2 тамыз пдф 2016 ж

Page 1

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу ауданы

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

Мойынқұм ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса Жуалы ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№89 (18283), Сейсенбі, 2 тамыз, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

НДА ЖАҺА

ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДА

ИНВЕСТОР БОЛУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Нұрым СЫРҒАБАЕВ, «Ақ жол».

Вьетнам Социалистік Республикасы мен Қазақстан арасындағы сауда-саттықты дамыту дұрыс жолға қойылған. Бұған былтыр Вьетнам мемлекетімен арадағы сауда айналымы 706 мың АҚШ долларын құрауы дәлел бола алады. Ал биыл осы елден біздің өңірге 56 мың АҚШ долларының тауары импортталған. Көбіне ол жақтан бізге азық-түлік пен косметикалық және химиялық тауар өнімдері әкелінсе, ал Жамбыл жерінен Вьетнамға т е к ау ы л ш а руа ш ы л ы ғ ы тауарлары экспортталады екен. Бұл мәліметтер Вьетнам Социалистік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Даан Тхи Хиенің облысымызға жасаған арнайы іссапары барысында айтылды. «Облыстың инвестициялық мүмкіндігі» атты «дөңгелек үстел» отырысында Вьетнам елшілігінің делегация мүшелерін бастап келген Тхи Хиен біздің елге келудегі б а с т ы ма қ с ат ы – е к і е л арасындағы әріптестік байланысты нығайту мен өндіріс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм секілді экономиканы өрге сүйреуші

негізгі салалардың дамуына өз үлестерін қосу екенін айтты. Өз ке зегінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков арнайы топ өкілдеріне өңірдің даму с т р ат е г и я л ы қ д е ң г е й і н таныстырып, қол жеткізген жетістіктер жайынан хабардар етті. Сонымен қатар, инвестиция салуды қажет ететін бірқат ар жобаларды ұсынды. Оның ішінде өндіріс ауқымын

кеңейту үшін 2 миллион АҚШ долларын қажет етіп отырған «Фабрика ПОШТараз» кәсіпорны да бар. – Біздің облысымыз Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан. Ал Тараз – тарихы тереңде жатқан ежелгі қала. Мұнда кезінде Қытайдан Азия арқылы Еуропаға бет алған сауда керуені аялдайтын болған. Бүгінде біз де Ұлы Жібек жолы бойында орна ласқан мемлекеттер

арасындағы сауда айналымын қайта жаңғырту, олармен байланыс жасау бағытында барлық мүмкіндіктерді қарастырудамыз. Мәселен, облыстан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі өтеді. Одан бөлек, көптеген бағытта келушілерді қабылдайтын «Әулиеата» әуежайы жұмыс істейді. Облыс тұрғындары да әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған. Бұл қос тараппен арадағы

әріптестік байланыстың нығая түсуіне өз септігін тигізеді деп ойлаймын, – деді Бекболат Серікбекұлы. Бұдан кейін облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Болат Есімбеков, энергетика және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерік Көшербаев, облыстық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер

п а л ат а с ы н ы ң д и р е кто р ы Қарлығаш Аралбекова өз салалары бойынша алда жүзеге асуы тиіс жаңа жобалармен таныстырды. Инвестор болуға қызығушылық танытқан елшілер ұсынылған жобаларға қолдау білдірді. – Бұл облысқа біз алғаш рет келіп отырмыз. Мұнда келмес бұрын осы өңірдің тыныстіршілігіне көз жүгіртіп, дамуөркендеу стратегиясын өз бетімше зерттеп, көптеген мәліметке қанықтым. Сондағы көз жеткізген мәліметтің бірі – соңғы жылдары бұл облыстың барлық сала бойынша өсім қарқыны жағынан көптеген жетістіктерге қол жеткізуі. Оған осы іссапар барысында да куә болдым. Тұрғындары да өте қонақжай әрі еңбекқор көрінеді. Сіздермен бірлесе жұмыс істеуге батыл қадам ж а с ау ы м ы з с о н д ы қ т а н . Негізінен, бірінші кезекте Жамбыл өңірімен арадағы тауар айналымын нығайтуды қолға алмақпыз. Ол үшін екі елдің кәсіпкерлері өз өнімдерін бір-біріне таныстырып, бірлесе жұмыс і с т еу і қ а ж е т. С од а й - а қ , сіздердегі бірқатар жобаларды қаржыландыру үшін инвестор болуға қызығушылығымыз артып отыр, – дейді Даан Тхи Хиен.

