Akjol 2082018

Page 1

Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet

Ж

АҺАН Д

А

BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).

және

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№88 (18582), Вeısenbі, 2 tamyz, 2018 jyl

ak-jol-taraz@rambler.ru

Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady

www. aqjolgazet.kz

НДА ЖАҺА

ӘКІМ БОЛ, ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН БОЛ! =АҚШ

Электромобиль өнімін шығаратын Tesla компаниясы Еуропада зауыт құрылысын жасау бойынша келіссөздер жүргізуде. Электромобиль мен оның аккумуляторын бір ғимаратта өндіру қаралуда.

=АВСТРАЛИЯ Канберра қаласына кенгурулер жаппай шоғырлануда. Азықтың тапшылығы салдарынан жануарлар қалыпты тіршілік ортасын қалдырып кетуге мәжбүр. Олар ауладағы көк шөпке, спорт алаңдары мен жол бойына жайылып жүр.

=ЖАПОНИЯ Ғалымдар паркинсон ауруын емдеудің жаңа әдісін сынақтан өткізбек. Бұл дерт дофамин гормонының тапшылығынан болады. Әлемде 10 миллионға жуық адам Паркинсонмен ауырады. Әйгілі боксшы М.Әли мен актер М.Фокс солардың қатарында.

=БРАЗИЛИЯ Жүргізілген сараптама оқушылардың 70 пайызы емтиханнан өте алмай, мектептен шығарылатынын көрсетті. ЖОО студенттерінің нәтижесі де көңіл көншітпейді. Мамандар мұның соңы жаппай сауатсыздыққа алып келетінін айтып, дабыл қағуда.

Д БЫЛ М А Ж

А

=ЖАМБЫЛ

ТАРАЗДАҒЫ ТІРЛІКТЕРГЕ КӨҢІЛ ТОЛА МА? Жанғазы АХМЕТ

Облысымыздың орталығы Тараз қаласы өңіріміздің айнасы десек, ол барлық жағынан да өзгелерге үлгі болуы шарт. Кез келген саладағы даму көрсеткіштерінде басқалардан алда болып, облыстағы он ауданды алға тартатын драйверлік міндетті атқаруы тиіс. Бүгінде 360 мыңға жуық халқы бар шаһар бұл үдеден қаншалықты

БОЛАШАҚ КІЛТІ - БІЛІМДЕ

шығып отыр? Бұл сауалға облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің қатысуымен өткен қала активінің жиынында жауап тапқандай болдық. Жарты жылдықтағы жұмыстың барысы қаралған басқосуда облыс орталығының барлық сала бойынша атқарған шаруалары сараланды. Соңғы уақыттарда Тараздың ажарын ашып, көркі мен сәнін келтіретін елеулі шаралар қолға алынып жатқаны белгілі. Оның бірқатары бүгінде аяқталып, шаһар

Е ІГ Ш З МА Л І Ы Т Ғ ЫР ТЫ ПС ТА

П І Н І М Ң Ы Т П ТАЛА . . . Н Ы Р А П Л Ұ Т

НД ДИЦИНАЛЫҚ, ТЕХНИКАЛЫҚ МАМА БИЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕР АРАСЫНДА МЕ

ЫҚТАРДЫ ТАҢДАҒАНДАР КӨП

Камила БОРАШОВА Әр адамның мақсаты талпынысты, арманы ұмтылысты тудырады. Бұл екеуі адамды шыңдай түседі. Кісіні алға жетелейтін де оның асқақ мұраты. Ал жас түлектердің мектеп бітірген соң қоғамға етене араласу үшін белгілі бір мамандық алуға ұмтылатыны – осы қалыпты үрдістің әсері. Сол себепті жыл сайын талапкерлер жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ-ның қорытынды балы негізінде мемлекеттік грантқа қатысып, білім бәйгесіне түседі. Шілде айының соңғы он күндігінде жүретін құжат қабылдау науқанында жастар өздері қалаған мамандықтары бойынша конкурсқа қатысуға өтініш білдіріп, бақтарын сынайды. (Жалғасы 3-бетте).

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! Алтыншы шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, жиырма бесінші сессиясы 2018 жылдың 3 тамызында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 11.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. Жамбыл облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөнінде есебі туралы. 2. Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 2017 жылы және 2018 жылдың 7 айында салықтық түсімдер бойынша атқарған жұмыстары туралы. * * * Депутаттарды тіркеу 2018 жылдың 3 тамызы күні сағат 10.00-де басталады. Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. ҚАРАШОЛАҚОВ.

КӨЛ

шырайына шырай қо суда. Әлбетте, қаланың сәулеттік келбеті қаншалықты жаңғырса, экономикалық-әлеуметтік дамуы да соншалықты қарқынға ие болып отыруы керек. Бұл орайдағы алты айлықтың қорытындысы ауыз толтырып айтарлықтай дей алмаймыз. Жыл басында белгіленген келісімді индикаторлық көрсеткіштердің жиырма екісіне қол жеткізілмеген. Оның ішінде өткен жылмен салыстырғанда екі көрсеткіш

бойынша, облыс әкімі мен қала әкімі арасындағы – 5, облыстық басқармалар мен қала әкімдігі арасындағы – 11 міндетті меже орындалмаған. Бұл туралы облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова мәлімдеді. Жалпы жоспардың орындалуы да облыстық орта көрсеткіштен төмен болып белгіленген. (Жалғасы 2-бетте).

ІКТІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

ЕСЕЛІ ЭКОНОМИКА – ЕҢ САПАЛЫ ЖОЛДАРДАН БАСТАЛАДЫ

Елбасы жолды мемлекеттің бетбейнесіне текке теңеген жоқ. Жолы даңғыл елдің сапары сәтті болады, экономикасы да қарқынды дамиды. Қазіргі таңда Т.Рысқұлов ауданы бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 357,5 шақырымға созылып ж ат ы р . О н ы ң і ш і н д е ауд а н д ы қ маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 161,5 шақырымды құрайды. Ал елді мекендердегі көшелердің жалпы ұзындығы – 393 шақырым. Оларды жөндеуге облыстық және аудандық бюджеттен жыл сайын қыруар қаражат бөлінуде. Өткен жылы аудандық маңыздағы автомобиль жолының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 84,7 пайызды құраса, биыл бұл көрсеткішті 89,6 пайызға жеткізу к ө зд е л уд е . М ұ н д а ө т ке н ж ы л ы жолдарды жөндеуге 374967 мың теңге бөлінсе, биыл бұл мақсатқа 1077829 мың теңге қарастырылмақ. Мемлекеттік сатып алу конкурстарында жеңімпаз атанған мердігерлер қазір уақытты ұтымды пайдаланып, жөндеу жұмыстарын қарқынды жүргізуге күш салуда. Солардың бірі – Қонысбай Сағынбек

жетекшілік ететін «Құлан жолдары» ЖШС. С ерікте стік жыл с айын жоспарланған аудан жолдарының елу пайызға жуығын «сауықтырудан» өткізеді. Биыл кәсіпорын «Каменка – П и о н е р л а ге р ь » а втом о б и л ь жолының – 12, Көгершін ауылына баратын жолдың 7,2 шақырымын

ЖШС осы мерзімде жоспарланған 23 шақырымның жартысын орта жөндеумен қамтыды. «Құлан – станса Луговой» автомобиль жолының 3,5 шақырымын «Айя Сервис» ЖШС қысқа мерзімде «сауықтырды». Бұл с а ладағы тәжірибе сі мол жоғарыдағы мердігерлердің қуатты техникасы мен өздерінің асфальт зауыттары да бар екенін айта кету керек. Жұмыс сапасы тұрақты бақылауда. Техникалық қадағалаушылар орын алған кемшіліктерді анықтап, оларды шұғыл жоюға күш салады. Жолшылардың алаңсыз әрі өнімді жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар жасалған. Қазіргі кезде жұмысшы және мемлекеттік комиссиялар жөндеу толық аяқталған нысандарды қабылдауға кірісуде.

