Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы
Меркі
Қордай
Бауыржан Момышұлы
ak-jol-taraz@rambler.ru
№76 (18270), Бейсенбі, 30 маусым, 2016 жыл
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
НДА ЖАҺА
ПРЕЗИДЕНТ
АҚОРДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ РЕЖЕП ТАЙИП ЕРДОҒАНҒА КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ
=АҚШ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҰҰ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ 2017-2018 ЖЫЛДАРДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ЕМЕС МҮШЕЛІГІНЕ САЙЛАНУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҮНДЕУІ Қымбатты отандастар! Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы беле сінде т ағы бір маңызды тарихи оқиға болды. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелері құрамына енді. Бұл кеңес – Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің басты жауапкершілігі» жүктелген, тұрақты жұмыс жасайтын орган. Еліміздің оған с айлануы – Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі мен еңбегінің мойындалуы деген сөз. Біздің еліміз бейбітшілікті, қ ау і п с і з д і к т і ж ә н е о р н ы қ т ы дамуды жақтайтынын тәуелсіздік жылдарының бәрінде өзінің нақты істерімен дәлелдеп келеді. Оны баршаңыз білесіздер. С емей ядролық полигонын жабу және қуаты жөнінен төртінші зымырандық-ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешімімізді бүкіл жер шары біледі және қолдайды. Бізге әлемдік қоғамдастықтың мұндай сенім көрсетуі мемлекетіміздің қарқынды дамуына және берекебірлігімізге де байланысты.
Жеделхатта Ыстамбұл қаласы әуежайындағы қайғылы оқиға салдарынан көптеген жазықсыз адамдардың қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны аталып өткен. Нұрсұлтан Назарбаев күллі мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында террорлық акт жасалғаны ешкімді бейжай қалдырмағанын айтты. «Қазақстан әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіретін халықаралық экст ремизм мен терроризм әрекеттерін қатаң айыптайды. Ыстамбұлдағы жантүршігерлік оқиға қандыбалақ радикалды топтар мен олардың идеологиясына өркениетті қоғамда орын жоқ екенін тағы да растады», – делінген жеделхатта. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың жақындары мен туыстарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Уважаемые соотечественники! Избрание Казахстана в н е п о с тоя н н ы е ч л е н ы С о в е т а безопасности ООН – историческое достижение. Это успех не только нашей страны, но и всего субрегиона Центральной Азии, который никогда
раньше не был представлен в органе, отвечающем за международный мир и безопасность. Казахстан избран членом Совета безопасности ООН на предстоящие два года. Это будет непростой период в международных отношениях. Это видно по сегодняшним дням. Наряду с застарелыми конфликтами, мир столкнулся с небывалым размахом новых угроз безопасности. Мы внесем свой весомый вклад в поиск решений глобальных проблем. Ст абильный и бе зопасный мир – это то, чего мы хотим для всех своих граждан и детей.
Именно поэтому Казахстан во спользует ся своим шансом сделать будущее более уверенным и благополучным. Мы намерены заострить внимание глобального сообщества на наших инициативах. Они нацелены на построение мира, свободного от ядерного оружия и вируса войн и конфликтов. Казахстан будет работать над достижением этой благородной цели к столетию ООН в 2045 году. Мы займемся продвижением антитеррористических инициатив, выдвинутых мной на 70-ой се ссии Генеральной Ассамблеи ООН в 2015 году.
