2 маусым 2018 жыл

Page 1

АҺАН Д

А

Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet

Ж

BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).

және

Сарысу Са С Сар ар а ры ысу ыс су су ауданы ауд а уд удан ан аны ны ы

Мо Мой М о ой йын ын Мойынқұм ау ауд ау уд да ан н ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл облысты о амды -саяси газет

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№63 (18557), Senbі, 2 maýsym, 2018 jyl

ak-jol-taraz@rambler.ru

Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady

www. aqjolgazet.kz

ПРЕЗИДЕНТ

НДА ЖАҺА

ЕЛ ІШІНДЕ ҚОЛАЙЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ БОЛҒАНДА ҒАНА МЕМЛЕКЕТ ТАБЫСТЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ Қазақстан Президентінің төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Саяси кеңестің мүшелері – Үкімет, Парламент және Президент Әкімшілігі басшылары, Мемлекеттік хатшы, «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары және бейнеконференция байланысы режімінде еліміздің барлық өңірінің өкілдері – облыс әкімдері, облыстық мәслихаттардың хатшылары, партияның облыстық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары қатысты.

Саяси кеңестің отырысында партияны жүйелі жаңғырту жəне «Президенттің бес əлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуына қоғамдық бақылау жасау ісін ұйымдастыру мəселелері қарастырылды. Пікір алмасу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев жастарды кəсіби дайындау жəне бейімдеу, сондай-ақ «Бес əлеуметтік бастаманы» орындаудың детальдары мен механизмдеріне жəне оның іске асырылуына қоғамдық бақылау жасауды қамтамасыз ету мəселелеріне тоқталды. Басқосудың күн тəртібіндегі мəселелерге байланысты баяндамаларды тыңдаған Елбасы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жəне олардың орындалуына бақылау жасау ісіндегі «Нұр Отан» партиясының маңызды рөлін атап өтті. Президент əлемдік дамудың жəне экономикалық үдерістердің жоғары қарқынына тоқталып, жаңа сын-қатерлерге бейімделу қажеттігін айтты. – Біз жүзеге асыруды жоспарлап отырған жұмыст ардың бəрі бəс екеге қабілетті болуымыз үшін қажет. Экономиканың үшінші жаңғыруы, «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» біздің тарапымыздан атқарылуға тиіс нəрсенің бəрін толық айқындап берді, – деген Нұрсұлтан Назарбаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жəне партияның

ҚА

ӨЗБЕКСТАН

Әр күніңізге ақы төлейсіз Өзбекстанның министрлер кабинеті шетелдік валютада мемлекеттік баждарды, алымдар мен басқа да салықтық емес төлемдерді жинау және бөлу тәртібіне өзгертулер енгізді. Енді шетел азаматтары және 30 күнге дейін уақытша тіркеуге тұрмаған тұлғалар Өзбекстанда болған әр күні үшін бір күндік АЕЖК 2 пайызы көлемінде төлем жасайтын болады. Мемлекеттік туризм комитетінің мәліметінше, бұл өзгертулер турист қаражатын үнемдеуге едәуір септігін тигізеді. Жаңа жоба, сондай-ақ ТМД елдерінің азаматтарына да қатысты. 30 күнге дейінгі уақытша тіркеу үшін олар да енді бір күнге 3 445 сом төлейтін болады. ИСПАНИЯ

Астрономдарға арналған қонақ үй Жеті түнде жымыңдаған жұлдыздарды бақылауға жаныңыз құмар болса Испанияға жол тартыңыз. Толедо қаласының маңындағы Ормигос елді мекенінде әуесқой астрономдарға арналған қонақ үйі салынып жатыр. Miluna кешеніндегі әрбір бөлме мөлдір сфера пішінінде тұрғызылып, одан жұдызды аспан анық көрініп тұратын болады. Отыз текше метр жерге орналасатын әрбір нөмірге таза ауа ешбір ың-шыңсыз түрде сырттан беріліп отырады. Жоба авторының Ормигос елді мекенін таңдауы тегін емес. Өйткені оның табиғи ландшафты аспан әлемін бақылауға өте қолайлы екен. Сонымен қатар тылсым көкке көз тастаған кезде әуе сондай таза қалыпта көрініп, көз сүрінетін ешбір кедергі болмайды Ал қонақ үй ауласына бірнеше телескоп қойылады. А

Д БЫЛ М А Ж

САРЫСУ АУДАНЫ

Төрт ірі тұз кені игеріледі

цифрландыру саласындағы жобаларын орындаудың маңыздылығына назар аударды. Мемлекет басшысы Астана экономикалық форумының қорытындысы бойынша шығарылған шешімдер жөнінде кеңінен əңгімеледі. – Жаһандық дамудан қалып қоймау үшін басқарудың сапалы болуы талап етіледі. Бұл – мемлекеттік қызметті жетілдіру деген сөз. Біз мемлекеттік қызметке қабылдау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету жəне меритократия қағидатын ілгерілету мəселелерін шештік. Бұл қадамның орындалуын партия қадағалауы

ЛА ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ

АВТОБУС ПАРКТЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА Облыс әкімі Асқар Мырзахметов жыл басында қала басшылығына жолаушылар тасымалдаушы мекемелермен арада келісім жүргізу арқылы әртүрлі бағыттардағы қоғамдық көліктерді жаңалауды міндеттегені белгілі. Осы аптада «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС-ның бірқатар жүргізушісіне жаңа автобустардың кілттері табыс етілуі бұл істің нақты жүзеге асырылуының көрінісіндей болды.

Айта кету керек, аталған серіктестік жолаушыларға 40 жылдан астам уақыттан бері қоғамдық көлік қызметін көрсетумен келеді. Мекеме меншігінде барлығы 89 автобус тіркелген, оның 66-сы өздеріне бекітілген бағыттар бойынша қызметтерін ұсынуда. Серіктестік қаладағы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын, мəдениеттілікті көтеру бойынша жасалған іс-шаралар жоспарына сəйкес алғашқылар қатарында жылжымалы құрамдары паркін жаңалау мүмкіндігіне ие болып отыр. Атап айтқанда, мекеме «Жол картасы» даму бағдарламасы аясында жалпы құны 190 миллион теңгені құрайтын, Ресейден əкелінген орташа сыйымдылықтағы 20 «Паз-32054» маркалы автобусын айналымға қоспақ. Олар алдағы уақытта №11 жəне №17 бағыттарындағы ескірген көліктерді алмастыратын болады. Барлығы да газ отынын тұтынуға лайықталған, нақты уақыт кестесін бақылап отыру үшін GPS жүйесімен жəне автоматтандырылған хабарлау қондырғысымен жабдықталған. Бірер күнде жолаушылардың пайдалануына да берілмек.

Облыс орталығында тасымалдаушылармен бірлесе мұндай іс-шараларды жүзеге асыру алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Атап айтқанда, «ƏулиеатаТрансПасс», «Экспресс-05», «ТаразТрансМоторс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен жалпы саны 39 дана орташа жəне үлкен сыйымдылықты автобустар сатып алу бойынша тиісті шаралар жүргізілуде. Таяу арада қалалық № 9, 12, 16, 43, 44, 47, 54-бағыттарындағы ескірген көліктер жаңасымен ауыстырылатын болады. Нұрлан ƏБДІКЕРІМОВ.

керек, – деді Президент. Сонымен қатар инвестиция тарту жəне бəсекеге қабілетті елді қалыптастыру қажеттігін атап өтті. – Инвестициялар заң үстемдігі қамтамасыз етілген, келісімшарттары сақталатын, білімді мемлекеттік қызметшілер жұмыс істейтін елге ғана келеді. Ал қазіргі жағдайдағы бəсекеге қабілеттілік – цифрландыруды дамыту, – деді Елбасы. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жəне оған қарсы күрес жүргізу ісінде цифрландырудың тиімді екенін айтты. Мемлекет басшысы агроөнеркəсіп кешенін дамыту, өнімділіктің өсімін қамтамасыз ету

жəне ауыл шаруашылығы экспортын арттыру мəселелеріне тоқталды. Соңында Қазақстан Президенті жаңа жобаларды тиімді жүзеге асырудың жəне Үкімет пен «Нұр Отан» партиясының алдына қойылған міндеттердің маңыздылығы жөнінде айтты. – Ел ішінде қолайлы əлеуметтік жағдай болғанда ғана мемлекет табысты жұмыс істейді. Бұл – Үкіметтің басты міндеті. Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстың бəрі халыққа арналған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ЕЛ МЕН ЕС

ҚАТЫГЕЗ САЯСАТТЫҢ ҚАСІРЕТІН БҮГІНГІ ҰРПАҚ ҰМЫТПАЙДЫ

Сарысу ауданында жүзеге асқан ең ірі инвестициялық жобаның бірі – «Асыл тұз» серіктестігі. Табиғи ас тұзын өндіретін зауытта қазір 59 адам жұмыс істейді. Жобаны жалпы құны 700 миллион доллардан асады. Мұнда қазірдің өзінде төрт ірі тұз кені бар. Бұрын игерілмей жатқан орындарды тиімді пайдалануды мақсат еткен «Асыл тұз» серіктестігі күніне 70 тоннадан астам тұз шығарады. «Зауытта барлығы автоматтандырылған, Украина мен Ресейден әкелінген құрылғылар қойылды. Тұз сақтайтын қоймамыз да бар. Бүгінде тұзды облыстан бөлек, Қарағанды, көрші Қырғыз еліне экспорттаудамыз. Зауытқа жақын арада аудандық әкімдік темір жол тұйығын салуға, электр жарығымен қамтуға көмек көрсетеді», –дейді цех басшысы Жандос Шұғаев. ТАЛАС АУДАНЫ

Ақкөлдің шөлінде қызылша өсіруде Ақкөл ауылының іргесіне биыл диқандар қант қызылшасын екті. Саудакент бағытындағы күре жол бойындағы 120 гектар алқапқа өнім ұрығын сепкен «Шарипов» шаруа қожалығының төрағасы Нуриддин Юнусов бұл іспен алғаш айналысып отырған жоқ. «Мол өнімге қол жеткізу үшін жатпай-тұрмай еңбек жасау қажет. Тамшылатып суару әдісін бірінші рет байқамақпыз. Фильтрлі 3 су сорғыш насос орнаттық. Сондай-ақ электр желісін тартып, жаңа трансформаторды іске қостық. Тамшылатып суғарудың тиімді тұстары көп. Артық суға үнем. Қажетін қызылша өзі сіңіріп алады», – дейді ол. Шаруа қожалықтың қарамағында 17 адам еңбек етуде. Сонымен қатар төрт арнайы техникасы бар. Тәтті түбірден бөлек шаруа пияз, қауын, қарбыз және картоп сынды көкөніс түрлерін егіп көрмек.

Ардақ ҮСЕЙІНОВА Өткен ғасырдың басындағы нəубет жылдардың зобалаңын жадымызда жаңғыртып, шерлі шежіремізге жыл сайын тағы бір тың дерек қосатын 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің барша қазақстандықтар үшін мəні жоғары. Тарихын түгендеп, өткенін қайта жаңғыртқан осындай тəуелсіз еліміз барда б ұ л к ү н н і ң ма ң ы з ы ж ы л өткен сайын арта түсері анық. Кеңестік солақай саясаттың «құрығына» ілігіп, құрбан б ол ғ а н д а рд ы ң қ ұ рм е т і н е қойылған Тараз қаласындағы ескерткіш алдына жиналған Жамбыл жұртшылығы өз ісімен де, сөзімен де осыны көрсетті. Облыс əкімі Асқар Мырзахметов бастаған өңір тұрғындары ескерткішке гүл шоқтарын қойып, арманда кеткен арыстарды бір минут үнсіздікпен еске алды. – Зобалаң жылдарда Жамбыл өңірінде 5 мыңнан астам адам зардап шекті, соның 800-ден артығы оққа ұшты. Солақай саясаттың, қолдан жас алған ашаршылықтың салдарынан 1 миллионнан аса тұрғын көз жұмды. Сол а ш т ы қ ж а й л а ғ а н ке з е ң ге дейінгі халықтың санына тек 1970 жылы зорға жеттік. Егемен ел атанып, еңсемізді тіктегенде ғана сонау бір нəубет ж ы л д а рд ы ң , а қ т а ң д а қ т а р ақиқаты айтыла баст ады. Тəуелсіздіктің арқасында тарихымыз түгелденуде. Алаш ардақтыларының е сімдері жаңғыруда. Олардың жазып қалдырған құнды дүниелерінің қайта жарық көріп, елдің

Қайрат деген қыран бар, Қайғыға тізгін бермейтін. Қайғы дейтін жылан бар, Өзекті жағып өртейтін. ЖАЗЫЛЫМ – 2018

игілігіне айналғаны да тəу етер тəуелсіздігіміздің жемісі. Сондықт ан да біз бейбіт күннің бағасын шын түсініп, тату əрі берекелі өміріміздің баянды болуын тілейміз, – деді Асқар Исабекұлы жиылған жұртшылықтың алдында. Өмірін қолдан жасалған ашаршылық қиған, репрессия науқанында «құрыққа» іліккен, депортацияға ұшырап, демі үзілген қайран жұрт. Үнсіздікте елдің эволюциялық дамуын күрт үзген кезеңнің сұрқай көрінісі жиналған көпшіліктің еңсесін баса түскендей еді. Əлем тарихында сирек кездесетін алапат демографиялық апаттың с а лдарын е ске салған естеліктер одан да ауыр. Жиында еңбек ардагері, тарихшы Мақұлбек Рысдəулет

архив құжатт арындағы ақтаңдақтардың ақиқатын ақтарды. Шаң басқан архивтегі жан түршіктірерлік деректерді тілге тиек еткен ол өскелең ұрпақтың рухани жаңғыру ке зеңінде сонау сұрқай жылдарда көрініс берген «жаптым жала, жақтым күйе» əдеттен аулақ болып, тарихымызды тағылымды етіп, тəуелсіздігімізді баянды етейік деген тілек айтты. «Ахыска» түрік этномəдени бірлестігінің құрметті төрағасы Дуниядар Абдуллаев д е п о рт а ц и я ғ а ұ ш ы р а ғ а н , саны аз ұлттардың басына түскен нəубетті тілге тиек етіп, қиын-қыстау жылдардағы қазақ халқының көрсеткен қамқорлығын еске алды. Ал М.Х.Дулати атындағы Тараз

мемлекеттік университетінің студенті Ақбота Аққұлиева жас ұрпақты өткенге құрметпен қарап, бейбіт күннің, бақуатты ө м і рд і ң қ а д і р і н т ү с і н у ге шақырды. Иə, еліміз бастан өткерген кеңестік кезеңнің солақай саясатының сұрқай сынақтарын ешқашан ұмытпайды. Елбасымыздың Саяси қуғынсүргін құрбандарын еске алу күніне арнаған Үндеуінде айтылғандай, зұлматты жылдардың зобалаңын бастан кешкенімен, халқымыз өзінің бірегей ұлттық болмысы мен асыл қасиеттерін сақтап қалды. Сан ғасырлық даналығын да жоғалтқан жоқ. Суретті түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.

ІІ ÆÀÐÒÛ ÆÛËÄÛҚҚÀ ÆÀÇÛËÓ ÁÀÑÒÀËÄÛ, ҚÀÏÛ ҚÀËÌÀҢÛÇ, ÎҚÛÐÌÀÍ! «Қазпошта» байланыс бөлімшелерінде: Заңды тұл алар үшін Ауылда ы кәсіпорындар мен ұйымдар а: 6 ай а – 3246,48 теңге 1 жыл а – 6492,96 теңге Индексі 15457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 ай а – 2911,32 теңге 1 жыл а – 5822,64 теңге Индексі 15457

Жеке тұл алар үшін Ауыл тұр ындарына: 6 ай а – 2996,46 теңге 1 жыл а – 5992,92 теңге Индексі 65457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 ай а – 2661,30 теңге 1 жыл а – 5322,60 теңге Индексі 65457

Тараз қаласының тұр ындары үшін:  Эврика-пресс

 ERNUR-press   Тараз-пресс 

Қыран-пресс

БӨЛ%МШЕЛЕР% АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
2 маусым 2018 жыл by akjolgazet - Issuu