ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, ӘКЕЛДІ ЕЛГЕ БЕРЕКЕ, ҰЛЫҚТАП ҰЛЫН, ҚУАНДЫ ХАЛЫҚ – МЕРЕКЕ! КЕШЕ ҚАЗАҚСТАН
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ РЕСМИ КІРІСУІНЕ ОРАЙ №50-51 (18084-18085), Бейсенбі, 30 сәуір, 2015 жыл
ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ ӨТТІ
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
ЕЛБАСЫ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЛАУАЗЫМЫНА КІРІСУ РӘСІМІНДЕ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты достар! Серіктестерім мен тілектестерім!
Қымбатты отандастар! 26 сәуір еліміз үшін тағы бір тарихи, тағдырлы күн болды. Президент сайлауы Қазақстан халқының кемеңгерлігін бүкіл әлемге паш етті. Ел бірлігіне беріктігі мен кемел келешекке
сенімін танытты. Мәңгілік Елдің мызғымас ұстындарына адалдығын көрсетті. Бұл таңдау – жарқын болашаққа қадам басқан Қазақстанның таңдауы! Бірлігін берекеге ұластырып, ұлы істер жолында ұйысқан барша халықтың жолы! Өзінің, ұрпағының
«К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ
болашағын қасиетті Отанымыз – Қазақстанмен бірге көретін әрбір азаматтың ерік-жігері! Бүгінгі мерейлі сәтте маған берілген с енім мандаты – мемлекеттілігімізді нығайту жолындағы қыруар істеріміздің бағасы! Қазақстанды ең қуатты
елдердің қатарына қосуды көздейтін ұлы мақсатқа берілген халқымның ақ батасы! «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы мен «Қазақстан 2050» Стратегиясына, «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен «Бес халықтық реформаға» елімнің білдірген қолдауы.
Өмірін халқының бақыты жолына арнаған жанға бұдан зор құрмет болмайды. Мен үшін ел сенімінен асқан мәртебе жоқ, сол сенімді ақтаудан артық бақыт жоқ. Сол себепті, мен Қазақстанның жарқын болашағы жолында қандай тәуекелге де дайынмын.
Ел Конституциясына сәйкес жаңа ғана мен өзімнің халқыма ант бердім! Ондағы сөзді мен бүгін алғаш рет ең ізгі де жарқын мереке – Халық бірлігі күні қарсаңында айттым. Болып өткен президенттік сайлау біздің қоғам бірлігінің күшін нақты айғақтап берді. Мен біздің барша халқымызға ризамын! Біз бүкіл әлемге халықтың бірлік күші мен берік топтасқандығын көрсеттік. Болып өткен сайлау тарихқа электораттық қатысу жөнінен халық ең көп қатысқан сайлау ретінде кіретін болады. Қазақстандықтар Отанға қызмет етуге шақырып, тағы бір мәрте маған үлкен сенім көрсетті. Біз бірге күрделі жолдан өттік: өзімізге сендік, Тәуелсіздік алдық, мемлекет құрдық, әлемге жаңа Қазақстанды таныттық, өзімізді біртұтас және ұлы ұлт ретінде таптық. Сіздердің сенімдеріңіз мені қашанда рухтандырып, сенімділік пен күш берді. Қазір мен, бұған дейінгі жылдардағыдай, барлық жауапкершілікпен халыққа адал қызмет ететінімді, еліміз бен барлық азаматтарымыздың игілігін сақтайтынымды, біздің жоғары ж а л п ы ұ л т т ы қ м ү д д е л е р і м і зд і қорғайтынымды айтқым келеді. 2015 жылдың 26 сәуіріндегі сайлау Қазақстан халқының топтасқандығын, жұдырықтай жұмылғандығын, болашаққа бағыт ұстанғандығын қуаттап берді. Біз – бір отбасымыз және біздің бір ғана Отанымыз бар. Әрқайсымыздың тағдырымыз – Қазақстан тағдырында. Біз бейберекеттіктен берекелі өркендеу жолына бірге өттік. Біз эксцессіз және катаклизмдерсіз күрделі «үшжақты транзиттен»: кеңестік жүйеден нарықтық экономикаға, демократия мен жаңа этносаралық келісімге өте алдық. «Қазақстан-2030» алғашқы ұзақ мерзімді Стратегиясын қабылдап, біз орнықты даму жолына нық түстік. Еліміз 1997-98 жылдардағы «Азия дағдарысын» еңсерді. Сынқатерлерге қарамастан, біз жаңа елордамыз – Астананы, барлық қазақстандықтардың мақтанышын салуды бастадық.
(Жалғасы 2-бетте).
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлық Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақ бата!
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір № 1
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір №4
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 28 сәуіріндегі №32/61 қаулысымен бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒЫ 28 СӘУІРДЕГІ № 32/61 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН 2015 ЖЫЛҒЫ 26 СӘУІРДЕ БОЛҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАР 2015 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы болды. Сайлаушылардың келуі 95,22 %-ды құрады. 2015 жылғы 26 сәуірде болған Қазақстан Республикасы Пре зидентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі
бойынша сайлаушылардың тізіміне 9547864 азамат енгізілгенін, олардан дауыс беруге 9090920 адам немесе 95,21 пайызы қатысқанын хабарлайды. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 152016 сайлаушы дауыс берді. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат болып 3 адам дауысқа түсті. Дауыс беру кезінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар төмендегідей дауыстар санын жинады:
(Жалғасы 3-бетте).
Бейсенбек АСҚАРОВ, еңбек ардагері. ҚҰТТЫ БОЛЫП ҚОЙ ЖЫЛЫ, ЖАРҚЫН БОЛСЫН ЖҮЗІМІЗ, ЖАҚСЫЛЫҚҚА БАСТАСЫН ӘРБІР АТҚАН КҮНІМІЗ. БЕРЕКЕЛІ ЕЛ МЕРЕЙЛІ, МЕРЕКЕ КҮН КӨБЕЙДІ. ШАҢЫРАҚҚА ҚҰТ ҚОНЫП, КЕРЕГЕМІЗ КЕҢЕЙДІ. ӨСЕ БЕР ӨНІП, ӨРКЕНДЕП, БІЗДЕРДЕН ТІЛЕК СОЛ БОЛСЫН! ТОЙ-ДУМАНДЫ МЕРЕКЕМ, ҚАЗАҚ ЖЕРІ КЕҢ ЕКЕН. БАРЛЫҚ ҰЛТТАР БАС ҚОСҚАН
МЕЙІРІМДІ ЕЛ ЕКЕН. ОСЫНДАЙ КҮНГЕ ЖЕТКІЗГЕН ЕЛБАСЫМЫЗ НҰРЕКЕҢ! БАСА КӨКТЕП ЖАЙЛАУҒА БӨТЕН КӨШТЕР ҚОНБАСЫН! ОРТА ТОЛЫП ЫРЫСҚА, БЕЙБІТ ӨМІР ОРНАСЫН! ПЕРІШТЕЛЕР ҚОРҒАСЫН, ҚЫРАН ҚОНҒАН КӨК ТУЫМ, КҮНГЕ СӘЛЕМ ЖОЛДАСЫН. НҰРСҰЛТАНДАЙ ДАРАБОЗ БАСТАҒАН ІСІН ЖАЛҒАСЫН. ҚАНАТЫ ӘРКЕЗ ТАЛМАСЫН, ЖАМАНДЫҚ ЕЛДЕ БОЛМАСЫН. ТІРЛІКТІ АЛЛА ОҢДАСЫН, ҮМІТ ГҮЛІ СОЛМАСЫН. НҰРЛЫ ЖОЛМЕН ЕЛІМНІҢ, ЫРЫСҚА ТОЛТЫР ОРДАСЫН. Рахат ауылы, Жамбыл ауданы.
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ҚҰ ТТ Ы
САЛТАНАТТЫ
Қ
УЛ ТА
АР ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Си ЦЗИНЬПИН
Елбасы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті. Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевты 26 сәуірде өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Қытай көшбасшысы Қазақстан Президентінің тәуелсіздікті нығайтуға және Қазақстанның орнықты дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін айтып, «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламаларының өзара толықтырушы сипатын атап өтті. Сонымен қатар, тараптар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерге қатысты екі елдің ұстанымдары ұқсас екеніне назар аударды. Соңында Си Цзиньпин Қазақстан Президентін биыл Қытайға сапарлап келуге шақырды. Телефон арқылы сөйлесуге Қытай жағы бастамашы болды. ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Реджеп ЕРДОҒАН
Мемлекет басшысы атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Түркия Республикасының Президенті Реджеп Ердоғаннан құттықтау жеделхаты келіп түсті. Реджеп Ердоған түрік халқының және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. – Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен халықтың әлауқатын көтеруге бағытталған бастамаларын табысты жалғастыратынына сенімдімін. Біздің елдеріміздің арасындағы тілдік, мәдени және тарихи байланыстардың ортақтығына негізделген стратегиялық серіктестік бұдан әрі де халықтарымыздың игілігі үшін, сондай-ақ өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылық үшін дами беретініне тағы да сенім білдіремін, – деп атап өтілген жеделхатта. Сонымен қатар, Реджеп Ердоған таяуда Қазақстанға жасаған сапары кезіндегі жылы қабылдау мен қонақжайлық үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді. Соңында Түркия Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, бақыт, табыс, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.
АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Барак ОБАМА
Ме м л е ке т б а с ш ы с ы ат ы н а о н ы ң Қ а з а қ с т а н Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамадан құттықтау жеделхаты келіп түсті. Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. «Құрама Штаттар мен Қазақстанның арасында жаһандық және өңірлік мәселелерді табысты шешу жөніндегі тығыз ықпалдастықтың жарқын тарихы бар. Халықтарымыздың игілігі үшін екі жақты қарымқатынастарымыз бен стратегиялық серіктестігіміздің одан әрі тереңдей беретініне сенемін», – делінген жеделхатта. Ақ үй басшысы АҚШ Қазақстанмен серіктесе отырып, Ауғанстандағы қауіпсіздікті қолдауды және ядролық қару таратпау ісіндегі ортақ мақсаттарды ілгерілетуді қамтамасыз етіп отырғанын айтты. «Көптеген қауіп-қатерлері бар әлемде ұзақ мерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікке өкілді және есеп беруші институттарды, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытпай қол жеткізу мүмкін емес. Мен елдеріміздің игілігі үшін осы барлық маңызды мәселе бойынша Сізбен ынтымақтастыққа әзірмін», – делінген құттықтауда. Соңында Барак Обама Америка халқының және жеке өзінің атынан Қазақстан халқына жылы лебізін жеткізіп, татулық пен бақ-береке тіледі. (Жалғасы 2-бетте).
Көктем гүлдің бағын ашады, Көсем елдің бағын ашады. Халық мақалы.