ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облысты о амды саяси газет №110 (17967), Сейсенбі, 29 шілде, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
«Тараз Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны техникалық базасын нығайту үстінде. Шаруасы шаш етектен келетін ірі кәсіпорын жуырда екі «Газель» жүк көлігі мен екі экскаватор тракторын сатып алды. Қалада жүріп жатқан су құбырларын жаңғырту жұмысында бұл техникалардың жұмысқа серпін беретіні анық.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖАСАЛҒАН
ОРАЗА АЙТ – ОТАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІН БЕКЕМ ЕТЕ ТҮСЕТІН МЕРЕКЕ
l ТАРАЗ
l БАЙЗАҚ Аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы өкпе аурулары ауруханасы әбден тозығы жеткен еді. Облыстық бюджеттен бөлінген 1 миллиард 148 миллион теңгеге Мырзатай ауылдық округінен 60 орындық өкпе ауруына қарсы аурухана құрылысы басталған болатын. Тендер жеңімпазы қордайлық «Темірстрой сервис и Ко» ЖШС құрылысты қарқынды жүргізуде. Осындағы елді мекендерден жұмыссыз 25 адам құрылыста еңбек етуде.
l ҚОРДАЙ Биылғы егін орағы қарсаңында ауданның бірқатар шаруашылықтары лизингке жаңа техникалар алған болатын. Мәселен, «Бәйтерек» шаруа қожалығы өздері сатып алған америкалық екі «Джон Дир», «Нұрал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ресейлік бір «Вектор» астық комбайндарымен қазір жиын-терінді өндірте жүргізуде. Сондай-ақ, Алматы облысынан көмекке келген төрт «Джон Дир» экипаждарымен Ноғайбай және Степное ауылдық округтері дихандарының қолдарын ұзартуда .
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан Маямеровпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында еліміздің рухани өміріндегі өзекті мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстанда діни ахуалдың тұрақты екенін, түрлі конфессия өкілдері татулық пен келісім жағдайында өмір сүріп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, кездесуде діни білім беру мәселесі қозғалды. Нұрсұлтан Назарбаев жастарға рухани-өнегелі тәрбие берудің маңыздылығына, сондай-ақ, бұл салаға мейлінше мұқият талдау жүргізу қажеттігіне тоқталды. Е.Маямеров Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі жұмысы жөнінде баяндады.
u ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ Қымбатты отандастар! Сіздерді Ораза айт мерекесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам әлемнің барша мұсылмандары рухани тазаруға ұмтылатын Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Осы кезеңде қайырымды істер атқа рып, біздің көмегіміз бен жанашырлығымызға зәру жандарға қамқорлық көрсетуге деген ізгі ниет пен ықылас арта түседі. Ислам адамзат баласын татулыққа, тыныштық пен тұрақтылыққа үндейді. Осынау биік құндылықтар тек мұсылман қауымын ғана емес, бүкіл Қазақстан халқын да ұйыстыра тү седі. Сондықтан Ораза айт бар лық отандастарымыздың бірлігін бекем ете түсетін мереке болып саналады. Қазақстан қоғамы өзінің бай рухани мұрасын, өзара сыйластық пен келісімге негізделген іргесі берік қарымқатынастарын орынды мақтан тұтады. Барша қазақстандықтарды осы дәстүрлерді барынша нығайтып, жасампаз құндылықтарымызды әрдайым қастерлеуге шақырамын. Қасиетті Ораза айт халқымызға рухани серпіліс, шаңырақтарыңызға бақ-береке ке әкелсін!
l ТАЛАС Ақкөл ауылында Талас жастар орталығының ұйымдастыруымен «Ауылдың ең жас ветеринары» атты кәсіптік байқау өткізіліп, тартысты бәсекеде өз кәсібінің шебері екендігін дәлелдеген Үшарал ауылдық округінің мал дәрігері Ш. Абдулла 1-орынды жеңіп алды.
