Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
ak-jol-taraz@rambler.ru
№88 (18282), Сенбі, 30 шілде, 2016 жыл
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
НДА ЖАҺА =ИЗРАИЛЬ
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ИЕСІНЕ ӨЗІ ІЛЕСІП ЖҮРЕТІН РОБОТ-ЧЕМОДАН
ЖҰМЫС БАР, НӘТИЖЕ АЗ
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің басшылығымен өткен әкімдік мәжілісінде осы жылдың жарты жылдығында облыстың әлеуметтікэ ко н ом и ка л ы қ д а м у ы н ы ң қорытындысы қаралды. Аталған мәселе бойынша облыс әкімдігі э ко н о м и к а ж ә н е б юд ж е т т і к жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Сандуғаш Абдралиева баяндама жасады. Ес епті ке зеңде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 162,4 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 3,2 пайызды құраған. Бұл – республика өңірлері арасында 4-орын. Кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде биыл жалпы құны 15,7 миллиард теңгеге 380 жаңа жұмыс орны құрылатын 8 инвестициялық жобаны іске асыру жо спарланса, оның үшеуі іске қосылып, 175 жұмыс орны ашылған. Осы жылдың 26 шілдесіне дейін 369,3 мың гектар алқаптың ш ө б і о р ы л ғ а н . Б ұ л ж и н ау ғ а жо с п а рл а н ғ а н а л қ ап т ы ң 7 6 , 3 пайызын құрайды. Сонымен қатар, 1006 мың тонна пішен, 11,4 мың тонна пішендеме дайындалып, 150,3 мың гектар жерден дәнді дақыл жиналған. Дәнді дақылдың орташа өнімділігі әр гектардан 21
центнерден айналып, өткен жылғы көрсеткіштен 5,7 центнерге жоғары болуда. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында егін шаруашылығы өнімі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 9 , 2 п а й ы з ғ а ө с ке н . А л м а л шаруашылығында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
тірі салмақта ет 2,2 пайызға, сүт 2,1 пайызға, жүн қырқу 1,5 пайызға артық өндіріліп, сала өнімінің көлемі 1,8 пайызға өсіпті. Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, өткен жылдың тамыз айынан бастап теңге бағамының еркін айналымға түсуі есебінен халықтық тұтыну
тауарларының, әсіресе, шетелден и м п о рт т а л ат ы н т ауа рл а рд ы ң қ ы м б а т т ау ы н а б а й л а н ы с т ы б ө л ш е к с ауд а а й н а л ы м ы 0 , 4 пайызға, көтерме сауда айналымы 24,2 пайызға, көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 1,7 пайызға төмендеп, жолаушылар тасымалдау 3,7 пайызға ұлғайған.
Баяндамаға сүйенсек, биылғы жылдың маусым айында 2015 жылдың желтоқсанына инфляция деңгейі 104,8 пайызды құрады. Азықтүлік тауарлары 4,2 пайызға, азықтүлік емес тауарлары 4,4 пайызға, ақылы қызметтер 5,8 пайызға қымбаттады. Облыста инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары болып қалыптасты. Жұмысқа орналасудың орташа облыстық көрсеткіштен төмен деңгейі Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Та лас және Шу аудандарында тіркелген. Жыл басынан бері туберкулез, нашақорлық, қант диабеті және қан айналымы жүйесі ауруларына шалдығу деңгейі төмендеп, жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулары және психикалық бұзылу ауруларының деңгейі өскен. Биылғы жылдың қаңтар-сәуірінде туу және нәресте өлімі деңгейлерінің қысқарғаны, жалпы өлім, ана өлімі деңгейінің артуы байқалған. Нәресте өлімі деңгейі Тараз қаласы және Т.Рысқұлов ауданында, ана өлімі Тараз қаласы мен Меркі, Талас аудандарында, туберкулез аурулары Байзақ, Жуалы, Т.Рысқұлов, Меркі, Мойынқұм және Талас аудандарында өскен. Жалпы өлімнің өсімі Тараз қаласы, Жуалы, Қордай, Меркі аудандарында тіркелген. (Жалғасы 3-бетте).
ТӘЖІРИБЕСІ РЕСПУБЛИКАҒА ТАРАТЫЛМАҚ
Астана қаласындағы ұйымдастырушы кеңсесінде екі ел ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысу туралы шартқа қол қойды. Италияның қатысуы туралы шартқа «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен ЭКСПО – 2017 Италия секциясының комиссары, Италия Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян қол қойды. Кездесу кезінде Ұлттық компания басшысы ЭКСПО – 2017 көрмесіне дайындық барысы, Италияның қатысу шарттары, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласында біздің елдер арасында екі жақты өзара әрекет ахуалы туралы айтып кетті. – Көрме өткізуде Италия тәжірибесі біз үшін өте қажет. Себебі, Миланда өткен ЭКСПО – 2017 көрмесі жоғары денгейде ұйымдастырылды. Италияның жаңартылатын энергия көздері саласында жетістіктерін ескеріп, ЭКСПО – 2017 шеңберінде біздің ел осы саладағы жаңа технологияларды көрсете алады деп үміттенеміз, – деп атап өтті Ахметжан Есімов. Қазіргі таңда Италия «жасыл» технологияларды белсенді әзірлейді. Осы секциясының комиссары өткен жылы Италияда электр энергиясын өндіру бойынша ЖЭК үлесі 38,4 пайызды құрағанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта елде гелиоэнергиясын өндіретін мыңдаған кәсіпорын жұмыс істейді екен. – Біз ұлттық павильонымызды толықтыруға белсенді түрде дайындалып жатырмыз, себебі ЭКСПО – 2017 әлемде балама энергияның келешек дамуы үшін елеулі мәнге ие, – дейді Стефано Раваньян. Оңтүстік Корея балама және жаңартылатын энергия көздерін көрсетуге дайындығын білдірді. Ол туралы ЭКСПО – 2017 қатысу жөніндегі шартқа қол қою барысында Корея секциясының комиссары, Корея Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Чо Енг Чон мәлімдеді. – Корея ЭКСПО шеңберінде көрмені екі рет өткізді. 2012 жылы Йосу қаласында, сондай-ақ 1993 жылы Тэджон қаласында өтті. ЭКСПО өткізгеннен кейін ол бүкіл Кореяның ғылым мен технологиялар дамыту орталығына айналды, – дейді Чо Енг Чон. Гүлжаһан ТҰРҒАНҚЫЗЫ, мұғалім. Талас ауданы.
ТЕЛЕФОНДЫ ҚУАТТАЙТЫН ЖАҒАЖАЙ ОРЫНДЫҒЫ
Каталониялық өнертапқыш Сержи Бальестер мен оның құрбысы Джемма Масферрер жағажайға қойылатын арнайы орындықты қалта телефоны мен түрлі гаджеттерге тоқ бергіш саңылауы бар орындықты ойлап тапты. Енді мұндай шатыр астында жатып, күнге қыздырынып қана қоймай, гаджеттеріңізге де қуат жинай аласыз. Бұл орындықтар күн батареяларымен жарақталып, USB-ге жалғанған. =ИТАЛИЯ ШЫНЫАЯҚТАҒЫ СУДЫ ҚАЙНАТАТЫН ҚҰРЫЛҒЫ
Жуық арада заманауи тұрмыс техникасының қатары тағы бір құрылғымен толығады. Инновациялық өнімдерге қаражат жинаумен айналысатын «Kickstarter» жобасы «Miito» атты су қайнатқыш құрылғыны таныстырды. Оны пайдалану арқылы аз уақыт ішінде шынаяқта тұрған суды өзге ыдысқа құймастан, дәл сол шынаяқта қайнатуға болады. Жаңа технология көмегімен сүтті, сорпаны да жылыта аласыз.
А ЫЛД Б М ЖА
=ТАРАЗ
ЖОБАНЫҢ ҚҰНЫ – 7 МИЛЛИАРД 700 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ
Ағымдағы жылы іске қосылатын 3 индустриялық жобаның бірі «Қазфосфат» ЖШС-ның Минералды тыңайтқыштар зауыты – экстракциялық фосфор қышқылын өндіретін жаңа технологиялық кәсіпорын. Жобаның құны 7 миллиард 700 миллион теңгені құрайды. Өндірістің қуаттылығы – жылына 220 мың тонна өнім шығару. ШАРАПАТЫ МОЛ БАҒДАРЛАМА
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» б а ғд а р л а м а с ы а я с ы н д а ж ұ м ы с с ы з ау ы л тұрғындары еңбекпен қамтылуда. Әлеуметтік жұмыс орындарына – 96, жастар практикасына – 224, тұрақты жұмыс орындарына – 562, жаңа жұмыс орындарына 76 адам жұмысқа тартылды. Енді тамыз айынан облыстық бюджеттен бөлінген 250 миллион 600 мың теңгеге халықты етпен және сүтпен қамтамасыз ету мақсатында 1 адамға 6 миллион теңгеге дейін несие берілмек. =ШУ ЭКСПЕДИЦИЯ ЕЖЕЛГІ БАЛАСАҒҰН ҚАЛАСЫНДА
Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол».
ИТАЛИЯ МЕН ОҢТҮСТІК КОРЕЯ
=ИСПАНИЯ
=БАЙЗАҚ
ИННОВАЦИЯ – ЕЛ ИГІЛІГІ
Жас кезінде бейнет бер, Қартайғанда зейнет бер.
Ғалымдар өз бетінше қозғалып, иесінің соңынан ілесетін «ақылды» чемоданды ойлап тауып, шығаруға дайындауда. Бұл жүк таситын гаджетті «Nua Robotics» компаниясының мамандары жобалады. Смарт-чемоданда камералы құрылғы орнатылған. Құрылғы иесінің артынан әзірге тегіс жерде ғана жүреді. Оны ұрлап кету де оңайға соқпайды. Ондай жағдай орын алса, құрылғының дабыл белгісі іске қосылады.
Меркі ауданындағы «Сыпатай батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі егін және мал өсірумен шұғылданады. «Атамекен» ұлт т ы қ к ә с і п ке р л е р п а л ат а с ы н ы ң бастамасымен агроқұрылымның егін өсірудегі тәжірибесін таныстыру үшін таяуда Сұрат ауылында бір апталық республикалық семинар-оқу өткізіледі. Күзде осында қант қызылшасын өсіру бойынша облыстық семинар өткізу
көзделуде. Агроқұрылым үстіміздегі ж ы л ы қ ұ з ы р л ы м е ке м е л е р д е н «Тұқым шаруашылығы», «Элиталы тұқым өндіруші» мәртебелері мен сертификаттарын алды. Серіктестік соңғы жылдары ауа райының күрделі жағдайларына қарамастан тұрақты табыспен жұмыс істеп келеді. Әлбетте, бұл айтуға ғана оңай. «Сыпатай б ат ы р » Ж Ш С б а с ш ы с ы , ау ы л шаруашылығының білікті маманы Қанат Шайхиев бұған үздіксіз ізденіс, табанды еңбек, істі дұрыс ұйымдастыру және салаға инновацияны кеңінен
Қ АЗ АҚ СТА НД А Ж А С
енгізу нәтижесінде қол жеткізіп отырғанын айтады. Шаруашылықта 9 мың гектарға жуық жер бар, оның мың гектардан астамы суармалы. Олар жыл сайын күзде мың гектар алқапта пар көтеруді игі дәстүрге айналдырған. Үстіміздегі жылдың өнімі үшін өткен жылы күзде 1500 гектар егіске күздік бидайдың «Стекловидная-24» және «Алмалы» сұрыптары егілген. Күздіктің әр гектарынан орта есеппен 25 центнерден түсім күтілуде. (Жалғасы 3-бетте).
АЛҒАН
Қазақ географиялық қоғамы «Хабар» телеарнасы мен «Арша» медиа студиясы еліміздің түкпір-түкпіріне экспедициялар ұйымдастырып жатыр. Жақында экспедиция қазақ даласында ерте заманда тіршілік еткен Баласағұн қаласының орнында болды. Бұл шаһар VI-XIII ғасырдың аралығында Батыс түрік қағанатының ордасы болған. Экспедицияның мақсаты көне қалалар мен тарихи қазбаларды, жәдігерлерді зерттеу болып табылады.
ХАБАРЛАМА Облыстық қоғамдық кеңе с азаматтарды өз өтініштері бойынша облыстық әкімшілік ғимаратында №119 бөлмеде тамыз айынан бастап әр айдың екінші және төртінші дүйсенбі күндері сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.
ЖАЗЫЛЫМ – 2016
«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Облысымыздың нарығына қара уылдырықтың алғашқы топтамасы 2017 жылы 100 келі мөлшерінде түсетін болады. Жеңсік астың басты өндірушісі – «ЛКЗ» ЖШС. Бүгінгі күні зауытта бекіре тұқымдас балықтың төрт түрі өсіріліп жатыр: орыс бекіресі, лендік бекіре, сібір-орыс бекіресінің гибриді және бестер. Зауыттың күш-қуаты жылына 60 тонна сатылымдағы балықты және 2 тонна бекіре уылдырығын өндіруге жетеді. Аталмыш жоба облыста 2014 жылдан бастап қолға алынған. Ет және бекіре балығы уылдырығын өндіретін «ЛКЗ» ЖШС технологиясы «Люкс» класындағы өнімді алуға мүмкіндік береді. «ЛКЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Халит Базаралиевтің айтуынша, 6 жылдан соң бекіре уылдырығының жылдық мөлшері 7-8 тоннаға дейін жететін болады. Айта кетейік, 27,8 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан «ЛКЗ» ЖШС көп салалы және қалдықсыз өнім өндіретін өндіріс орны болып табылады. Сондайақ, мұнда асыл тұқымды жылқы шаруашылығы және өсімдік өсіру қолға алынған. «Ақ жол-Ақпарат».
Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады».
«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3185,10 теңге 1 жылға – 6370,20 теңге ИНДЕКСІ 15457
Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2935,08 теңге 1 жылға – 5870,16 теңге ИНДЕКСІ 65457
Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2849,76 теңге 1 жылға – 5699,52 теңге ИНДЕКСІ 15457
Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2599,74 теңге 1 жылға – 5199,48 теңге ИНДЕКСІ 65457
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН: «Эврика-пресс» ЖШС, «Тараз-пресс» ЖШС, «ERNUR-PRESS» ЖШС бөлімшелері арқылы жазылуға болады.