БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
Кеше Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі өтті.
(АБАЙ).
Жамбыл облысты о амды саяси газет
№12 (18206), Сенбі, 30 а тар, 2016 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА 5 БАҒЫТЫН БЕЛГІЛЕП БЕРДІ мəнінде елді əрі қарай дамытудың жүйелі мəселелеріне арналған менің 100 нақты шешімім. Ұлт жоспары орындалу үшін Ұлттық комиссия жұмысына қоса барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметтердің кəсіби іс-қимылы қажет. Сондықтан əкімдер жəне «Нұр Отан» партиясының бүкіл жүйесі мұны ең басты міндеттің бірі санағаны жөн. Ұлт жоспары біздің алдағы бесжылдық кезеңге арналған жаңа сайлауалды бағдарламамыздың өзегі болып табылады, – деді Мемлекет басшысы. Елбасы сайлау алдындағы бағдарламаның негізгі бағыттары туралы да егжей-тегжейлі айтып берді.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ XVII СЪЕЗІ ӨТТІ. СЪЕЗГЕ ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ, ОЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА РЕСПУБЛИКАНЫҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРІНДЕ ӨТКЕН КОНФЕРЕНЦИЯЛАРДА САЙЛАНҒАН ДЕЛЕГАТТАР, МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ, ҰЛТТЫҚ ХОЛДИНГТЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ, ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КОРПУСТЫҢ, ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ, БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ БАР. ІС-ШАРА БАРЫСЫНДА «ҚАЗАҚСТАН – 2021. БІРЛІК. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. ЖАСАМПАЗДЫҚ» САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ, ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІ БЕКІТІЛІП, ПАРТИЯНЫҢ САЯСИ КЕҢЕСІ ҚҰРАМЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ.
БІРІНШІ. ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ
Мемлекет басшысы өз сөзінде елді дамытудың негізгі мəселелеріне тоқталып, «Нұр Отан» партиясының алдына жаңа сайлауалды бағдарламасына қатысты бірқатар нақты міндет қойды. Қазақстан Президенті былтыр басталған Бе с институционалдық ре форманы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін 59 жаңа заң қабылданғанын айтты. Бүгінде барлық мемлекеттік органдар оған қатысты белсене жұмыс жүргізуде, қазірдің өзінде нақты нəтижелер бар. – Бе с ре форманы тиімді жүзеге асыру – біздің ХХI ғасырда табысты болуымыздың кілті. 100 қадам – шын
Халықтың іскерлік белсенділігін жəне жұмыспен қамтылуын қолдауға бағытталған шараларды қарастырған Дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданды. Тек биылдың өзінде осы мақсатқа республикалық бюджеттен 225 миллиард теңге көлемінде арнайы резерв қарастырылған. – Біз еңбек адамдарына «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасының маңыздылығын арттыру арқылы қолдау көрсетеміз. 2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасына 770 миллиард теңге қарастырылды, ол 93% игерілді. 500 шақырымға жуық автомобиль жолы салынды, қайта жөнделді. 7000 пəтер салынды, оған қосымша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 3700 пəтер берілді, сондай-ақ 51 білім беру нысаны іске қосылды. Кəсіпкерлікті қолдауға 100 миллиард теңге бөлінді. Агроөнеркəсіп кешеніне, автоөндірушілерге жəне басқа да салаларға көмек көрсетілді. Бұл – бір жылғы жұмыстың нəтижесі. Алдағы уақытта жеке бизнесті, жұмысшыларды қайта даярлау жəне біліктілігін арттыру ісін қаржыландыру көлемі ұлғайтылады. Жалпы, «Нұрлы жол» жобаларын жүзеге асыру барысы таяу жылдарда 400 мың жұмыс орнының ашылуын қамтамасыз етеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
НАЗАРБАЕВ Нұрсұлтан Əбішұлы
(Жалғасы 2-бетте).
