, ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Мерзімдік басылымдар әрбір /ңірдің түрлі кезеңдердегі тұрмыс-тіршілігін, дәуір тынысын келешекке жеткізуші тағылымды тарихы, шынайы шежіресі болып қатталуымен де құнды. «Ақ жол» газеті де сондай талай-талай тар жол, тайғақ кешулер тұсында ел-жұртына уәлі с/зін айтып, ынтымақ-бірлікке шақырған, сандаған ұлт, ұлысты уыздай ұйыстырған байырғы басылымдардың бірі, бірегейі де! Бүгінде оның белсенді оқырмандарының бірімін. Бұл газетке әбден бауыр басып қалдым. Осы күні оның әрбір санын асыға күтетін болдым. Газет /з дәуіріне сай /згерумен келеді. Dсіресе,

қазіргі ақпараттық технологиялардың жетілдірілуіне байланысты үлкен форматпен түрлі-түске боялып, мазмұнды да қызықты болып шыға бастағаны қуантады. Eңірдегі /зге газеттерге қарағанда жазары да, айтары да к/п. Бүгінде ауылды жерлерде аса қолжетімді емес ғаламтор материалдарын да к/птеп басады.Облыс тыныс-тіршілігін, еліміз бен шетелдердің жаңалықтарын,

әлеуметтік-экономикалық толғақты мәселелерді қаузаған сараптамалық мақалаларды, әдеби-танымдық дүниелерді, жастарға, қыз-келіншектерге, оқырмандарға арналған, сатиралық арнайы беттерді – барлығын да осы басылымнан таба аласың. Рухани қажетімізді қанағаттандыратын, қанаттандыратын үнқағазға айналды. Dсіресе, күні кеше ғана /ңірімізде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қалай аталып /тілгені, осымен байланысты атқарылған жұмыстар мен ата тарихымыздың қайдан бастау алатыны ж/нінде жан-жақты жазып к/рсетіп, қайқай оқырманының болсын тарихи танымын молайтқанын ерекше атап /туіміз керек. Біздіңше, елімізде жүзеге асырылып жатқан жасампаз істердің жаршысы болып отырған «Ақ жол» әрбір шаңырақта болса да еш артығы жоқ. Газетті келер жылы да үзбей алып тұру үшін бірінші кезекте жазылдым. Сіздер де жазылыңыздар, әлеумет!

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа!

«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457

КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.