2 акпан 2016 ж пдф

Page 1

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу Сар Са Сары С а ары ры ыс су у ауданы ау ауд ауда а уда уда дан ны ы

Мойынқұм Мой Мо М о ой йы й ын ын а ау у уд уда дан да ауданы

Жамбыл облысты о амды саяси газет

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса Жуалы ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№13 (18207), Сейсенбі, 2 а пан, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

НДА ЖАҺА

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ

АҚШ ЖАРАНЫ ӨЗІ ЕМДЕЙТІН «АҚЫЛДЫ» ДӘКЕ Инновациялық медициналық құрал таңылған жараны адамның көмегінсіз өзі емдейді. Массачусетс технологиялық институтындағы зерттеушілердің ойлап тапқан орауышы – иілгіш гидрогельден жасалған. Оған терінің температурасын бақылап, инфекцияларға қарсы дәріні автоматты түрде себетін инновациялық тетіктер орнатылған. Гидрогель 90 пайыз судан құралып, адам терісінің қасиеттерін қайталайтындай жобаланған. Гельмен өтетін титан сымдар чиптерді енгізуге мүмкіндік береді. Гельдің құрамында дәрі-дәрмектердің қоры құрылған.

БҮГІНГЕ ДЕЙІН ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСЫНЫҢ 70 ПАЙЫЗЫ ИГЕРІЛДІ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК АУМАҒЫНА КІРЕТІН ҚҰМШАҒАЛ ШАҒЫН АУДАНЫНДА 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ХАЛЫҚ ТҰРАДЫ. ОСЫ КЕЗГЕ ДЕЙІН МҰНДАҒЫ №19 НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ 732 БАЛА ҮШ АУЫСЫММЕН ОҚЫП КЕЛДІ. БҰЛ МЕКТЕПТІ 23 ЖЫЛДАН БЕРІ ҚР БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ КАРИМА ИСАЕВА БАСҚАРЫП КЕЛЕДІ. БҰРЫН БАЛАБАҚША БОЛҒАН, САЛЫНҒАНЫНА ҚЫРЫҚ ЖЫЛ БОЛҒАН ҒИМАРАТ МҰНША ОҚУШЫНЫҢ САПАЛЫ БІЛІМ АЛУЫНА МҮМКІНДІК БЕРМЕЙТІНІ БЕЛГІЛІ. Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол». Былтырғы маусым айынан бері осында оқитын балалар мен ата-аналарының қуанышында шек жоқ. Өткен жылдың маусым айыннан тозығы жеткен білім ордасының жанынан 300 орындық жаңа мектептің қазығы қағылған еді. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 750 миллион теңге қаражат бөлініп, «Ник –Тараз» мердігер компаниясы жұмыстарын бастап кеткен. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2016 жылдың 20 тамызы. Былтыр бұл компания кестеге сəйкес жұмыс атқарып, 500 миллион теңге қаражатты игерген. Құрылыс басында 70 жұмысшы еңбек етсе, олардың 20 пайызы Құмшағал ауылының тұрғындары. Өзгесі де облыс аумағынан келгендер. Орташа айлық жалақы – 80 мың теңге. Учаске бастығы Қайырбек Күлімбетовпен бірге құрылысты ара лап көрдік. Бүгінгі таңға дейін

жалпы жұмыстың 70 пайызы еңсерілген. Құрылысқа оннан астам техника жұмылдырылған. Мұндағы жабық спорт залында футбол, баскетбол, волейбол ойнауға мүмкіндік болады. 200 орындық мəжіліс залы, 200 орындық асханасы заман талабына сай. Үлкен кітапханадан да шəкірттер сəт сайын білімін толықтыруға мүмкіндік алады. Қ.Күлімбетов оқушылардың қуанышты жүздерін көрген сайын мектеп құрылысын ертерек аяқтауға асыға түсетінін айтады. Қазіргі №19 негізгі мектебінде мəжіліс, спорт залдары, еңбек пəнінің бөлмелері жоқ. Сынып бөлмелері өте тар жəне ескі. 67 мұғалім, 37 кіші қызметкер еңбек етеді. Бұл ауылға жаңа мектептің қажеттігі он жылдан бері айтылып жүрген. Былтыр облысымызға келген Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіхалықова да Құмшағалдағы үш аусымды е скі мектеп жағдайымен

