30 желтоксан пдф

Page 1

РИЗАМЫЗ САҒАН, 2014 ЖЫЛ!

Құрметті оқырман! Сіз бүгін өзіңіздің рухани жансеріктеріңіздің бірі - «Ақ жолдың» екі мың он төртінші жылғы соңғы нөмірін оқып отырсыз. Ел тыныс-тіршілігі мен өңір өмірінде өрнекті ізі бар Жылқы жылы артта қалды. Отанымыз тәуелсіздік тұсындағы жаңа тарихының тағы бір асуынан табыспен өтті. Еліміздің еңсесі көтеріліп, халқымыздың әлеуеті арта түсті. Береке-бірлік пен тынымсыз тірлікті ұлықтаған еліміздің ұлы жолы Қой жылында да жақсылықтарға толы болсын!

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

ak-jol-taraz@rambler.ru

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

www. akjolgazet.kz

Ы

Л

2014 СҮЙ

І

ІСІ НШ

Ж

№177 (18034), Сейсенбі, 30 желтоқсан, 2014 жыл

ЕЛБАСЫМЫЗ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ОСЫ ЖЫЛДЫҢ 22 ҚАЗАНЫ КҮНІ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АКТИВІМЕН ӨТКІЗГЕН КЕЗДЕСУДЕ 2015 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУ ТУРАЛЫ АЙТҚАН БОЛАТЫН. «КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК 1465 ЖЫЛЫ АЛҒАШҚЫ ХАНДЫҚТЫ ҚҰРДЫ. ҚАЗАҚТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІГІНІҢ ТАМЫРЫ СОЛ УАҚЫТТАН БАСТАУ АЛАДЫ.

2015 жылы еліміз Жамбыл өңірінде

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТЕДІ 550

ЫЛ

2014

ЖО ЛД

А УЫ

НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

Баршаға белгілі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысы аяқталар тұста тосыннан мәлімдеме жасап, Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. Жылда қаңтардың басында немесе бірнеше күн бұрын ескертілетін Жолдауын Елбасы бұл жолы мерзімінен ерте жариялады.Сөйтіп, халықты өзіне қарашада қаратқан биылғы Жолдау – «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деп аталды. Жаңа Экономикалық Саясат – жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы тұра алатын ауқымды бағдарлама болмақ. Әлем бүгінде күрделі сынақтардың алдында тұр. Жаһандық экономикалық дағдарыс, геосаяси шиеленістер, санкциялық текетірестер, сондай-ақ, энергия ресурстарына әлемдік бағаның төмендеуі ғаламдық үдерістердің белсенді қатысушысы - біздің елімізге әсер етпеуі мүмкін емес. Елбасы атап өткендей, «...таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұдан тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады...». Міне, осындай жағдайда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жариялады. Бұл тарихи құжатта дағдарысты еңсерудің кешенді шаралары ғана көрсетіліп қоймай, еліміздің әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің

Ж

ЫЛ

қатарына енуіне қажетті жағдай, ұзақмерзімдік даму жолы анықталып отыр. Бүгінде көптеген әлемдік алаңдарда саясаткерлер, экономистер, сарапшылар дағдарысты еңсеру, сондай-ақ, ұлттық экономиканың өсімін сақтап қалу жөніндегі тұспалдар мен болжамды шараларды қарастырып жатқанда, еліміз Елбасының стратегиялық көрегендігінің арқасында алғашқылардың бірі болып айқын, әбден пысықталған іс-қимыл жоспарын қабылдады. Алғашқы кезекте экономиканың елдің дамуына және азаматтарымыздың әл-ауқатының артуына неғұрлым оң әсерін тигізетін салаларына қолдау көрсетіледі.Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметке барлық әлеуметтік міндеттемелермен сөзсіз қамтамасыз ету міндетін жүктеді. «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясаты – бұл болашақтың инфрақұрылымын кең көлемде инвестициялау есебінен экономиканы жүйелі түрде қайта құру. Көлік, индустриялық, энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсету тұрақты экономиканың негізі – мықты орта тапты қалыптастыра отырып, болашақ Қазақстанның іргетасын мызғымастай етіп нығайтады. Жолдар құрылысы өңірлерді байланыстырып, ауыл мен қаланы жақындатуға, еліміздің транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Шағын және орта бизнеске, сондайақ, азаматтарға өндіруші нарықты қолжетімді етудің арқасында сауда-саттық жанданады.Тұрғын үй-

коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысының, сондай-ақ, мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігінің арқасында миллиондаған қазақстандық баспанаға қол жеткізуге және өмір сапасын арттыруға мүмкіндік алады. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру дегеніміз – жүздеген мың қосымша жұмыс орны, жаңа өндірістер, бизнесті жандандыру және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің, оның ішінде АҚШ пен Германияның тәжірибесі инфрақұрылымды кең көлемде инвестициялау болашақ өркендеу үшін мызғымас негіз қалыптастыратынын көрсетеді. Еліміз «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясатының жүзеге асырылуын Ұлттық қорға жиналған қаржының арқасында қамтамасыз етпек. Ел Президенті нақты іс-қимыл жоспарын бекітіп және қажетті қаржылық негізбен қамтамасыз ете отырып, мемлекет үшін сынқатерлерді мүмкіндіктерге айналдыра келе, экономикамыздың бұдан әрі өрлей беруі үшін барлық шараны қабылдады. Мемлекет басшысы атап өткендей, «...жаһандық сынақтан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз... Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз». «Нұрлы жол», бұл – ел дамуының жаңа кезеңінің бастауы. Бұл тек дағдарысты еңсеру бағдарламасы ғана емес. Бұл - біздің ортақ мақсатымыз – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуін қамтамасыз ете отырып, бұрынғыдан да күшейе түсуіміздің, топтасуымыздың және Мәңгілік Ел идеясын іске асыруымыздың тарихи мүмкіндігі.

МЕМЛЕКЕТІ – Бәлкім, ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы айтуға да болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн, – деді Мемлекет басшысы. Еліміздің тарихымен сабақтас бұл айтулы мерейтой жайлы хабарды бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер бірінен соң бірі сүйіншілеп жариялады. Жағымды жаңалықты халық та жылы қабылдады. Мәселен, «Сүйінші! 2015 жылы еліміз Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын атап өтетін болады!» деп жазды белгілі блогер Өркен Кенжебек өзінің Facebook-тағы парақшасында. Сол секілді әнші, «Жігіттер» квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов та алда ұлы той келе жатқанын Instagramдағы парақшасына сүйінші сұрай жазған. Алда Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында ауқымды шаралар өткізу жоспарлануда. Келер жылдан бастап 20 сериядан тұратын тарихи сериал түсіру қолға алынбақ. Одан бөлек, Қазақ хандығының 550 жылдығы біздің өңірде тойланады деп күтілуде. Бұл жөніндегі ақжолтай хабарды облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев зиялы қауым өкілдерімен өткізілген дәстүрлі кездесуінде қуанышпен жеткізді. – Айтулы мерекені қайда тойлау керектігі әр жерде әңгіме болды. Дегенмен, Астанада осы бір маңызды мәселеге қатысты болған басқосуда мен бұл шараны Жамбыл өңірінде, Тараз қаласында өткізу керектігін ұсындым. Хат та жолданды. Нақты шешім қандай болады екен деп, әрі-сәрі күй кешіп отырғанымызда ақжолтай хабар да келіп жетті. Иә, біздің өңірде өтетін болды,-деді сол басқосуда Кәрім Нәсбекұлы. Елдігіміздің өткені мен ертеңі үшін айрықша болып табылатын осы мерейлі мерейтойдың жалпақ жұртқа осы жылы сүйіншіленіп, келер жылы біздің өңірімізде тойланатын болып шешілуі біз үшін де үлкен мақтаныш!

2014 ҚҰРЫ

Ат қадірін білмесең, Жаяушылық көрерсің. Ас қадірін білмесең, Ашаршылық көрерсің.

Халық мақалы.

Ы Л

СЫ

” й а с к ө “КІ ЖАҢА АРНАСЫМЕН АҒАДЫ ЕНД

Ақылбек САДЫРБАЕВ, «Сұңқар-2002» ЖШС қаржы директоры. Жуалы ауданы.

Ы

Л

2014 ӨНІМ І

КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ САЛЫНҒАН «КӨКСАЙ» КАНАЛЫ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚЫРҒЫЗ ЕЛДЕРІНІҢ ЕГІН АЛҚАПТАРЫН СУМЕН НӘРЛЕНДІРІП КЕЛГЕН ЕДІ. ТӘУЕЛСІЗДІК АЛЫП, ЕЛІМІЗ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫН БЕЛГІЛЕГЕН СОҢ КАНАЛДЫҢ БІР БӨЛІГІ ҚЫРҒЫЗ АҒАЙЫННЫҢ АУМАҒЫНДА ҚАЛЫП ҚОЙДЫ. МІНЕ, ОСЫДАН БАСТАП КӨРШІМІЗ КАНАЛДЫ БІРДЕ АШЫП, БІРДЕ ЖАУЫП, ЖУАЛЫЛЫҚ ШАРУАЛАРДЫ ӘБДЕН ШЫҒЫНҒА БАТЫРДЫ. МҰНДАЙ ЖАҒДАЙ 2013 ЖЫЛЫ ДА ҚАЙТАЛАНДЫ. ЖЫЛ САЙЫН ЖАҢА БІТІМГЕ КЕЛУ МӘСЕЛЕ ШЕШПЕЙТІНІН ТҮСІНГЕН БІЗДІҢ ЖАҚ АҚЫРЫ ЕЛБАСЫНЫҢ АРАЛАСУЫМЕН БҰЛ КАНАЛДЫ ӨЗ АУМАҒЫМЫЗДА ҚАЙТА САЛУ ЖӨНІНДЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ. СӨЙТІП, СУ ЖАҒЫНАН ӨЗГЕ ЕЛГЕ ДЕГЕН ТӘУЕЛДІЛІКТІ ЖОЮ МАҚСАТЫНДА ЖАҢА АРНА САЛУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ.

Үкіметтің шешімімен құрылыс нысанының жобалықсметалық құжаттамасы дайындалып, ол бойынша 5,4 миллиард теңге қаржы қарастырылып, жоба сараптамадан өткеннен кейін 5,2 миллиард теңге бөлінді. Әлбетте, осыншама қаржыдан-ақ атқарылатын жұмыстардың өте ауқымды екенін бағамдай беруге болады. Еліміздің Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік конкурс жариялаған болатын. Осы конкурста біздің фирма мен «Жігер – 2004» ЖШС жеңімпаз атанып, өзімізге тиесілі нысандар бойынша құрылыс жұмыстарын қолға алдық. Мұндағы барлық жұмыстар үш кезеңге бөлінді. Біз өзімізге берілген 1 миллиард 188 миллион теңге бойынша міндетімізді орындап шықтық. Атап айтсақ, ең алдымен канал басындағы басты су құрылғысын қайта жарақтандырдық. Сонымен қатар, сыйымдылығы 1100 текше метр су реттейтін бөгеннің де құрылысы бойынша жұмыс толық аяқталды. 2013 жылдың желтоқсан айында басталған құрылыс жұмыстарына 120 адам қатысып, жиырма шақты бульдозер, он шақты экскаватор және кран, трактор, самосвал сынды бірнеше техника жұмылдырылды. Әрине, уақытты созбай нысанды неғұрлым ертерек тапсыруға тырыстық. Ол үшін, жұмысшылар вахталық әдіспен еңбекке құлшына кірісті. Олар жатын орындары мен тамақтану орнымен қамтамасыз етіліп, алаңсыз жұмыс істеулеріне жағдай жасалды. «Көксай» каналының құрылысы кесте бойынша қараша айында біту керек болатын. Алайда біз, белгіленген жұмыстарды қысқа уақыт ішінде аяқтап, биылғы суару кезеңі басталған маусым айында сынақ ретінде алғашқы суды жіберіп көрдік. Бұл сынақ ойдағыдай өтіп, су жақсы ақты. Сөйтіп, біз қыркүйек айына дейін секундына 3,5 текше метр су беріп келдік. Бұйыртса, 2015 жылғы суару кезеңінде осы каналдан нәр алып отырған 3 мың гектар жерді суару мәселесінде еш кедергі болмайды деп ойлаймын.

Ж

Ж

ЖЫЛ

Ы Қ Ш А Ғ Л А І Г Е ЕЛІМІЗД

і с і р і д н ө ш і п р і к о г е л

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол».

Газетіміздің өткен айдағы сандарының бірінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Зумрад» корпорациясы, сондай-ақ «Design Services by A-Z» компаниясы ұйымдастырған «Бизнес-бастама» стартап-жобасының нәтижесі бойынша бизнесті жаңадан бастаған жамбылдық жас кәсіпкерлердің жобалары жүлдегерлер қатарына іліккенін жазып сүйіншілеген едік. Сол жерлестеріміздің бірі – Рустам Уватаев кеше Таразда өзінің

бизнестегі төл туындысы – «Лего-кірпіш өндірісін» жүзеге асырған шағын зауытын іске қосты. Оған облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асан Қошмамбетов, алматылық «Зумрад» корпорациясы өкілі, жоба инвесторы Иван Дворецкий қатысты. Елімізде тұңғыш рет ашылып отырған ерекше кірпіш зауытының тұсауын жоба авторының өзі, яғни жаңадан құрылған «КазМирСтрой» ЖШС директоры Рустам Уватаев кесті. (Жалғасы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.