30 шилде пдф 2015ж

Page 1

«Біз жаһандық коммуникациялардың бір бөлігіне айналу үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз. Осы мақсатпен ірі нарықтарды байланыстыратын стратегиялық көлік дәліздерін қалыптастырамыз. Біздің инфрақұрылымдық жобаларымыз отандық экономика мен халықаралық нарықтардың игілігі үшін бірегей транзиттік әлеуетті ашуға мүмкіндік береді». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№92 (18126), Бейсенбі, 30 шілде, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ӘЛЕМ НАРЫҒЫНА ЕСІК АШЫЛДЫ

Елбасы Дүниежүзілік сауда ұйымы Бас кеңесінің отырысына қатысты. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыс тобының төрағасы, Финляндияның елшісі Веса Химанен келіссөздер үдерісі барысында Қазақстан 50-ден аса жаңа заң қабылдап, 10 халықаралық келісімге түзету енгізгенін, олар кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ аясында қабылданғанын атап өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен және Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ бойынша серіктестерімен тығыз байланыста жүргізілген заңнамалық бағыттағы прогресс біздің жұмысымызды соңғы жылы едәуір жеделдетуге мүмкіндік берді. Қазақстанның құжаттар топтамасы – бұл нарықтарға қол жеткізу мүмкіндіктерін жетілдіру ісіне қомақты үлес қосатын, сауданың көп жақты жүйесін жаңғыртатын және ДСҰ-ны нығайтатын жоғары сапалы құжаттар, – деді В.Химанен. ДСҰ бас директоры Роберто Азеведо еліміздің Ұйымға кіру үдерісі барысындағы Қазақстан Президентінің көшбасшылығына жоғары баға берді. Бұл – Қазақстан үшін де, ДСҰ үшін де шынымен тарихи күн. Ұйымға кірудің артықшылықтары – жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табысын арттыру, тұрмыс деңгейін жақсарту. Қазақстан үшін бұл сіздердің соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктеріңіз бен жұмсаған күшжігерлеріңіздің мойындалуы. Бұл – реформалардың кешенді бағдарламасының қисынды нәтижесі, Қазақстанның бизнес үшін ашық екені туралы бүкіл әлемге жолдауы. Бұл күн ДСҰ үшін де айшықты болып табылады. Қазақстанның қосылуы біздің пікірталастарымызға қуатты әрі беделді үн қосады, Ұйымды Орталық Азияның жүрегіне жақындатады, – деп атап өтті Р. Азеведо. Елбасы отырыста сөйлеген сөзінде ДСҰ-ға мүше барлық елдерге, Ұйым хатшылығына келіссөздер барысындағы сындарлы ұстанымдары мен қолдауы үшін, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыс тобындағы төрағалықты қолдағаны үшін Финляндия Үкіметіне алғысын білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер өткен аралықта Қазақстан экономикасының құрылымы айтарлықтай өзгерді. –Экономика мейлінше қуатты әрі ашық бола түсті. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 18 есе ұлғайып, Орталық және Шығыс Еуропа деңгейіне жетті. Сыртқы сауда көлемі 120 миллиард доллар деңгейіне шықты. Біздің сыртқы сауда айналымымыздың 90 пайыздан астамы ДСҰ-ға мүше елдерге тиесілі. Сауда қарым-қатынастарының географиясы едәуір өзгерді. Қазақстанның сауда байланыстары 90-жылдардың ортасында бұрынғы кеңестік кеңістік елдерімен ғана жүргізілсе, бүгінде біз әлемнің 185 мемлекетімен сауда-

саттық жасап отырмыз, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті сондай-ақ отандық экономика құрылымында болған елеулі өзгерістерге де назар аударды. – Өздеріңізге мәлім, Қазақстан минералдық ресурстарға бай, бірақ біз шикізаттық тәуелділіктен арылу үшін экономика құрылымын өзгертуге ниеттіміз. Бүгінде еліміздегі ІЖӨ-нің 54 пайызын қызмет көрсету секторы қамтамасыз етеді, бұл саланың дамуына біз зор көңіл бөліп отырмыз. Бұлар – қаржы, телекоммуникация, құрылыс, энергетика және көлік салалары. Қаржылық қызметтерді ДСҰ аясында ырықтандыру «Астана» халықаралық қаржы

ТМ ЛЕКЕ М Е М

ДАТЫМЫЗ БАР!

ҰРЫМТАЛ СӘТТЕ ҰМТЫЛ, АҒАЙЫН! Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Қазақ елі ДСҰ-ға мүше болды. Ол үшін жиырма жылға жуық уақыт күтуге тура келді. Сол аралықта көптеген заңдар әлемдік саудасаттық талаптарына сай өзгертілді. Міне, енді көптен күткен қуанышты күнге де жеттік. Қуанышты күн дейтініміз - әлемнің алпауыт елдері Қазақстанды өздерімен алыс-беріс, сауда-саттық жасауға әлеуеті де, мәдениеті де жететін, ішкі және сыртқы саясатын бейбіт жолмен мығымдап алған мемлекет деп мойындады. Енді не істеу керек? Әрине, Елбасы т апсырмасы бойынша Үкімет нақты шараларға кіріседі. Кірісіп те жатыр. Оған күмән жоқ. Ал өңір ше? Біздің өңірде ДСҰ-ның пайдасын тікелей көретін тетіктер бар ма? Жамбыл өңірі, оның ішінде Тараз қаласы тоғыз жолдың торабына орна ласқан. Мысалы, темір жолыңыз Мәскеумен жалғап жатыр. Мәскеуден әрі Еуропа. Ұлы Жібек жолының торабындағы заман талабына сай бүгінгі даңғылдар Шығыс пен Батысты байланыстырады. Сонау Ираннан, Түркиядан жүк алып шыққан автокеруендер Тараз қаласы арқылы өтеді. Қытай - ол да жақын. Қырғыздың Бішкегі де тиіп тұр. Ташкент те алыс емес. Қызылорданың кәсіпкерлері Бішкекке, Алматыға немесе Қытай еліне Тараз арқылы өтеді. Астана мен Алматы да ит арқасы қиян дейтін жер емес. Темір жол мен тас жолдың қызметінен бас тартқандарға «Әулиеата» әуежайының құшағы ашық. Замана т а лабына с ай жаңғыртылған әуежай жақында алғашқы алып ұшақтарды қабылдап, алғашқы жолаушыларына сәт сапар айтпақ. Олар енді ұшақтарының бірден Түркия, Дубай, Мәскеуге ұшатындарын хабарлап жатыр. Ау, ендеше ДСҰ-ның пайдасын бір көретін өңір болса, ол – Жамбыл, оның орталығы – Тараз қаласы,

Тараз қаласының тұрғындары, кәсіпкерлері емес пе? Осындайда бір ой келеді. Тараз қаласында не көп, базар көп. Қала маңында бос тұрған кешендер де жетерлік. Солардың бірін неге сырттан тасымалданатын тауарларды қабылдайтын, сақтайтын, сататын және ары қарай өткеретін орын жасамасқа? Орталық базарды сыртқа көшірдік. Бірақ сол Орталық базар қазір бос тұр. Тура Жібек жолының бойына орналасқан өзі. Орталық базардың арғы бетіндегі жерге көп қабатты тұрғын үйлер шоғырын салып, оны өзінше бір шағын аудан етіп, Орталық базарды қырғыздардың «Дордой» (қазақша «дардай», «үлкен» деген сөз) базарына ұқсас бір орталыққа айналдырмасқа?! Үкімет пен тиісті министрліктерге неге жобасын ұсынбасқа? Мұны біз жасамасақ, Шымкент сияқты басқа қалалардың ілкімділері жасайды. Олар қазірдің өзінде Үкіметті жағалап жүруі мүмкін. Сырттан (160 ел!) тасқын суша ағатын арзан тауарларды қабылдайтын, сататын, одан ары өткеретін (көрші облыстарға, шет елдерге) үлкен базардан жамбылдықтар, оның ішінде, әсіре с е, т араздықт ар ұтпаса, ұтылмайды. Мысалы, ауылдан қалаға қоныс аудару арқылы облыс орталығындағы халық саны көбейеді, өңірде шағын және орта кәсіпкерлік өркен жаяды, өңір тұрғындарының әл-ауқаты бұрынғыдан арта түседі, жұмыссыздар саны азаяды. Бұдан басқа да біз біліпбілмейтін пайдалы істер мен игіліктердің халық үшін көп болатынына шүбә жоқ. Ендеше, ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланып қалу үшін ұмтылайық, ағайын! Тараз қаласы.