Мал - баққандікі, Жер - жыртқандікі. АЛЫС-БЕРІС , БА РЫ С-К ЕЛ

ІС ШЭНЬСИ ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕГУБЕРНАТОРЫ ВАН ЛИСИЯ ЕМДЕУ МЕКЕМЕСІНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫ ТАРТУ ЕТТІ Құрманбек ƏЛІМЖАН, «Ақ жол». Өткен аптада Сортөбе ауылына Қытайдың Шэньси провинциясының вице-губернаторы Ван Лисия бастаған делегация келді. Қазақстан Тəуелсіздігінің 25 жылдығына жəне келген қонақтардың құрметіне орай ауылдық округте «Үлкен ел – үлкен отбасы» іс-шарасы өткізілді. Мерекелік шараны өткізуге провинция басшылығы да мұрындық болғанын айта кету керек. Ұйымдастырушылар іс-шара мазмұнының бай болуына айрықша көңіл бөліпті. Қытайдан келген меймандар жерлес жазушы Д. Суахуновтың «Жырақтағы тағдырлар» тарихи романының жəне сортөбелік мұғалімдер У. Сыва мен А. Зазазованың бірінші сынып оқушыларына арналған дүнген тілі оқулық кітабының тұсаукесеріне қатысты. Өткен жылы ғана дүнген этномəдени бірлестігінің төрайымы Салима Вансинвин ауданның Құрметті азаматы атанған болатын. Ал аудандағы «Чунтян» фольклорлық ансамблі облыстық байқаудан бас жүлдені жеңіп алған еді. Қонақтар Қазақстандағы этносаралық татулықты сақтауға, сонымен қатар өз ұлтының ұлттық құндылықтарын жаңғыртуға үлес қосып жүрген бірлестік төрайымы мен ансамбль мүшелеріне ерекше құрмет көрсетті. Қонақтар құр қол келмепті. Провинция вицегубернаторы Сортөбе ауылындағы емдеу мекемесіне жаңа үлгідегі медициналық жабдықтарды тарту етті. Алдағы уақытта меймандар тарту еткен жылжымалы 12 арналы ЭКГ жəне УЗИ аппараттары, құлаққабы бар төсек жанындағы монитор ауылдық округ тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуде қолданылатын болады. Екі ел арасындағы достық байланыстар Қазақстан дүнгендері қауымдастығының президенті, сортөбелік Хусей Дауровтың ықпалымен нығая түскенін атап айту керек. Мерекелік шарада республикаға, көптеген шетелдерге танымал өнер ұжымы концерт қойып берді. Қордай ауданы.

БРАЗИЛИЯ БОСҚЫНДАР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына босқындар құрамасы қатысады. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) басшысы Томас Бах мәлімдеді. «Халықаралық олимпиада комитеті босқындар Риода өтетін Олимпиада ойындарына қатыса алады деген шешім қабылдады. Олар Олимпиада қалашығында тұрады. Біз осы шешім арқылы босқындарға қолдау білдіргіміз келеді. Осылайша босқындар мәселесіне әлемнің назарын аударсақ дейміз», – деді Бах. Алайда, команданың құрамы шағын болатыны нақты айтылған. КАНАДА КӨЗІНІҢ ОРНЫНА КАМЕРА ОРНАТЫП АЛДЫ

Суретті түсірген Есет ДОСАЛЫ ДОСАЛЫ..

т а н ы с ы п ке т ке н . С од а н соң облыс əкімі Кəрім Көкірекбаевтың бастамасымен ұсыныс айтылып, сең қозғалған. Жалақылары жоғарылап бір қуанған ұстаздар жаңа мектепке қолдары жететініне тағы шаттанып жүр.

– Мұнда негізінен саяжайда тұратын балалар білім алады. Екі автобуспен 300 баланы Шөлдала шағын ауданының с а я ж а й ы н а н т а с ы ма л д ап оқытамыз. Шəкірттеріміздің а р а с ы н д а о қ у о з ат т а р ы , өнерде, спортта көзге түсіп жүргендер аз емес. Мəселен,

Алдияр Жарықбаев деген оқушымыз республикалық «Əнші балапан» байқауының л ау р е ат ы . Қ а з і р г і т а ң д а А м е р и к а д а ө т і п ж ат қ а н жасөспірімдердің халықаралық əн байқауына қатысу үстінде. Жаңа мектеп құрылысы баршамызға үлкен

қуаныш сыйлады. Ата-аналар Елбасына, облыс əкіміне шексіз алғыс білдіруде, – дейді Карима Əбдібайқызы. Жаңа мектеп пайдалануға берілгенде №19 мектептің ескі ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, 140 орындық балабақшаға айналмақ.