орта жөндеуден өткізіп бітуге таяу. «Луговой Әскери бөлім» жолының 9,5 шақырымын қалпына келтіруді ұтып алған «Меркі жолдары» ЖШС жұмысы да өнімді. «Қорағаты– Мамыртөбе» автомобиль жолы – 2017 жылдан 2018 жылға өтпелі нысан. «Корпорация Азия Құрылыс»

Мақсат ДӘУІТБЕКОВ, аудан әкімдігі тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

50 жұмысшысы бар «Тимофеев» шаруа қожалығында барлығы 360 ірі қара бар, оның 150і – сауынды сиыр. Мал басын көбейтуді жоспарлап отырған кәсіпкер А.Тимофеев балаларымен қоса өзге де жастарға жол көрсетіп жүр.

=ҚОРДАЙ Алғашқы жарты жылдықта аудандық жұмыспен қамту орталығына 1846 азамат жұмыс сұрап келді. 1689 адам жұмыспен қамтылды.

=МЕРКІ ҰҚК шекара қызметінің құрылғанына 26 жыл толуына орай өткен «Денсаулық-шекара» марафонына әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері қатысты. Олар Меркі шипажайынан бастап, 119/71 әскери бөліміне дейін 10 шақырым жүгіріп өтті.

=БАЙЗАҚ Аудан аумағында 12142 гектарға масақты дәнді дақыл егіліп, бүгінде оның 10752 гектары жиналды. Нәтижесінде 24622 тонна өнім алынып, гектарына 22,9 центнерден айналуда. Науқанға 35 комбайн тартылды.

=ШУ 16 шілдеден бастап ауданда «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонэстафетасы өтуде. Эстафеталық шараның жалауын 3 тамыз күні мойынқұмдықтар салтанатты жағдайда қабылдап алатын болады.

Ауыр жол атанды сынайды, Ауыр іс адамды сынайды. ЖАЗЫЛЫМ – 2018

ӨЗ ГАЗЕТІҢ – “AQ JOL”-ға ЖАЗЫЛУ ЖАЛҒАСУДА!

Т.Рысқұлов ауданы.

БӘРЕКЕЛДІ!

ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ МАКЕДОНИЯДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ Табиғат АБАИЛДАЕВ

Ағымдағы жылдың мамыр айында облыстық орыс драма театрының ұжымы Македония мемлекеті Велес қаласының мэрі Аце Коцевскиден халықаралық «STOBI – 2018» театр фестиваліне қатысу туралы шақырту алған болатын. Өнер додасында облыстық орыс драма театрының ұжымы Эдвард Радзинскийдің «Нерон және мен» атты трагедиялық фарс жанрындағы спектаклін жергілікті жұртшылық назарына ұсынды. Спектакльдің қоюшы режиссері – Қуандық Қасымов. Он жетінші мәрте өткізілген театр фестивалін тамашалаушылар жамбылдық театрдың қойылымын

жылы қабылдап, зор қошемет көрсетті. Олар облыстық орыс драма театрының актерлік ансамбліне деген ризашылықтарын да білдіріп жатты. Осынау өнер додасына қатысатын театрлар әбден сұрыпталып алынатынын ескерсек, облыстық орыс драма театрының сол сыннан сүрінбей өтуі – үлкен жетістік. Сто б и қ а л а ш ы ғ ы н д а о р н а л а с қ а н амфитеатрда өткен фе стиваль қорытындысында облыстық орыс драма театрының актері, Сенека рөлін жоғары деңгейде сомдаған Бекназар Ізбасаров «Үздік ер адам рөлі» аталымы бойынша топ жарды. Осылайша облыстық орыс драма театрының ұжымы Македониядан олжалы оралды.

«Қазпошта» Заңды тұлғалар үшін Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3246,48 теңге 1 жылға – 6492,96 теңге Индексі 15457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2911,32 теңге 1 жылға – 5822,64 теңге Индексі 15457

байланыс бөлімшелерінде: Жеке тұлғалар үшін Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2996,46 теңге 1 жылға – 5992,92 теңге Индексі 65457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2661,30 теңге 1 жылға – 5322,60 теңге Индексі 65457

Тараз қаласының тұрғындары үшін: P Эврика-пресс

P ERNUR-press

P Тараз-пресс

PҚыран-пресс

БӨЛІМШЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.