ЕЛБАСЫНЫҢ ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕНДІ ЕЛ, ПАРАСАТТЫ, ТЕРЕҢ ОЙЛЫ, КЕМЕҢГЕР! ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№164-165 (18021-18022), Сенбі, 29 қараша, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
www. akjolgazet.kz
ЕЛБАСЫ АБЫРОЙЫ – ЕЛ АБЫРОЙЫ
МЕРЕКЕГЕ ТАРТУ
«ЖАРҚҰМ» КЕН ОРНЫНЫҢ АЛАУЫ
Облыс әкімі Кәрім КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен облыс тұрғындарын құттықтауы
Құрметті жамбылдықтар! Сіздерді 1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Біз тарихи бетбұрыс тұсында, ел тағдырын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тапсырып, егемен еліміздің тұңғыш Президентін сайладық. Таңдауымыздың тағдырлы болғанын ұлы төреші уақыттың өзі дәлелдеді. Сара сеніміміз бен үкілі үмітіміз ақталды. Әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде тарихи да жасампаз жаңа дәуірге қадам басқанына биыл 23 жыл толады. Осынау сындарлы кезеңде, тар жол тайғақ кешуден аман-есен алып шыққан Елбасымыз аз ғана уақыттың ішінде мемлекетіміздің қарыштап дамуына, тәуелсіздік тұғырының нығаюына, халықтың әл-ауқатының артуына сіңірген еңбегі зор. Тәуелсіз мемлекетімізде ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар нәтижелі жүзеге асырылды. Еліміз қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі жаһандық және өңірлік халықаралық ұйымдардың жұмысына белсене қатысып, дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы елдермен үйлесімді стратегиялық әріптестік қарым-қатынас орнаттық. Астана «ЕХРО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқын жеңіп алды. Көпұлтты Қазақстан достық пен ынтымақтың, татулық пен бірліктің мекеніне айналды. Бүгінде Қазақстанның шаңырағы берік, мерейі үстем, беделі асқақ. Әлемнің белгілі саясаткерлері Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы және бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық, өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде таниды. Бүгінгі күні Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды межелеп отыр. Облыс тұрғындарының әл-ауқаты жыл санап артып келеді. Индустриалды-инновациялық бағдарламалар іске асырылуда. Шағын және орта бизнес қанат жая бастады. Тұрғын үй салу мәселесі тиянақты шешілуде. Әлеуметтік салалар қарқынды дами түсуде. Жаңадан білім, денсаулық және спорт ошақтары бой көтеруде. Халық игілігі үшін қолға алынған бастамалар мен жарқын істеріміз алдағы кезде де жалғасатын болады. Қадірлі жерлестер! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілей отырып, еліміздің өркендеу жолындағы еңбектеріңіз бен бағалы бастамаларыңызға сәтті болсын деймін. Еліміз еңселі, тұғырымыз биік болсын!
АҚЖОЛ ТА
ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ – ЕГІЗ ҰҒЫМ. БҮГІНДЕ КІММЕН ПІКІРЛЕССЕҢІЗ ДЕ ОСЫЛАЙ ОЙ САБАҚТАЙДЫ. ШЫНДЫҒЫНДА ДА ЕГЕМЕНДІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН ӨТКЕН ЖЫЛДАР ІШІНДЕ ЖАС МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРЫП, НЫҒАЙТҚАН, ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНА БАСТАҒАН ЕЛБАСЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЕРЕН. ЕЛІМІЗ СЫНДАРЛЫ КЕЗЕҢДЕ СҮРІНБЕЙ, ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕНІҢ НАЗАРЫН ӨЗІНЕ АУДАРДЫ. ХАЛҚЫ ТАТУ, ЭКОНОМИКАСЫ ҚУАТТЫ, ДАМУ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ ЕЛГЕ ҚЫЗЫҒА ДА ҚЫЗҒАНА ҚАРАЙТЫНДАР КӨБЕЙДІ. (ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).
Тарихи таңдау тағылымы
Й
ХА
БА Р
Ы Ғ А Т А Д З А Р ТА .
. . а ш қ а б а л а б бір
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ АШЫЛДЫ Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол».
