2 сауир пдф 2015ж

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№38 (18072), Бейсенбі, 2 сәуір, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ПРЕЗИДЕНТ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ВЕНГРИЯ ПРЕМЬЕРМИНИСТРІ ВИКТОР ОРБАНДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Үкімет басшысы өз сөзінде Қазақстан экономикасының басымдығы әлемдік н а р ы қ т а рд а о р ы н а л ы п от ы р ғ а н энергия тасымалдаушылар құнының арзандауына байланысты экономиканы трансформациялау болатындығын баса айтты. «Осыған байланысты біз мемлекеттік және жеке сектор есебінен қаржыландыру арқылы әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымдарды дамытудамыз. Бұған қоса, біз инновацияға және алдыңғы қатарлы технологияларға баса мән бере отырып, индустрияландыру бойынша ауқымды бағдарламаны жүзеге асырудамыз. Бұл жобаларды табысты жүзеге асыру біздің басымдығымыз болмақ», – деді ҚР Премьер-Министрі. Петер Сийярто: Қазақстан – Мажарстан үшiн Азияда ең басты әрiптес. Қазақстан-Мажарстан бизнесфорумында Мажарстанның Сыртқы iстер және сауда министрi Петер Сийярто осылай мәлiмдеді. «Мажарст ан үшiн Қазақст ан Азиядағы ең басты әрiптес. Елдер арасындағы сауда-саттық соңғы 5-10 жылда 200 миллион долларға жеткенiмен, оның деңгейi әлi де төмен. Бұл – арадағы әрiптестiктiң әлеуетi әлi жоғары деген сөз. Орталық Еуропа елдерi Еуропа экономикасының қозғаушы күшi ретiнде бағалануда, ал Қазақстан аймақтағы көшбасшы ел ретiнде белгiлi, сондықтан өсiмнiң әлеуетi баршылық», – дедi ол.

БУДАПЕШТТЕ АСТАНА КӨШЕСІ БАР

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанды қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Кездесу барысында тараптар екі елдің өзара ықпалдастығының кең ауқымдағы мәселелерін, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттарды талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Венгрия халықтарының тарихи тұрғыдан жақындығына тоқталып өтті. – Біз Венгрияны нағыз досымыз деп санаймыз. Елдеріміздің тарихи тамыры ортақ және даму жолдары ұқсас. Венгрия - біз үшін Еуропадағы маңызды тірек саналатын ел, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті екі ел ынтымақтастығы дамуының үдемелі қарқынына назар аударды. – Бұл біздің бірінші кездесуіміз емес. Бұл байланыстар біздің саудаэкономикалық қарым-қатынастарды н ы ғ а й ту ғ а ы қ ы л а с т ы е ке н і м і зд і көрсетеді. Біз Венгрияның Еуропа одағы елдері арасынан алғашқылардың бірі болып Қазақстанмен стратегиялық серікте стік туралы келісімге қол қ о й ғ а н ы н жо ғ а р ы б а ғ а л а й м ы з . Сіздің сапарыңыз нәтижелі болуы, ы н т ы м а қ т а с т ы ғ ы м ы зд ы ң н а қ т ы бағыттары бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілуі үшін біз қажетті күшжігерімізді жұмсайтын боламыз,– деді Мемлекет басшысы. В.Орбан өз кезегінде Қазақстан Президентіне елге шақыру үшін ризашылық білдіріп, венгр халқының сәлемін жеткізді. – Ә л е м д е г і к ү рд е л і а хуа л жағдайында біз Сіздің бұдан арғы ынтымақтастығымыздың перспективалары жөніндегі пікіріңізді білуге мүдделіміз. Қазақстан Еуропалық одақта оның біздің ел сияқты сенімді досының бар екеніне сенуіне болады. Будапештте біз Аст ана көше сін ашқанымызды жеткізгім келеді. Біз саяси және мәдени байланыстарымыз тиісті деңгейде деп санаймыз, оның ар жағында Сіздің қолдауыңыздың тұрғанын да сезініп отырмыз, – деді Венгрия Премьер-Министрі. В.Орбан сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың президент сайлауына қатысу туралы шешімі Қазақстанның б ол а ш а қ т а ғ ы т ұ р а қ т ы л ы ғ ы н д а қамтамасыз етудің кепілі екенін айтты. Осыған байланысты Венгрия ПремьерМинистрі өз елінің атынан Мемлекет басшысына зор табыс тіледі.