САЙЛАУ – 2016
ШВЕЙЦАРИЯДАН ЖЕТКЕН СЫЙЛЫҚ «АЛТЫН ҮКІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫ №12 «ТАРАЗ» КОЛЛЕДЖІНЕ БҰЙЫРДЫ «АЛ Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚУАНДЫҚ ТҰРҒАНҚҰЛОВПЕН ӘҢГІМЕ – Қуандық Тұрғанқұлұлы, Мемлекет басшысының Парламент Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойғанына, міне, бір апта уақыт өтті. Ортсайлаукомның осы уақыт ішінде атқарған жұмысы туралы айтып берсеңіз. – Шынымен де, бір апта уақыт өтті. Десек те, осы уақыт аралығында біз біршама жұмыс атқардық. Біріншіден, комиссия отырысында сайлау үдерісін ұйым дас ты ру үшін қажетті бірінші кезектегі нормативтік-құқықтық актілер ді бекіттік. Сонымен қатар, біз 18 шет мемлекеттің Ортсайлаукомдарының бірінші басшыларына шақырулар жіберіп, халықаралық байқаушылардың қызметін регламенттейтін құжаттар қабылдадық. Екіншіден, сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізу мəсе лелері бойынша семинаркеңе с өткізілді. Бұл жиында біз алдағы электораттық науқанның барлық қырларын нақты талқыладық жəне электораттық үдерістің барлық қатысушыларына сайлау заңнамасы бойынша егжей-тегжейлі түсінік бердік. Үшіншіден, халықты алдағы сайлау туралы ақпараттандыру жөнінде ауқымды жұмыс басталды. Аталған жұмыс шеңберінде сайлаушылардың сайлау күні дауыс беруге келуі үшін қазақстандықтардың азаматтық белсенділігін арттыруға баса назар аударылады. – Еліміздегі сайлаушылар саны қанша болды? – «Сайлау туралы» Заңға сəйкес əр жылдың 1 шілдесіне жəне 1 қаңтарына қарай жергілікті атқа ру шы органдар сайлаушылар ту ралы мəліметтер береді. Сондықтан, қазіргі уақытта барлық аумақтық сайлау комиссияларында жəне Ортсайлаукомда сайлаушылар тізімдері бар. Тізілімге сəйкес, еліміздегі сайлаушылар саны 9 миллион 792 мың адамды құрайды. (Жалғасы 3-бетте).
Швейцариядағы «ИНСАМ» би бизнес жəне басқару жоғарғы институты бірнеше жыл ққатарынан сала үздіктерін қа ан анықтау мақсатымен білім беру мек ме к мекемелері жұмысына ұдайы м мо ни н ит мониторинг жүргізіп, халықаралық деңг де ңгей ейде де ш деңгейде шаралар өткізуімен аты əлемге таны нылы ып ү танылып үлгерді. Былтырғы жылдың қоры қо р ты ры т нд қорытындысы бойынша «ИНСАМның» ны ң » ттаңдауы аң ң Тараз қаласындағы № №1 2 «Тар «Т Тар №12 «Тараз» колледжіне түсіп отыр. Швей Шв е ц ей цаари рияя Швейцарияның Женева қаласында өткен
марапаттау салтанатында колледжге халықаралық «Алтын Үкі» («Золотая Сова») сыйлығы үздік білім мекемесі ретінде табысталды. Мұндай мəртебеге ұжымның ізденісті еңбекпен қол жеткізгені анық. Соңғы үш-төрт жыл ішінде жаңа оқужатын ғимаратының пайдалануға беріліп, заманауи шеберханалармен жəне аудиториялармен жабдықталуы шəкірттердің теориялық білімдерін нақты тəжірибемен ұштастыруына мүмкіндік беріп отыр. Жуырда өткен «World skills» халықаралық мамандықтар байқауында «Тамақт андыруды ұйымдастыру » мамандығының білімгерлері Дулат
Омашев бас жүлдені, Заур Жəнібеков бірінші орын жүлдесін жеңіп алды. – Халықаралық сыйлыққа қол жеткізу – біз үшін үлкен абырой. Cаладағы үздік дəстүрлерді жалғастыруды көздейтін əлемдік деңгейдегі мұндай шарада жеңімпаз атану шетелдік оқу орындарының арасында да беделімізді асқақтата түсті. Бүгінде Елбасымыз айрықша көңіл бөліп отырған білім саласында, оның ішінде техникалық жəне кəсіптік білім беру бағытында əлі де талай биіктерді бағындырамыз деген үміттеміз, – дейді колледж директоры Марат Əшімов.