l САРЫСУ
ДӘМІ ТІЛ ҮЙІРГЕН «ХАН ҚЫМЫЗ» Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол». ҚЫМЫЗ ӨНДІРУ ІСІНДЕ ТЫҢ ІЗДЕНІСТЕР ЖАСАП, ҰЛТТЫҚ СУСЫНЫМЫЗДЫ ҰЛЫҚТАП ЖҮРГЕН «ЗАҢ» ЖШС ЖУЫРДА ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАНЫНАН ҚЫМЫЗ ЦЕХЫН АШТЫ. «ХАН ҚЫМЫЗ» ТАУАР БЕЛГІСІНДЕГІ САПА СЕРТИФИКАТЫМЕН ЕЛІМІЗДІҢ БІРНЕШЕ ӨҢІРІНЕ ТАНЫЛҒАН ШАРУАШЫЛЫҚ ЕНДІ ӨНІМ КӨЛЕМІН БҰРЫНҒЫДАН ДА АРТТЫРЫП, ТОЛЫҚ ҚУАТЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ МҮМКІНДІК АЛДЫ. БЕЛГІЛІ КӘСІПКЕР, АТАЛМЫШ ШАРУАШЫЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ ДҮЙСЕНБЕК ЫБЫНӘЛИЕВТІҢ АЙТУЫНША, ЦЕХТЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ ТИІСТІ ОРГАНДАР ТАРАПЫНАН БЕРІЛГЕН ҚҰЖАТТАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ЗАҢДАСТЫРЫЛҒАН.
Ендігі мақсат – жұмысты одан әрі жетілдіріп, өнім көлемін арттыру. Цех қажетті құрал-жабдықтармен толық жарақтандырылған. Мұндағы қымыз өндіру ісі аса күрделі емес. Барлығы а в то м ат та н д ы р ы л ға н . Б и е с ү т і электронды күбіде пісіледі де, көлемі бір литрлік, «Хан қымыз» тауар белгісі жапсырылған пластикалық ыдысқа құйылады. Содан соң оның тығыны арнайы аппаратпен бекітіледі. Сөйтіп, тұтынушысына жіберіледі. – Күніне 150-200 литрдей қымыз өндіреміз. Тұтынушылар тарапынан бие сүтіне деген сұраныс та өте жоғары. Ал, цехта тәулігіне бір тоннаға дейін қымыз шығару үшін сырттан сүт қабылдауға тура келеді. Алдағы уақытта осыны қолға аламыз. Бұл бір жағы көптеген отбасының жұмыспен қамтылуына жол ашады,-
МЕМЛЕКЕТ МАҚТАНЫШЫ
ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН
Қазақ шапанын жамылған хас батыр
МЕРЕКЕНІҢ МЕРЕЙІН ӨСІРЕТІН – ТАТУЛЫҚ
ДІ ИН МЕН НИБАЛИ Ы ЕЛБАСЫ ГОЛОВК АД ҚТ Ы ТТ ҚҰ ЖЕҢІСТЕРІМЕН
Данияр қары ЖҰМАБАЕВ, ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы.