ҚА

ВИКТОР ОРБАН: ҚАЗАҚСТАНДА МАЖАРЛЫҚТАР ТУЫСТЫҒЫН ЖАҚСЫ СЕЗІНЕДІ

ҚАЗАҚСТАН МЕН МАЖАРСТАН КӘСIПКЕРЛЕР ҮШIН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОР ҚҰРАДЫ

Қазақстан мен Мажарстан қаржылық қор құрады. Бұл туралы кеше ҚазақстанМажарстан бизне с-форумында Мажарстанның Сыртқы iстер және сауда министрi Петер Сийярто мәлiм еттi. «Бүгiн бiз екi үкiмет арасында келiсiмге қол қоямыз. Оның аясында үкiметтер арасында стратегиялық кеңес құрылады. Саяси ықпалдастық одан әрi жақсарады деген сөз», - деп атап өттi П.Сийярто. «Екiншi - бiрлескен қаржылық қор құру. Бiрiншi қадам ретiнде бастапқыда бұл қорға әр елден 20 млн. доллардан құйылады. Бұл қор екi ел компаниялары ықпалдастығының қаржылық кепiлi

АЖ АНД Т С ЗАҚ

Н АСАЛҒА

болмақ», – дейдi Мажарстан министрi. Оның сөзiне қарағанда, әрiптестiкке мүдделi компаниялар үшiн несие бағыты да ашылады. «Мажарст андағы Эксимбанкке инвестиция құюға дайын компаниялар үшiн несие бағытын ашуды тапсырған б ол ат ы н м ы н . Б ұ л н е с и е б а ғ ы т ы бойынша Қазақстан және Мажарстан кәсiпкерлерi 50 миллион долларға дейiн несие ала алады. Мен барлықтарыңызды өзара тиiмдi қарым-қатынас орнатуға шақырамын», – деп түйдi ол. А й т а ке т е й i к , ке ш е Ас т а н а д а Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өткен болатын. Оған екi жақтан шамамен 300-ге жуық кәсiпкер келді. Сонымен қатар форумға ҚР Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмов пен Мажарстан ПремьерМинистрi Виктор Орбан қатысты.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛДІ

Қ а з а қ с т а н Р е с п у бл и к а с ы м е н Мажарстан арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейге көтерілді. Бұл туралы Қазақстан-Мажарстан бизнес форумында ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов айтты. «Қазақст ан Ре спубликасы мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейге көтерілді. Ал бүгінгі бизне с форум екі елдің бизне с қоғамдастығы арасындағы өзара мүдделестікті білдіреді. Қазіргі уақытта ынтымақт астықты жаңа деңгейге көтеру үшін жақсы жағдай қалыптасып от ы р ғ а н ы н а с е н і м д і м і н » , – д ед і К.Мәсімов.

ҚАР БА ЛА

Бұл туралы Астанада ҚР ПремьерМинистрі Кәрім Мәсімовпен болған келіссөздерден кейін Мажарст ан Премьер-Министрі Виктор Орбан мәлім етті. Екі ел арасындағы ынтымақтасты жаңа жоғары деңгейге шыққанына тоқталған ол: «ҚР Премьер-Министрі с апармен Мажарст анға келгенде, бұл сапар бізге өте үлкен әсер берді. Яғни, осы сапар аясында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы достық н ы ғ а я т ү с т і . Ат ап а й т қ а н д а , б і з Қазақстанға үлкен қуанышпен келеміз. Бізді Еуропалық одақта саяси тұрғыда тең құқылы серіктес деп санайды. Алайда, шығу тегіміз бойынша біз ол жерде бөтенбіз. Брюссельге барғанымызда, біздің онда туыстарымыз жоқ. Ал Қазақстанға сапарлаған кезде, жақындығымызды сезінеміз. Сондықтан да мажар делегациясы сіздерге үлкен қуанышпен сапарлайды», – деді В.Орбан. Сөз соңында ол Мажарстан тарапы мақсатты түрде Қазақстанмен арада терең ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Жуалы ауданы

Меркі

Қордай ауданы Қордай

Бауыржан Момышұлы

=ТАРАЗ Белгілі журналист, әріптесіміз Жаңабай Миллионов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат оның бұқаралық ақпарат құралдарындағы көп жылғы жемісті еңбегі, қоғамдық жұмыстардағы үлесі үшін беріліп отыр. Саналы ғұмырын журналистика саласына арнап, облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі, аға тілшісі, бөлім басшысы, Сарысу аудандық газетінің бас редакторы болып жүріп қаламының қарымын аңғартқан Жаңабай Миллионов қазір облыстық «Ғұмыр-Дария» газетінің бас редакторы қызметін абыройлы атқарып келеді.

=ЖАМБЫЛ Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 70 жыл. Жеңіс жылы туылған бала да жетпіске келді. Ұрпақ алмасты. Ерлікке деген тағзым ардагер мен ұрпақ арасын жалғап тұрған алтын көпір десек жарасады. Осы ұлы мерекеге орай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев пен «Қызыл ай» қоғамының аудандағы өкілі Шарипа Елібаева Аса ауылының тұрғыны, қарт майдангер Састай Көркембаев пен гродековолық Исеқұл Оңғарбаевтың үйіне барып, құрмет көрсетіп, аталардың ақ батасын алып қайтты.

=ҚОРДАЙ «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған білімгерлер алты топ болып қатысып, слаидтармен көркемделген баяндамалар жасап, «Қазақ хандығының құрылу тарихы», «Ұлы адамдардың ұлы жолы», «Қазақ билері», «Қазақ хандығының жұмбақтары» тақырыптарында дайындаған ғылыми жобаларын қорғады. Бұл жұмыстарды колледж директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Дамира Сүгірбай бастаған қазылар алқасы таразылады.

