2 маусым 2016 ж пдф

Page 1

АҚОРДАДА ЖОҒАРЫ ЕУРАЗИЯ­ ЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. ОҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ВЛАДИМИР ПУТИН, БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ АЛЕКСАНДР ЛУКАШЕНКО, АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ СЕРЖ САРГСЯН ЖӘНЕ ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ АЛМАЗБЕК АТАМБАЕВ ҚАТЫСТЫ.

АҚОРДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ВЛАДИМИР ПУТИНМЕН КЕЗДЕСТІ

Кездесуде мемлекеттер басшылары кең ауқымды мәселелерді, атап айтқанда, екі жақты ынтымақтастықтың басымдығы бар бағыттарын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдың жай-күйін талқылады. Қазақстан Президенті Ресейдің ең жақын көршіміз, экономикалық және саяси тұрғыдан одақтасымыз әрі серіктесіміз екенін, солай болып қала беретінін атап өтті. – Біздің бірлесе жүргізген жұмыстарымыздың арқасында ТМД өмір сүріп келеді, Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Күрделі халықаралық жағдайларға қарамастан, ол бүгінде қызметін жалғастыруда. Мәскеуде өткен Жеңіс күні мерекесіне шақырғаныңыз үшін тағы да ризашылығымды білдіремін. Биыл үлкен мерекелер бар – ТМД-ның құрылуының 25 жылдығы, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер тәуелсіздігінің мерейтойлары, Ресей күні. Жалпы, біздің алдымызда ШЫҰ, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі, Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы, сондай-ақ Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында тығыз кездесулер кестесі тұр. Осындай кездесулердің көптігі біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың өзара сенімді сипаты бар екенін білдіреді. Талқылаулар арқылы біз кез-келген мәселені шешіп келеміз, бұл ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға септігін тигізеді, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ В.Путин 9 мамырда Мәскеуге сапармен келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. – Біз мұны айрықша қарым-қатынасымыздың белгісі деп бағалаймыз. Қазақстан – біз үшін жақын серіктес және ең сенімді одақтас. Арамызда берік экономикалық қарымқатынас орныққан. Бұған дейінгі жылдарда Қазақстан экономикасы жақсы қарқын алып, оның дамуының іргелі негізі қаланды. Осының барлығы қазіргі қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік береді. Еуразиялық экономикалық одақтан біз ешқандай «ғажайыптар» күтпейміз, бірақ интеграциялық өзара іс-қимыл бізге қазіргі қиындықтарды жеңуге көмегін тигізеді, – деді Ресей Президенті.

ТАҒЗЫМ

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№64 (18258), Бейсенбі, 2 маусым, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ПРЕЗИДЕНТ

ЕАЭО: ЕУРОПА МЕН АЗИЯ АРАСЫНДАҒЫ ДӘНЕКЕР

Жиынға Қазақстан Ре спубликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Ре спубликасының Президенті Серж Саргсян, Беларусь Ре спубликасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Ре спубликасының Президенті Алмазбек Атамбаев және Ресей Федерациясының Пре зиденті Владимир Путин қатысты.

Іс-шара барасында Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары қарастырылды. Қазақстан Президенті қатысушылардың барлығын ЕАЭО туралы келісімнің жасалғанына екі жыл толуымен құттықтады. – Бұл құжатқа 2014 жылғы 29 мамырда Ресей, Қазақстан және Беларусь елдері осында,

Аст анада, қол қойды. Қысқа уақыт ішінде біздің қатарымыз Армения және Қырғызстанмен толықты. Құрылғанына аз ған а мер зім өткенімен жән е баст апқыдағы экономика лық қиындықтарға қарамастан, бүгінде ЕАЭ О толыққанды интеграциялық бірлестік ретінде қалыптасты деп сеніммен айтуға болады. Экономикаларымызды

жақындастыру ісі енді ЕАЭО тура лы келісімде белгілеген жоспарлар мен мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылуда. Үкіметтер және бизнес қауымы бір-бірімен ы н т ы м а қ т а с уд ы ң қ а ж е т т і тәжірибе сін жинақтап жатыр. Өзара іс-қимылдың ішкі мәселелері негізінен регламенттелді. Қойылған м і н д е т т е р м е н од а қ қ ы зм е т і қағидаттарының жүзеге асырылуы

мемлекеттеріміздің экономикасына қуатты серпін беретініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлем бойынша экономикалық бірлестікке мүдделілік артып, ЕАЭО-ның халықаралық байланыстары барған сайын қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. (Жалғасы 2-бетте).

