ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№79 (18113), Сейсенбі, 30 маусым, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ
ИТАЛИЯ – ҚАЗАҚСТАН: ЭКСПО ҮНДЕСТІГІ
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
=ТАРАЗ М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Жамбыл филиалы аймақтық семинар өткізді. Онда аталмыш филиал директоры А.Мыңбаев семинардың жергілікті мемлекеттік басқару өкілдерінің арасында менеджмент жүйесіндегі мемлекеттік саясатты насихаттау, техникалық реттеу және менеджмент жүйесі салалары мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында өткізіліп отырғандығын атап көрсетті. Семинарда сала мамандары ойпікірлерімен бөлісті. =БАЙЗАҚ Аудан Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тараз қаласындағы ұзындығы 2,8 шақырым келетін Сыпатай батыр көшесін абаттандыруды қолға алды. Осындағы 40 мекемеге және 85 үйдің тұрғындарына түсінік жұмыстары жүргізілді. Арықтар тазаланып, бұталған тал бұтақтары мен шабылған шөптер, яғни 50 тонна күл-қоқыс сыртқа шығарылды. Көше бойындағы 626 түп тал-дарақ әктеліп, 180 дана бағана, 3 аялдама сырланды. Бұл жұмыстар үшін 4 техника мен 150 адам жұмылдырылды. =ЖАМБЫЛ
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы қызметкерлері аудандық ішкі істер қызметкерлерімен бірлесіп партияның «Стоп-қылмыс» жобасы аясында жолда жүру ережелерін сақтау бойынша рейд жүргізді. Аталмыш шара барысында жолда жүру ережелерін бұзған автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жолағынан өтпеген тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескертулер берілді. =ЖУАЛЫ
Ораза айында Түктібай ауылының М.Әуезов атындағы орта мектебінің 1995 жылғы түлектері сауапты іс жасады. Олар ауыл мешітінің жанынан жаңа асхана үйін салып, пайдалануға берді. Енді ауыл тұрғындары ауа райының қандай қолайсыз жағдайына қарамастан, осында құдайы тамақ беріп, жиын жасай алады.
Елбасы Италияның Милан қаласында ЭКСПО-2015 халықаралық көрмесінде Қазақстанның ұлттық күнінің басталу рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы қатысушыларға арнаған сөзінде ЭКСПО-2015 көрмесінің «Ғаламшарды азықтандыру. Энергия өмір үшін» тақырыбының өзектілігі жоғары екенін атап өтті. – Таяу отыз жылда жер жүзінде азықтүлік тұтыну мөлшері екі есе артатынын ескерсек, XXI ғасыр қатерлері аясында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды болмақ және бұған дайын болған жөн. Бұл проблеманы еңсеру үшін барлық мемлекеттердің бірлескен күшжігері қажет болады, – деді Қазақстан Президенті.
«
ЫЖ НҰР Л
О Л» - Б
Нұрсұлт ан Назарбаев Қазақст ан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне бүгіннің өзінде елеулі үлес қосып отырғанына назар аударды. Қазақстан Президенті республикамыз «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы, сондай-ақ, өңдеу секторына жетекші трансұлттық компанияларды тарту жөнінде міндет қоя отырып, аграрлық сектордың әлеуетін кеңейту үшін мақсатты жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев өнімділік қарқынын екі еселеу үшін аграрлық сектор саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді мемлекет ынталандырып отырғанына назар аударды. Мемлекет басшысы «Қазақст ан:
Мүмкіндіктер елі» деп аталған біздің павильонда өңірлердің биологиялық әралуандығы, олардың аграрлық және өндірістік дәстүрлері, сондай-ақ, енгізіліп жатқан озық технологиялары мен жоғары экологиялық стандарттары туралы ақпарат ұсынылғанын атап өтті. – «Болашақтың энергиясы» деген тақырыппен Астанада өтетін алдағы Э КС П О - 2 0 1 7 к ө рм е с і н е а й р ы қ ш а көңіл бөлініп отыр. Энергетикалық қауіпсіздік азық-түлік қауіпсіздігімен қатар халықаралық ынтымақтастықтың маңызды бағытының бірі болып саналады. Миландағы басқосуда басталған диалог елдердің, халықаралық ұйымдар мен бизнестің арасындағы өзара ықпалдастыққа серпін береді және Астанада жалғасын
табады деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Миландағы көрме азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбына арналған тиімді диалог алаңы ғана емес, әр елдің салт-дәстүрі мен мәдениеті туралы біле түсудің жақсы мүмкіндігі екенін де атап өтті. Мемлекет басшысы Италия премьерм и н и с т р і М ат т е о Ре н ц и м е н б і р ге Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасының ұлттық павильондарын аралап көрді. Нұрсұлтан Назарбаев пен Маттео Ренци павильондардың экспозицияларын көрді, сондай-ақ, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. (Жалғасы 2-бетте).
ОЛА Ш А Қ Қ А Б А С Т А Р Ж О Л
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
БАҒДАРЛАМАЛАР БАЯНСЫЗ БОЛМАСЫН Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».
