КЕШЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ТЕЛЕКӨПІР АЯСЫНДА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫНЫҢ БІРҚАТАР ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ. СОНЫМЕН ҚОСА ІСТЕП ТҰРҒАН ӨНДІРІСТЕР ДІҢ ЖҰМЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ. ОЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНЫҢ АТЫН АЗ-АҚ ЖЫЛДА АЛЫСҚА ТАНЫТҚАН «МЫҢАРАЛ» ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ ДА БАР.
АҚОРДА ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ ПАН ГИ МУНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ Әңгіме барысында БҰҰ Бас хатшысы Елбасын 28 маусымда Нью-Йоркте өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігі сайлауындағы Қазақстанның айқын жеңісімен құттықтады. Пан Ги Мун дауыс берудің нәтижесі Қазақстан Президенті жүргізіп келе жатқан еліміздің белсенді әрі сындарды сыртқы саясатына берілген жоғары баға екенін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы бұл оқиға Қазақстанның ғана емес, бұған дейін БҰҰ-ның осындай негізгі органына өкілдік етіп көрмеген бүкіл Орталық Азия өңірінің табысы екенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне еліміздің мүшелігін бүкіл әлемдік қоғамдастық мүшелері алдындағы зор жауапкершілік ретінде қабылдайтынын мәлімдеді.
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
(АБАЙ).
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
ak-jol-taraz@rambler.ru
№77 (18271), Сенбі, 2 шілде, 2016 жыл
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛДАҒЫ БАСТЫ БАҒЫТТЫҢ БІРІ
ЕЛБАСЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ТЕЛЕКӨПІР АЯСЫНДА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫНЫҢ БІРҚАТАР ЖОБАЛАРЫН ІСКЕ ҚОСТЫ
ЕЛБАСЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРІ ДӘУРЕН АБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ Д.Абаев таяуда құрылған министрлік қызметінің бүгінге дейінгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Мемлекет басшысы отандық бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің сапасын арттыру қажеттігіне назар аударды. – Министрлік дәл осы мақсатпен құрылды. Барлық әлемдік, соның ішінде ресейлік БАҚ өз елінің азаматтарының патриоттық сезімін арттыруға, дер кезінде ақпарат ұсыну және барлық мәселеге уақтылы үн қату арқылы сырттан келетін ақпараттық шабуылдарға қалқан бола отырып, ішкі саяси тыныштықты сақтауға көмектеседі. Қажет болған жағдайда халықаралық тәжірибені енгізіп, осындай жұмыстар атқару керек. Бұқаралық ақпарат құралдары – орасан күш, бұл әсіресе көптеген қатері бар интернет кеңістікке қатысты, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті қазіргі кезде мемлекет елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар қабылдап жатқанын, оны халыққа тиісті түрде жеткізу қажеттігін айтты. – Барлық БАҚ меншік формасына қарамастан, өз халқының мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Бұл ретте мемлекеттік тапсырыс аясында берілетін қаражаттың қатаң есебін жүргізу қажет. Бұл мәселені заң деңгейінде реттеу қажет болса, солай істеу керек, – деді Мемлекет басшысы. Д.Абаев ұйымдастырушылық жұмыстары тұрғысынан министрліктің қалыптасу кезеңі аяқталғанын, жүктелген міндеттерді орындауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл міндеттер бәсекеге қабілетті ақпараттық кеңістікті дамытуға және түрлі саладағы мемлекеттік саясатты ақпараттық қолдаудың тиімділігін жақсартуға, телекоммуникация саласындағы қызмет сапасы стандарттарын жетекші елдер деңгейіне жеткізуге, электрондық үкіметті ашық әрі есеп беруші мемлекет қалыптастыру аясында одан әрі ілгерілетуге бағытталатын болады. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты одан әрі ілгерілету, мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімді тетіктерін енгізу және телекоммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Уалихан ЖАЙЛАУ, «Ақ жол». Ке ш е А с т а н а д а М е м л е к е т басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақст ан Ре спубликасының И н д у с т р и я л ы қ - и н н о ва ц и я л ы қ дамуының мемлекеттік
бағдарламасы: 2016 жылдың I жартыжылдық қорытындысы» атты кеңес өтті. Жалпыұлттық телекөпір форматындағы кеңес аясында Индустрияландыру картасының бірқатар жобалары іске қосылды. Бұдан бөлек, істеп тұрған өндірістердің жұмысы таныстырылды. Олардың қатарында Мойынқұм ауданының атын аз-ақ
жылда алысқа танытқан «Мыңарал» цемент зауыты да бар. Ат а л ғ а н к ә с і п о р ы н н а н 3 , 5 шақырымдай қашықтықта цемент өндіруге қажетті әктас пен балшық тақтатасының кен орындары орналасқан. Геологтардың айтуынша, осынау пайдалы жерасты қазбаларының барланған қоры 120 жылға еркін жететін көрінеді. Бұл
нысан да Тәуелсіздігіміздің жемісі. Былтыр аталған зауыт 1 миллион 300 мың тонна цемент өндірген. Бүгінгі таңда кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы толықтай игерілді. Еліміздің Үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасы аясында Қазақстан мен Франция бірлесіп 2011 жылы іске қосқан, жалпы құны 35 миллиард теңгені
құрайтын кәсіпорын цементке деген ішкі сұраныстың 15 пайызын қамтамасыз етуде. Бүгінде 600ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған өндіріс орны халықаралық жоғары талаптарға сай озық технологиялармен жарақтандырылған. (Жалғасы 2-бетте).
ЛҚЫҢА ЖАҚЫН БОЛ! ӘКІМ БОЛ, ХА
АУДАНДАРДА ШЕШІМІН КҮТКЕН МӘСЕЛЕ АЗ ЕМЕС
МЕРКІ – ОБЛЫСЫМЫЗДА ӨЗІНДІК ОРНЫ БАР ІРГЕЛІ АУДАН. АУДАН ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ӨТКЕН ЖИЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ АУДАН ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕ ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРЫП КЕЛГЕН МЕЙІРХАН ӨМІРБЕКОВТІ ТАҒАЙЫНДАҒАНЫН ЖЕТКІЗДІ. – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ КЕЛІСІМІНЕ СӘЙКЕС, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН МЕРКІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЛАУАЗЫМЫНА МЕЙІРХАН ӨМІРБЕКОВТІ ТАҒАЙЫНДАДЫМ. МЕЙІРХАН АЗАТҰЛЫН БАРШАҢЫЗ ЖАҚСЫ БІЛЕСІЗДЕР ДЕГЕН ОЙДАМЫН. АУДАНДА ҰЗАҚ ЖЫЛДАР БАСШЫ ЛЫҚ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП КЕЛДІ.
ЭКСПО – ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ЖОБА ОНДА 46 МЫҢНАН АСА АДАМ ЖҰМЫСҚА ТАРТЫЛҒАН Орталық және жергілікті атқарушы органдарымен Халықара лық мамандандырылған ЭКСПО–2017 көрмесін ілгерілету, өңірлерден және шетелдерден туристер тарту, еріктілерді дайындау, қосымша көлік тасымал мәселелерін қарастыру, қонақтардың келуіне қарсы туристік нысандарды әзірлер және тағы да басқа мәселелер «Астана ЭКСПО–2017» аясында өткізілген кеңейтілген семинар-кеңес барысында талқыланды. Іс-шара «Астана ЭКСПО–2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының басшысы Ахметжан Есімов, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, ҚР Үкіметінің мүшелері, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, Алматы қаласы және барлық облыс әкімдерінің орынбасарлары, «Атамекен» ҰКП, ұлттық компаниялар, туроператорлар мен туристік қауымдастық басшыларының қатысуымен ұйымдастырылды. Ахметжан Есімов көрмеге дайындық барысы белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылып жатқандығын ескертті. Құрылыста 11 мыңнан аса, оған қосымша ЭКСПО-ға тауар әкеліп және қызмет көрсететін отандық кәсіпорындарда 30 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылып отыр. Құрылыс нысандарына 262 отандық тауарөндірушілер қатыстырылып, көлемі 36,8 миллиард теңгені құрайтын келісімшарттарға қол қойылған. Сонымен қатар, жалпы сомасы 244 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, соның есебінен қосымша 5300 жұмыс орны ашылған. – ЭКСПО шын мәнінде нағыз дағдарысқа қарсы жоба деп атануға лайықты. Бүгінде көрме аясында тікелей не жанама түрде 46 мыңнан аса адам жұмыс істеуде. Бұл ретте, ЭКСПО өңірлерде бұрынғы жұмыс орындарының сақталып, тіпті жаңа жұмыс орындарының ашылуына көмектесуде. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай жұмыстың басында әдетте туристік компаниялар болуы тиіс. Жалпы алғанда, Қазақстанға келушілердің небәрі 1 пайызы немесе 600 мың адам ғана туристік мақсатпен келеді. Ал біз сіздермен 3 ай ішінде 5-7 есе көп туристерді күтіп отырмыз. Осы тұрғыдан алғанда, біздің қалыптасқан жағдайды өзгерту мүмкіндігіміз бар, оны шетелдік мамандар да атап өтуде, – деді Ахметжан Есімов. – Әлемдік қауымдастық республикамыздың жетістіктерін жіті бақылап отыр. Сондықтан ЭКСПО-ға дайындалып, қонақт арымызды абыроймен күтуіміз керек. Бұл – туроператорлар үшін де, орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін де ауқымды жұмыс. Біз тұрақты түрде селекторлық жиындар өткізіп тұрамыз, осы мәселені одан әрі нығайтамыз деп ойлаймын, – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Зарина ӘБІЛСЕЙТҚЫЗЫ, «Інжу» мектеп-гимназия балабақшасының мұғалімі.
(Жалғасы 2-бетте).
ТАҒАЙЫНДАУЛАР Жамбыл облысы әкімінің 2016 жылғы 30 маусымдағы №223-ө өкімімен Өмірбеков Мейірхан Азатұлы Меркі ауданының әкімі болып тағайындалды
Өмірбеков Мейірхан Азатұлы 1969 жылы туған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары, 1992 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы Меркі ауданында «Большевик» колхозында жұмысшы болып бастаған. 1989 – 2001 жылдары Меркі ауданы, Ақтоған ауылындағы №4 орта мектебінің мұғалімі, директоры, 2001 – 2007 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік-құқықтық бөлімдерінің меңгерушісі, 2007 – 2014 жылдары Ақтоған ауылдық округінің әкімі, Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысы. 2014 – 2016 жылдар аралығында Меркі ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Жамбыл облысы әкімінің 2016 жылғы 30 маусымдағы №222-ө өкімімен Көпбосынов Бахтияр Бейсембайұлы Жуалы ауданының әкімі болып тағайындалды Көпбосынов Бахтияр Бейсембайұлы 1964 жылы туған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары, 1987 жылы Жамбыл гидромелиоративтікқұрылыс институтын «инженергидротехник» және 2005 жылы «Әулиеата» университетін «қаржы бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл ет комбинатында сараптаушы болып бастаған. 1987 – 1991 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында кафедра ассистенті, оқытушы, комсомол комитетінің хатшысы, 1991 – 2006 жылдары бизнес құрылымдарында басшы, 2006 – 2008 жылдары «АСАР» республикалық партиясы облыстық филиалының хатшысы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары, 2008 – 2010 жылдары «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы директорының орынбасары, 2010 – 2013 жылдары облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары, басшысы. 2013 – 2016 жылдар аралығында Меркі ауданы әкімінің қызметін атқарған.
Адал еңбек елге жеткізер, Арам еңбек елден кеткізер. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Алтыншы шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті үшінші сессиясы 2016 жылдың 4 шілдесінде облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Б.Ж.Қарашолақовтың есебі туралы. 2. 2015 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы. 3. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту туралы. 4. Жамбыл облыстық мәслихатының кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі. 5. Әртүрлі мәселелер. * * * Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2016 жылдың 4 шілдесінде сағат 12.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2016 жылдың 4 шілдесі күні сағат 14.00-де басталады. Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы.