ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облысты о амды саяси газет
№80 (18114), Бейсенбі, 2 шілде, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
ПРЕЗИДЕНТ
Елбасы Премьер-Министр Кəрім Мəсімовті қабылдады. Кездесуге сондай-ақ Президенттің көмекшісі Е.Орынбаев қатысты. Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Нұрлы жол» жəне Елді индустриялықинновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырудың негізгі мəселелері жөнінде баяндалды. Сонымен қатар Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған жұмысының алдын ала қорытындылары ұсынылды.
Астана күні қарсаңында
ҚАЗ-ҚАЛПЫНД А
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса Жуалы ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
ЖУАЛЫ
Аудан орталығындағы жаңа спорт кешенінде Халық Қаһарманы, Парламент мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың жүлдесі үшін 2002-2003 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдо күресінен облыстық ашық біріншілік өтті. Оған Оңтүстік Қазақстан облысынан, Тараз қаласынан және облысымыздың барлық аудандарынан құрамалар қатысты. Дүбірлі дода қызықты да тартысты өтті. Турнир соңында тұғырдан көрінген командалар кубок пен дипломдармен, ал спортшылар дипломдар мен медальдармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды. ЖАМБЫЛ
Қасиетті Рамазан айында Аса-Тараз бағытында жолаушылар тасымалдайтын жеке көлік иелері Тастөбе ауылының мешітінде қайырымдылық іс-шарасын өткізіп, арбаға таңылған Ақерке Алтауова, Жансая Рахманберді, Настия Асанова, Руслан Шамдулов, Дәулет Әбдіғафуров және Жасұлан есімді мүмкіндігі шектеулі жандарға (жанұясына) 1 қап ұн, 5 келі шекер, 15 келіден ет берсе, облыстық мешіт жанындағы медресеге де тап осындай азық-түлікті тарту етті. Ізгілікті тірлікте тиянақтылық танытқан Жексен Әйтешов, Жангелді Төлжан, Асқар Нұсқабеков, Төретай Әбдихановқа (барлығы елуге жуық жүргізушіге) ауыл мешітінің имамы Мұзафар Әбитов, аудандық Көлқайнар ауылдық округінің әкімі Мұхтар Шайдаев және басқалар алғыстарын жеткізіп, батасын берді. Т. РЫСҚҰЛОВ
Құмарық ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ғимаратында аудандық орталық аурухананың жедел жәрдем бөлімінің 5-ші бекеті ашылды. Бұл бекет бойынша Құмарық, Алғабас, Малдыбай, Көгершін және Жарлысу елді мекендерінің тұрғындарына жедел жәрдем көмегі көрсетілетін болады. Жұмыс кестесі дүйсенбі-жұма аралығында кешкі сағат 18:00ден азанғы сағат 9:00-ге дейін болса, демалыс және мереке күндері тәулік бойы қызмет етеді. САРЫСУ
Жаңатас қаласы күніне орай қала әкімінің аппараты және «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен еңбек ардагерлері арасында тастаяқ, шахмат және дойбыдан спорттық жарыс өтті. Жарыс басталар алдында аудан әкімінің орынбасары Динара Асанова сөз алып, спортшы қарияларға тілегін білдірді. Шараға қала мен әр ауылдық округтен 55-70 жас аралығындағы еңбек ардагерлері қатысты. Тартысты да қызықты өткен бұл жарыстың қорытындысы бойынша шахматтан жүлделі І орынды Жаңатас қаласының тұрғыны Қ.Құттыбаев иеленсе, дойбыдан І орынды Е.Қалдыбеков, ал тастаяқ ойын түрінен жүлделі І орынды Т.Рахманов қанжығасына байлады.
ЕЛОРДАҒА БАРЫП, ЕЛБАСЫМЕН КЕЗДЕСКІСІ КЕЛЕДІ Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол».
Бала көңілі арманға алғаусыз сенеді емес пе?! Ауылға бір барғанымда бес-алты жастағы бүлдіршін қызды жолықтырып қалғаным бар. Əпкесімен бірге сейілдеп, аудан орталығындағы дендросаябаққа келе жатыр екен. Есімі – Аянат. Көліктегілердің бəрінің баратын жері бір деп ойлады ма, ешкімді де жатырқап, жатсынған жоқ. Екеуміз тез тіл табыстық. Биыл даярлық сыныбын тəмəмдап, күзде бірінші сыныпқа баратынын айтты. Бəрінен бұрын 6 шілдені асыға күтіп жүргенін де жасырмады. Оның бұл күнді асыға күтетіндей себебі бар екен. 6 шілде оның туған күні болып шықты. Аянат Астанадан 7 жас кіші екен. «Əжем сенің туған күнің ерекше күн дейді. 6 шілде – Астана қаласының да туған күні, сол үшін Нұрсұлтан ата осы күні мені жəне Астана қаласында тұратындарды құттықтайды екен. Ағам «Теледидарды қосып, күтіп жүр, Нұрсұлтан атаңды көресің» деді. Мен Нұрсұлтан атамды жақсы көрем. Бізге сабақта Нұрсұлтан ата туралы көп əңгіме айтып берген. Мен өстім, үлкен қыз болдым ғой. Енді 6 шілдеде атамды əуре қылмай-ақ Астанаға барып, Нұрсұлтан атаны өзім құттықтасам деп жүрмін», – дейді алты жасар Аянат Кеңес. Риясыз бала көңілі. Қалтқысыз сенім. «Тілегіңе жет!» – дедім Нұрсұлтан атасына құттықтауын жеткізгісі келіп жүрген Аянатқа. Бала арманы ақиқатқа айналса екен... Т. Рысқұлов ауданы.