К а з а хс т а н т а к ж е п р и д а с т и м п ул ь с р е ш е н и ю во п р о с о в в о д н о й , э н е р г е т и ч е с ко й и продовольственной безопасности. Все это насущные вопросы, которые касаются каждого. Участие в решении ключевых проблем современности открывает перед нами возможно сти для развития отношений со многими странами и регионами. Избрание в Совет безопасности ООН – заслуженный успех всего народа Казахстана. Это показатель зрелости нации. Мы признательны всем странам, отдавшим голоса за кандидатуру Казахстана, как ответственного г о с уд а р с т в а , с п о с о б н о г о продвигать общие ценности мира и сотрудничества. Уверен, что наша республика достойно выполнит почетную миссию по обе спечению п р ед с т а в и т е л ь с т ва в С о ве т е безопасности ООН. Э т о буд е т е щ е од н и м историческим шагом на пути к вхождению Казахстана в число самых развитых стран мира, по ст ро ению бе зопасного и процветающего будущего. Я хочу поздравить всех казахстанцев с этим важным событием в год 25-летия Независимости нашей страны. Это достойное событие для того, чтобы радоваться за нашу страну. Еліміз осынау зор сенімнің үдесінен шығып, Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройы асқақтай түсеріне кәміл сенемін! Баршаңызды осы табысымызбен құттықтаймын!
ЖАРЫҚ ДИОДТЫ КӨШЕ ШАМДАРЫ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНДЫ
Ғалымдар қолданыста көп кездесетін көк және жасыл спектрлі жарық шығаратын жарық диодты шамдардың ластаушы екендігін анықтаған. Атап айтар болсақ, коррелдік түстің температурасы 4000 К қалыпты көше шамында көк түстің көлемі 29 пайыз болады, ол өткір ақ түс ретінде қабылданады. Оның қанықтылығы көзге жайсыз, оны шаршатады, шағылыстыру эффектісі салдарынан заттарды қабылдауды төмендетеді, сондай-ақ көз торшасына зақым келтіреді. =ҚЫТАЙ БЕЙЖІҢДЕ 3D-ПРИНТЕР АРҚЫЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНДЫ
Бейжің қаласының Тунчжоу қалалық округінде толықтай 3D-принтер әдісімен салынған әлемдегі алғаш тұрғын үй бой көтерді. Ғимарат алаңы – 400 шаршы метр, қабырға қалыңдығы – 250 сантиметр. Әр қабаттың биіктігі – 3 метр, үй 45 күнде салынып, құрылыс толықтай компьютермен бақыланған. 3D-баспаны түрлі тәсілмен, түрлі материалдарды пайдаланып жүзеге асыруға болады. =ИТАЛИЯ АЛТЫННАН ҚҰЙЫЛҒАН ВЕЛОСИПЕД
Велосипед рөлінің бір жартысы және педалі қымбат металмен көмкерілген. Сондай-ақ рөлдің сол жақ бөлігі мен отырғышы жылан терісіне ұқсас материалмен қапталған. «La Strana Officina» люкс санатындағы бірегей велоси педтерді құрастыру және кастомизация жасайтын дизайндық бюро әрі шеберхана болып табылады. Алтын велосипедтің құны 250 мың фунт стерлингті (400 мың долларға жуық) құрайды.
ЖАМБ
ЫЛД
А
=ТАРАЗ ҚЫС ШАНАҢДЫ ЖАЗ САЙЛА
Қала тұрғындарына қыс маусымына қызмет көрсететін 40 қазандық пен 39,5 шақырым жылу желілері бар. «Жамбыл-Жылу» мекемесі 19 қазандықтың технологиялық қондырғыларына және жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар көп қабатты тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды. =ТАЛАС КҮН ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
ТӘУЕЛ СІЗ ДІК
ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН
–Т Ұ ҒЫ
«АЛМАТЫ-1 – ШУ» ЕКІНШІ ҚАТАРЛЫ ТЕМІР ЖОЛЫ БОЙЫНДА
М РЫ
ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ТЕЛІМІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕГІ ЕЛ ЫНДА АШЫЛАДЫ РСАҢ 25 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ҚА