АЙЛАРДЫҢ ТӨРЕСI, КҮЛЛI МҰСЫЛМАН БАЛАСЫ ҮШIН ҚАСИЕТТI РАМАЗАН АЙЫМЕН ҚИМАЙ ҚОШТАСАТЫН КҮН ДЕ КЕЛДІ. ШІЛДЕНІҢ ШІЛІҢГІР ЫСТЫҒЫНА САБЫР ЕТЕ ЖҮРІП, МІНЕ, ОРАЗАНЫҢ АЙТЫНА ДА КЕЛІП ЖЕТТІК. ҮШ КҮН ТОЙЛАНАТЫН АЙТ МЕРЕКЕСІ 28 ШІЛДЕДЕ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕШІТТЕРДЕ ТАҢҒЫ САҒАТ 7.00-ДЕ АЙТ НАМАЗЫН ОҚУМЕН БАСТАЛДЫ. СҮЙІКТІ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕД (С.Ғ.С.) ӨЗ ӨСИЕТІНДЕ: «АЙТ КҮНІ БІРІНШІ ОРЫНДАЙТЫНЫМЫЗ – НАМАЗ ОҚУ», – ДЕГЕН ЕКЕН. БҰЛ НАМАЗ ИСЛАМНЫҢ ҰРАНЫ БОЛҒАНДЫҚТАН, ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕД (С.Ғ.С.) ӨМІРІНДЕ ОНЫ БІР РЕТ ТЕ ҚАЛДЫРМАЙ ОҚЫҒАН. АЙТТА МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ БІР-БІРІМЕН ТАТУЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУЫ – МЕРЕКЕНІҢ НЕГІЗГІ СӘНІ. ОСЫ МАҚСАТТА ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.Ғ.С.): «БІР-БІРІҢЕ СЫЙЛЫҚ БЕРІП, ТАТУЛАСЫҢДАР... БІР-БІРІҢЕ БЕРГЕН СЫЙЛЫҚТАРЫҢ – АРАЛАРЫҢДАҒЫ ӨШПЕНДІЛІКТІ ЖОЯДЫ», – ДЕП ӨСИЕТ ЕТКЕН. БҰЛ МЕРЕКЕ СОНАУ САХАБАЛАР ДӘУІРІНЕН БЕРІ ЕРЕКШЕ АТАЛЫП КЕЛЕДІ. МҰСЫЛМАН ЖҰРТШЫЛЫҒЫ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ОРАЗАНЫҢ БІТКЕНІНЕ ЕМЕС, МҰСЫЛМАНДЫҚ БЕС ПАРЫЗДЫҢ БІРІН АМАНЕСЕН АТҚАРҒАНЫНА ҚУАНАДЫ. (Жалғасы 6-бетте).
дейді осындағы технолог маман Сәуле Ыбынәліқызы. Әзірге, мұндағы қымыз шаруашылықтың бұрыннан қалыптасып қалған тұтынушыларына өткерілуде. Сонымен қатар, күнара «Хан қымыздың» біразы Тараз қаласындағы «Арзан» супермаркетіне жөнелтіледі екен. «Інжу» балабақшасы да күніне тапсырыс береді. Сәуле апай «Хан қымызға» еліміздің басқа да облыстарынан сұраныстардың көптеп түсіп жатқанын, келешекте барлық сұранысты қанағаттандыру бағытында аянбайтындықтарын жеткізді. Тағы бір айта кетерлігі, «Заң» ЖШС жуырда кедендік одақтың сәйкестік туралы арнайы декларациясын иеленіпті. Бұл дегеніңіз, келешекте Тараздан шыққан қазақтың «Хан қымызы» шетелге де жол тартады деген сөз.
Кәсіпқой бокстың шаршы алаңына отызыншы рет көтерілген Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша 11-рет өзінің чемпиондық атағын қорғап қалды. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы атақты Madison Square Garden аренасында өткізген кездесуінде қазақ боксшысы әлемнің экс-чемпионы, австралиялық Дэниэл Гилді үшінші раундта нокаутқа жіберді. Кездесу алдында Австралия боксшысы «Генаның дегені мен секілді мықты боксшыларға жүрмейді» деп, өзінің осал қарсылас емес екенін көпшілікке мәлімдеген еді. Бірақ, мамандардың сөзімен айтқанда жылдамдығына көз ілеспейтін «батыр» бұл сөзін іс жүзінде дәлелдей алмады. Рас, алғашқы раундта Головкин жұдырықтасу барысында қорғанысқа мән бере жүріп, алдымен қарсыласын зерттеп алды. Дегенмен, екінші раундты өз дегені бойынша өткізді. Үшінші раундта Дэниэлді иектен ұрып құлатты. Төреші басын шайқаған Дэниэлдің жағдайын түсініп,
қ Назарбаев қаза ысы Нұрсұлтан а қо л же тк із ге н сш ба ет ек мл Ме әл ем ді к ар ен ад лд ад ы. сп ор тш ыл ар ын құ тт ық та п, же де л ха т жо рн ир і ту ен » ым нц ар ра ст Ф та бы таны бі кү ні «Т ур де Өт ке н же кс енана» велокомандасының капи со л ра ст ту , «А , са ып ан ал ат аяқт ли же ңі мп аз қ жетіп, боксшы ба Ни цо ен лы Ви нч ақжолтай жаңа зақ елі. күні АҚШ-тан тігіне қуанып жатқан еді қа лі сі п, бө тіс ен же ң ым ны ыш ан Гена ор тш ын ың қу Ел ба сы қо с сптады. ық тт құ ң жеңісі боксты йы арна ий Головкинні а қазақстандық ад нн Ге ы ас лб рш «Е атап к қауым және ба сүйетін көпшіліүшін тамаша тарту болғанын өз ас сп р ба ле ң ер ны үй да жанк рл ай ды Ақ ор ігі н Қа за қс та н ба ха п де », өт ті н ба ли ді ң же ті ст н жеңіске деге қы зм ет і. Ал Ни ің еңбегіңіз бе велокомандаға ізд «С ті: ен ид ің зд През ғы да ық кезеңде бі жігеріңіз барл сп ор тт ық же тіс тік те рі н та ың н. нн ке та өт қс ап за п ат Қа індік берді» де танытуға мүмк
жекпе-жекті тоқтатты. «Бұл ойын емес – жекпе-жек. Мен нағыз ұрысты ұнатамын және шаршы алаңда қызықты бокс көрсеткім келеді», – деді Головкин өзіне қолдау көрсеткен жанкүйерлерге ризашылығын жеткізіп тұрып. Қазақ боксшысы орта салмақта чемпиондық атақты біріктіретін жекпе-жекке дайын екенін айтады. «Мен Котто және Куиллинмен жұдырықтасқым келеді. Жігіттер, маған хабарласыңдар, мен дайынмын», – деді қазақ шапанын жамылған хас батыр. Осы кездесуден кейін WBA және IBF версиясы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы, ағылшын боксшысы Карл Фроч «Головкинмен кездесуден оба ауруынан қашқандай қашу керек. Оның соққысы – тағасы бар тұлпардың тепкісіндей», – деп пікір білдіріпті НВО телеканалына берген сұхбатында. Фрочтың сөзінің жаны бар шығар, дандайсыған Дэниэл қазақ боксшысының ауыр соққысынан көпке дейін есін жинай алмай қалды. (Жалғасы 6-бетте).
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ОРЫНДЫ БАСШЫ ОЛҚЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол». КЕШЕ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БЕКБОЛАТ ОРЫНБЕКОВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ӨТКЕН АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ ЕҢБЕК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ, СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ҚАРАЛДЫ.
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ЕНЖАРЛЫҚ ТАНЫТПАЙЫҚ Алғашқы мәселе бойынша хабарлама ж а с а ға н о б л ы ст ы қ е ң б е к и н с п е к ц и я с ы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иес Құдайбергеновтің айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік еңбек инспекторлары облыс ұйымдарында барлығы 166 тексеру жүргізген. Оның 53-і жоспарлы, 133-і жоспардан тыс. Нәтижесінде 500-дей заңбұзушылық анықталып, лауазымды ж ә н е з а ң д ы т ұ л ға л а р ға ж а л п ы с о м а с ы 6,4 миллион теңгені құрайтын 188 әкімшілік айыппұл салынған. Инспекция тарапынан еңбек
қауіпсіздігін арттыру, өндірістік жарақаттарды азайту, еңбек жанжалдарының алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып, «дөңгелек үстелдер», өзге де түрлі іс-шаралар өткізілген. Соған қарамастан, биыл да ұжымдық еңбек даулары орын алған. Еңбек заңнамасының бұзылуы салдарынан азаматтарымыздың еңбек құқықтарын бұзу фактілері және өндірістік жарақаттардың орын алуы байқалған. Аталмыш мәселе бойынша биылғы жылдың жартыжылдығында 4 жоспарлы, 13 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Мемлекеттік органдарды тексеру барысында 82 заңға қайшы ісәрекет әшкереленген. Оған жол берген лауазымды тұлғаларға 228,6 мың теңгені құрайтын 23 әкімшілік айыппұл салынған. (Жалғасы 2-бетте).