Ер адамның алдында, Ашылатын есігі болсын. Әйел адамның алдында, Тербететін бесігі болсын!
«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: ТАБИҒАТ БАЙЛЫҒЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
«МЕРКІ ГЭС-2» ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ Нұрболат ƏЛДИБЕКОВ, «Ақ жол». 2013 жылы 30 мамырда Президент Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасы туралы» Жарлығына қол қойғаны белгілі. Аталған тұжырымдама мен «Қазақстан – 2050» Стратегиясында су жəне жер ресурстарын қайта қалпына келтіру, табиғат капиталын пайдалану тиімділігі бойынша ЭЫДҰ елдерімен тең келу, 2030 жылға қарай атмосфераға шығарындылар бойынша стандарттарды еуропалық деңгейге жеткізу, 2050 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің энергия сыйымдылығын жəне энергияның ба лама жəне қайта қалпына келетін көздерінің жиынтық өнімділігінің үлесін 50 пайызға дейін жеткізу, тұрмыстық жəне өнеркəсіптік қалдықтарды кəдеге жарату бойынша индустрияны
құрастыру, тиімді инфрақұрылымы бар газ саласын құруды қамтамасыз ету негізгі мақсатты көрсеткіштер ретінде көрсетілген болатын. Тұжырымдама 2050 жылға дейін үш кезеңде жүзеге асырылуы тиіс. Бүгінде көптеген өндіріс орындарында қоршаған ортаға залалын тигізетін құрылымдарды біртебірте жойып, оған балама көздерін табу мəселесі қолға алынуда. Бір сөзбен айтқанда, «жасыл экономиканы» дамытуға көбірек көңіл бөлінуде. Облысымыз – «жасыл экономиканы» дамытуды қолға алған өңірлердің бірі. Жамбыл жерінде энергияның балама жəне қайта қалпына келетін көздерін пайдалану үлесінің жыл өткен сайын арта түскені – осы сөзіміздің дəлелі. «Меркі ГЭС-2» қайта қалпына келетін энергия көздерінен электр энергиясын өндіріп отырған инновациялық жобалардың қатарында. Жуырда аталмыш станса жүз пайыз жаңа қондырғылармен жабдықталды.
Меркі су электр стансасының директоры Бедел Мырзабаевтың айтуынша, аталған нысанды жаңа құрал-жабдықтармен жабдықтауға жалпы құны 400 мың АҚШ долларына жуық қаржы жұмсалыпты. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «EXPO-2017» көрмесіне «Болашақтың энергиясы» тақырыбын таңдауы бекер емес. Энергияның қайта қалпына келетін көздерін, ресурстарды үнемдейтін технологияларды жəне қалдықтарды қайта өңдеуді кеңінен қолдануға негізделген «жасыл экономика» – орнықты дамудың жолы. Біздің «жасыл экономиканы» дамытуға қосқан үлесіміз – «Меркі ГЭС-2»-ні жаңа қондырғылармен жабдықтағанымыз. 2010 жылы «Меркі ГЭС-3»-ке жаңа қондырғылар орнатқан болатынбыз. Алдағы уақытта «Меркі ГЭС-1»-ге де осындай қондырғылар сатып алсақ деп отырмыз. Жаңа қондырғылардың арқасында өнім өндіру көлемі 30 пайызға артады деп күтілуде, – дейді ол. Жаңа құрылғылармен жабдықталған «Меркі ГЭС-2»-нің табысы арта түседі деген ойдамыз. Себебі, инновация – дамудың бірден-бір жолы. Меркі ауданы.