30 казан пдф

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№150 (18007), Бейсенбі, 30 қазан, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

www. akjolgazet.kz

ПРЕЗИДЕНТ

ТІРЛІК БАСҚА БОЛСА ДА, ТІЛЕК БІР ЫНТЫМАҚ ЫРЫСТЫ ЕСЕЛЕЙДІ Елбасы 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласына барды. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-Президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Аль Мактуммен кездесті. Кездесу кезінде тараптар өзара ісқимылдың сауда-экономикалық, инвестициялық, индустриялықинновациялық және көліклогистикалық салаларындағы басым бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, Каспий теңізінде бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыру және Қорғас көлік-сервис торабын дамыту бойынша ынтымақтастықтың мүмкіндіктері қарастырылды.

ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫ БОЙЫНША ЖАҺАНДЫҚ

ұйымының «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығымен марапаттау рәсімі болып өтті. Мемлекет басшысына бұл награданы «Edbiz Consulting Limited» компаниясының бас атқарушы директоры доктор Хумайон Дар тапсырды. Марапаттау рәсіміне Біріккен

КӨШБАСШЫ

10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының аясында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевты Global Islamic Finance Awards (GIFA)

Ащы мен тұщыны татқан біледі, Алыс пен жақынды жортқан біледі.

Халық мақалы.

СҮЙЕР ҰЛЫҢ БОЛСА, СЕН СҮЙ, СҮЙІНЕРГЕ ЖАРАР ОЛ!

ПАРАЗИАДА ПЕРИЗАТТАРЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ: «ЗУЛЬФИЯҒА РИЗАМЫН! НИГОРАНЫҢ ЖҮЛДЕСІ ДЕ БІЗ ҮШІН ҚУАНЫШ».

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен паразиада ойындарында жерлесіміз Зульфия Габидуллина еркін стильде жүзуден елу метр қашықтықта әлем рекордына түзету енгізіп, чемпион атанса, регбиден әйелдер құрамасының сапында Нигора Нұрматова паразиада қоласын тағып қайтқан болатын.

Араб Әмірліктерінің ВицеПрезиденті, Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Аль Мактум қатысты. Аталған сыйлық ислам қаржы нарығын өңірлік және халықаралық деңгейде дамыту мен ілгерілетуде жеткен зор табыстар үшін берілді.

– Қазақстан 2009 жылдан бері исламдық қаржыландыру қағидаттарын заңнамалық тұрғыдан енгізу жөнінен ТМД мен Орталық Азияда көшбасы саналады. Қазіргі уақытта Қазақстанда ислам банкингі, сақтандыру және лизинг саласында өз қызметтерін ұсынатын исламдық қаржы институттарының тұтас бір шоғыры жұмыс істейді, - деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халықаралық ислам ұйымдарының қызметіне белсене араласатынын ескере отырып, оның исламдық қаржыландыруды дамытудағы рөлі күшейе беретіндігін атап өтті. Соңында Қазақстан Президенті жоғары наградамен марапаттағаны үшін GIFA-ға алғыс айтып, ұйымның алдына қойған мақсаттарына жету жолында табысты болуына тілектестік білдірді.

МӘДЕНИ БАЙЛАНЫС МӘЙЕГІ

Жетісу (АҚ ӨЛЕҢ)

Күләш АХМЕТОВА, АҚЫН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ.