Отан - елдің анасы, Ел - ердің анасы.
Халық мақалы.
ОРАҒ Е ГІН
Ы – 20
Е ІГ Ш З МА Л І Ы Т Ғ ЫР ТЫ ПС ТА
15
БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ ЕГІНШІЛІККЕ ҚОЛАЙЛЫ Б БО БОЛҒАНЫН АУЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ ТАМСАНА АЙТУДАН ЖАЛЫҒАР ЕМЕС. ТІПТІ, АПТА САЙЫН ТӨГІП ЖАУҒАН ЖАҢБЫР ШІЛДЕ ТҮСКЕНШЕ ТОЛАСТАМАҒАНЫ ДА ШАРУАҒА ЖАЙЛЫ СӘТТЕРДІҢ АЗ БОЛМАҒАНЫН КӨРСЕТЕДІ. БАЙЗАҚ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ МЫРЗАТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ «МЕДЕУ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ДА БИЫЛ АЙЫ ОҢЫНАН ТУЫП ТҰР. БҰЛ ЖАҒДАЙҒА ШАРУАШЫЛЫҚҚА БАРҒАНДА КӨЗІМІЗ ЖЕТТІ.
БИЖАСАРОВТЫҢ БИДАЙЫНА КӨЗ ТОЯДЫ Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол». Қозыхан Бижасаров басқаратын «Медеу» шаруа қожалығының 120 гектар суармалы жері бар. 65 гектар бидай, 15 гектар жоңышқаның биылғы шығымына көз тояды. 38 гектарға егілген пияздан да бұл шаруашылық мол өнім алатындарына сенімді. 10 гектарға егілген көкөністің жоғары мөлшерде жеміс беретін түрі бар. Шаруашылықтың егіс жұмыстарына екі трактор тұрақты қарастырылған. М е х а н и з ат о р Абу Д о ш м е т о в – ұжымның мақтанышы. Механизаторлар 75 мың жалақы алады. Сондай-ақ, пияз алқабының бригадирі Хасан Шаушоғлы – нағыз істің адамы. Аға сушы Жақан Қалдыбаев, сушы Имран Шаушоғлы – қожалық алқабына су жетелеген маман мұраптар.
«Еңбек ет с ең ерінбей, тояды қарның тіленбей...» дегендей, қожалық еңбеккерлері жұмыстарының жемісті болатынына күмəнданбайды. Бес-алты адам тұрақты жұмыспен қамтылса, маусым кезінде мұнда 25-30 адамға дейін еңбек етеді. Дихандардың алды 100 мың теңгеге дейін табыс табады. Қожалықтың жүйелі жұмысы көзге көрініп тұр. Мұнда еңбекті бақыт санайтын көңілдері таза ауыл адамдарының табиғи көзқарастары біздің көңілімізді жадыратты. Жақын күндерде Бижасаровтың бидайына орақ түседі. Шаруалар бидайдың əр гектарынан 25-30 центнер, пияздың əр гектарынан 500-600 центнер өнім алуды көздейді. Бұл межеден көрінуге «медеуліктердің» барлық мүмкіндігі бар.
Сондықтан да «Медеу» шаруа қожалығы аудандағы жұмысы а л ғ а б а с ы п т ұ р ғ а н ма қ т аул ы ш а р у а ш ы л ы қ т ы ң қ ат а р ы н а н көрініп келеді. – Былтыр қуаңшылық болғанына қарамастан, бидайымыздың əр гектарынан 19-20 центнерден өнім алғанбыз. Жоңышқамыз бен көкөнісіміз де жаман болған жоқ. Ал биылғы межеміз тіпті бөлек. Жақында алқапқа орақ түседі. Сол кезде нəтиже көңіліміздегідей болатын шығар деп отырмыз. Төккен тердің жемісі болуы тиіс емес пе? Жаратқан əрекет еткенге берекет береді, – деді қожалық төрағасы Қозыхан Бижасарұлы. Байзақ ауданы.
П І Н Е Л Р Ү Т З ТАРА КЕЛЕДІ «ТОЙДЫҢ БОЛҒАНЫНАН БОЛАДЫСЫ ҚЫЗЫҚ» ДЕГЕНДЕЙ, ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҚ ТОЙЫ ЖАҚЫНДАҒАН САЙЫН ҚАЛАДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ЖЕРГІЛІКТІ ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРА ТҮСУДЕ. КӨПТІҢ КӨҢІЛІНДЕ «ТОЙ ҚАРСАҢЫНДА ТАРАЗ ШАҺАРЫ ҚАНДАЙ КЕЙІПКЕ ЕНЕР ЕКЕН?» ДЕГЕН СҰРАҚ ЖҮР. СОНДЫҚТАН БІЗ БҮГІНГЕ ДЕЙІН НЕ ТЫНДЫРЫЛДЫ ДЕГЕН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП ІЗДЕП ЖОЛҒА ШЫҚТЫҚ. (ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).