4 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

БОСТАНДЫҒЫМЫЗДЫҢ БОЛМЫСЫМЕН МАҚТАНАМЫЗ

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. ОБЛЫС ЖҰРТШЫЛЫҒЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

(АБАЙ).

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ ТУРАЛЫ» КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ 2007 ЖЫЛЫ 4 МАУСЫМДА ҚАБЫЛДАНДЫ (ЗАҢНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІ). ОСЫ ЗАҢҒА СӘЙКЕС ЖЫЛ САЙЫН 4 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ РЕТІНДЕ МЕРЕКЕЛЕНЕДІ. МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – БҰЛ КЕЗ-КЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕГЕМЕНДІГІ МЕН БІРТҰТАСТЫҒЫН БЕЙНЕЛЕЙТІН, ОНЫҢ АЖЫРАҒЫСЫЗ АТРИБУТТАРЫНЫҢ БІРІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТУ, МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАН МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғары бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Б ұ р ы н « М е н і ң ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Қазақст анның Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Ә н ұ р а н ы Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой! Президент Қайырмасы: Нұрсұлтан Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Назарбаевтың Туған жерім менің – Қазақстаным! Ұрпаққа жол ашқан, бастамасы Кең-байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. бойынша 2006 Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай, Біздің ел бақытты, жылы 6 қаңтарда Біздің ел осындай! Қайырмасы: е л і м і зд і ң Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Парламентінде Жырың болып төгілемін, елім! бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. М у з ы к а с ы – ко м п о з и т о р Ш ә м ш і Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

Тарамдалған саусақтан, Жұмылған жұдырық артық. КӨП БАЛА КӨГЕРГЕНІМІЗГЕ ЖАҚСЫ

Сөзін жазғандар: Жұмекен НӘЖІМЕДЕНОВ, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Шәмші ҚАЛДАЯҚОВ

Әнін жазған:

Наурызбек САРША, «Ақ жол». Кеңестік тоталитаризмнің солақай саясаты мен зұлмат әрекетінің салдары сұмдық болды. Шаруаның қолындағы малын тартып алып, аштыққа ұрындырып, баудай түсірді. Бас көтерер азаматын «халық жауы» деп қудалап, көктей солдырды. Деректерге сүйенсек, 1920-1950 жылдары Кеңес Одағында миллиондаған адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған екен. Соның ішінде қазақтың қаншама қабырғалы тұлғалары сол солақай саясаттың құрбандарына айналды. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұжымдастыру ұранымен науқанға кіріскен белсенділер республикадағы 40 миллионнан астам мал басының қырылуына әкеп соқтырды. Халық жаппай ашаршылыққа ұшырады. Ашаршылық жылдарында елімізде 1,5 миллионға жуық адам опат болды. Зұлмат жылдар қазақ тарихының күнтізбесінде ақтаңдақ болып қалды. 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осы күні таңертең облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған топ облыс орталығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған стелаға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Алдымен, жиналған жұртшылық қасіретті жылдардың құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алды. Одан соң облыстың зиялы­лары, мекеме басшылары бастаған топ лек-легімен қуғынсүргін құрбандарына арналған стелаға гүл шоқтарын қойып, сола­ қай саясаттың құрбаны болған азаматтардың рухына тағзым етті. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған шарада облыс әкімі халқымыздың тарихында мерейі тасыған мәртебелі дәуірлермен қатар, тар жол тайғақ кешкен тақсіретті кезеңдердің де аз болмағанына тоқталды. Ашаршылық, репрессия оқиғалары тек қазақ халқына емес, Кеңес Одағына кірген барлық мемлекеттерге ауыр тигенін айтып өтті. – Тәуелсіздік жылдарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих – өткеннің сабағы. Біз өткенімізге қарап, ертеңімізді түзеуіміз керек» деген сындарлы сөзі тарихи сананы жаңғыртуға, ұлттық рухтың өрлеуіне жол ашты. Егемендіктің ширек ғасырында ел тарихының көмескі беттері қайта ашылып, мемлекетіміздің соңғы жүз жылдықта жүрген сүрлеуіне жаңаша баға беріліп жатыр. Еліміздегі бейбітшілік пен тыныштыққа халықтың алғысы шексіз, – дейді қала тұрғыны Бакайдар Тұрғынбекұлы. Тараз қаласы.

Қазақстан Ре спубликасының мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасы Ме м л е ке т т і к Ту ы н ы ң а вто р ы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол». 31 мамырда Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Діндер терроризмге қарсы» деген тақырыпта халықаралық конференция өтті. Оның жұмысына халықаралық ұйымдардың басшылары, шетел Парламенттерінің депутаттары, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының мүшелері, елімізде тіркелген дипломатиялық корпустың жетекшілері мен сарапшылары, еліміздің

П а рл а м е н т і н і ң д е п у т ат т а р ы ж ә н е бірқатар министрліктің өкілдері қатысты. Жиынға төрағалық етуші ҚасымЖомарт Тоқаев терроризм қазіргі заманғы өркениетке аса үлкен қауіп төндіріп отырған қатер екеніне қысқаша тоқталып өтті. Ол конференцияны ашардағы сөзінен кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі жиынға айрықша маңыз беріп, форумға қатысушыларға жолдаған үндеуін оқып берді. «Бүгінде терроризм қатері халықаралық қауіпсіздік туралы түсінігімізді түбегейлі өзгертті. Терроризм шекара талғамайды, бай және

Туған жерім менің – Қазақстаным!

ДЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНІ 33 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛД Қанат ТІЛЕПБЕРГЕН, «Ақ жол».

кедей ел деп бөлмейді. Осынау қауіпке тойтарыс беретін бірегей әрі жалпыға ортақ шешім әзірге жоқ. Сондықтан бұл жаһандық індетке лайықты қарсы тұру жолында бірлескен күш-жігерімізді еселей түсуіміз қажет, – делінген Елбасының үндеуінде. – Терроризм идеяларын жою үшін бір кісідей жұмылу, саяси қайраткерлердің, діни жетекшілердің, қоғамдық пікір көшбасшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының ағартушылық бағыттағы кең ауқымды жұмысын жүргізу аса маңызды».

1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ТҮРЛІ МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАРМЕН КӨҢІЛДІ, ҚЫЗЫҚТЫ ӨТТІ. СОҒАН ҚАРАМАСТАН ӘР КҮННЕН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ ІЗДЕЙТІН ҚАУЫМДЫ ҚУАНТУ ҮШІН ТІЛШІГЕ ТЫҒЫЗ ТАПСЫРМА БЕРІЛДІ. ОЛ ОБЛЫСЫМЫЗДА ОСЫ КҮНІ ҚАНША СӘБИ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШҚАНЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ОҚЫРМАНҒА ЖЕТКІЗУ БОЛАТЫН. ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ПЕРЗЕНТХАНА БАС ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ ШҰҒЫЛ ХАБАРЛАСЫП МӘНЖАЙДЫ ТҮСІНДІРДІК. ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ АЙГҮЛ АЙТБАЕВА 18 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНІН, ОНЫҢ 7-ЕУІ ҰЛ, 11-І ҚЫЗ ЕКЕНІН АЙТТЫ. АЛ ҚАЛАЛЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ҚАРАКӨЗ ӘМІРОВА 15 СӘБИ ТУЫЛҒАНЫН, ОНЫҢ 8-І ҰЛ, 7-ЕУІ ҚЫЗ ЕКЕНІН ҚУАНЫШПЕН ЖЕТКІЗДІ. АЛ ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАЛЫ БЕРІ ЕЛІМІЗДЕ ҚАНША СӘБИ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШТЫ?

(Жалғасы 2-бетте).

(Жалғасы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.