29 наурыз пдф 2016 ж

Page 1

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу Сар Са Сары С ар а ары ры ысу су ауданы ау ауда ауд а уда у уд да д аны ны

Мойынқұм Мой Мо М ой йы ын ын ауда а ау у уд уда дан да ауданы

Жамбыл облысты о амды саяси газет

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№36 (18230), Сейсенбі, 29 наурыз, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

НДА ЖАҺА

ПРЕЗИДЕНТ

ИСЛАНДИЯ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ КІШКЕНТАЙ КӨЛІК Sotheby’s Amelia Island Auction бәссаудасында 1964 жылы шыққан Peel P50 үлгісіндегі кішкентай көлік 176 мың долларға сатылып кетті. Бұл – Мэн аралында шыққан жалғыз сериялы автомобиль. Кезінде көлік небәрі 199 фунт стерлинг тұрған. Ең кішкентай көлікті кімнің сатып алғаны әзірге белгісіз. ОҢТҮСТІК КОРЕЯ

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады. Кездесу барысында Д.Ақышев Мемлекет басшысына Ұлттық банктің қазіргі қызметі, сондай-ақ елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады. Қазақстан Президенті қаражатты қазіргі уақытта ұлттық валютамен сақтау халық үшін тиімді екенін айтты. – Теңге бойынша пайыздық мөлшерлеме жоғары, ал шетел валютасындағы салымдарда ол əлдеқайда төмен. Еліміздегі барлық сатып алу, сату операциялары жəне еңбекақы төлемдері ұлттық валютамен жүзеге асырылады. Негізгі тауарлардың бағасы тұрақты. Сондықтан қаражатты теңгемен сақтау барлық жағынан тиімді. Халықтың ұлттық валютаға көбірек ден қойғаны маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Д.Ақышев наурыз айында валюта нарығындағы ахуал тұрақталғанын атап өтті. – Мұнай бағасы, сауда серіктестеріміз болып с ана латын елдердегі ва лют а бағамы сияқты пəрменді сыртқы ықпалдар тұрақталды. Осындай жағдайда биылғы ақпан айынан бері теңге нығая бастады, бұл үдеріс осы айда жалғасты. Біз ұлттық валюта бағамындағы ауытқу айтарлықтай төмендегенін жəне оның 1,6 пайызға нығайғанын байқап отырмыз, – деді Ұлттық банк төрағасы. Сонымен қатар Д.Ақышев салымдарды долларсыздандыру үрдісі басталғанын айтты. – Ел тұрғындары мен кəсіпорындар ұлттық валютадағы салымдарын біртіндеп көбейте бастады. Осы айда бұл үрдіс күрт жеделдеді, – деді Ұлттық банк төрағасы. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

А

А НЫҢ А Т П

ЙТА ҚАЛ

БЕТ ӘЛПЕТІН ӨЗГЕРТЕТІН РОБОТ ЖАСАЛДЫ Hanson Robotics компаниясы София есімді роботты таныстырды. Софияның «тесіп жіберердей көзқарасынан» сескенгендер бір күндері роботтар «адамзатты жойып жібереді» деп баға берді. Софияның бет пішімі сөйлеген кезде адамдікіндей құбылады. Адам көзіне тура қарайды, басын изейді, адамға тән басқа да қимылдар жасайды. Софияның бет әлпеті мен мойны теріге ұқсас материалдан жасалған. Көзінде жанындағы адамды тануға арналған камера орнатылған. ЖАПОНИЯ ҒАЛЫМДАР КӨЗДІ БАҒАНАЛЫҚ ЖАСУШАДАН ӨСІРДІ Зерттеу жұмыстары профессор Нисида Кодзидің бастамасымен жүргізілді. Тәжірибе жұмыстары жүргізілген бір ай ішінде ғалымдар жүйке жасушаларынан, оптикалық везикула мен эпителиалды жасушадан тұратын қатпарлы ұлпа өсіріп шығарған. Жапон ғалымдарының жаңа тәжірибесі көз ауруына шалдыққандардың емделуіне септігін тигізеді. Адамның жасушасынан өсірілген мұндай ұлпаларды адамға орнату кезінде ағзаға ешқандай қауіп төнбейді екен.

ЫЛ ЖАМБ ТАРАЗ

ЖОЛАУШЫЛАР БЕКЕТІ КӨБЕЙЕДІ Облыста қазір 1 автовокзал, 8 автостанса мен 1 жолаушыларға қызмет көрсету бекеті жұмыс істеп тұр. 2020 жылға дейін ҚР көлік жүйесінің инфрақұрылым интеграциясы мен дамуы бағдарламасы бойынша облыста 10 автостанса, 10 жолаушыларға қызмет көрсету бекеті мен 79 такси тұрағын салу жоспарланып отыр.

АРЛЫҚ ОҚИ ҒА СЫ

Ң І Н Н Ү К Т І Б Й Е Б БАТЫРЛАРЫ

ЖАМБЫЛ АҚБҰЛЫМДА АЛМА БАҒЫ ҰЛҒАЙДЫ Ақбұлым ауылдық округінде жалпы 252 гектар алма алқабы бар. Биыл аталған округ алма көлемін 5 гектарға ұлғайтты. Ауыл тұрғыны Марат Төлебековтің алма сақтау қоймасын салғаны да алма өсірушілердің ынтасын тудырып отыр. Ауылдық округ әкімі Сағымбек Жанысбаевтың айтуынша, «Мафиз», «Қойтанов» шаруа қожалықтарының алма бақтары әлден-ақ гүлдеп тұр.

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ЖЫЛЫЖАЙ – САПАЛЫ ӘРІ МОЛ ӨНІМ КЕПІЛІ Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». Қазіргі кезде республика бойынша барлық өңірде жылыжай шаруашылығы ерекше қарқынмен дамып келеді. Бұрындары ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен толығымен қамтамасыз ету мəселесі көрші елдерден тасымалдау арқылы шешіліп келсе, енді өзгеге жалтақтамай, қолдан келетін іске өзіміз-ақ білек сыбана кірісе бастадық. Көкөністі жаңа піскен күйінде қолдануды қамтамасыз ететін жаңа, озық технологиялы жылыжай кешендері соңғы уақытта жаппай қолға алынып, мемлекеттің қолдауындағы мақсатты бағдарламалар аясында іске қосылуда. Жылыжайлар тұрғызудағы басты мақсат – халықты жаңа піскен сапалы өніммен қамтамасыз ету,

«

121 АДАМДЫ АЖАЛДАН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

З ҚА

АҚ

Н-2 СТА

нарықтағы бағаны түсіру, сондай-ақ, маусымаралық кезеңде көкөністердің бағасын тұрақтандыру. Бұл орайдағы нақты жұмыстар біздің облысымызда өз нəтижесін беруде. Облыс əкімі Кəрім Көкірекбаевтың төрағалығымен селекторлық режімде өткен аппарат мəжілісінде осы тұрғыдағы бірқатар жайттар мəлімделді. Күн тəртібіндегі мəселеге байланысты баяндама жасаған облыс əкімі ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов бүгінгі таңда облыс бойынша жалпы аумағы 24,2 гектарда 28 жылыжай өнім беріп тұрғанын айтып, оның 17,7 гектары 23 фермерлік жылыжайға тиесілі екенін, қалған аумақта 5 өнеркəсіптік жылыжай орын тепкенін жеткізді.

Дағдарысқа қарамастан, білім нысандарын салуға бағытталған қаржы көлемі қысқармады. Оған жер-жерлерде есігін айқара ашқан жаңа білім ошақтары дəлел. Қазіргі таңда Тараз қаласының «Қант зауыты» аумағында 300 орындық мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл білім ошағының құрылысына республикалық бюджеттен 800 миллион теңге қаражат бөлінген. Тапсырыс беруші – Тараз қаласы əкімдігінің құрылыс бөлімі. Мердігер компания астаналық «ORNAU CONSTRUCТION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екен. Мектеп құрылысы 2015 жылдың маусым айында басталған. Құрылыстың аяқталуы бастапқыда 2016 жылдың желтоқсан айына көзделген болатын. Алайда, кестеден озып келе жатқан мердігер компания биылғы қыркүйектегі

ж а ң а о қ у ж ы л ы н д а б ұ л м е кт е п т і пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Мердігер компания елордалық болғанмен, жұмысшы, құрылысшылардың түгелге жуығы жергілікті тұрғындар. Оның ішінде 30 пайызы «Қант зауыты» ау м а ғ ы н а н ж ұ м ы с қ а а л ы н ы п т ы . Құрылыстың ең маңызды бөлігін игеріп жатқан құрылысшылардың айлығы 100 мың теңгеден асып жығылады. Компания директоры Айдар Əшімжанов құрылысқа облысымызда шығарылатын құрылыс өнімдерін қолдануды жіті назарда ұстайды екен. Тараздық құрылыс өнімдерін өндіруші кəсіпорындардың өнімі бұл мектептің қажетіне жарап тұр. Аумақ тұрғындары жаңа мектептің салынып жатқанына дəн риза. Ғимарат дер кезінде керекті жеріне салынып отыр. Аумақ тұрғындары еңселі, жаңа білім ошағына балалардың қол жеткізу мүмкіндігін жақындататын бағдарлама