ЖҰРТҚА ЖАЛТЫРАҒАН СТЕНД ЕМЕС,
ЖАН СЕМІРТЕР ІС КЕРЕК
САРЫСУ АУДАНЫНДА ЖҰМЫС САПАРМЕН БОЛҒАН ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ БІРҚАТАР ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ САРЫСУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖҰМЫС САПАРЫН САУДАКЕНТ АУЫЛЫНДАҒЫ «МАЙЛЫБАЙ» МЕШІТІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСУДАН БАСТАДЫ. ОН БЕС ЖЫЛ БҰРЫН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН АЛЛА ҮЙІНІҢ ЖАЛПЫ АУМАҒЫ 237,3 ТЕКШЕ МЕТРДІ ҚҰРАСА, ОЛ ӘРТҮРЛІ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОН БІР БӨЛМЕГЕ ЫҢҒАЙЛАСТЫРЫЛҒАН. СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ ЖАҒЫНАН ЖҮЗ ЕЛУ АДАМҒА ШАҚТАЛҒАН МЕШІТТІҢ ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ДІНИ-АҒАРТУ ЖӘНЕ ҚҰЛШЫЛЫҚ ЖАСАУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ МЕШІТ ИМАМЫ ҒАБИТ КӘРІМБЕКОВ БАЯНДАДЫ. (ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).
Ел игілігіне айналған «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» және «Ырыс» бағдарламалары бірнеше жылдың жүзі болды, облыс көлемінде жүйелі түрде жүзеге асуда. Мемлекеттен бөлінген қыруар қаржының әрбір ауыл тұрғынына қолжетімді болып, сол арқылы кәсібін ашқан шаруа ел экономикасына игі ықпал етуі үшін қабылданған бұл бағдарламалардың орындалу барысында бірқатар түйінді мәселелердің кездесетіні жасырын емес. Міне, осы мәселе облыс әкімі аппаратының кезекті жиынында жанжақты талқыланды. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Жайлыбаев баяндама жасап, өңірде орын алып отырған жағдайды мәлімдеді.
ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ Облыс əкімі К.Көкірекбаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» Жолдауының жүзеге асырылу барысына арналған ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтеді. Сұрақтарыңызды 1-3 шілде күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге www.egov.kz веб-сайтындағы сілтеме арқылы жолдауларыңызға болады.
45-98-99, 45-94-61
Аудандағы «Жастар орталығы» «Жастар есірткісіз болашақты таңдайды – салауатты өмір салтын қолдайды» атпен кросс-жарыс байқауын өткізді. Кроссқа 300-ден астам жастар қатысып, Қаратау қаласының көшелерімен жүгіріп өтті. Сол күні сондай-ақ, суретшілердің «Есірткісіз әлем» атауымен сурет көрмесі таныстырылса, Балалар өнер мектебінде өткізілген «Қаратау – есірткісіз қала» атты форумда жастар өз ойларымен бөлісті. = Т. РЫСҚҰЛОВ
«Луговой жылқы зауыты» ЖШС биыл 11 мың гектар жерге себілген астықты жинап алуда еңбек етуде. Оның 3500 гектары Қайыңды ауылдық округіне қарасты алқапқа орналасқан. Қазір егістіктің әр гектарынан 20-21 центнерден өнім алуда. Егін алқабында жаңадан әкелінген 13 «Джон-дир» комбайндары дән бастыруда. Олардың әрқайсысы күніне 70 гектардың астығын орып, тәулігіне 800 гектардың астығы жиналуда. Алынған астық Малдыбай дән сақтау қоймасына жөнелтілуде.
ЖАЗЫЛЫМ – 2015 Күләш АХМЕТОВА, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
«АҚ ЖОЛҒА»
жазылыңыздар, ағайын!
(ЖАЛҒАСЫ 2-БЕТТЕ).
2015 жылдың 1-3 шілдесі күндері
= ТАЛАС
Дос бергеннің тісіне қарама, Дос сүйгенінің түсіне қарама. Халық мақалы.
ӘР АЙДЫҢ 28-ІНЕ ДЕЙІН КЕЛЕСІ АЙҒА ЖАЗЫЛЫМ ҚАБЫЛДАНАДЫ. ҚАЛАДАҒЫ ОҚЫРМАН БІР АЙҒА – 314,03, ҮШ АЙҒА – 942,09, АЛТЫ АЙҒА – 1884,18 ТЕҢГЕГЕ, АЛ АУЫЛДАҒЫ ОҚЫРМАН БІР АЙҒА – 352,25, ҮШ АЙҒА – 1056,75, АЛТЫ АЙҒА – 2113,5 ТЕҢГЕГЕ ЖАЗЫЛА АЛАДЫ. МЕКЕМЕЛЕР БІР АЙҒА – 355,69, ҮШ АЙҒА – 1067,07, АЛТЫ АЙҒА – 2134,14 ТЕҢГЕГЕ ЖАЗЫЛАДЫ.
ЖАЗЫЛЫМ «ҚАЗПОШТАНЫҢ» БАРЛЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.