ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №84-85 (17941-42), Сейсенбі, 3 маусым, 2014 жыл
ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР ШЕШЕТІН ШАРУА КӨП
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады. l ТАРАЗ Дүниежүзілік медбикелер күніне орай өткен облыстық байқауда №3 қалалық емхананың медбикесі Балжан Бекжанова топ жарып, жеңімпаз атанды. Облыс аудандары мен Тараз қаласынан 17 үміткер бақ сынаған сайыста бас жүлдені олжалаған Балжанның теория мен тәжірибені ұштастырудағы біліктілігі жоғары бағаланған еді. Жуырда Балжан республикада осы тақырыпта өткен ғылымитәжірибелік конференцияға қатысып, өңірлік байқауда үздік шыққаны үшін Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың өз қолынан «Алғыс хат» алып қайтты.
ЛАРҒА!
ЫҚ БАЛА Р ЖАҚСЫЛ
l БА
Н. Назарбаев Бурабайда Шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы отырысын өткізеді
l ЖАМБЫЛ 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Полатқосшы ауылдық округіне қарасты Жалпақтөбе ауылынан 20 орынды шағын балабақша бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Жеке кәсіпкер Малика Ибрагимова өзінің «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында алған қаражатын осылай балалар игілігіне жұмсауды жөн көріпті.
l ЖУАЛЫ
2014 ЖЫЛҒЫ 12-13 МАУСЫМ КҮНДЕРІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕҢЕСІНДЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ИНДУСТРИЯЛЫҚИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕСЖЫЛДЫҒЫНА ҚАТЫСУЫ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН 27-ШІ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ.
Негізгі баяндамашылар ретінде қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешев және шетелдік тараптан Еуропалық Қайта құру және даму банкінің президенті Сэр Сума Чакрабарти сөз сөйлейді деп жоспарлануда. Сонымен бірге, «Азиялық даму банкі», «Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы», «Бэйкер мен Макензи», «Сбербанк», «Би Джи Групп», «Дженерал электрик», «ЛУКОЙЛ», «Камеко», «ШЕЛЛ» сияқты компаниялардың басшылары сөз сөйлейді деп жоспарлануда. Шетелдік инвесторлар кеңесі – Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өтетін конкультациялық-кеңесші орган. Кеңес 1998 жылы шетелдік инвесторлардың елдегі инвестициялық қызметіне байланысты проблемалық мәселелерді және Қазақстандағы инвестициялық ахуалды тиімді шешу, ҚР Үкіметі мен шетелдік инвесторлардың арасындағы тікелей диалогты қамтамасыз ету үшін құрылды. Кеңестің басты міндеттері инвестициялық саясат пен елдің экономикалық дамуы аспектілері бойынша Қазақстан Президенті мен Қазақстан Үкіметінің қарауына ұсынбалар мен ұсыныстар жасау болып табылады. Кеңес құрамына қазіргі уақытта 35 шетелдік компания мен халықаралық ұйымдардың басшылары кіреді.
Жақсыда кек жоқ, Кектіде тек жоқ. Халық мақалы.
Р Е Т В Е Е Ф О М Й ТИ О Т І Г Е Д Н І Т Е ӘУЛ 1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ЕЛІМІЗДЕ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ОБЛЫСЫМЫЗДА ДА КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТІЛДІ. ОБЛЫС ПЕН ҚАЛА, АУДАНДАРДЫҢ, ТИІСТІ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫ АТАУЛЫ КҮНГЕ АРНАЛЫП ӨТКІЗІЛГЕН КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА, ЕРТЕГІ ҚОЙЫЛЫМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ, ТҮРЛІ ӘН, БИ, СУРЕТ САЛУ БАЙҚАУЛАРЫ, БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН-САУЫҚ КЕШЕНІ МЕН АЛАҢШАЛАРЫН АШУ, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨРСЕТУ ТҮРІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ БАСЫ-ҚАСЫНДА БОЛЫП, МЕРЕКЕ ҚУАНЫШЫН БІРГЕ БӨЛІСТІ.
Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол».
Бұл күні облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Тараз қаласы Шалғай Қарасу тұрғын үй алабындағы «Тимофеевтер» отбасылық үлгідегі балалар үйінде болып, облыс, тіпті еліміз бойынша тәлім-тәрбиелік үлгісімен танылған әулетке 3 миллион 117 мың теңгенің «ГАЗель» автокөлігін тарту етті. Өңір басшысы отбасы мүшелерін мерекемен құттықтап, «ата-анасы жоқ, панасыз он бес ұлқызды қамқорлыққа алып, мейірім шуағына бөлеп, тәрбиелеп өсіріп, қатарға қосу үлкен еңбек. Балаларыңыздың алды бүгінде үлкен азамат болып, сан салада – зауытта, құрылыста, мектепте, басқа да мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеп, қолдарыңызды ұзартып отыр. Міне, бұл еңбектеріңіздің жанғаны, отбасы бақыты дегеніміз де осы. Балалар үйі игілігі үшін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, «Бөбек» халықаралық қоры тарапынан бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды, киім-кешектер, спорт құралдары түрінде қайырымдылық көмектері көрсетілді. Осының барлығы да Елбасымыздың тапсыруымен, экономикамыздың жылдан-жылға жақсара түсуінің нәтижесінде жүзеге асып жатқан игілікті істер. Бүгін, міне, үлгілі отбасы ретінде
сол бір сұрқай жылдары облыста 5 мыңнан астам адам жазықсыз жазаланды, 845 адам атылып кетті
Тарихымыздың ақтаңдақ кезеңіндегі қандықұйлы науқанның құрбандарын еске алуға арналған митингіде бір минуттық үнсіздік жарияланды. Митингіде сөз алған облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жиырмасыншы ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдарының аралығында коммунистік солақай саясаттың зардабынан туындаған ұлт белсенділерінің жаппай қудалануы, қырғынға ұшыратылуын Мемлекет басшысы тарихымыздың шерлі беттерінің бірі ретінде атап өткендігіне, мамыр айының соңғы күнінің халқымыз үшін қастерлі сәт екендігіне, дәл осы күні бүгінгі ұрпақтың саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбаны болған алдыңғы буын
– аға ұрпақты еске алып, әруақтарына тағзым ететіндігіне тоқталды. «Жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарындағы қолдан жасалған ашаршылық салдарынан 2 миллионға тарта қазақ құрбандыққа ұшырады. Саяси қуғын-сүргіннің зардаптары да орасан зор болды. Саяси жаламен жүз мыңнан астам адам сотталды. Отыз мыңдай арысымыз атылды. Олардың қатарында Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Ораз және Оразәлі Жандосов сынды ұлтымыздың ұлы тұлғалары бар. Саяси қуғын-сүргін біздің Жамбыл облысын да айналып өткен жоқ. Сол бір жылдары бес мыңнан астам жамбылдық жазықсыз жазаланды, 845 адам атылып
Ауданнан жаңадан ашылған « LUBEX» фирмасы «Батыс Қытай –Батыс Еуропа» дәлізі бойындағы сервистік қызметті қолға алмақшы. Кәсіпкер Рүстем Сейдеметов халықаралық тас жол бойынан кемпингтер салып, жолдағы жолаушыларға асханалар ашып, жүргізушілердің көліктеріне техникалық қызмет көрсететін болады.
автокөлік сыйлап отырмыз, игіліктеріңізге мініңіздер. Сіздердің еңбектеріңіз мұндай құрметке әбден лайық», деп ерлі-зайыпты Алексей және Наталья Тимофеевтерге ризашылығын да қоса жеткізді. Тимофеевтер кезінде қаладағы балалар үйлерінен бір-екі жас шамасындағы кезінде он бес ұл қыз асырап алып, бәрін өсіріп, жеткізіп, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып үлгеріпті. Олардан он алты немере сүйіп отыр. Қарашаңырақтағы қуанышқа барлығы да келіп, ортақтасып жатты. Тимофеевтер әулетінде кәдімгідей той! Мерекелік дастарханды да түрлі тәтті-дәмдіге толтырып, жайнатып тастапты. Өңір басшысының үйлеріне арнайы атбасын бұрып келуі құрметіне кішкентайлар тақпақтарын айтып, қосыла ән шырқап «шағын концерт» те ұйымдастырып жіберді. Кәрім Нәсбекұлы оларға «сендерді де, сендердің әке-шешелеріңді де жөргектегі кездеріңде жүрек жылуына бөлеп, алақандарында аялап өсірген ата-әжелеріңді қадірлеңдер» деп, өнерлері шыңдала беруіне тілектестігін білдірді. Бұдан соң бүлдіршіндер өздерінің жекеменшік көліктеріне мініп, қызықтады. Бұл келер жылы құрылғанына жиырма бес жыл толғалы отырған балалар үйі үшін де, биыл мерейлі алпыс жастың асқарына шыққан ерлі-зайыпты Алексей және Наталья Тимофеевтер үшін де үлкен сый болды. (Жалғасы 12-бетте).
l
ШЕЖІРЕМІЗДІҢ ШЕРЛІ БЕТТЕРІ 31 МАМЫР КҮНІ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ПЕН ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ТІЛЕУҚАБЫЛ ТӨРЕБЕКОВ ЖӘНЕ ҚАЛА БАСШЫЛЫҒЫ, МЕКЕМЕ-ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚУҒЫН-СҮРГІННІҢ ҚҰРБАНЫ, ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БІРТУАР ҰЛЫ, БЕЛГІЛІ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ МЕН САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН СТЕЛЛАҒА ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ.
l МЕРКІ
қ үлгідегі ы л ы с а б т во өкірекбае өлігін тарту етті К ім р ә К і к облыс әкім йіне «ГАЗель» авто ү балалар
31 МАМЫР – САЯСИ КУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Сапарғали ӘЛІБАЙ, «Ақ жол».
«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында ауданда ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін 13 жобаға аудандық жұмыспен қамту орталығы 74 азаматқа жолдама бергелі отыр. Оларға 40-65 мың теңге көлемінде жалақы төленеді.
кетті. Үштіктің үкімімен атылған жерлестеріміз меркілік Қабылбек Сарымолдаев пен Мақсұт Жылысбай, шулық Сақыпкерей Құрамысов, байзақтық Сыдық Абыланов пен Үсіпәлі Нұршанов, тараздық Сабыр Айтқожин, сарысулық Әшір Бүркітбаев, қордайлық Мағазы Масаншы, тараздық Жүнісбек Дүрімбетов сияқты халқымыздың ардақты ұлдары жарық дүниемен тым ерте қоштасты. Бұл – біздің халқымыздың бастан кешкен қасіреті. Саяси қуғын-сүргін зардабын Кеңес одағының құрамында болған республикалардың барлығының да халқы өз бастарынан өткерді. Әр жылдары күштеп жер аударылған адамдарды қазақ халқы құшақ жая қарсы алды. Өздері қиналып отырса да қамқорлық жасады. Қараша үйін паналатып, қара нанды бөлісіп жеді. Сол қиын-қыстау кезде елімізде ұлтаралық татулық орнығып, бүгінде көп ұлтты тәуелсіз ел болдық. Азаттықтың ақ таңымен бірге жазықсыз жазаланған арыстарымызды ақтау дәуірі басталды. Тәуелсіздік алғалы бері нәубет жылдарында шығандап шетел асып кеткен миллионға жуық қандастарымыз атамекенге оралды. Бүгінде, халқымыздың әл-ауқаты жақсарып, халық саны жылдан-жылға өсіп келеді», – деді облыс әкімі митингіге жиналған жұртшылыққа арнаған сөзінде. Бұдан кейін саяси қуғын-сүргін құрбандарының бүгінгі ұрпағының өкілі, еңбек ардагері Раиса Оразәліқызы Жандосоваға сөз берілді. Қазақстанның көрнекті саясаткері Ораз Жандосовтың бірге туған бауыры, қазақтан шыққан алғашқы геологтардың бірі, небәрі 33 жасында «халық жауы» деген жаламен ұсталып, ату жазасына бұйырылған Оразәлі Жандосовтың қызы репрессия құрбандарының отбасыларына жасалған қудалау кезінде бастан кешкен қиындықтары туралы, жеке басының жұмысқа орналасуының, қызмет бабында өсуінің тек әкесі ақталғаннан кейін ғана мүмкін болғандығын, бүгінгі бақытты ұрпақтың ондай зобалаңды бастан өткермеуіне тілектестігін баян етті. Митингіде жастар атынан ТарМПИдың студенті Данияр Ыбырай сөз сөйледі. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
l ҚОРДАЙ Гвардиялық әскери қалашығындағы «Ақ бота» балабақшасында әнші, сазгер Кенен Әзірбаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Бүлдіршіндер тәрбиешілерінің бастауымен алдымен көрші Кенен ауылындағы ақын мұражайына саяхат жасап қайтып, Кенен өлеңдері бойынша кеш өткізді.
l САРЫСУ Жаңатас қаласында азаматтық парызын өтеуге іріктелген 15 жасты әскер қатарына шығарып салу жиыны өтті. Оларға аудан әкімі Қ. Мәдібек пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Әбілов ақ жол тіледі.
l Т. РЫСҚҰЛОВ №2 мектепте Ұлттық бірыңғай тест тапсыру емтихандарының бірінші кезеңі ұйымшылдықпен басталды. Биыл 842 шәкірт мектеп бітіреді. Соның 692-сі ҰБТ тапсырады. 27 оқушы «Алтын белгіден» үміткер болса, 8-і үздік аттестаттан үміткер. Алғашқы емтиханға 12 мектептен 396 бала қатысты. Өткен жылы аудан білімгерлері облыста ең жоғары нәтиже көрсеткен. Биыл да дайындық жаман емес.
l ТАЛАС Қаратау қаласының тұрғындары Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш белгі маңына жиналып, митингі өткізді. Онда қала жұртшылығы белгі-ескерткішке гүл шоқтарын қойып, аудан мешітінің бас имамы Н. Әлиев әруақтарға арнап, Құран бағыштады.
l ШУ Ауданның мал шаруашылығы саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, туған жерінің экономикасын көтеруге елеулі үлес қосқан азамат – Әлкен Есенұлының құрметіне мемориалдық тақта орнатылды. Тірлігінде талай басшылық қызметтерді жауапкершілікпен атқарып келген Ә. Есенов 1992 жылдан зейнетке шыққанға дейін Шу аудандық мал дәрігерлік стансасын басқарған. Ветеринария ғимаратының алдына орнатылған мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына жиналған қауым марқұмның еңбек жолын еске алып, естеліктерімен бөлісті.
«ҰБТ – 2014»
l
«ТЫНЫШ, ТЕСТ ТАПСЫРЫП ЖАТЫР...» Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол».
Мектептерде соңғы қоңыраудың соғылғаны кеше ғана сияқты еді. Сынаптай сырғыған уақыт тез өтеді. Араға апта салып, бітіруші түлектердің көңілдерін күпті еткен Ұлттық бірыңғай тестілеу өтетін кезең де келіп жетті. Кеше елімізде мектеп бітірушілердің білімін аттестаттайтын сынақ басталды. Бұл күні өңіріміздегі 10 ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктінде 3441 оқушы тест тапсырды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмила Бекбатырованың айтуынша, алғашқы лектегілердің 147-cі «Алтын белгі» төсбелгісіне, 52-сі үздік аттестатқа үміткер екен. «Жалпы, облыста ҰБТ үш лекте өтеді. Аудандар мен Тараз қаласындағы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде орналасқан пункттерде 4 маусым күні, ал Тараз мемлекеттік педагогикалық институтындағы пунктте 6 маусымда аяқталады», – деді Жәмила Елеуқызы. Тараз қаласының мектеп бітірушілері
бір үміт, бір күдік
ТарМУ-дың базасында орналасқан пунктте тест тапсыратыны белгілі. Алғашқы лекте 22 мектептің 887 түлегі сынаққа қатысты. Былтырғыға қарағанда шамалы артық. Бірақ, бұл тестке қатысушы талапкерлердің саны артты деген сөз емес. Мұның мәнісін мемлекеттік комиссияның төрағасы, ТарМУ ректоры Махметғали Сарыбеков былай түсіндірді: «Жылда үш лекте өтетін, әрқайсында 700-ден астам оқушы тест тапсыратын. Биылғы тапсырушылар екі лекке бөлінді. Тест тапсыруға өтініш білдіргендер жалпы бітірушілердің 75 пайызын құрайды. Бірінші күні 887, екінші лекке 900-ден астам оқушы түсіп отыр. Талапкер саны артқан соң аудиторияларды да көбейттік. Былтыр он бір аудитория пайдаланылса, биыл резервтік үш аудитория аштық. Біздің тарапымыздан тиісті шаралардың бәрі жасалды. Аудиторияларда түгелдей бейнебақылау камералары орнатылған. Кіреберіске үш монитор қойдық. Сол
жерден ата-аналар балаларының тестті қалай тапсырып жатқанын бақылап, көре алады». Пунктке кіреберіске металл іздегіш қондырғы қойылған. Ұл-қыздарды бастан-аяқ тінтіп, тексеруге жол берілген жоқ. Десе де, түлектердің қобалжып, абдырауына байланысты бірді-екілі қиындықтар да тумай қалмады. Табан астында рұқсатнама қағазын, жеке куәлігін жоғалтып алғандар да кездесті. Бірақ, бұл мәселе жедел шешімін тауып жатты. «Жеке куәлігі болмаған жағдайда туу туралы куәлігін көрсете алады, себебі рұқсатнама қағазында суреті жапсырылған, соған қарап тексеріледі. Ал рұқсатнама қағазын жоғалтса, салыстыру ведомості бар. Жеке куәлігіне қарап салыстырып, түлек тестке қатыстырылады. Бүгін екі түлек осындай кедергілерге кезіккен, дегенмен, дер кезінде ол мәселелерді шештік. Екеуі де уақтылы аудиторияларына кірді», – дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Маржан Қожаева. Жастардың көңілі алаң, бір үміт алға жетелесе, көкейдегі күдік те байыз таптырмай тұрғаны анық.
Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.