=САРЫСУ Жаңатас қаласында көктем туа пайда болатын Қырым қанды безгегі жайлы конференция болып өтті. Онда республикалық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми практикалық орталығының карантиндік және аса қауіпті аурулар мониторинг бөлімінің бас сарапшысы А.Мырзабеков, Жамбыл облысы тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Ғ.Надуев баяндама жасап, Қырым қанды безгегі туралы кеңінен сөз етті. Конференцияға қатысушылар қауіпті аурудың алдын алу жайлы пікір алмасты.

=ТАЛАС Қаратау қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің инженерлік-экономикалық факультетінде «Дінің тұрсын дін аман» атты іс-шара өтті. Оған аудан орталығы мешітінің бас имамы Н.Әлиев және аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Сыздықбаев, факультеттің білімгерлері мен оқытушылары қатысты. Жиында дін, жастардың бойында имандылық қасиеттерді қалыптастыру мәселесі сөз болды.

=ШУ Ауданда орманды қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қажетті көшеттер Қосқұдық ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеменің тұқымбағынан дайындалып, отырғызу жұмыстары «61 шақырым» учаскесіндегі 80 гектар алқапты толық аяқталса, «Қарамола» учаскесіндегі 220 гектарда жалғасын табуда. Алқапқа барлығы 540 мың дана сексеуіл көшеті отырғызылды. Алқап басындағы 2 вагон үйге жайғасқан жұмысшылар ауа-райының құбылуына қарамастан көшет отырғызуды жалғастырып жатыр.

Малды іріктемесең, Тұқымы азады. Қонысты жаңартпасаң, Өрісі азады. Халық мақалы.

С

А Л А Д Р ИХАНДА

ГІ К Ө КТЕМ

Д

ы т қ ы ш е н і с ө т «КӨКТЕМНІҢ БІР КҮНІ – ЖЫЛҒА АЗЫҚ» ДЕЙДІ ДИХАН. КӨКТЕМНІҢ ӘР КҮНІН ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУҒА ТЫРЫСҚАН ДИХАНДАР УАҚЫТПЕН САНАСПАЙ ТЕР ТӨГУДЕ.

ОТАНДЫҚ ТАУАРЛАР ҮЛЕСІ - 80 ПАЙЫЗ БҰЛАЙ ДЕП САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ МӘЛІМДЕДІ Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». «ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» БИЫЛҒЫ 15 АҚПАНДАҒЫ ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНДА ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ТАРАПЫНАН БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ БІРІ – ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ БОЛАТЫН. ҮКІМЕТ ҚҰП АЛҒАН СОЛ БАСТАМА АЯСЫНДА ҚАЗІР АЙМАҚТАРДА АЗ ТІРЛІКТЕР АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖОҚ. «ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» ДЕГЕН АКЦИЯ БОЙЫНША ОБЛЫСЫМЫЗ ДА ТИІСТІ ШАРАЛАРДЫ ҚОЛҒА АЛЫНУДА. БҮГІНГІ

ТАҢДА ОСЫ АКЦИЯ АЯСЫНДА ОБЛЫСТА 200 САУДА НЫСАНЫНДА, ОНЫҢ ІШІНДЕ 10 СУПЕРМАРКЕТ, 17 САУДА БАЗАРЫ, 173 САУДА ҮЙІ МЕН ДҮКЕНДЕРДЕГІ ОТАНДЫҚ ТАУАР ОРНАЛАСҚАН СӨРЕЛЕРДІҢ ЖАНЫНА АРНАЙЫ АКЦИЯНЫҢ «ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» ЛОГОТИПТЕРІ ОРНАЛАСҚАН. СОНДАЙ-АҚ, БҰҒАН ҚОСА «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРДЫ ТАҢДАҒАНЫҢ, ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІНІ ҚОЛДАҒАНЫҢ!» АТТЫ БАННЕРЛЕР ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ІРІ САУДА ҮЙЛЕРІ, СУПЕРМАРКЕТТЕР МЕН БАЗАРЛАРДЫҢ КІРЕБЕРІС ҚАБЫРҒАЛАРЫНА ІЛІНГЕН. АЙТА КЕТЕРЛІГІ, БҰЛ БАҒЫТТАҒЫ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР МҰНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ, ӘЛІ ДЕ ЖАЛҒАСТЫРЫЛУДА.

(ЖАЛҒАСЫ 4-БЕТТЕ).

Ауданда «Нариман» шаруа қожалығы табысты шаруашылықтардың бірі. Олар жыл сайын егін алқаптарынан мол өнім алуда. Қазіргі таңда қожалық жаздық арпаны егін алқабына ойдағыдай сеуіп, агротехникалық мерзімді сәтті аяқтап келеді. Олар 300 гектар егістікке жаздық тұқым септі. Енді 250 гектар алқапты алып жатқан күздік егіннің бой алып кетуіне қажетті ылғалдылықты сақтау шараларын қолға алуда. Суретте: «Нариман» ШҚ жетекшісі Тұрар Теңізбаев механизаторлар Б.Жұмаділов, В.Корсунов және Ю.Зоненшельдпен бірге.

Суретті түсірген Петр НОРКИН. Шу ауданы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.