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАЙЫҚ Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». Аппараттық кеңесте облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев Жамбыл ауданына қарасты «Жастар клубы» қоғамдық бірле стігі, «Айналайын» балаларжасөспірімдер орталығының төрайымы Айгүл Разақоваға өткен жылы қатысқан байқауда жеңімпаз атанып, мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылығын шыңдап, бірқатар азаматшаға жұмыс беріп отырғаны үшін алғысын айтып, 1 миллион 500 мың теңгенің сертификатын табыс етті. Құрақ көрпелер мен үй жабдығына қажетті түрлі өнімдер шығарумен айналысатын азаматшаға облыс əкімі ризашылығын білдіріп, осындай азаматтардың арқасында елдің əлеуеті арта түсетінін айтты. Ке л е с і ке з е кт е к ү н т ə рт і б і н е қойылған мəселелерге назар аударылды.

Ж ы л ы т у м ау с ы м ы н ы ң е к і а й ы артта қалғанымен облыстағы бірқатар əлеуметтік нысандар, атап айтқанда, мектептер мен медициналық нысандар оған толық сай болмай шықты. Өңірдегі білім беру, денс аулық с ақт ау жəне мəдениет нысандарына жүргізілген тексеру нəтижесіне қарап осындай тұжырым жасалып отыр. Ал аталған тексеруді жүргізуге Талас ауданы, Ақкөл ауылындағы орта мектеп пен Жамбыл ауданы, Қаратау ау ы л ы н д а ғ ы м е к т е п т е р д е г і ж ы л у қазандықтарындағы жарылыс себеп болған. Айта кетейік, 9 қаңтарда өткен жылы пайдалануға берілген Ақкөл ауылындағы Ы.Алтынсарин орта мектебінің Ква-5 қазандығы жарылып, істен шыққан болатын. Сондай-ақ, 28 қаңтарда Жамбыл ауданы, Қаратау елді мекеніндегі Т.Рысқұлов орта мектебінің көмірмен жанатын қазандығы істен шыққан. Аталған мектеп екі жыл бұрын пайдалануға берілген болатын.

Орын алған төтенше жағдайлар кезінде қазандық маңында ешкім болмаған. Сөйтіп, жұмысына салғырт қараған қызметшілердің кесірінен мемлекетке қыруар қаржы шығын келтірілді. Өйткені тексеру жүргізген мамандар бұл жағдайларға ешқандай техникалық ақаудың салдарынан емес, адам факторы себеп болғанын айтады. Бүгінгі таңда облыс бойынша қуаттылығы сағатына 100 Гкал-ға дейінгі 389 қазандық іске қосылған. Оның 224-і көмірмен, 120сы газбен, 22-сі электр қуатымен жəне 23-і сұйық отынмен жұмыс істейді. Ал жылумен қамтамасыз ететін «Жамбыл-Жылу», «Темір жол-Жылу», «Таразэнергоорталық», «Игілік», «Жаңатас-Су-Жылу» «ШуЖылу» кəсіпорындары бар. Жылыту қазандықтарының дайындығына жыл сайын қомақты қаржы бөлінеді. Бірақ, жұмыс сапасы тиісті деңгейде емес.

Канаданың бір көзі көрмейтін 43 жастағы тұрғыны Роб Спенс ауру ағзасының орнына кішігірім камера орнатты. Енді ер адам қысқа видеолар жаза алады. Камера көзге ұқсас, ол жүйке талшықтарымен байланыстырылмаған. Роб оны магнит арқылы басқарады. Роб бір көзінен тоғыз жасында айырылыпты. Ол жаңа «көзінің» адамдардың эмоцияларын жазып, артынан оны деректі фильмінде пайдалануға септігін тигізеді деп ойлайды.