орталығын құру үдерісімен қатар жүретін болады. Ол Қазақстанның қаржылық инфрақұрылымының негізіне, ал кейіннен бүкіл өңірдің қаржылық хабына айналады деп сенеміз. Қазақстан барлық елдерді осы жобаға қатысуға шақырады, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті теңізге шығатын жолы жоқ, планетадағы ірі мемлекет болып саналатын біздің республикамыз үшін инфрақұрылым мен көлік-логистика қызметінің басымдықта дамитынын айтты. – Біз жаһандық коммуникациялардың бір бөлігіне айналу үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз. Осы мақсатпен

ірі нарықтарды байланыстыратын стратегиялық көлік дәліздерін қалыптастырамыз. Біздің инфрақұрылымдық жобаларымыз отандық экономика мен халықаралық нарықтардың игілігі үшін бірегей транзиттік әлеуетті ашуға мүмкіндік береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы өткен кезең ішінде Қазақстан инвестициялық әлеуетін айтарлықтай ұлғайтқанына да назар аударды. – Қазір біз инвестициялық ахуалды жақсарта отырып, экономиканы әртараптандыруға басымдық береміз. Инвестициялар мұнай-газ және тау-кен саласына ғана емес, экономиканың өңдеуші салаларына да бағытталуы үшін барлық жағдай жасалған, – деді Мемлекет басшысы. Жалпы алғанда, Қазақстан Президенті келіссөздер үдерісі кезінде республикамыз экономиканы жаһандық нарыққа ықпалдастыру үшін ұзақ жолды жүріп өткенін айтты. Ауқымды институционалдық жаңғыртулар жүргізу де дамуға жаңа серпін береді. – Реформаларды тиімді жүзеге асыру жаңа сапалы институционалдық орта қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Біздің келесі қадамымыз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен белсене ықпалдасу болады. Бірінші кезекте, биыл жүзеге асырыла бастаған Қазақстан Республикасы мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі елдік бағдарлама аясында болмақ, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Мемлекет басшысы еліміздің еркін сауда және ашық ықпалдастық қағидаттарына берік екенін айтты. –Қазақстан аз уақыттан соң ДСҰ нормаларымен жұмыс істей бастайды. Дейтұрғанмен, біз кедергілерді жойып, ашық ынтымақтастық қағидаттарын ілгерілетіп, өңірлік ықпалдастық локомотиві бола отырып, экономикалық саясатымызды әуелден-ақ «ДСҰ рухында» құрып отырмыз. Бұл Ұйымның мүшелері арасында сауда-саттық кезіндегі кемсітуге жол бермеу – ДСҰ-ның басты қағидаты. Экономиканы саясатпен араластыратын санкциялық саясат саудаға кедергі келтіреді және ДСҰ қағидаттарына сай емес. Мұндай жайтты болдырмау біздің ортақ міндетіміз деп ойлаймын. Сіздерге бірлескен еңбектеріңіз үшін тағы да алғыс айтып, біз Ұйымның барлық мүшелерінің мүддесі, экономикаларымыз бен халықтарымыздың игілігі үшін ДСҰ аясындағы алдағы жұмысқа дайын екенімізге сендіргім келеді, – деді Қазақстан Президенті. Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы жөніндегі хаттамаға қол қойылды. (ДСҰ-ға орай әзірленген мақалалар топтамасын газетіміздің 2-бетінен оқисыздар).

ШЫ АҚТАНЫ

ТАРАЗДАН... РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРОҒА! ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОС ЖҮЛДЕСІН ҚАНЖЫҒАҒА БАЙЛАП, РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО БӘСЕКЕСІНЕ ЖОЛДАМА АЛҒАН ЗУЛЬФИЯ ГАБИДУЛЛИНАНЫ ОБЛЫС ӘКІМІ ҚАБЫЛДАДЫ Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». Шотландияның Глазго қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы жүзуден әлем чемпионатында қос қола жүлдеге қол жеткізген жамбылдық спортшы Зульфия Габидуллинаны облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қабылдап, құрмет көрсетті. – Әлем біріншілігінде қол жеткізген жетістігіңізбен біз мақтанамыз. Байрақты бәсекеде қарсыластардан оза шауып, бәйге алу оңай емес. Біз сіздің бұдан ба биік шыңдардан көрініп, алтын медальдармен елге оралатындығыңызға сенім білдіреміз. Алда паралимпиада келе жатыр. Ол додада да жұлдызыңыз жансын, – деп, игі тілегін білдірген Кәрім Нәсбекұлы Зульфия Габидуллинаға диплом табыстап, сыйсыяпат жасады.

– Әлем чемпионатында алты қашықтықта сынға түстім. Брасс, еркін жүзу әдістері бойынша да өзімнің қарымымды байқадым. Бұйырғаны қос қола болды. Алда өтетін дуы басым аламандарда бұдан да жоғары нәтиже көрсетсем деймін, – деп Зульфия Габидуллина да өз ойымен бөлісті. Ал Габидуллинаның жеке бапкері Саттар Дүйсембаев: «Зульфия бұл біріншілікте S3 санаты бойынша бақ сынады. Бұрын ол S4, S5 санаттарында еді. Біз оның мүмкіндігін дәлелдеп, қажетті санатқа қостық. Жарыс алдында Зульфияға ота жасалған болатын. Соның да әсері болған шығар. Қазір бәрі ойдағыдай. Зульфия бір қоланы S3 санатында иеленсе, екінші қола медальды S4 санаты бойынша бақ сынап алды. Санат жоғарылаған сайын спортшылар да

мықты болады. Жоғары санаттарда аздап өз аяғымен жүре алатын спортшылар бар екенін де айта кету керек. Алда паралимпиада ойындары келе жатыр. Алла қаласа, мемлекеттің мерейін асыратын додада ел намысын биіктен көрсетіп, әлем чемпионатында алдымызды ораған Нидерланды спортшысынан есе қайтарып, тұғырдың ең биік сатысынан көрінуді көздеп отырмыз», – деді шәкіртінің мүмкіндігі туралы ой қозғап. Зульфияның алар асулары асқақ екеніне біз де сенеміз. Суретті түсірген Алмаз ОРМАНОВ.

«ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

Жақсымен сауда қылсаң, керіс болмас, Жаманмен сауда қылсаң, тегіс болмас. Халық мақалы.

ҚАЛМАҚ СИЫРЛАРЫ ҚАЗАҚҚА ДА ЖАТ ЕМЕС «ТҮРІКПЕН АГРОФИРМАСЫ» ЖШС ҚАЛМАҚИЯДАН 300-ГЕ ЖУЫҚ ІРІ ҚАРА ӘКЕЛДІ Байжан ЕМБЕРДІ, «Ақ жол». Мал бағу – айтқанға оңай болғанымен, бейнеті көп тірлік. Бұл кәсіптің қыр-сырын үйренемін десеңіз, Жаз-атаның ауылына барғаныңыз дұрыс. Кезінде екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған шопан атаның кіндік қаны тамған Жамбыл ауылы әлі де мал шаруашылығын дамыту жағынан алда

келеді. Мүйізді ірі қара тұқымын асылдандыру, жылқы өсіруде де солай. Таяуда осы ауылдық округке қарасты қыстаулардың біріне Ресей Федерациясынан қалмақ тұқымдас 298 сиыр әкелінді. Алматы облысынан әкелген 1065 қазақтың жабы жылқысы да қазір Жамбыл тауының етегінде еркін жайылып жүр. (Жалғасы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.