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Асқар Мамин «Алматы-1 – Шу» екінші қатарлы темір жол салу жұмыстары қалай жүріп жатқанымен танысты. Аталған жобаны компания «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырып жатыр. «Алматы-1 – Шу» телімінің екінші қатарын іске қосу Парсы шығанағы елдері, Еуропа және Түркия бағыттарында транзиттік вагон ағынын арттыруда үлкен маңызға ие. «Алматы-1 – Шу» телімінде екінші қатарлы жол құрылысы пойыздар қозғалысын ұйымдастыру, тасымал үдерісінің тиімділігін арттыру жұмыстарында «тар» жерлерді жою үшін аса қажет болып табылады. Өйткені, аталған теліммен жүре тін пойыздар қозғалысы жиілігімен ерекшеленеді. Ал бұл нысанның еліміздегі аса маңызды магистральдің өткізу қабілетін арттыруда рөлі аса жоғары. Құрылысты жүргізіп жатқандармен өткізілген кеңес кезінде компания басшысы нысанның стратегиялық маңызы жоғары екенін атап өтті. Осы орайда құрылыс жұмыс тарының шешуші кезеңге аяқ басқанын айта кеткен жөн. – Бұл желіге жүктеме айтарлықтай артады, яғни жаңа маршруттар қосылады, жолаушылар пойызы қозғалысының жиіл ігі көбейеді. Әсіресе, жүрдек «Тұлпар-Тальго» пойыздарының қозғалысы жиілейді, – деді компания басшысы. Ол, сондай-ақ күн сайын осы магистральмен 6-7 контейнерлік құрамалар өтетінін де көлденең тартты. Қазіргі кезде екінші қатарлы жолға қажетті көпірлер, су өткізетін құбырлар, байланыс және энергетика нысандарын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сөз орайында екінші қатарлы жол төселіміне Ақтөбедегі зауытта шығарылатын рельстер пайдаланылып жатқанын да айта кеткен абзал. Жобаға сәйкес, 110 шақырымға созылатын екінші қатарлы жол құрылысының алғашқы 58,2 шақырымдық бөлігін үстіміздегі жылдың қараша айында пайдал ануға беру жоспарланған. Бұл – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арнайы сыйы болмақ. «Ақ жол-Ақпарат».
ҚАДІР ТҮНІ МЫҢ АЙДАН ДА ҚАЙЫРЛЫ Данияр ЖҰМАБАЕВ, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы. Бисмиллаһир рахманир рахим! Баршаларыңызға Алланың нұры жаусын, қадірлі жамағат! Қасиетті Рамазан айы да соңына жақындады. Шариғатта Қадір түні жасалған құлшылықтың қадірі жоғары екені айтылады. Биылғы Рамазан айындағы Қадір түні – маусымның 1-інен 2-сіне қараған түн. Қадір түнінің басты ерекшеліктері өте көп. Қасиетті Құран кітабы Қадір түнінде түскен. Осы түні аспаннан періштелер түседі. Құран Кәрімде бұл түннің мың айдан да қайырлы екені айтылады. Қадір түнінің нақты уақыты белгілі емес. Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің хадис-шәріптерінде Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің бірі
екендігін, оны тақ түндерден іздеуіміз қажеттігін айтады. Дін ғалымдарының ғасырлар бойы жинақтаған көзқарастарына көңіл аударсақ, Қадір түні Рамазан айының 27-түніне сәйкес келеді. Бұл түндегі орындалатын амалдардың ең абзалы – намаз оқу. Рухани дүниемізді байытатын діни кітаптар оқып, діни бейнефильмдер көргеннің де сауабы мол. Қадір түні түнімен дастарқан жайып қою шарт емес. Түннің барлығын ғибадатпен өткізе алмайтын кісілер түннің бір бөлігін құлшылық пен ізгі амалға арнаса болады. Биылғы Қадір түнінің қасиетті жұма күнімен сәйке с келуі де ерекшелік. Сондықтан, біздің облыстық мешіт бұл жұманы жақсы іспен, қайырымдылықпен өткізуді жоспарлап отыр. Мәселен, жұма намазынан кейін Тараз қаласындағы жағдайы төмен 150 отбасының әрқайсысына 8 келіден ет тарату көзделуде. Жалпы алғанда, 1 тонна 200 келі ет қайырымдылық іс ретінде демеушілердің ықпалымен тегін таратылады.