=АҚШ АУА ЛАСТАНҒАН КЕЗДЕ ТҮСІН ӨЗГЕРТЕТІН КИІМ

Николас Бентель ауа ластанған кезде түсін өзгертетін киім ойлап тапты. Бентель негізін қалаған «Aerochromics» компаниясының коллекциясында әзірге жеңі ұзын үш жеңіл жейде бар. Олардың бірі – ауадағы иіс газы концентрациясының ж о ға р ы б ол у ы н , е к і н ш і с і , ау а н ы ң қ ат т ы микробөлшектермен ластануын, үшіншісі, ауаның радиоактивті заттармен ластануын анықтайды. Әр жейденің құны – шамамен 500 доллар. =ГЕРМАНИЯ СОҢҒЫ 100 ЖЫЛДА АДАМДАРДЫҢ БОЙЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ӨСТІ?

Соңғы 100 жылда голландиялық ерлер мен латвиялық әйелдер жер шарындағы ең бойшаң адамдар болып танылды. Негізінде жүз жылда планетаның барлық тұрғындарының бойы өскен. Оңтүстік Кореядағы әйелдер соңғы 100 жылда 20 сантиметрге өсті. Ерлер арасында бұл көрсеткіш бойынша Ирак тумалары алда. Олар орташа алғанда 16,5 сантиметрге өсіпті. =ОҢТҮСТІК КОРЕЯ «SAMSUNG» ДӨҢГЕЛЕК «АҚЫЛДЫ» САҒАТ ШЫҒАРМАҚ

Компания тұтынушыларын өзгеше жаңалықпен қуантуды ұйғарды. Осы кезге дейін «Apple»дің құрылғыларын көшіріп шығарды» деген айып тағылған электрондық алып мұны теріске шығармақ. Оңтүстіккореялық корпорация пішіні дөңгелек «ақылды» қолсағатын шығармақ. Қазіргі уақытта Samsung Smart-сағаттарда қолданылатын технологиялары бар патенттер компания басшысының үстелінде жатыр екен.

А ЫЛД Б М А Ж =ТАРАЗ «ЖАМБЫЛГИПС» АҚ ӨНІМ ТҮРЛЕРІН КӨБЕЙТПЕК

Қалада қолға алынған 3 индустриялық жобаның бірі – «Жамбылгипс» АҚ құрғақ құрылыс қоспаларын және гипс бұйымдарының өндірісін кеңейту, қайта жаңғырту жобасы. Жобаның құны 1 миллиард 715 мың теңгені құрайды. Қуаттылығы – жылына 270 мың тонна өнім. Жаңадан 50 жұмыс орны ашылмақ. =ЖУАЛЫ «КӘУСАР» СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫ АШЫЛДЫ

ХАЛЫҚ ПЕН НАРЫҚ

БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛУДА

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

ТАРТУ

ПРЕЗИДЕНТКЕ СЫЙЛЫҚ ЖАСАДЫ

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, ақылы қызметтерге бағаны тұрақтандыру бойынша облыстық штаб отырысы өтті. Оған штаб мүшелері, онлайн режімінде байланысқа шығып отырған аудан әкімдері қатысты. Жиынды ашқан штаб төрағасы, облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков: – Азық-түлік бағаларына м о н и т о р и н г ап т а с ы н а б і р р е т жүргізіледі. 28 шілде күні жинақталған мәліметке сәйкес, Тараз қаласы мен аудандардағы 33 әлеуметтік маңызы бар азық-түліктік тауарлардың тоғызы атауы бойынша орташа облыстық бөлшек саудасы ағымдағы жылдың үшінші тоқсанына бекітілген шекті мәнінен жоғары екені анықталған. Атап айтсақ, қарақұмық жармасы 71 теңгеге (341 теңге), қалыпты нан килограмы он теңгеге (90 теңге), тауық еті 16 теңгеге (567 теңге), майлылығы 2,5 пайыз сүт 4 теңгеге (179 теңге), қырыққабат 10 теңгеге (63 теңге), пияз 5 теңгеге (58 теңге), қызылша 7 теңгеге (86 теңге), картоп 16 теңгеге

=ТАЛАС 2 ТОННА СҮТ ӨҢДЕЙТІН ЦЕХ АШЫЛАДЫ

Ауданда сүт және ет өнімін өңдейтін кәсіпорын тапшы. Осыған орай тәулігіне 2 тонна сүт өңдейтін (май, сыр, ірімшік) цехты ашу жұмысы қолға алынды. Жобаның құны 20 миллион теңгені құрайды. Цехты шикізатпен қамтамасыз ету үшін екі жерге сүт сақтайтын мұздатқыш орнату көзделіп отыр.

(73 теңге), қант 50 теңгеге (249 теңге) көтерілген. Ал қалған 24 атаулы тауар бойынша пайыздық көрсеткіш 0,52 аралығында болып отыр. Осыған байланысты шұғыл түрде тексеру шара­

лары жүргізілетін болады. Бұл тұрғыда комиссия құрылып, нақты шара­л ар бойынша жұмыс жүргізілуі қажет.

Бұл жайды кездейсоқ біліп қалдық. Қарасу ауылдық округінен екі жеке кәсіпкер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйлық ретінде өз қолдарымен нақыштап жасаған бұйымын алып Астанаға сапарлап қайтыпты. Сыйлық болғанда қос қолдап екі адам әзер көтеретін өрнектелген үстел. Мұнысын олар жалғанға жар салып, шенеуніктерден көмек сұрап жатпастан, екеуден-екеуақ пойызбен апарып Президенттің Іс басқармасына өз қолдарымен тапсырып қайтыпты. Қарасулық ағаштан түйін түйетін ұста Сергей Бурцев үйінің бір жағын шеберханаға айналдырып, неше түрлі бұйымдар жасаумен айналысады екен. Бұл – оның бала жастан келе жатқан машығы. Ағаш қасық, астау, шара, тостаған, үстел, орындық, жануарлардың бейнесі дейсің бе, бәрін жасайды. Осыдан екі жыл бұрын бақшасындағы жүз жылдық дәу қарағашты кескенде оны отынға турап тастамай, осылай шетінен небір туындыларға айналдырып отырған. Ал мына үстелдің бетін сол ағаштың бір бүйірінде шор болып біткен құшақ жетпес безінен тұтас күйде жалпағынан тіліп алыпты.

ЖАЗЫЛЫМ – 2016

(Жалғасы 3-бетте).

ДИЕТАЛЫҚ МАКАРОН ӨНДІРІЛУДЕ Т. Рысқұлов ауданындағы ірі әрі қуатты шаруа қожалықтары істерін дөңгелентіп отыр. Солардың бірі – украиндық және итальяндық технологиямен ұн өнімдерін әзірлейтін өндірістік желісі бар «Ақтоған» шаруа қожалығы. Бұл цехт ан шығатын т ауарлар Қазақст анның ішкі нарығында өткерілуде. Шаруашылықта жалпы 10 мың 600 гектар жер бар. Биылғы жылы 6 мың гектар жерге бидай дақылдары егілген. Шаруашылықтың негізгі ісі – егіншілік. – Біздің цех макаронның 25 түрін шығарады. Тәулігіне украиндық желі 10 тонна дайын өнім береді, ал итальяндық – бес тонна. Аталған кәсіпорында 25 адам қызмет етеді және олардың орташа айлық

Арқа сүйер елің болсын, Аунап жатар жерің болсын.

(Жалғасы 3-бетте).

ҒАН СТАНДА ЖАСАЛ Қ А З А Қ

Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол».

Бауыржан Момышұлы ауылында «Жасылсауда» үйінде «Кәусар» сұлулық салоны ашылды. Аудан орталығынан алғаш ашылған сұлулық салоны келушілерге әлден-ақ көңілінен шығатын қызмет түрлерін көрсетуде. Жас кәсіпкер Жанерке Момышева – осы салада тәжірибе жинаған маман. Сұлулық салонында 10 маман қызмет етуде. Олардың әрқайсысы Шымкент, Тараз қалаларында сұлулық салонында тәжірибеден өткен мамандар.

жалақысы 60 мың теңгені құрайды. Өнім облысымыздан бөлек, Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарына жеткізіледі. Олардың бір келісі – 125 теңге. Кәсіпорын жылдың аяғында еттің дайын салмасын әзірлеуді жоспарлап отыр, – дейді жас маман Шамиль Өзбеков. Шамиль Өзбеков облыс нарығында диеталық макаронның бұрыннан бар екенін айтып қалды. Аталған диеталық макарон өнімдерін екінші сұрыптағы шикізатты өндіру арқылы алады екен. Олар тек түстері арқылы ажыратылады және диеталық макарон өнімдеріне балауыз азырақ мөлшерде қосылады. Б ұ л ө н і м д е р а рт ы қ с а л м а қ т а н арылғысы келетін адамдарға пайдалы. «Ақ жол-Ақпарат».

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады».

«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН

Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3185,10 теңге 1 жылға – 6370,20 теңге ИНДЕКСІ 15457

Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2935,08 теңге 1 жылға – 5870,16 теңге ИНДЕКСІ 65457

Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2849,76 теңге 1 жылға – 5699,52 теңге ИНДЕКСІ 15457

Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2599,74 теңге 1 жылға – 5199,48 теңге ИНДЕКСІ 65457

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН: «Эврика-пресс» ЖШС, «Тараз-пресс» ЖШС, «ERNUR-PRESS» ЖШС бөлімшелері арқылы жазылуға болады.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.