Аудан әкімі Қанатбек Мәдібектің жыл басында тұрғындар өкілдерімен өткізген есепті кездесуінде жас отбасыларды баспанамен қамту мәселесі де көтерілген болатын. Тұрғындар ұсынысы назардан тыс қалған жоқ. Осы мақсатта «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша Жаңатас қаласындағы 1 шағын ауданда орналасқан №19 үйді жас отбасыларына жалға беру жоспарлануда. Қазіргі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы тілек білдірушілерге есепшот ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
АЛЫС-БЕРІС
ҚОЙ ЕТІ ИРАНҒА ШЫҒАРЫЛАДЫ Облыста мал шаруашылығы кластері құрылуда. Кластер жақында жұмысын бастайды. Аймақтағы қой еті Иранға экспортталады. Таяуда «Халал» стандартына сәйкес және Меркі мал шаруашылығы кешенін сертификаттау үшін Ираннан үлкен делегация келеді. Ирандықтар бізден 500 тонна қой етін сатып алып, оларды Меркіде сойып, етін ұшақ арқылы тасымалдамақ. «Ақ жол-Ақпарат».
Аттан аттың несі артық, Жүрісі мен күші артық. Ерден ердің несі артық, Ерлігі мен ісі артық.
Халық мақалы.
ЮРМАЛА: «ЖАҢА ТОЛҚЫН – 2014»
н ә н е к т е л е у ә р е Әліш РЫНҒА ОНЫ 10-О Ы ТҰРАҚТАТТ
Латвияның Юрмала қаласында өтіп жатқан «Жаңа толқын – 2014» халықаралық байқауына Қазақстан атынан қатысқан әнші Әлішер Кәрімов сайыстың жалпы қорытындысы бойынша 10-орынға табан тіреді. Естеріңізде болса, сайыстың алғашқы күндері жерлесіміз үшін жеңістің ауылы жақын қалған. Алғашқы «Әлемдік хит» санатында да, екінші күнгі танымал әншілермен бірге ән шырқаған күні де Әлішердің жұлдызы жанып, бестіктің қатарына іліккен болатын. Үшінші күнгі «Премьералар күні» сайысында ол көпшіліктің назарына «Әрине» атты әнін қазақ және орыс тілінде ұсынды. Бірақ, әп-әдемі ән еуропалық көзқарастағы қазыларға неге екені белгісіз жақпай қалып, бар болғаны Әлішерге 67 ұпай ғана алып берді. Сөйтіп, үш күннің қорытындысы бойынша Әлішер 210 ұпай жинап, оныншы орынға жылжыды. Екі күн бойы тамаша өнер көрсеткен әншіге «Көрермен көзайымы» аталымы бойынша жүлденің бұйыруы мүмкін екен. Оған көрермендер тарапынан ұялы телефондары арқылы «NW106» сөзін 1212 нөміріне жолдап, қолдау білдіргені аздық етіпті. Әлішердің бұл аталымға ие болуына мыңға жуық дауыс жетпей қалған. Бірақ Тараз қаласының ән өнерінен хабары мол тұрғындары Әлішер орындаған «Әрине» әнін өте жоғары бағалап отыр. Тауың шағылмасын, Әлішер! «Ақ жол-Ақпарат».