Тарихы терең, табиғаты ғажайып, топырағынан кие кетпеген, жемісі жерге төгіліп, қысы-жазы көктеген, тауларының басын мәңгі қар басқан, арасында барыстары маң басқан, қарағайы қаптаған, самырсыны самсаған, орманы бақ боп біткен, сулары құт боп аққан, баулары алмалы, тастары таңбалы, шатқалы шақпақ жартасты, жазирасы жасыл бақшалы, жайлауы жұпар аңқыған, көлдері желмен толқыған, тұлпарларының тұяғы тас тілген, таңында бұлбұлдың әні естілген, қиясына қыран қонған, батырларының есімі ұлы майданда ұран болған, қасқайып қамал болған, арпалысып аман қалған, төсіне астана шаһар тұрғызған, бірінен бірі маңдайлы тұлғаларды туғызған, төрткүл дүниенің түбінен төріне өкіл сыйғызған, абат гүлге малынған, қорғандарынан бегзадалары алтын киімімен табылған, асты қала, үсті қала, тұрғындары мейірбан, дастарханы ақ пейіліндей жайылған, ұлдары азаткер, қыздары қайраткер, ақындары мұзбалақ, әншілері айқабақ, бесігі құтты, босағасы мықты, сәйгүліктері баптаулы, салт-дәстүрі сақтаулы, жасампаз рухы заманына жарасқан, көркемдігі жағынан жаһани жауһарлармен таласқан, елдікті өсиеттеген, кеңдікті қасиеттеген қайырлы қоныс, нұрлы өңір, қайран дархан Жетісу!

ЖЕРҰЙЫҚТАН ЖЕТКЕН

ән мен жыр

АЛМАТЫЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ЖАМБЫЛДЫҚТАРҒА АПТА БОЙЫ ӨЗ ӨНЕРЛЕРІН ҰСЫНАДЫ

(ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).

» Н Ы С А Д Ұ Қ І Р Ә К « Р А Л Ы Ш Л А М Ы Д Л А Ы С Р А Қ П Ы Р Ұ Т П ҚАСҚАЙЫ А?!.

МАЛ

Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

ЫНАН

АЛ

З ТАҒЫС АЙДА ТҮ

МАЙДЫ

АСА БОЛ ҚОРҒАНБ

«ҚЫС ШАНАҢДЫ ЖАЗ САЙЛА, ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗ ОЙЛА» ДЕЙДІ ХАЛЫҚ. ОНДАҒЫСЫ ҚЫЛЫШЫН СҮЙРЕТІП КЕЛЕТІН ҚЫС ҚАҺАРЫНА КҮНІ БҰРЫН ДАЙЫНДЫҚ ЖАСА ДЕГЕНДІ АҢҒАРТСА КЕРЕК. МІНЕ, ҚАЗАН АЙЫНДА ҚАР ЖАУЫП, МАЛ БАҚҚАН ҚАУЫМДЫ ОЙЛАНДЫРЫП ТАСТАДЫ: «ОСЫ МАЛШЫЛАР ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ ДАЙЫН БА? ЖЕМШӨБІ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? ОТЫНСУЫ ДАЙЫН БА? ДӘРІ-ДӘРМЕГІ БАР МА?..».

Облыстық тері-венерологиялық диспансерінің бас дәрігері Данияр Абдусаметов Ұлттық бизнесрейтингі комитетінің еліміздегі мекемелерді талдау-сараптау қорытындысы бойынша биік кәсіби шеберлігі және еңбектегі жетістіктері, қызметтегі білгірлігі үшін «Табыстары және жетістіктері үшін» төсбелгісімен және «Қашқари» этно-ұйғыр ұйымының атынан алғыс хатпен марапатталды. l БАЙЗАҚ

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында Ақжар ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Салтанатты жиынға аудан әкімі М. Шүкеев қатысып, ауыл тұрғындары атынан еңбек ардагері Тәуірбек Әшімов құрылысты жүргізген «Сити Құрылыс» ЖШС ұжымына алғысын білдірді. Облыстық бюджеттен бөлінген 30 миллион қаржыға тұрғызылған дәрігерлік нысан бүгінгі күннің талаптарына сай болып шықты. Енді мұнда ауылдың 1200 тұрғынына 1 дәрігер, 3 орта және 1 кіші медициналық маман тұрақты қызмет ететін болады. l САРЫСУ

Жаңатас көпсалалы колледжінде «Күз аруы – 2014» атты байқау өткізілді. 4 кезең бойынша сынға түскен арулар мың бұрала би билеп, тамылжыта ән салды. Қызықты өткен сайыс барысында бас жүлдені «04-13» тобының білімгері А. Әбікенова, І орынды «0114» тобынан И. Мұхамеддәулетқызы, ІІ орынды «02-14» тобынан Н. Нұртаева, ІІІ орынды «05-14» тобының білімгері Ә. Әмірова иеленді. Жеңімпаз аруларға дипломдар мен заттай сыйлықтар табыс етілді. l МОЙЫНҚҰМ

Бірлік ауылдық округінің Қ. Рысқұлбеков орта мектебінде жастар арасында І аудандық спартакиадасы өткізілді. Спорттың 4 түрі бойынша өткен жарыста 8 команда 150 спортшы қатысты. Байрақты дода аса тартысты өтті. Шығанақ ауылының спортшылары қарсыластарын шақ келтірмеді. Олар жарыс барысында 288 ұпай жинап, жеңіс тұғырынан көрінді. ІІ орынды Бірлік ауылы, ІІІ орынды Жамбыл ауылдық округінің командасы жеңіп алды. l ШУ

БҰДАН БҰРЫН ХАБАРЛАҒАНЫМЫЗДАЙ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ АЯСЫНДА ЖЕТІСУ ӨНЕРПАЗДАРЫ ТАРАЗ ТОПЫРАҒЫН АПТА БОЙЫ ӘН МЕН КҮЙДІҢ ҚҰШАҒЫНДА ТЕРБЕЙДІ. АСҚАҚ АЛАТАУДЫҢ ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСЫН, ТӨЛ ТАРИХЫН ТАРАЗ ЖЕРІНЕ АЛЫП КЕЛГЕН ОЛАР ЖЕРГІЛІКТІ ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ НАЗАРЫНА АЛДЫМЕН КӨРМЕСІН ҰСЫНДЫ.

МАН Б А Н А Ж -

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев осы екі спортшыны қабылдап, құрмет көрсетті. «Инчхон төрінде өткен дүбірлі дода өңіріміз үшін табысты болып жатыр. Соның бір дәлелі де шығар, біз спортшыларымызды қабылдап, абыройымызды асырғандарды құрметке бөлеудеміз. Зульфияға ризамын. Талай сында ел намысын жоғары деңгейде қорғап жүр. Нигораның жүлдесі де біз үшін үлкен қуаныш. Жалпы, соңғы кездері жоғары нәтиже көрсетіп жатқанымыз біз үшін үлкен жетістік. Алдағы уақытта да осы бағыттан таймауымыз керек. Өйткені біздің өңірде спортқа жақсы көңіл бөлініп отыр. Жеңісті жорықтарыңыз көп болсын!» деп ақ тілегін ақтарды Кәрім Нәсбекұлы. Паразиадада топ жарып, әлемдік рекордқа түзету енгізген Зульфияға облыс әкімі бір миллион теңгенің сертификатын табыстаса, Азия ойындарында командалық сында қола жүлдеге қол жеткізген Нигора Нұрматоваға бес жүз мың теңгенің сертификаты берілді. Облыс мерейін асырған спортшылар өз кезектерінде алдағы додаларда да еліміздің байрағын биіктен желбіретуге тырысатындықтарын айтты.

(Жалғасы 2-бетте).

l ТАРАЗ

Аудандық мәдениет үйінде «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасының аясында «Менің Отаным - Қазақстан» атты фестиваль өтті. Әзірбайжан этномәдени орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға аудандағы өзге де ұлттық мәдени бірлестіктердің мүшелері атсалысып, өнерлерін паш етті. Концерттік бағдарламаның кіріспесінде аудан әкімінің орынбасары Е. Аймамбетов сөз сөйлеп, бірлік пен ынтымақтың маңызы турасында тоқталды.

САЙТЫМЫЗ БЕЙНЕСҰХБАТПЕН

ТОЛЫҚТЫ! Сайтымыздың «Ақ жол-ТВ» бөліміне газет журналистері бейнебаяндар да түсіріп, интернет қолданушыларға туған өлке таңғажайыптарын, жергілікті ақындар мен әншілердің туындыларын ұсына бастағаны белгілі. Жақында сайт тағылымды бейнесұхбатпен толықты. Дәулескер күйші Әбдімомын Желдібаев редакциямызға қонаққа келіп, жан-жақты сұхбат берген болатын. Сайтымызға сол сұхбаттың ішінен «Ерке сылқым» күйінің қалай туғанын, оның сол кезде қалай бағаланғанын, Нұрғиса Тілендиев ағамыз күйді алғаш рет тыңдағанда қандай әсерге бөленгені туралы әңгімесін салдық. Сюжет ғаламторда көп қызығушылық туғызды. Бұл әсерлі сұхбатқа берілген әділ баға болса керек. Сіз де сырт қалмай, халық күйіне айналған туындының тарихын біле жүріңіз! Ал тума талант, дәулескер күйшімен толық сұхбатты «Ақ жолдың» алдағы сандарының бірінен оқитын боласыздар. Газетімізге жазылуды да ұмытпағайсыздар! «Ақ жол-Ақпарат».

Осы ой басшыларды да толғандырса керек. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Оспан Бердияров бастаған құрамында аудан әкімінің орынбасары Бақыт Қазанбасов, аудандық «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік мекемесінің басшысы Мейірхан Жаманқұлов және «Пионер» ӨК төрағасы Алпысбай Жұмаханов бар топ, Мойынқұм өңірінде болып қайтты. Қазанның басында Көделі көктеуінен Мойынқұмдағы қыстауларына көшіп келген малшылардың көңіл-күйлері көтеріңкі екен. Малы қоңды. Өлім-жітім жоқ. Шеті мен шегі жоқтай көрінген бұйра құмды өңірдің әр асуынан асқан сайын шопан үйіне кезігесің. – Мұнда аудандағы 10 ауылдық округтің малшылары 67 қыстауды мекен етіп отыр. Түн мезгілінде биік асуға шығып, төңірекке көз тастасаңыз, жарқырай жанған жарықты көріп, құм ішіне қала орныққан ба деуіңіз кәдік, – дейді Бақыт Алпысбайұлы. Оның сөзінің растығына көп ұзамай көзіміз жетті. Жиектегі «Мейіржан» шаруа қожалығының тайланып жиналған шөбін, жылы қорасын, қоңды малын көріп риза болдық. «Пионер» өндірістік кооперативі шопандарының қыстауында әр шопанның қорасының маңында маяланып жиналған шөп, берік қора-қопсы. Қажетті дәрідәрмек бар. Малдары сырғаланған. Дер кезінде дәрі егілген. Біз барған күні мұнда ауданның 14 мал дәрігері оспа ауруына қарсы ем жасауда екен. «Юнчи» өндірістік

кооперативі мен «Шоқаев» шаруа қожалығында да жағдай жақсы. – Малымызға осы құм ішінен 60 тоннаға жуық шөп дайындалып, қыстау басына жеткізіліп берілді. Мол жемшөпсіз малды қыстан шығару қиын. Оның беті аулақ, егер қыс қысып берсе жемшөпке сүйенеміз. Шаруашылық басшысы Алпысбай Жұмаханов әркез осында. Дәрі-дәрмегіміз, отынсуымыз, азық-түлігіміз, не керек бәрі бар. Тіпті, моншамыз да. Құм өңірінде қыстайтын малшыларға түз тағысынан қорғану үшін мылтық керек. Мылтық кейбірімізде ғана бар. Әнебір жылдары «мылтықтарыңыздың құжаты жоқ» деп полиция инспекторлары жинап әкеткен болатын. Қу таяқпен аш қасқырды қалай қорқытпақпыз. Күн суытқалы бөрілер өрісті торып жүр. Сол үшін де, тиісті орындардан шара қолданылып, арнайы аңшылар тобы түз тағысын аулауға шықса, – деп уәжін айтқан пионерлік аға шопан Серік Есімбаевтың сөзін өзге шопандар да қоштады. Орынды уәж. Бұл малшылардың басшыларға жасаған құлаққағысы әрі өтініші. Дүйсенбек ОРМАНОВ, журналист. Жамбыл ауданы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
30 казан пдф by akjolgazet - Issuu