ЫЛ ЖАМБ

ДА

САРЫСУ ЖЕР ТЕЛІМІ БӨЛІНДІ Индустриялық-инновациялық дамытудың 20152019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Тараз Көлік Жолы» ЖШС-ның жобасы өңірлік индустрияландыру картасына енді. Қазіргі таңда серіктестікке құны 250,0 миллион теңгенің асфальт-бетон зауытының құрылысын салуға 5 гектар жер телімі бөлінді. Зауытқа қажетті 1,2 шақырым қашықтықтағы электр қуаты тартылатын болады. ҚОРДАЙ ӨҢІРІМІЗДЕ ТАҒЫ БІР АЛТЫН КЕНІ БОЛАДЫ « Au r u m D e u t c h l a n AG » Ж Ш С м е м л е кет т і к индустрияландыру бағдарламасымен жалпы сомасы 45 миллиард теңгені құрайтын құрамында алтыны бар кенді игеру жобасын қолға алды. Алдағы жылдарға белгіленген жоба толық іске асқанда мұндағы тау-кен комбинатында 800 тұрақты жұмыс орны ашылады және өндіріс қуаты жылына 1500 килограмға дейін алтын құймаларын шығаруға жеткізілмек. Қазір кен орнына тиісті қондырғылар әкелініп, бетон негіздерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. ТАЛАС ҒЫЛЫМИ ЖОБАСЫ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ Қаратау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы ат ы н д а ғ ы м е к те п - г и м н а з и я н ы ң 1 0 с ы н ы п оқушысы Таңшолпан Әуесбек облыстық ғылыми жобада бірінші орынды жеңіп алды. «Көптілді қоғамдағы әлеуметтік-коммуникативтік жүйелер» тақырыбында ғылыми жұмысын қорғаған жеткіншек республикалық додаға жолдама алды.

(Жалғасы 3-бетте).

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ «ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА, «Ақ жол». Шағын жəне орта бизнестің түрі көп. Өндірістік үлес тұрғысынан алғанда біздің алар межеміз əлі алда. Себебі, киетін киіміміз, күнделікті тұрмыста тұтынатын техникамыз, тағамымыз, тіпті ұсақ-түйек заттарға дейін шетелдерден келеді. Қыстыгүні сауда сөрелерін Қытай мен Өзбекстанның қызанақ, қияры басып қалатынын білеміз. Өзіміздің өнім қайда? Күннің суығында көкөніс өсіру тəсілі қазақстандықтар үшін таңсық емес. Бізде де жылдан-жылға жылыжай ісін дамытуға деген құлшыныс артуда. Жылыжай бизнесі – біле білген адамға көл-көсір табыстың өзі. Біздің қалталы кəсіпкерлеріміз бизнес десе көз алдына тек мейрамхана мен кафелерді ғана елестететін сияқты. Тас лақтырсаң мейрамхана, жанармай бекеті, шаштараз, дүкен, дəмхана сияқты нысандарға тиеді. Ал жылыжай құрылысы жөнінде жақ ашып жүргендері аз. Мысалы, ауданда бар болғаны 5 жылыжай бар екен. Бұған да шүкір. Бірақ бұл кəсіпті бастағандардың бүгінде бөркі аспанда тұр. Мəселен, жеке кəсіпкер Əділхан Тəжиевтің тіршілігін талдап көрейікші.

Жеке кəсіпкер «Баптай білсе, жер жомарт» екенін жақсы біледі. Жаңажол елді мекенінде егін шаруашылығымен айналысқан. Бұл тірліктің қыр-сырына əкесі де бағыт-бағдар беріп отырады. Ал жылыжайды 2014 жылы ашқан. «Бұл бастамаға Байзақ ауданында өткен ауыл шаруашылығы жиыны түрткі болды. Аталған аудан алғашқылардың бірі болып жылыжай бизнесіне бет бұрыпты. Бастапқы шығыны мен табысын таразылап көрсек, өнімді тірлік екен», – дейді кəсіпкер. Далада жайқалып өсетін егінге қарағанда жылыжай ішінде өсімдікті өміршең ету қиындау екені даусыз. Оның өзіндік технологиясы болады. Қияр өсірудің қиындығы жапырағының қылтиып шыққан бастапқы кезінде ғана. Сабағы күш алып бой көтерген соң, əр түпке үңіліп жүруді қажет етпейді. Уақытында дəрілеп, іштегі температураны бірқалыпта ұстасаң, жемісін молынан жейтінің кəміл. Тамыры тамшыдан нəр алатын өсімдіктің бір түбі 5-10 келіге дейін өнім береді. Қазір онда қиярдың «Уран», «Миренга», «Седриг» сынды сұрыптары өсірілуде. (Жалғасы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.