БҰЛАРОВ БҰЛАР БАТЫР АУЫЛЫНА МЕШІТ САЛДЫРДЫ Сортөбе ауылдық округіне қарасты Бұлар батыр ауылында бір мезгілде 800 адам құлшылық жасай алатын жаңа мешіттің құрылысы салынып жатыр. Бұл имандылық үйі газ саласының білікті маманы, меркілік азамат Ілияс Бұларовтың демеушілігімен және бастамасымен жүзеге асып жатыр. Ауданның бас имамы Жәлел Шалбаевтың айтуынша, аталған мешіт биылғы жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілмекші. Бұл ауылда 5 мыңнан астам тұрғын бар. Сондықтан күмбезі көкпен таласқан жаңа мешіттің пайдалануға берілетініне елді мекен тұрғындары ерекше қуанышты.

Емініп тапқанның, Екі көзі шығады. Еңбекпен тапқанның, Екі бүйірі шығады.

050» СТРАТЕГИЯСЫ: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

ҚОРДАЙ

(Жалғасы 2-бетте).

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол». Өткен жексенбіде елімізде тұтастай бір ұшақтың экипажы м е н ж о л ау ш ы л а р ы а й т ы п келмейтін апаттан аман қалды. Нақтырақ айтсақ, «Bek Air» əуе компаниясының Қызылордадан ұшып келген «Фоккер-100» ұшағы Астана əуежайына алдыңғы шассисіз қонды. Ұшақ бортында 121 адам болған, олардың 116-сы жолаушылар болса, бесеуі – экипаж мүшелері. Отыз бес жылдай авиация саласында еңбек етіп жүрген ұшақ пилоты Виктор Родин шассиі жоқ əуе көлігін қалай қондырғаны жайында: – Біз ұшып келіп, шассиді шығара бастағанбыз, бірақ алдыңғы шасси шықпай қалды. Мұндай жағдайларда не істеу керектігі жөнінде нұсқаулықтар көп, біз сондағы ереже бойынша əрекет еттік. Ұшақты алдыңғы шассисіз қондыру жөнінде шешім қабылданды. Əуежайдағы жолаққа арнайы көбік құйылды. Ұшақ үлкен жылдамдықпен 30 метрдей жерге жүріп барып тұмсығымен жер тіреп тоқтады, – деді. Ал ұшақтың екінші пилоты Вадим Смеречанскийдің атасы Дінмұхамед Қонаевтың жеке ұшқышы болған екен. Ол жөнінде ұшқыш: – Біз əр жарты жыл сайын дайындықтан өтеміз. Бірақ оқиға шын мəнінде болған кезде бəрі басқаша болады екен. Мен мұндай жағдайға бірінші рет тап болдым. Оқиға кезінде уайымдауға уақытым болмады, себебі жылдам шешім қабылдауға тура келді. Уайым ұшақ жерге қонғанда басталды. Бірақ бұл уайым барлық жолаушы аман-есен əрі зардап шеккендер жоқ болғанын естігенде бірден басылды. Біздің отбасын ұшқыштар династиясы десем де болады. Атам – ұшқыш. Ол кісі кезінде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жеке ұшқышы болған. Əкем де ұшқыш. Бала кезімде атаммен, əкеммен бірге ұшып, солардан көп нəрсе үйрендім. Үйде əңгімеміз тек ұшақ жайында болатын. Бірінші сыныптан бастап ұшқыш болуды армандадым, – дейді. Апатты жағдайды жеңген бейбіт күннің батырлары мемлекеттік марапатқа əбден лайықты.

ДА

ү ш і н Е л б а с ы н а , м ұ н д а ғ ы м е кт е п жағдайына оң назарын бөлген облыс басшысына алғыстарын айтуда. – Мұнда жүз адам еңбек етуде. Қазіргі таңға дейін 210 миллион теңге қаржы игерілді. Құрылысшылар екінші қабаттың негізгі жұмыстарын аяқтап, үшінші қабатқа көтерілді. Бұл дегеніңіз шамамен жұмыстың елу пайызы атқарылғанын білдіреді. Құрылыстың тоқтаусыз жүргізілуіне еш кедергі жоқ. Ең бастысы, сапаға көп көңіл бөліп отырмыз. Құдай қаласа, осы қарқыннан айнымай, алдағы қыркүйекте 300 орындық жаңа мектепті балаларға тарту етуді көздеп отырмыз. Жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыс соның айғағы, – дейді «ORNAU CONSTRUCТION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаске бастығы Ерік Артықбаев. Тараз қаласы.

ЖАЗЫЛЫМ – 2016

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». «ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457

КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
29 наурыз пдф 2016 ж by akjolgazet - Issuu