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол». Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасының 2007 жылы сәуір айында облысқа жасаған жұмыс сапары кезінде «Амангелді газ» кен орны маңынан кен орындарын одан әрі ұлғайту туралы берген тапсырмасын орындау мақсатында «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы «Жарқұм» кен орнын іске қосып, халық игілігіне берді. Кен орны мерекедегідей безендірілген. Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы, одан туындайтын міндеттер көрікті етіп жазылып ілініпті. Елбасына арналған бильбордтар да көз тартады. Кеншілер алдында таластық өнерпаздар ән-жырдың тиегін ағытты. Қарашаның құм ішіндегі қара суығын елемеген кеншілерді мереке қарсаңында тағы бір кен орнының ашылуы ерекше шаттыққа бөлеп, өнерпаздардың өнеріне дүркін-дүркін қол соғып, құм даланы жаңғыртып жатты. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев пен облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов сахнаға шыққан соң, салтанатты шара басталды. – Құрметті халайық, cіздерді Тұңғыш Президент күнімен және «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының «Жарқұм» кен орнын пайдалануға беруімен құттықтаймын! Біздің облыста 373 елді мекен бар, оның 40 пайызы
газдандырылған. Биыл 21 елді мекенге газ тартылуда. «Амангелді газ» кен орны біздің облысқа жылына 330 миллион текше метр газ беріп келеді. Он жылда 3 жарым миллиард текше метр газ тұтындық. Ал, мына «Жарқұм» кен орнына 4 бұрғылау қондырғысы орнатылып, жылына 65 миллион текше метр газ алатын болдық. Талас, Байзақ аудандары мен Тараз қаласындағы халық 400 миллион текше метрге жуық газ пайдаланады. Барлықтарымыздың, барша халықтың өсіп-өркендеуі Мемлекет басшысының парасатты саясатының арқасында мүмкін болып отыр. Осы кен орында 30 адам жұмыс істейді. Еліміз өркендеп, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жылдан-жылға өсу үстінде. Осы тұрған жұмысшыларға, «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының басшылығына шын жүректен алғысымды білдіремін,-деді Кәрім Нәсбекұлы. Одан кейін «Амангелді газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Қалдыбай Төлекешов құттықтау сөз алып, «Құрметті Кәрім Нәсбекұлы және әріптестер айтса айтқандай бүгін аса қуанышты күн. Еткен еңбегіміздің жемісін көріп, «Амангелді» кен орнына қоса, ел қажетіне 2000 метр жер асты қашықтығынан көгілдір отын алып, ел игілігіне ұсынатын болдық. Бұл жұмыс «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының газ қорын табу, газ конденсатын өндіру стратегиясы арқылы жүзеге асты. Қазір көгілдір отынның алауы тұтанатын салтанатты сәттің куәсі боламыз.
Сіздердің еңбектеріңізге табыс тілеймін! Отанымыз көркейе берсін! Елбасы алға қойған талаптарды абыроймен атқара берейік! Әрбір отбасыға табыс, бақыт, қуаныш тілеймін!» деді. Талас ауданының Құрметті азаматы Байзақ Көлбаев сөз алып, таластықтардың алғысын жеткізді. Одан әрі арнайы қондырғыға қойылған түймені басып, облыс әкімі мен «Амангелді газ» ЖШС бас директоры көгілдір отын алауын тұтатты. Лап ете қалған алауға дүркін-дүркін соғылған шапалақ үні жалғасып, құмды өңірді жаңғыртып жіберді. Кен орнының ашылу салтанаты аяқталған соң, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев пен «Амангелді газ» ЖШС-ның бас директоры Қалдыбай Төлекешов республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сұхбат берді. – Бүгінгі «Жарқұм» кен орнының ашылуы Талас, Байзақ және Тараз қаласын газбен қамтамасыз етуге зор мүмкіндік береді. «Амангелді» газ кен орнынан жылына 330 миллион текше метр газ алып тұрсақ, оған қосымша 65 миллион текше метр газ қосылады. Жалпы облыс 1 миллиард 700 миллион текше метр газ тұтынады. Тұңғыш Президент күні қарсаңында «ҚазТрансГаз» осындай үлкен тарту жасады. Мұның бәрі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында жасалып жатыр. Қазіргі әлеуметтік жағдайымыз
өздеріңіз білетіндей өсуде. Экономикамыз дамуда. Қаратау және Жаңатас қалалары моноқалаларды дамыту бағдарламасына енгелі, екі қалада да абаттандыру, көркейту, жарықтандыру жұмыстары қарқын алды. Біздің алдымызда тағы бір үлкен міндет тұр. Қаратау қаласынан Жаңатасқа газ жеткізу. Қазір оның құжаты дайындалды. Жоба құны- 8,9 миллиард теңге. Ол жерде үлкен инвестиция құйып отырған «ЕуроХим-Тыңайтқыш» деген алпауыт компания бар. Оларға газ керек, сондықтан осы шаруаның төңірегіне жұмыс жасап жатырмыз. Егер біз Сарысу ауданын газдандыруды 2015-2016 жылдары шешетін болсақ, сонда бір-ақ Мойынқұм ауданы қалады. 2012 жылы Қордайдан Шуға дейін 4,2 миллиард теңгеге газ тарттық. Газ халықтың игілігіне айналады, экономикамыздың артуына да пайдасы көп,деді Кәрім Нәсбекұлы. «Амангелді газ» ЖШC-ның бас директоры Қалдыбай Төлекешовтың әріптестерге берген жауабына қарағанда газдың құрамының 85 пайызы метан екен. Сондықтан өте бағалы әрі тиімді отын дейді. «ҚазТрансГаз» АҚ біздің ұжымның алдына үлкен міндеттер қойып отыр. 2014-2015 жылдары біздің алдымызда барлау, іздестіру, ұңғыларды іске қосу сынды ауқымды жұмыстарға 8 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылды» деді. Талас ауданы. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Тараздық бүлдіршіндердің бір тобы 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күнін жаңа балабақшада мерекелеу мүмкіндігіне ие болды. Кеше олар үшін шаһардың «Былғары комбинаты» аумағынан «Балауса» балғындар ұясы есігін ашты. Бұрынғы оңалту орталығының ғимаратын «NYR-AI» ЖШС 140 орындық типтік балабақшаға лайықтап, күрделі жөндеуден өткізіп беріпті. Бұл мақсатқа қазынадан 29 миллион 620 мың теңге жұмсалған. Ашылу салтанатына қала әкімі Нұржан Календеров бастаған білім беру мекемелерінің басшылары, ата-аналар өкілдері қатысып, балдырғандар қуанышына ортақтасты. – Бүгінгі таңда осынау мемлекеттік мереке қарсаңында жер-жерде айрықша маңызға ие әлеуметтік нысандар ашу игі дәстүрге айналып келеді. Қаламызда тағы бір мектепке дейінгі тәрбие мекемесі ашылып отыр. Бұл – биыл бізде пайдалануға берілген үшінші балабақша. Жалпы, қала бойынша жыл ішінде 1500 қосымша орын ашылуы жүзеге асырылды. Еліміздегі атқарылып жатқан әрбір іс, әрбір жаңалықтың барлығы да Елбасының жүргізіп отырған саясатының арқасында, жыл сайынғы халыққа Жолдауларында алға қойған тапсырмаларынан, мемлекеттік бағдарламаларынан бастау алған үлкен маңызы бар шаралар екені анық. Мемлекет басшысы жуырдағы Жолдауында да мектепке дейінгі тәрбие нысандарының желісін кеңейту жөнінде тапсырма беріп, бұл іске қомақты қаржы бөлінгені турасында айтып өтті, – деп Нұржан Сәбитұлы жаңа ашылған мекеменің балалар тәрбиелеу ісіне өзіндік үлесін қосатындығына сенім білдірді. Еңбек ардагері Уәли Жақыпбеков «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар үшін облыс пен қала басшыларына ата-аналар атынан ризашылығын жеткізіп, мердігерлік ұйым басшысының орынбасары Бақытжан Жұрымбаев балабақша меңгерушісі Ділда Қуатоваға нысанның символикалық кілтін тапсырды. Бұдан соң жаңа нысанның лентасы қиылып, шашу шашылды.