Қ а д і р т ү н і т а р ау и х н а ма з ы н а н таң атқанға дейін мешітіміздің есігі жамағатқа айқара ашық. Бұл түні жамағатқа әсерлі діни насихаттар айту, имандылықтың қастерлі құндылықтарын түсіндіру көзделуде. Нәпіл намаздар оқып, Алладан тілек тілеудің сауабы өте мол. Көпшіліктің жеке құлшылық жасап, дұға-тілек жасауына да мүмкіндік береміз. Түйіндеп айтқанда, бұл түнді барынша құлшылықпен, ғибадатпен өткізуге тиістіміз. Пайғамбарымыз Мұхаммед хадисінде (с.ғ.с): «Мына төрт түні жасалған дұғалар кері қайтарылмайды. Олар: Ережеп айының алғашқы түні, Шағбан айының ортасы (бәраат түні), Қадір түні және айттың бірінші күні», – деген. Ендеше, қасиетті Қадір түні баршаларыңыздың Алладан шынайы көңілмен тілеген тілек-ниеттеріңіз қабыл болсын! Алдағы Ораза айларына да аманесен жетуді Алла нәсіп етіп, әр отбасына береке, амандық бергей деп тілеймін!
І МЕРЕКЕ МЕЗІРЕТ
ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІН ТҮЗЕГЕН ШЕБЕРЛЕР ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол». 28 МАУСЫМ – БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ БАҚ-ТЫҢ БІР ТОП ӨКІЛДЕРІН ҚАБЫЛДАП, КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТ ТЫҚТАДЫ. ОБЛЫС БАСШЫСЫ ОЛАРҒА ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІКЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСТЕРІ ҮШІН ШЫНАЙЫ АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ. ҚОҒАМДАҒЫ ӘРБІР ЖЫЛТ ЕТКЕН ЖАҢАЛЫҚТЫ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ЖАРҚЫРАТЫП КӨРСЕТІП ЖҮР ГЕНІНЕ ЕРЕКШЕ ТОҚТАЛЫП, ТІЛШІЛЕРДІҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ ЕЛЕУЛІ ЕКЕНІН СӨЗ ЕТТІ.
(Жалғасы 6-бетте).
«Жасыл экономика» бағдарламасы аясында ауданда мақсатты жұмыстар жүргізілмек. Соның нәтижесінде шетел инвесторларын тарту арқылы күн стансасының қуатын пайдалану жүзеге аспақшы. Алдағы уақытта «ST Power» ЖШС қуаты 50 МВт өнім өндіру әлеуетіне ие стансаның құрылысын жүргізуді қолға алмақ. =ШУ «РАҚЫМ ЖАУҒАН РАМАЗАН» АКЦИЯСЫ
Аудандық ардагерлер ұйымы әлеуметтік ахуалы төмен отбасыларға қайырымдылық жасауға үндеу жариялаған еді. Үндеу аудан әкімдігінің бірқатар бөлімдері мен аудандық мәслихат депутаттарының қолдауына ие болып, игі бастама аясында «Рақым жауған Рамазан» атты акция өтті. Ізгі мүддені мұрат тұтқан ұжымдар 30-дан аса отбасыға барып, азық-түлік толы себеттер таратып, демеушілік көрсетті.
Тура тілімді тыя алмаймын, Туғаныма сыя алмаймын. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Алтыншы шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті үшінші сессиясы 2016 жылдың 4 шілдесінде облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Б.Ж.Қарашолақовтың есебі туралы. 2. 2015 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы. 3. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту туралы. 4. Жамбыл облыстық мәслихатының кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі 5. Әртүрлі мәселелер. * * * Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2016 жылдың 4 шілдесінде сағат 12.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2016 жылдың 4 шілдесі күні сағат 14.00-де басталады. Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы.